Тұрақты қарсы көрсетілімдер.
Барлық вакциналар үшін вакцинаның алдыңғы дозасынан 48 сағаттан кейін температура 40С асса, 3 сағат бойы қолайсыз жылаған кезде, фебрильді /афебрильді тартылулар, гтпотониялық-гипреактивтілік синдром, немесе асқынулар (анафилаксия, клллапс, энцефалит және энсефалопатия) болса.
Барлық тірі вакциналар алғашқы иммундыжетіспеушілік жағдайларында, иммуносупрессияда, онкологиялық ауруларда және жүктілік кезінде жасалмайды.
Вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдер:
- Баланың салмағы 2000 граммнан аз болса және вакцинаның алдыңғы дозасынан кейін келлоидты тыртық қалған жағдайда БЦЖ вакцинасы егілмейді.
- Баланың анамнезінде афебрильді тырысулар болса және жүйке жүйесінің аурулары болған жағдайларда АбКДС вакцинасы жүргізілмейді және анатоксин АДС-қа ауыстырылады. Эпилепсия және тырысу синдромы бар балаларға егу тырысуға қарсы терапиямен қатар жүргізіледі.
- Қызылша және паротиттің тірі моновакциналары және (қызылша, қызамық, паротит) тривакцинада қарсы көрсетілім болып, аминогликозидтерге және гетерологиялық ақуыздарға анафилактикалық реакциялар саналады.
- Ауызға тамызатын полиомиелит және АДС-М-вакциналарына абсолюттік қарсы көрсетілімдері жоқ.
Уақытша қарсы көрсетілімдер
- Аурудың жедел белгілері жойылғанша вакцина егуге болмайды (2-4 аптадан кейін)
- Созылмалы аурулар ремиссия кезінде жүргізіледі
- Менингит, энцефалит, менингоэнцефалит жазылғанда 1 жылдан кейін;
- Иммундосупрессивтік терапия аяқталғаннан кейін
Жалған қарсы көрсетілімдер
- Перинатальды энцефалопатия, тұрақты неврологиялық жағдайлар (Дауна, балалардың цереброспинальды параличі) ,, аллергия, брохиальды астма,дисбактериоз, қолдаулық терапия, стероидтарды жергілікті қолдану.
- Жалған қарсы көрсетілімге анамнезіндегі жағдайы да жатады:шала туылу, сепсис, жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы, жанұядағы вакцинадан кейінгі асқынулар, жанұядағы күтпеген жерден болған өлім.
- Мысалы: баланың орталық нерв жүйесінде өзгерістер педиатрға түсініксіз болса, баланы невропатологқа консультатцияға жібереді, сонан соң вакцина егу туралы шешім қабылдайды.
- Анемияның алиментарлы жеңіл түрінде егуге қарсы көрсетілім болмайды, керісінше егуден кейін ем тағайындалады, анемияның ауыр түрінде оның себебін анықтау және егудің мерзімін белгілеуге тура келеді.
- Туа біткен жүрек ақаулары кезінде, басқа да себептер болмаса егулер тоқтатылмайды. Жанұядағы қолайсыз жағдайлар және жанұядағы кездейсоқ өлім де егуге қарсы көрсетілім болып табылмайды, тек қана иммуножетістеушілік симптомдары бар кезде , тірі вакцина БЦЖ-ны өліге ауыстыру қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |