Қаржы-экономика факультеті “Экономика және қаржы” кафедрасы



жүктеу 0,65 Mb.
бет3/3
Дата10.02.2018
өлшемі0,65 Mb.
#9155
түріДиплом
1   2   3

P=U1-(Uв +Uс), (1)

Мұндағы : U1- жүргiзiлген шараға байланысты салық түсiмдерiнiң өзгерiсi;

Uв- жүргiзiлген шараға байланысты бюджет табыстарының азаюы;

Uс- шараны жүзеге асыруға қажеттi әкiмшiлiк сипаттағы шығындар.

Реттеу субъектiсiнiң тұрғысынан алып қарағанда ынталандыру саясатын бағалау кезiнде шаралардың тиiмдiлiгi олардың фискалдық нәтижелерiмен сипатталады. Бұл жерде есте ұстайтын маңызды жағдай- салқы сферасындағы реформалау саясаты сәйкес шкшкiмдiр қабылдана саоысымен бюджет жүйесiне елеулi шығындар әкеледi, ал олардың қайтарымы, яғни жақсы нәтижелерге қол жеткiзу салыстырмалы ұзақ уақытқа созылуы мүмкiн. Сондықтан, мемлекет үшiн ынталандырушы салық саясатының тиiмдiлiгiн болжау қиын.

Сонымен қоса, жекелеген салық тұрғысында салық салу құрылымын өзгерту нәтижесiнде бұл салықтың фискалдық және ынталандырушы бағыттылығы артады, ал салық жүйесiнiң басқа элементтерiнiң көрсеткiштерi өзгерiссiз қалады. Бұл жағдайда реформаның тиiмдiлiгiн бағалау жұмысы жеңiлдейдi, өйткенi, бiр жағынан, бiр ғана салық салу объектiсi өзгерiске ұшырайды, және, екiншi жағынан, жағымды және жағымсыз (фискалдық тұрғыдан қарағанда) көрiнiстердiң арасындағы хронологиялық алшақтық оңай есептеледi.

Шаруашылық субъектiлер тұрғысынан қарағанда мемлекеттiк ынталандырушы саясатының тиiмдiлiгiн бағалау механизмi өзгеше. Мемлекет тарапынан берiлген мүмкiндiктi пайдаланудан түскен экономикалық пайда салық мiндеттемесiнiң шамасының барынша мүмкiн төмендеуiнен көрiнедi. Бұл дегенiмiз, салық жүйесiнiң өзгерiстерiнен болған сандық нәтиже әр салық салу базасының элементi бойынша салық сомасының мүмкiн болатын төменделген шамаларының қосындысы ретiнде анықталады:

P= ( S/C) ( S 0) (2)

Мұндағы:

S- оклад сомасы;

C- салық базасы элементiнiң құндық көрiнiсi.

Сәйкесiнше, салық төлеушi үшiн салық ауыртпалығының жалпы шамасы төмен болған сайын, мемлекеттiк саясат соғұрлым тиiмдiрек болады. Өз кезегiнде, нақты салық ауырпалығының дәрежесiн жеңiлдетiлген инвестициялық қызмет көмегiмен және салық заңдылығының жетiспеушiлiктерiн пайдалана отырып салық төлеуден жалтару арқылы төмендетуге болады.

Мемлекеттiк ынталандырушы саясатты қалыптастыру кезiнде сондай-ақ тiкелей және жанама салықтардың экономикалық процестерге тигiзетiн әсерлерiнiң айырмашылықтарын ескеру қажет.

Тiкелей салық салу салық төлеушiнiң табысының бiр бөлiгiн ақшалай түрде бюджетке алу әдiсi ретiнде мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың ең тиiмдi және оңай тәсiлi болып табылады. Инвестициялық процестердi нақты бюджеттiк реттеу үшiн бюджет табыстарын тiкелей табыс салықтарына қарай құрылымдық жағынан өзгерту қажет. Алайда, тәжiрибе көрсеткендей, мұндай құрылымдық өзгерiс салық түсiмдерiнiң күрт төмендеуiне әкелуi мүмкiн. Сондықтан, салық салу саласында инвестициялық ынталандыру шараларының жүйесiн құру кезiнде бюджет табысындағы тiкелей және жанама салықтардың орнын ескеру қажет.

Жекелеген қызмет түрлерiн квоталау әдiсi кең таралды. Бұл әдiстiң негiзгi құралдары кәсiпорындардың пайдасы мен мүлкiнен алынатын салықтар төңiрегiндегi шараларды қамтиды. Мұндай әдiс, бiрiншiден, нарықтық қатынастарға өту жағдайында шаруашылық қызметтi ынталандырушы негiзгi фактор ретiндегi пайданың басымдылығына, екiншi жағынан, шаруашылық қызметiн жүзеге асыру барысында негiзгi құралдар мен басқа да мүлiктi тиiмдi пайдалану үшiн жағдай қалыптастыру қажеттiлiгiне негiзделедi.

Аталмыш салықтарды салу кезiнде жеңiлдiктер беру кәсiпорындардың рентабельдiлiк нормасына, сәйкесiнше, бизнестi жүргiзу ынтасына әсер етедi. Мұндай жеңiлдiктер әрекетiнiң механизмi, ең алдымен, салық төлеушiнiң салыстырмалы артықшылықтарға ие болуынан көрiнедi. Осыған байланысты инвестициялық шешiмдерге әсер етудiң бұл жүйесi инвестицияны тiкелей ынталандыру шеңберiнде жүзеге асырылады.

Жинақтаушы- инвестициялық салық жүйесiн құру кезiнде жағымды инвестициялық ахуал қалыптасытру тұрғысынан алып қарағанда тiкелей салық салу жиынтығында ерекше орын алатын жеке табыс салығын қарастыру маңызды. Бұл салықтың ерекшелiгi сол, бұл салық кәсiпорындар қызметiнiң сипатына тiкелей әсер етпейдi. Алайда, жинақтау кезеңiнде табыстың бiр бөлiгiн алу саясаты, сондай-ақ, жекелеген табыс түрлерiнiң (проценттер мен дивиденттердiң, жеке тұлғалардың қор нарығында жасаған опреацияларынан түскен табыстардың) салық салу жүйесi капиталды қайта бөлу процестерiне және жинақтауға қатысатын қаржылық құралдардың мөлшерiне айтарлықтай әсер етедi. Ал салық салу (пропорционалдық, прогрессивтiк немесе регрессивтiк) әдiстерi жинақтауға деген шектi бейiмдiлiктi қалыптастыруға тiкелей әсер етедi.

Аталмыш факторлар инвестицияны ынталандыру тұтқалары iшiнен табыс салығын айналып өтуге болмайтындығын көрсетедi. Сонымен бiр мезгiлде, табыс салығы кәсiпорындар деңгейiнде инвестицияны ынталандыру үшiн артықшылықтар беру үшiн пайдаланылмайды. Сондықтан да, жеке табыс салығын салу саясаты инвестицияны ынталандырудың жанама механизмiне жатады.

Кәсiпорын тұрғысынан инвестициялық ресурс көздерiнiң жалпы құрылымын екi негiзгi топ түрiнде көрсетуге болады:



  1. Инвестициялық ресурстардың меншiктi көздерi;

  2. Қарыз құралдары.

Бiрiншi топты құраушы компоненттер болып таза табыс пен амортизациялық құралдар, ал екiншi топты негiзгi құраушы- банктiк несеилер болып табылады. Салық жүйесiнiң инвестициялық-ынталандырушы бағыттылығын күшейту кәсiпорын қаржысының аталмыш көздерiне тигiзетiн әсерiн бағалау қажеттiлiгiн тудырады. Қазiргi кезде әрекет ететiн, құныдқ көрсеткiштер негiзiнде есептелетiн, потенциалдық инвестициялау көздерiн сипаттайтын салықтар жиынтығы салық салудың ынталандырушы проблемасын шешу мүмкiндiгi бар екендiгiн көрсетедi.

Табыс салығынымен байланысты мемлекет саясатын қарамас бұрын бұл экономикалық категорияның жалпы экономикалық өсу факторларының жүйесiндегi ролiн қарастырайық.

Нарықтық қатынастар жүйесiнде табыс кәсiпкерлiк қызметтiң басты ынтасы болып табылады. Оның экономикалық өсудi анықтаудағы орны да ерекше. Бұл жерде сөз табыстың ұлттық өнiм құрылымндағы өзiндiк үлесi туралы болып отыр. Табыс алу саласында микро- және макроэкономикалық мүдделер ұштасады. Алынған таза табысты бөлу құрылымын талдау өте маңызды. Инвестициялық- жинақтаушы салық жүйесi үшiн бекiтiлген басымдықтарға негiзделе отырып инвестициялауға бағытталатын пайда бөлiгiн арттыру мүмкiндiктерiн қарастырайық.

Мемлекеттiк қаржының, сайып келгенде, мемлекеттiк инвестициялардың қайта бөлу қызметi дағдарыс жағдайында жеткiлiктi мөлшерде жүзеге аспайды. Бұл қаржыландыру кезiнде мемлекеттiң делдалдар қызметiне (әсiресе банктер) жүгiну қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi. Бюджеттiк құралдардың қозғалысын, бюджеттiк құралдардың мақстақа сай емес пайдалануының саяси және экономикалық тұрақтылығын бақылау прцедурасы көп жағдайда тиiмдi жұмыс iстейдi. Қазiргi қазақстан экономиксында мемлекет бюджет шығындарын жүзеге асыру кезiнде банктiк жүйенiң тәуелдiлiгiне түседi. Есеп айрысу жүйесiн өзгерту әрекеттерi ұзақ уақытты қажет етедi. Сондықтан бұл жағдай мемлекетке қаржылық ағымды инвестициялық объектiлерге барынша толық мөлшерде және қажеттi мерзiмде жеткiзуге мүмкiндiк беретiн, белсендi жұмыс iстейтiн тұтқаларды iздеуге мәжбүр етедi. Бұл проблеманы шешуде сәйкес салық механизмдерiн құру арқылы жеке инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыру шешушi орын алады.

Табысқы (пайдаға) салық салу тұрғысындағы мемлекет пен салық төлеушi арасындағы қарым-қатынастарды қарастыра отырып әлемдегi көптеген елдердiң салық жүйелерiне тән ынталандырушы сипаттағы элементтердi атап өту керек. Инвестициялық бағыттылық тұрғысынан алып қарағанда, мұндай элементтердiң бiрi- амортизациялық саясат болып табылады. Негiзгi құралдар ды жаңарту, өндiрiстiк қызметтi ынталандыруғы ұмтыла отырып, ол жедел амортизация әдiсiн қолдануға мемлекеттiң басымдықты салаларының (немес экономика сфераларының) рұхсат бередi. Жедел амортизация кәсiпорындарында ғана қолданылады. Мысалы, салыстыру үшiн, Францияда жеделдетiлген амортизация өнеркәсiпте қолданылатын, ал АҚШ-та- өңдеу өнеркәсiбiнде қолданылатын барлық өнеркәсiптiк құралдарға пайдаланылады.

Жеделдетiлген амортизация пайданы үлкен мөлшерге азайтады, бұл кәсiпорынға негiзгi құралдар құнының орнын тезiрек толтыруға және тозған құралдарды жетiлдiрiлген құралдармен тезiрек алмастыруға мүмкiндiк бередi.

Жеделдетiлген амортизацияны салықтық несиеге немесе табыс салығының жеңiлдiгiне балама ретiнде қарастыруға болады. Оның жеңiлдiктерге қарағанда артықшылығы сонда, амортизациялық аударым нормалары негiзгi құралдардың әр топтарына: машиналарға, ғимараттарға, құралдарға және т.б. әртүрлi мөлшерде бекiтiледi, сондықтан, мысалы, құралдарға инвестиция салуға басымдық көрсетуге болады.

Алайда, жеделдетiлген амортизация механизимiнiң қазiргi күнде қоланылып келе жатқан түрiн кәсiпорындарда (шағын кәсiпорындардан басқа) кең қолданылмайды, ал шағын кәсiпорындардың белсендi инвестициялық саясат жүргiзу үшiн жеткiлiктi қаржылық мүмкiндiктерi шектеулi болғандықтан, жалпы алғанда, жеделдетiлген амортизацияның қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiне тигiзетiн әсерi үлкен деп айту қиын.

Амортизациялық саясат саласында қабылданатын шешiмдер сипатына елдiң экономикалық жүйесiнiң жалпы жағдайы әсер етедi. Қазақстандық экономикалық жүйенiң басты ерекшелiгi-айналым құралдарының жетiспеушiлiгi. Бұл фактор бүгiнде отандық өндiрiстiк қызметтi жандандыру жолында басты тежеуiштердiң бiрiне айналды. Меншiктi құралдар есебiнен тiптi жедел өндiрiстiк- өткiзу шараларын қаржыландыру мүмкiндiгiнiң болмауы жағдайында салық төлеушiлер қаржылық қиындықтарды шешу үшiн барлық қолда бар мүмкiндiктьерiн, соның iшiнде амортизациялық қор құралдарын да пайдаланады. Сөйтiп, жаңа құралдарды сатып алуға бағытталған ақша құралдары инвестициялық қызметке қатысы жоқ ағымдық проблемаларды шешуге жұмсалады. Екiншi жағынан, дағдарыс жағдайында амортизацияның кәсiпорынның меншiктi құралдарын толықтыру көзi ретiндегi ролi өте төмен.

Табыстарға немес пайдаға салық салудағы маңызды мәселенiң бiрi-инвестициялық-бейiмделген жеңiлдiктер жүйесiн құру. Сондықтан бұл жерде мемлекеттiк саясатты жүргiзе отырып, салық салу объектiсiнiң ерекшелiгiн ескеру қажет. Ең алдымен табыстың инвестциялық ресурстарды құрайтын басты элементi екенiн есте ұстау керек. Бюджеттiк тапшылық жағдайында мемлекеттiң қаржылық мүмкiндiкиерiнiң шектеулiлiгi салдарынан мемлекет тарапынан қаржылық көмекке зәру сфералардың көбi жеткiлiктi деңгейде мұндай көмектi ала алмайды. Ал өзiн-өзi қаржыландыру мүмкiндiктерi өте шектеулi. Осындай жағдайда мемлекеттiк емес қаржылық көздердi пайдалану мәселесi, соның iшiнде салық жеңiлдiктерiне негiзделген мемлекеттiк тұтқаны қолдану ерекше маңызға ие болады.

Салық жеңiлдiктерiн беру мүмкiндiгiн қарастыруда реттеу пәнiнiң құрылымын анықтап алу қажет, яғни жеңiлдiктi инвестициялық ресурстардың қандай көзiне беру керек деген сұрақ туындайды.

Кәсiпорындардың жүзеге асыратын инвестициялық жобалары қаржылық құралдардың негiзiнен 2 бағытта жұмсалуын көрсетедi:



  1. Меншiктi өндiрiстiк немесе өндiрiстiк емес базаны дамытуға бағытталған инвестиция;

  2. Кәсiпорын қызметiмен байланыссыз қаржыландыруға бағытталған инвестиция.

Бiрiншi топтағы инвестиция кәсiпорынның өндiрiстiк инфрақұрылымын қаржыландыруға, яғни өндiрiстiң сапалық сипаттамаларын жақсартуға жұмсалады. Ал өндiрiстiк емес инфрақұрылымды қаржыландыру дегенiмiз, әдетте жұмыскерлердiқ әлеуметтiк жағдайын жақсарту үшiн жасалады.

Екiншi топтағы инвестиция кәсiпорын үшiн пайда табу мақсатын көздемейдi, сондықтан оған жеңiлдiк беру ынтасы да төмен.

Салықтық ынталандыру объектiсi ретiнде кәсiпорынның меншiктi өндiрiстiк базасын алудан түсетiн тиiмдi әсер жоғарырақ болады. Сондықтан салықтақ жеңiлдiктi беру туралы шешiм қабылдаған кезде кәсiпорын табысының немесе пайдасының жұмсалу бағытын мiндеттi түрде ескеру қажет.

Инвестицияны салықтық саясат арқылы ынталандыру тұрғысынан алып қарағанда акционерлiк қоғамдардың бөлiнетiн және бөлiнбейтiн табыстарына дифференциалды салық режимiн орнату мәселесi де маңызды. Ұлттық экономиканың құрылымындағы акционерлiк капиталдың артып келе жатқан жағдайында мемлекеттiк экономикалық, соның iшiнде салық саясатын жүргiзудiң маңызы да жоғарылайды.

Дамыған елдердiң салық жүйелерiнде акционерлiк қоғамдар пайдасына салық салудың 2 негiзгi тәсiлi бар:


  1. Бөлiнетiн пайдаға бiр рет қана салық салу, бұл кезде дивидендтерден 1 рет қана салық төленедi: акционерлерге дивиденд төлеу кезiнде-немесе кәсiпорындардың пайдасына салынатын салық құрамында, немесе акционерлердiң табысынан төленетiн салық құрамында;

  2. Дивидендтерге 2 рет салық салу, бұл кезде кәсiпорын пайдасы дивидендтерге бөлiнбес бұрын акционерлiк қоғамның пайдасынан және бөлiнгеннен соң акционер табысынан салық төленедi.

Таза пайданың бiр бөлiгiнiң дивиденд түрiнде төленуi қаржы ресурстарының бiр бөлiгiнiң тiкелей инвестициялу процесiнен шығып қалуына әкеледi. Сондықтан салық саясатының фискалдық және ынталандырушы басымдықтарын мiндетiн басшылыққа алсақ, мұндай қаржы ағымдарына қатысты салық жеңiлдiктерiн қолдану қажеттiлiгi төмен сияқты. Бұл бөлiнетiн табыс тұрғысында екi рет салық салу режимiн қолдайды.

Алайда бұл жағдайда екi рет салық салу механизмi портфельдiк инвестицияны тежеушi факторға айналады.

Өндiрiстi ынталандырудың салықтық механизмдерiн қарастыру кезiнде өндiрiстi дамытуға жағдай жасайтын салаларға-бiлiм, ғылым, ғылыми-зерттеу салаларына жұмсалатын инвестицияға салық салу мәселесiнiң маңызы зор екенi байқалады.

3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДI ЖЕТIЛДIРУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерiнiң iшiнде ерекше орынды салық саясаты алады. Тәжiрибе дәлелдегендей, салықтық саясаттағы басымдықтарды өзгерту арқылы экономиканың конъюнктуралық ауытқуларын бәсеңдетуге, ұлттық шаруашылықтық ұзақ мерзiмдi тұрақтануына қол жеткiзуге болады.

Дұрыс ойластырылған, ғылыми негiзделген салық саясатын қолдану арқылы мемлекет елдегi экономикалық жағдайды реттей алады. Бiрақ бұл кезде бюджетке салықтың көп түсуiн қамтамасыз етудi салықтық ауыртпашылық арқылы емес, керiсiнше салық ауыртпашылығын азайту арқылы салық базасын кеңейту жолымен жүргiзген дұрыс.

Салықтар бойынша жүргiзiлген зерттеулер көрсеткендей, үш негiзгi салықтар-корпоративтiк табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздердiң жиынтық ауыртпашылығы қазiргi экономикалық жағдайжа 60-70 %-тi құрайды екен. Егер бұларға қоса басқа салықтарды да ескеретiн болсақ, салық ауыртпашылығының жоғары екндiгiн байқауға болады.

Соның нәтижемiнде салық төлеушiлердiң көп бөлiгi одан жалтаруға тырысады, әсiресе салықтар шамасы шектi шамадан тыс болып кетекн кезде. Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, салық ауыртпашылығының оптималды шектi мөлшерi салық салынатын табыстың 36%-iнен аспауы тиiс.

Қазақстан Республикасындағы салықтар-өте күрдерi проблемалардың бiрi. Салық заңдылығы өзiнiң маңыздылығы жағынан мемлекеттi нығайтуда Азаматтық Кодекстен кейiн екiншi орында тұр. Өкiнiшке орай, салық саясаты әрқашанда салық төлеушiнiң мүддесiн қорғай бермейдi. Бүгiн әлi де салық салу жүйесi салық төлеушiлердiң мүддесiн және заң жүзiндегi хұқықтарын әлеуметтiк қорғайтын жүйе деп айту ертерек.

Қазiргi қолданылып келе жатқан салық салу жүйесi Қазақстанның стратегиялық даму жоспарларының шеңберiнде салық заңдылығының негiзiн құрайтын қағидалардың тұрақтылығын ары қарай қамтамасыз етудi және жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл елдегi жеке кәсiпкерлiктiң iскерлiк белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi, сайып келгенде бұл мемлекет экономикасының тұрақты дамуына және соның нәтижесiнде халықтың тұрмыс деңгейiнiң көтерiлуiне әкеледi. Осы проблемаларды шешу үшiн кешендi шаралар жүйесi қажет, соның iшiнде маңызды рольдi салық салу жүйесi атқарады.

Баршаға мәлiм, салықтар мен салық саясаты-қуатты ресурстық фактор, яғни мемлекеттiң қолындағы экономикаға араласу құралы сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiң шаруашылық субъектiлерiмен керi байланысын көрсететiн механизм болып табылады. Сондықтан да әр нақты жағдайға қарай, соның iшiнде ел экономикасының даму ерекшелiктерi мен даму жағдайына, елдегi мемлекеттiк билiктiң тұрақтылығына қарай бұл фактор оның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн құрал ретiнде, немесе оның жоғары тәуекелдiк көзi ретiнде болуы мүмкiн.

Салықтар және салық жүйесі-бюджеттің табыс көзін құраушы ғана емес, сонымен қатар нарықтық типтегі экономиканың маңызды құрылымдық элементтері. Кәсіпкерлік қызметті басып тастамайтын, тиімді бюджеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді салық жүйесін құрусыз Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық қайта құру мүмкін емес.

Салықтар адамзатқа ертеден белгілі, алғашқыда олар жан басына шаққандағы алымдар түрінде болды. Салықтардың пайда болуы мемлдекеттің құрылуымен байланысты. Олардың міндеттілігі сөзсіз, ол туралы 1789 жылы Б.Франклин былай деп жазған: «Бұл әлемде ештеңеге сенімді болу мүмкін емес, тек салықтар мен өлімнен басқа».

Мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың заңды және жеке тұлғаларға салатын, бюджетке түсетін міндетті төлемдері мен алымдар- салықтар болып табылады. Сонымен, салықтар дегеніміз заңды және жеке тұүлғалардың мемлекеттік қаржылық ресурстарды қалыптастыруға қатысу формасы. Салықтар, ұлттық табысты қайта бөлу факторы ретінде бөліп-тарату сферасының дұрыс жұмыс істеуіне, адамдары белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға қызықтыруға бағытталған.

Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін құруға және оның әрекет етуінен көрінеді, ол салықтық қатынастар элементтерін, яғни нақты салық түрлерін, оларды қолдану әдістері мен тәртібін қамтиды. Салық элементтеріне салық субъектісі, объектісі, ставкасы, жеңілдігі және т.б. жатады. Салық субъектісі дегеніміз- салық төлеуші-тұлға. Яғни ол заң жүзінде салық төлеуге міндетті тұлға. Алайда бағалар механизмі арқылы салықтық ауыртпашылық басқа тұлғаға ауыстырылуы мүмкін, сондықтан тағы бір тұлға-салықты көтеруші болады.

Салық объектісі- салық салынатын табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар,жылжымайтын мүлік).

Салық ставкасы (салық салу нормасы)-салық салу бірлігіне келетін салық шамасы. Салық ставкасы әдетте табысқа қатысты процентпен бекітіледі, және салық квотасы деп аталады.

Салық оклады-субъектінің бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салықтық жеңілдік-салықтан толық немесе ішінара босату.

Салық салынбайтын минимум- салықтан толық босатылған салық объектісінің ең кіші бөлігі.

Кез-келген міндетті төлем салық болып табылмайды. Салықтардың ерекше сипатты белгісі сол, олар белгілі бір қағидаларға сүйенеді. А.Смит өзінің «Халықтардың байлықтарының табиғатын және себептерін зерттеу» атты еңбегінде (1977) салық салудың келесі қағидалары бекітілген:


  1. Салық әр салық төлеушінің табысының мөлшеріне қарай салыну керек;

  2. Салық мөлшері және оны төлеу мерзімі төлеушіге алдын-ала және дәл анық болу керек.

  3. Әр салықты жинау және алу тәсілі мен уақыты салық төлеуші үшін ыңғайлы болу керек.

  4. Салық жинау шығындары барынша төмен болу керек.

Сонымен қатар, салықты төлеу схемасы салық төлеушіге түсінікті, ал салық объектісі екі рет салық салудан қорғалу керек.

Жоғарыда келтірілген салық салудың тарихи қағидалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ, яғни бүгінде де олар тиімді салық салу жүйесінің негізін құрайтын қағидалар. Мемлекеттің реттеуші функциялар дамыған сайын салық салу қағидаларын кеңейту қажеттілігі туындады, осыған байланысты Смиттің тұжырымдаған классикалық қағидалары келесі қағидалармен толықтырылды:



  • жалпылық-салық төлеу барлық экономикалық субъектілерге таралуы керек;

  • тұрақтылық-салық түрлері мен ставкалары уақыт аралығында тұрақты болуы керек;

  • төлем қабілеттілігі-салық салу мөлшері бірдей табыс алатын тұлғаларға және бірдей мүлік құнына бірдей таралу керек;

  • міндеттілік-салықтарды төлеу заң бойынша барлық салық төлеушілер үшін міндетті болып табылады;

  • әлеуметтік әділеттілік-салық ставкаларын бекіткен кезде тұрмыс деңгейі төмен халықтар мен төмен табысты кәсіпорындарға көп ауыртпалық түсірмейтін болуы керек;

  • көлденең әділеттілік-табыс деңгейі жағынан біркелкі дәрежеде тұрған төлеушілерге заң жүзінде бірдей салық ставкалары қолданылу керек;

  • тік әділеттілік-табыс деңгейі бойынша бірдей емес жағдайда тұрған салық төлеушілерге әртүрлі салық ставкалары қолданылуы керек.

Салық жүйесінің қалыптасуы нарықтық механизмдердің және әкімшілік-нұсқаушылық механизмдерінің өзара әрекеттесуі негізінде жүреді. Сондықтан, бір жағынан салықты енгізу және жинау билік органдарының функциясы, ал екінші жағынан, салық тізімін қалыптастыру және салық ауыртпашылығының деңгейін бекіту нарық жағдайына және экономиканың даму деңгейіне қарай анықталады.

Жоғарыда келтірілген салық салу қағидаларымен бірге оларды тағы да 3 пунктпен толықтыруға болады:



  1. Салықтар пайда немесе табысты арттыруға деген ынтаны басып тастамауы керек.

  2. Салықтар баланстылығы сақталуы керек, яғни ол дегеніміз олардың бюджтеке түсімі оның шығындарымен тең болуы керек.

  3. Салық салу адамдардың нақты табысын шекті деңгейден төмендетуге әкелмеуі керек.

Әрине, салық салу жүйесі барлық жоғарыда келтірілген қағидаларға жауап беруі өте қиын. Көптеген қағидалар бір-бірімен үйлеспейді және қарама-қайшы келеді. Сондықтан осы қағидалардың ішінен өзара үйлесімді оптималды арақатынасын таңдап алу- өте күрделі проблема. Салық заңдылығы сондықтан да тұрақсыздықпен сипатталады. Салық салудың мәні ең алдымен оның функцияларынан көрінеді.

Салықтар негізгі 3 маңызды функция атқарады:



  1. Фискалдық функция;

  2. Бөліп-таратушылық функция;

  3. Реттеушілік.

Мемлекетте жиналатын салықтар түрлерінің жиынтығы, оларды құру формалары мен әдістері мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйелері өте күрделі модельдер түрінде болуы мүмкін. Салықтарды әртүрлі қағидалар бойынша жіктеуге болады: салық салу объектісіне және төлеуші мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастарға қарай; пайдаланылуына қарай; салық жинайтын органға қарай; экономикалық белгісі бойынша.

Бірінші белгі бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салықтарға тікелей табысқа немесе мүлікке салынатын салықтар жатады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты және жеке-дара болып бөлінеді. Нақты салықтар мүліктің сырт белгілеріне қарай салынады, яғни салық салу кезінде объектінің пайдалану тиімділігі емес, оның сырт белгісі назарға алынады; нақты салықтарға жер салығы, мүлік салығы, қолөнер салығы, ақша капиталына салынатын салықтар жатады.

Жеке-дара салықтар салу кезінде табыс қана емес, төлеушінің қаржылық жағдайы ескеріледі, мысалы жанұя жағдайы. Мұндай салықтарға табыс салығы, мұраға салынатын салық, жан басына салынатын салық және т.б. жатады.

Жанама салықтар товар бағасы арқылы жанама түрде салынады. Оларға қосылған құн салығы, акциздер, кедендік салықтар жатады.

Пайдаланылу белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы салықтардың мақсаты қатаң белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мысалы, транспорт құралдарына салынатн салық.

Салықтарды жинайтын органдарға қарай салықтар орталықтандырылған және жергілікті болып бөлінеді.

Объектілердің экономикалық белгілеріне қарай салықтар табысқа салынатын және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді: біріншілері салық төлеушінің кез-келген салық объектісінен алынатын табыстарына салынады, ал екінші жағдайда салық товарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде кететін шығындарға салынады.

Салық жүйесiн реформалаудың әлемдiк тәжiрибесiнiң дамуы салық жүйесiн жетiлдiру және қоғамдағы өзгерiстерге бейiмдеу, сөйтiп оны икемдi әлеуметтiк-экономикалық реттеу құралына айналдыруға негiзделген. Бiртiндеп салықтық реттеу құралдары кеңейiп, неғұрлым негiзделген салық түрлерi енгiзiле бастады. Салық түрлерiн алмастыру, салық объектiлерiн өзгерту арқылы реттеуден бiртiндеп икемдi автоматты құралдарға көшу жүргiзiлдi: салықтық ставкалар мен жеңiлдiктерi арқылы. Бұл кезде әрине салықтар мен салық жүйесiнiң экономиканы реттеудегi басқа да жетiлген формалары қатар жүрдi.

Бiздiң ойымызша, жиынтық жылдық табыстың дәл анықтамасы мемлекет үшiн де, заңды тұлға үшiн де тиiмдi, өйткенi ол екi жақтың да мүддесiн қозғайды. Жүргiзiлген талдау көрсеткендей, бiздiң мемлекетiмiздiң заңдылығы бойынша жиынтық табыстан салық төлеушiлер көбiнесе жанама салықтарды төлейдi, ал халықаралық тәжiрибеде-тiкелей салықтарды. Осы жерден мынадай қорытынды жасауға болады: бiздiң мемлекетiмiздiң салық жүйесiнде тұтыну салықтары басым, өйткенi оларды жинау оңай, бақылау да оңай. Ал дамыған елдерде негiзiнен жеке-дара салықтар үлесi басым. Айналыс сферасында салықтар баға механизмi арқылы тұтынушыға түседi.

Корпортивтiк табыс салығы кәсiпорын өнiмiн тұтынушыларға жоғары баға қою арқылы немесе товар қоюшыларға ресурстарды төмендетiлген бағамен сатып алу арқылы ауымтырылуы мүмкiн. Акционерлiк қоғам түрiнде қызмет ететiн кәсiпорын табысына салық салу жағдайында акционерлерге төмен дивиденд төлеу арқылы да салық ауыртпашылығы тұтынушыларғы түсiрiлуi мүмкiн.

Жеке табыс салығының ауыртпашылығы басқа тұлғаға ауыстырылмайды, яғни оны салық төлеушi нақты табысынан төлейдi. Алайда кәсiподақ талаптары бойынша жұмыскерлерге жалақы өсiрiлiп, салық ауыртпашылығының бiр бөлiгi жұмысшыдан жұмыс берушiге ауыстырылуы мүмкiн.

Меншiкке салынатын салықтар iшiнара басқа тұлғаға түседi. Мысалы, заңды және кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлiк салығын төлеу кезiнде тұтынушыларға жоғары баға қою арқылы сұраныс жеткiлiктi болған жағдайда ауыстыруға болады. Жеке тұлғалар- пәтердiң-мүлiктiң ұсақ иелерi салықтың ауыртпалығын жоғары жалгерлiк ақы белгiлеу арқылы жалдаушыға артады.

Осы сияқты табыстан төленетiн басқа да тiкелей салық түрлерi тұтынушыларға түсiрiледi.

Жанама салықтар ауыртпашылығын басқа тұлғаға аудару жеңiлдiрек.

Қосылған құн салығы толықтай тұтынушыға түседi, өйткенi кең товарлар мен қызметтер диапазонын қамтиды, сондықтан тұтынушыда қай товарды аламын деген таңдама болмайды, барлығының бағасының құрамында ҚҚС жатыр. Акциздер мен кедендiк алымдар мен салықтар төлеу кезiнде тұтынушылар оларды баға құрамында төлейдi.

Салық салу жалпы алғанда тiкелей салық кезiнде болмасын, жанама салық кезiнде болмасын товар бағасының өсуiнен және өндiрiс көлемiнiң кiшiреюiнен көрiнедi. Жоғары баға тұтынушылық сұранысты қысқартады, ал бұл өнiмнiң сатылу көлемiнiң азаюына, өндiрушiлердiң өнiм өндiру көлемiн азайтуына әкеледi.

Салық ауыртпашылығының өндiрушi мен тұтынушы арасында бөлiнуi сұраныс пен ұсыныс икемдiлiгiне байланысты. Сұраныс икемдiлiгi дегенiмiз-сату көлемiнiң проценттiк өзгерiсiн бағаның проценттiк өзгерiсiне қатынасы: егер бұл коэффициенттiн шамасы 1-ден төмен болса сұраныс икемдi емес, егер 1-ге тең болса немесе одан жоғары болса сұраныс икемдi деген сөз.

Бюджетке төленуi мiндеттi салықтар мен басқа да төлемдердi толықтай мөлшерде төлемеу, салық салу объектiсiн жасанды түрде төмендетiп көрсету, салықтар соамсын дұрыс есептемеу, мүлiктi жасыру, салық төлеушiлердiң тұрған жерiн жасыру сияқты шаралар бюджетке төленбей қалған салықтар мен алымдар сомасының 50% шамасында сакция қодданылады. Тура осы әрекеттер тағы да қайталанса, айып-пұл санкциясының шамасы 100%-тi құрайтын болады.

Салық төлеушiлерде салықтық есептiң болмауы немес оынң қате жүргiзiлуi кезiнде төленбей қалған салықтардың мөлшерiне 50% санкция қолданылады, ал егер бұл әрекет бiрнеше дүркiн қайталанса, оның шамасы 100%-ке жетедi.

Банктердiң салық төлеушiлердiң РНН-ы қойылмаған құджаттар бойынша операциялар жүргiзгенi үшiн жауапкершiлiгi айқын анықталды: бюджет алдында қарыздары бар шаруашылық субъектiлерiнiң банктiн есеп шотындағы ақшасы турла ымәлiет бермегенi үшiн; салықтық органдардың құжаттарынсыз банктiк шот ашу үшiн. Мұндай жағдайларды банктерге салық төлеушiнiң шоты бойынша жасағана шығын жұмсау операцияларының 5% мөлшерiнде айып-пұл салынады.

Салық заңдылығын дөрекi бұзғандар үшiн қылмыстық жауапкержiлiк те қарастырылған: шаруашылық субъектiлерiнiң жауапты лауазымды тұлғалары мемлекетке әкелген нұқсан үшiн Қылмыстық Кодекске сай белгiлi бiр лауазымда отыру хұқығынан немесе жеке бас бостандығынан айрылуы мүмкiн.

Алайда жоғарыда келтiрiлген барлық шаралар салықтардан жалтару проблемасын шешпедй. Салық органы қызметкердерiнiң жүргiзген тексерулерiнiң нәтижесiнде бюджтеке түсетiн табыстардың 1/3 бөлiгi жалтарылғаны анықталған.

Үкiметтiң салық саяасты мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының қажеттiлiктерiне сай, үкiметтiң алдына қойан мақсаттарына қарай, уақыт талабына сай құрылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақсатн Республикасының салық жүйеснi реформалау мақсаттары мыналарды қамтуы керек:


  1. нарықтық қатынастырды ынталандыру, атап айтқанда:

    • кәсiпкерлiктi белсендi қолдау;

    • қазақстандық бюджтеттiң аса қажеттi негiзделген қажеттiлiктiрен ғана өтеу;

    • жеке салық төлеушiлердi алған табыстарын кәсiпкерлiк қызметке салуын ынталандыру.

  2. салық салудың задылық базасын кеңейту;

  3. әртүрлi салық түрлерiнiң арасындағы үйлесiмдiлiкке қол жеткiзу;

  4. бiр салық объектiсiне екi рет салық салудан қорғау механизмiн құру;

  5. салық салуда әдiлеттiлiкке қол жеткiзу;

  6. салық салудың әлемдiк жақсы тәжiрибесiн қолдануға ұмтылу.

Салық жүйесiнде табысты реформа жүргiзу мемлекет үшiн аса маңызға ие. Тұрақты әрi сенiмдi салық жүйесi-макроэкономикалық тұрақтылықтың негiзгi құраушыларының бiрi.

Табыстарға немес пайдаға салық салудағы маңызды мәселенiң бiрi-инвестициялық-бейiмделген жеңiлдiктер жүйесiн құру. Сондықтан бұл жерде мемлекеттiк саясатты жүргiзе отырып, салық салу объектiсiнiң ерекшелiгiн ескеру қажет. Ең алдымен табыстың инвестциялық ресурстарды құрайтын басты элементi екенiн есте ұстау керек. Бюджеттiк тапшылық жағдайында мемлекеттiң қаржылық мүмкiндiкиерiнiң шектеулiлiгi салдарынан мемлекет тарапынан қаржылық көмекке зәру сфералардың көбi жеткiлiктi деңгейде мұндай көмектi ала алмайды. Ал өзiн-өзi қаржыландыру мүмкiндiктерi өте шектеулi. Осындай жағдайда мемлекеттiк емес қаржылық көздердi пайдалану мәселесi, соның iшiнде салық жеңiлдiктерiне негiзделген мемлекеттiк тұтқаны қолдану ерекше маңызға ие болады.

Барынша жақсы нәтижеге қол жеткiзу үшiн мемлекеттiк саясат қарастырылған детерминанттар қатарына тiкелей және жанама әсер ету әдiстерiн кiргiзуi керек. Бұл түсiнiктердiң шартты түрде бөлiнуiне қарамастан, қабылданып жатқан шараларды аталған екi сфераның қайсысына жатқызатыны туралы қорытынды жасауға болатын критерий бар. Мұндай критерий- салық ұсыныстарының тiкелей реттеу объектiсi-инвестициялық ресурстармен байланысы.

Салық салудағы тiкелей әсер ету шаралары басқа қызмет түрлерiмен салыстырғанда инвестициялық қызметке артықшылық беруге бағытталады. Бұл кезде әдетте салық төлеушiлерге өз қаржылық құралдарын тиiмдi бөлу стратегиясын таңдау хұқығы берiледi, бiрақ соның iшiнде инвестициялық шаралар неғұрлым тиiмдiрек болып табылады. Мұндай әсер теудiң айқын көрiнiсi- өндiрiстiк мақсатта күрделi қаржы салуға бағытталған пайда бөлiгiн салықтан бостау. Бұл әдiс әлемнiң көптеген елдерiнде кең қолданылады. Салықтық реттеудiң тiкелей әдiстерiн қолдану экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзу постулатына негiзделген. Бұл жерде инвестицияны (салықтық реттеу объектiсi) жүзеге асыратын салық төлеушi тұрғысынан алып қарағанда, тиiмдiлiктi анықтаудың басты критерийi қаржы құралдарын үнемдеу болып табылады.

Мемлекеттiк реттеудiң жанама әдiстерi жекелеген кәсiпорындар деңгейiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қолайлы жағдайларды қалыптастырумен байланысты. Бұл кезде реттеу макроэкономикалық сипатта болады, және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруда салық төлеушiге ешқандай таңдау проблемасын тудырмайды. Сонымен бiр мезгiлде, жекелеген өндiрiс секторларының, экономика салаларының негiзгi экономикалық көрсеткiштерiне әсер ете отырып, мемлекеттiк жанама әдiстер инвестициялық ахуалды қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарады. Мысалы, экспорттық және импорттық баж саласында белгiлi бiр саясатты жүргiзу отандық өндiрушiлер үшiн, олардың отанды және шетелдiк инвестиция үшiн тартымдылығы үшiн едәуiр әсер етедi.

Екi жағдайда да мемлекет тарапынан қарағанда жүргiзiлiп отырған саясаттың тиiмдiлiгiн анықтайтын критерий- салық базасының болашақта кеңею мүмкiндiгiнiң туындауы, және сәйкесiнше бюджет табысының артуы болып табылады. Бұл кезде ынталандыру шаралары жүргiзiлiп отырған белгiлi бiр нақты салық немесе салықтар тобы бойынша бюджет түсiмдерi азайса да, басқа салықтардан түсетiн түсiмдер көбейедi. Қабылданған шараның тиiмдiлiгiн анықтау үшiн оның жағымды және жағымсыз әсерлерiн өзара өлшеп, олардың айырмашылығын, яғни “қалдығын” табу керек.

Реттеу субъектiсiнiң тұрғысынан алып қарағанда ынталандыру саясатын бағалау кезiнде шаралардың тиiмдiлiгi олардың фискалдық нәтижелерiмен сипатталады. Бұл жерде есте ұстайтын маңызды жағдай- салқы сферасындағы реформалау саясаты сәйкес шкшкiмдiр қабылдана саоысымен бюджет жүйесiне елеулi шығындар әкеледi, ал олардың қайтарымы, яғни жақсы нәтижелерге қол жеткiзу салыстырмалы ұзақ уақытқа созылуы мүмкiн. Сондықтан, мемлекет үшiн ынталандырушы салық саясатының тиiмдiлiгiн болжау қиын.

Сонымен қоса, жекелеген салық тұрғысында салық салу құрылымын өзгерту нәтижесiнде бұл салықтың фискалдық және ынталандырушы бағыттылығы артады, ал салық жүйесiнiң басқа элементтерiнiң көрсеткiштерi өзгерiссiз қалады. Бұл жағдайда реформаның тиiмдiлiгiн бағалау жұмысы жеңiлдейдi, өйткенi, бiр жағынан, бiр ғана салық салу объектiсi өзгерiске ұшырайды, және, екiншi жағынан, жағымды және жағымсыз (фискалдық тұрғыдан қарағанда) көрiнiстердiң арасындағы хронологиялық алшақтық оңай есептеледi.

Шаруашылық субъектiлер тұрғысынан қарағанда мемлекеттiк ынталандырушы саясатының тиiмдiлiгiн бағалау механизмi өзгеше. Мемлекет тарапынан берiлген мүмкiндiктi пайдаланудан түскен экономикалық пайда салық мiндеттемесiнiң шамасының барынша мүмкiн төмендеуiнен көрiнедi

Сәйкесiнше, салық төлеушi үшiн салық ауыртпалығының жалпы шамасы төмен болған сайын, мемлекеттiк саясат соғұрлым тиiмдiрек болады. Өз кезегiнде, нақты салық ауырпалығының дәрежесiн жеңiлдетiлген инвестициялық қызмет көмегiмен және салық заңдылығының жетiспеушiлiктерiн пайдалана отырып салық төлеуден жалтару арқылы төмендетуге болады.

Мемлекеттiк ынталандырушы саясатты қалыптастыру кезiнде сондай-ақ тiкелей және жанама салықтардың экономикалық процестерге тигiзетiн әсерлерiнiң айырмашылықтарын ескеру қажет.

Тiкелей салық салу салық төлеушiнiң табысының бiр бөлiгiн ақшалай түрде бюджетке алу әдiсi ретiнде мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың ең тиiмдi және оңай тәсiлi болып табылады. Инвестициялық процестердi нақты бюджеттiк реттеу үшiн бюджет табыстарын тiкелей табыс салықтарына қарай құрылымдық жағынан өзгерту қажет. Алайда, тәжiрибе көрсеткендей, мұндай құрылымдық өзгерiс салық түсiмдерiнiң күрт төмендеуiне әкелуi мүмкiн. Сондықтан, салық салу саласында инвестициялық ынталандыру шараларының жүйесiн құру кезiнде бюджет табысындағы тiкелей және жанама салықтардың орнын ескеру қажет.

Жекелеген қызмет түрлерiн квоталау әдiсi кең таралды. Бұл әдiстiң негiзгi құралдары кәсiпорындардың пайдасы мен мүлкiнен алынатын салықтар төңiрегiндегi шараларды қамтиды. Мұндай әдiс, бiрiншiден, нарықтық қатынастарға өту жағдайында шаруашылық қызметтi ынталандырушы негiзгi фактор ретiндегi пайданың басымдылығына, екiншi жағынан, шаруашылық қызметiн жүзеге асыру барысында негiзгi құралдар мен басқа да мүлiктi тиiмдi пайдалану үшiн жағдай қалыптастыру қажеттiлiгiне негiзделедi.

Аталмыш салықтарды салу кезiнде жеңiлдiктер беру кәсiпорындардың рентабельдiлiк нормасына, сәйкесiнше, бизнестi жүргiзу ынтасына әсер етедi. Мұндай жеңiлдiктер әрекетiнiң механизмi, ең алдымен, салық төлеушiнiң салыстырмалы артықшылықтарға ие болуынан көрiнедi. Осыған байланысты инвестициялық шешiмдерге әсер етудiң бұл жүйесi инвестицияны тiкелей ынталандыру шеңберiнде жүзеге асырылады.

Жинақтаушы- инвестициялық салық жүйесiн құру кезiнде жағымды инвестициялық ахуал қалыптасытру тұрғысынан алып қарағанда тiкелей салық салу жиынтығында ерекше орын алатын жеке табыс салығын қарастыру маңызды. Бұл салықтың ерекшелiгi сол, бұл салық кәсiпорындар қызметiнiң сипатына тiкелей әсер етпейдi. Алайда, жинақтау кезеңiнде табыстың бiр бөлiгiн алу саясаты, сондай-ақ, жекелеген табыс түрлерiнiң (проценттер мен дивиденттердiң, жеке тұлғалардың қор нарығында жасаған опреацияларынан түскен табыстардың) салық салу жүйесi капиталды қайта бөлу процестерiне және жинақтауға қатысатын қаржылық құралдардың мөлшерiне айтарлықтай әсер етедi. Ал салық салу (пропорционалдық, прогрессивтiк немесе регрессивтiк) әдiстерi жинақтауға деген шектi бейiмдiлiктi қалыптастыруға тiкелей әсер етедi.

Аталмыш факторлар инвестицияны ынталандыру тұтқалары iшiнен табыс салығын айналып өтуге болмайтындығын көрсетедi. Сонымен бiр мезгiлде, табыс салығы кәсiпорындар деңгейiнде инвестицияны ынталандыру үшiн артықшылықтар беру үшiн пайдаланылмайды. Сондықтан да, жеке табыс салығын салу саясаты инвестицияны ынталандырудың жанама механизмiне жатады.

Салық жүйесiнiң инвестициялық-ынталандырушы бағыттылығын күшейту кәсiпорын қаржысының аталмыш көздерiне тигiзетiн әсерiн бағалау қажеттiлiгiн тудырады. Қазiргi кезде әрекет ететiн, құныдқ көрсеткiштер негiзiнде есептелетiн, потенциалдық инвестициялау көздерiн сипаттайтын салықтар жиынтығы салық салудың ынталандырушы проблемасын шешу мүмкiндiгi бар екендiгiн көрсетедi.

Табыс салығынымен байланысты мемлекет саясатын қарамас бұрын бұл экономикалық категорияның жалпы экономикалық өсу факторларының жүйесiндегi ролiн қарастырайық.

Нарықтық қатынастар жүйесiнде табыс кәсiпкерлiк қызметтiң басты ынтасы болып табылады. Оның экономикалық өсудi анықтаудағы орны да ерекше. Бұл жерде сөз табыстың ұлттық өнiм құрылымндағы өзiндiк үлесi туралы болып отыр. Табыс алу саласында микро- және макроэкономикалық мүдделер ұштасады. Алынған таза табысты бөлу құрылымын талдау өте маңызды. Инвестициялық- жинақтаушы салық жүйесi үшiн бекiтiлген басымдықтарға негiзделе отырып инвестициялауға бағытталатын пайда бөлiгiн арттыру мүмкiндiктерiн қарастырайық.

Мемлекеттiк қаржының, сайып келгенде, мемлекеттiк инвестициялардың қайта бөлу қызметi дағдарыс жағдайында жеткiлiктi мөлшерде жүзеге аспайды. Бұл қаржыландыру кезiнде мемлекеттiң делдалдар қызметiне (әсiресе банктер) жүгiну қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi. Бюджеттiк құралдардың қозғалысын, бюджеттiк құралдардың мақстақа сай емес пайдалануының саяси және экономикалық тұрақтылығын бақылау прцедурасы көп жағдайда тиiмдi жұмыс iстейдi. Қазiргi қазақстан экономикfсында мемлекет бюджет шығындарын жүзеге асыру кезiнде банктiк жүйенiң тәуелдiлiгiне түседi. Есеп айрысу жүйесiн өзгерту әрекеттерi ұзақ уақытты қажет етедi. Сондықтан бұл жағдай мемлекетке қаржылық ағымды инвестициялық объектiлерге барынша толық мөлшерде және қажеттi мерзiмде жеткiзуге мүмкiндiк беретiн, белсендi жұмыс iстейтiн тұтқаларды iздеуге мәжбүр етедi. Бұл проблеманы шешуде сәйкес салық механизмдерiн құру арқылы жеке инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыру шешушi орын алады.

Қазақстанның салық жүйесiнiң құрылуына салық слау жүелерiнiң қалыптасуыне әртүрлi теориялық тұрғыдан қарау процеснiде айқындалған салқ салу заңдылықтары әсер етедi. Талдау нәтижесiнде салық салудың көптеген түрлi мектептерi мен бағыттарынан салықтық база туралы теориялық және тәжiрибелiк ережелерге немесе әдiстемелiк базада құрылған бiрнешеуi бөлiнiп көрсетiлдi.

Тұрақты даму концепциясы –бұл Қазақсатнның болашағы және салық жүйесiн қалыптастыру үшiн негiз қалыптастырады.

Салық жүйесiн қалыптастырудың негiзгi қағидалары анықталды, олар мынадай мүмкiндiктер туғызады: Қазақсатн халқы мен мемлекетiнiң мүдделерiне қайшы келмейтiн бiртұтас салық жүйесiн құру; жалпы мемлекеттiк және жеке-дара мүдделердiң тепе-теңдiгi қамтамысыз ету; салықтарды жинау әдiстерiн жетiлдiру және соның негiзiнде республика бюджетiнiң табыс бөлiгiн арттыру; салық салуда әдiлеттiлiктi қамтамасыз ету; жеiлдiктердi мейлiнше объективтi және аз қолдану.

Сапалы классикалық және ұйымдастырушылық-хұқықтық қағидалар негiзiнде салық салудың әлеуметтiк-экономикалық схемасы ұсынылды. Ол тiкелей және жанама салықтар түрлерiн, олардың нақты формалары мен түрлерiн жинау әдiстерi мен тәртiбiн қамтиды.

Ұйымдастырушлық-экономикалық механизм әдетте бiр жағынан, нақты қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға сәйкес болуы керек болады, ал екiшi жағынан тиiмдi малық жүйеснi құру қағидаралыран сай болуы керек.

Қазақсатнның мемлекеттiк бюджетiнiң жағдайын талдау көрсеткендей, бюджте табыстарыда шешушi рольдi жанама салықтар алады, оларлың iшiндегi үлкен үлестi латыны-қосылған құн салығы. Ол бүгiнде экономикалық реттегiш функциясын атқарады.

Зеррттеу нәтижесiнде кейбiр салықтар арасында үйлесiмдiлiктiң, жүйелiлiктiң жоқ болуы байқалды. Осыған орай республикадағы салық жүйесiн жетiлдiру жұмысы келесi бағыттар бойынша жүргiзiлуi керек: ТМД елдерiмен арадағы эконоикалық өарым-қатынастрда салық төлеудiң “қолданылу елi” қағидасына сүйену. Бұл дегенмiз кез-келген экспорт жағдайында 0-дiк ставканың қолданылуы және импорт кезiнде 15 проценттiң қолданылуы бойынша. Товар импорты кезiнде жанама салығын алу механизмi Қазақсатнда бiрнеше жыл бой жұмыс iстеп келедi: акциздер бойынша кедендiк басқарма салықты қалай алады, қосылған құн салығы үшiн де осындай режим қалыптастыру керек;

Жақын арадағы жылдары салықтық реформалар республикадағы өндiрiстi тұрақтандыруға, өнiм өндiрiсiн, әсiресе индустриалдық-инновациялық өнiм өндiрiсiн кеңейтуге бағытталған. Нарықты тұрақтандыру механизмi мемлекеттiк протекционизмге негiзделген отандық өндiрушiлердi басымдықты дамыт, кешендi несиелiк, салықтық, сақтандыру және т.б. өнеркәсiптiк экономика реттеушiлерiн қолдана отырып мүмкiн болады.



ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының материалдарында жргiзiлген салық жүйеснi жетiлдiруге арналған зерттеу салық салуды ұйымдастыру және құру жөнiнде келсi тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкiндiк бердi:



  1. Қазақстанның салық жүйесiнiң құрылуына салық слау жүелерiнiң қалыптасуыне әртүрлi теориялық тұрғыдан қарау процеснiде айқындалған салқ салу заңдылықтары әсер етедi. Талдау нәтижесiнде салық салудың көптеген түрлi мектептерi мен бағыттарынан салықтық база туралы теориялық және тәжiрибелiк ережелерге немесе әдiстемелiк базада құрылған бiрнешеуi бөлiнiп көрсетiлдi.

  2. Салық салудың модельдерi бөлiнiп көрсетлдi: неолибералдық, оның iшiнде неоклассикалық теория, оның өзiнiң өз кезегiнде 2 бағыты бар: ұсыныс экономикасы теориясы және монетаризм; неокейнсиандық және тұрақты өсу теориясы, бұлар мемлекеттiң нарықтық экономикаға араласу дәрежесiн анықтайтын критерийлерге сай. Негiзгi салық теорияларына сай, Қазақсатнның салық жүйесi көбiнесе неолибералдық модельге сай дамып келе жатыр, яғни оның басты мәнiсi-мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық процестрге қатысу дәрежесiнiң төмендiгi.

  3. Тұрақты даму концепциясы –бұл Қазақсатнның болашағы және салық жүйесiн қалыптастыру үшiн негiз қалыптастырады.

  4. Салық жүйесiн қалыптастырудың негiзгi қағидалары анықталды, олар мныдай мүмкiндiктер туғызады: Қазақсатн халқы мен мемлекетiнiң мүдделерiне қайшы келмейтiн бiртұтас салық жүйесiн құру; жалпы мемлекеттiк және жеке-дара мүдделердiң тепе-теңдiгi қамтамысыз ету; салықтарды жинау әдiстерiн жетiлдiру және соның негiзiнде республика бюджетiнiң табыс бөлiгiн арттыру; салық салуда әдiлеттiлiктi қамтамасыз ету; жеiлдiктердi мейлiнше объективтi және аз қолдану.

  5. Сапалы классикалық және ұйымдастырушылық-хұқықтық қағидалар негiзiнде салық салудың әлеуметтiк-экономикалық схемасы ұсынылды. Ол тiкелей және жанама салықтар түрлерiн, олардың нақты формалары мен түрлерiн0 жинау әдiстерi мен тәртiбiн қамтиды.

  6. Ұйымдастырушлық-экономикалық механизм әдетте бiр жағынан, нақты қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға сәйкес болуы керек болады, ал екiшi жағынан тиiмдi малық жүйеснi құру қағидаралыран сай болуы керек.

  7. Қазақсатнның мемлекеттiк бюджетiнiң жағдайын талдау көрсеткендей, бюджте табыстарыда шешушi рольдi жанама салықтар алады, оларлың iшiндегi үлкен үлестi латыны-қосылған құн салығы. Ол бүгiнде экономикалық реттегiш функциясын атқарад.

  8. Зеррттеу нәтижесiнде кейбiр салықтар арасында үйлесiмдiлiктiң, жүйелiлiктiң жоқ болуы байқалды. Осыған орай республикадағы салық жүйесiн жетiлдiру жұмысы келесi бағыттар бойынша жүргiзiлуi керек: ТМД елдерiмен арадағы эконоикалық өарым-қатынастрда салық төлеудiң “қолданылу елi” қағидасына сүйену. Бұл дегенмiз кез-келген экспорт жағдайында 0-дiк ставканың қолданылуы және импорт кезiнде 15 проценттiң қолданылуы бойынша. Товар импорты кезiнде жанама салығын алу механизмi Қазақсатнда бiрнеше жыл бой жұмыс iстеп келедi: акциздер бойынша кедендiк басқарма салықты қалай алады, қосылған құн салығы үшiн де осындай режим қалыптастыру керек;

  9. Жақын арадағы жылдары салықтық реформалар республикадағы өндiрiстi тұрақтандыруға, өнiм өндiрiсiн, әсiресе индустриалдық-инновациялық өнiм өндiрiсiн кеңейтуге бағытталған. Нарықты тұрақтандыру механизмi мемлекеттiк протекционизмге негiзделген отандық өндiрушiлердi басымдықты дамыт, кешендi несиелiк, салықтық, сақтандыру және т.б. өнеркәсiптiк экономика реттеушiлерiн қолдана отырып мүмкiн болады.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI


  1. Қазақстан республикасының Салық Кодексi, 2005 ж.

  2. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Алматы, 2000г.

  3. Худяков А.И., Наурызбаев Н.Е. Налог: понятие, элементы, установление и виды.-Алматы, 1998г.

  4. Шишкин А.Ф. Экономическая теория.-Москва, 1996г.

  5. Аттапханов К.А. “Налоговая система как составляющая экономической безопасности Казахстана”.//Вестник по налогам и инвестициям №3-4,2000г.

  6. “Библиотека бухгалтера и предпринимателя”, №2,февраль, 2002г.

  7. Егармин И. Льготное налогообложение как инструмент стимулированяи производства и регулирования развития социальной сферы.//Қаржы-қаражат, №3, 2003г.

  8. Елшибеков С.К. “Влияние механизма налогообложения на экономику Казахстана” // Вестник по налогам и инвестициям №6,2000г.

  9. Интыкбаева С. Некоторые проблемы налоговой политики.// Қаржы-қаражат, №1, 2002г

  10. Манапов Н. Проблемы налоговой системы. // Қаржы-қаражат, №6, 2003г

  11. Оспанов М.Т. Оптимизация налоговой системы Казахстана.// Вестник по налогам и инвестициям №11-12,2003г

  12. Манапов Н.Ш. Налоговый контроль и пути его совершенствования //Налогоплательщик.-2000г, №2

  13. Иванов В.М. Проблемы налогообложения и устойчивое развитие экономики:пути решения и механизмы. Автореферат.-Алматы, 1999г

  14. Сарсенкулов Ж.С. Налогово-бюджетное регулирование экономики Казахстана. Автореферат.-Алматы,2000г.

  15. Стат. Ежегодник. Финансы Казахстана, Алматы 2000-2004 гг.

  16. Стат. Бюллетень Министерства финансов, 2003г.

  17. Официальный Интернет-сайт Мин.фина Р



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау