1. ҚАРЫЗ БЕРУ
1.1. Егер Серіктестікке Оферта жіберілген күннен
бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей
Серіктестік Шотқа қарыз сомасын аударса,
Офертаны Серіктестік акцепттеген болып
танылады.
1.2. Серіктестік осы Офертаны акцепттеген
жағдайда қарыз сомасын және қарызды пайдалану
үшін есептелген сыйақыны Қарыз шартында
көзделген мөлшерде және мерзімде қайтаруға
міндеттенемін.
1.3. Серіктестіктің Офертаны акцепттемеуге
құқылы екенін қабылдаймын.
1.4. Мен Қарыз сомасын пайдаланған жағдайда,
банк немесе өзге контрагент қолма-қол ақшаны
шешу/беру, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен
төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ Шот бойынша
операциялармен байланысты өзге қызметтер үшін
комиссия ала алатыны туралы хабардармын.
Достарыңызбен бөлісу: