Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы
Қостанай қаласының білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарының логикасында және 2015-2017 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шараның Өңірлік жоспарына сәйкес іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекел әрекеттерін кідіртетін маңызды факторлардың бірі білім ұйымына баратын балалар отбасымен жұмыс, себебі отбасында белсенді азаматтық позицияның көрінісіне бағытталған құндылықты бағдарлар қалыптасады.
2012 жылы құрылған Қостанай қаласы ата-аналар Кеңесі отбасыға әдістемелік және консультативті көмек көрсетуге, және де жасөспірімдердың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру мәселесі бойынша қолдау көрсетеді. Ата-аналар үшін практикалық семинарлар және интерактивті консультацияны ұйымдастыру, мүдделер бойынша ата-аналар клубы мен әкелер мектебінің қызметі – осы Қостанай қаласы ата-аналар Кеңесінің барлық бастамалары ел болашағы үшін балаларда жауапкершіліктің жоғары деңгейі және белсенді азаматтық позиция тәрбиелеу міндетін шешуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен Қостанай қаласы ата-аналар Кеңесін қолдау барысында ағымдағы оқу жылында №1 мектеп-лицей базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде ата-аналар қоғамдастығының өкілдерімен (150 адам) үлкен мәжіліс өткізілді.
2016 жылғы 5 қазанда Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облыс бойынша департаментімен бірлескен мәжіліс өтті, мәжіліске қала әкімінің орынбасары Б.Б. Аккужина, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облыс бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Б.М. Беспалинов, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Б.Б. Даумова, Қостанай облысы білім саласын бақылау департаментінің басшысы О.К. Каппасов, білім ұйымдарының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Мәжілісте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу, ата-аналармен өзара іс-әрекет жүйелері бойынша білім бөлімі мен ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары қаралды, ұсыныстар әзірленді.
2016 жылдың соңына дейін тағы екі ұқсас кездесулер өткізу жоспарланады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облыс бойынша департаменті білім бөлімімен бірлескен жоспар кестесінің аясында, сондай-ақ Қостанай облысы прокуратурасының қызметкерлері, Қостанай облысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының мамандары, Қостанай қаласы пробация қызметінің ювеналды әділет тобының инспекторы, ҚР ІІМ Академиясының оқытушылары, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Кеңес өкілдері тұрақты негізде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын шынықтыру және сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру тақырыптары бойынша мектеп оқушыларымен сынып сағаттары мен дәрістік сабақтар өткізеді.
Білім бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |