Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52

95 
болады. 
 
–  Қандай фигура қалдырылған? 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) Бүгін біз қалып қойған фигураларды тауып, қатарларды 
жалғастырып, фигураларды салыстырып жəне таңдап 
жаттығамыз.  
Жаңалық ашу. 
(Ө) 1-тапсырманы орындауды ұсынады, онда жолдағы 
заңдылықты жалғастыру қажет.  
№1 тапсырмадағы жолды талдап, заңдылық бойынша оны 
аяқтайды.  
(Ж) Екінші жолды балалар жұппен талдайды жəне өз 
бетінше бояйды.  
Үстел үстінде фигуралардан өз нұсқаларын құрып, 
ұсынады. 
Əліппе-дəптер 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Т) Заңдылықты құрастыру жəне жалғастыру бойынша 
тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады.  
Заттар мен фигуралар беріледі. 
(Ө) 2- тапсырманы өз бетінше орындайды. 
Оны орындау үшін алдын ала түрлі түсті қағаздан 
пойыздың бөлшектерін жасау қажет. Шаршылар мен 
дөңгелектерді бөліктерге бөлмеуге болады. Мұны балалар 
жасасын. Бұл тапсырманы топтарда орындауға болады. 
Онда бөлшектер ірілеу болуы тиіс. Топқа бір ортақ қағаз 
парағы беріледі.  
(Т) 3-тапсырманы балалар топпен талқылайды жəне 
фигуралар мен үйлерді өз бетінше біріктіреді.  
Педагог  «Фигура қайда тығылды?» ойынын ұсынады. 
Үйлерді текшелерден жасауға болады. Олардың ішіне 
фигуралардың бірін – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, 
сопақша немесе тікбұрышты жасыруға болады. Балалар 
бір-біріне сұрақтар қояды: 
-  Бұл фигура үшбұрышты шатыры бар үйде ме? 
-  Бұл фигура сол жақтағы үйде ме? 
-  Бұл фигура үлкен терезесі бар үйде ме? Жəне т.б. 
Əліппе-дəптер 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
Əліппе-дəптер
 
 


96 
салуға болады. 
 
 
№41  ҰОҚ.  Тақырыбы:  Менің  анам. 
Заттар тобын салыстырамын. 
« =», «>», «<» белгілері. 
 
МЕКТЕП/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.4.1.2. Белгілерді тану ( =, >, <). 
 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-заттар  топтарын  салыстыру  жазбаларынан (=, >, <) белгілерін 
таниды. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-заттар топтарын өзара бірмəнді сəйкестік, сандарды салыстыру 
арқылы салыстырады,( =, >, <) белгілері бар суреттер бойынша 
жазбалар құрастырады. 
 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
( =, >, <) белгілері бар жазбаларды өз бетінше құрастырады жəне 
оларға сурет таңдайды. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту
- екі санды салыстыру жазбаларын оқиды, ( =, >, <) белгілері бар 
салыстыру жазбасын түсіндіреді.  
Пəндік лексика жəне терминология: 
-үлкен, кіші, тең, ( =, >, <) белгілері. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар. 
–Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айт.  
–Заттардың екі тобын салыстыру жазбасына қандай белгі қоюға 
болатынын түсіндіре аласыңдар ма?  
–Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айтуға саған қандай 
сөздер көмектескенін жəне мұны математика тілінде жазуға қандай 
белгілер көмектескенін түсіндір.  
Жазу:  
-боя, белгілерді қорша жəне т.с.с.  
 
Алдыңғы білім 
Есеп, «көп», «аз», «сонша» ұғымдары. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
ҰОҚ  тақырыбына  кіріспе  ретінде  педагог  «Мен  анама 
көмектесемін» ойынын ұсынады. 
Педагог балаларға ойыншық ыдыс пен азық-түлікті 
Еліктеу 
ойынына 
арналған 
ойыншық ыдыс, 


97 
пайдалана отырып, дастарқан жаюды ұсынады.  
Өзектендіру. 
Анасы мен қызы, ұлы рөлдері бөлінеді. Балалар дастарқан 
жаяды,  ал  топ  үстелдегі  заттарды  дауыстап  санайды. 
Педагог  сандар,  санау  нəтижесі  жазылған  карточкаларды 
іледі.  Педагог  ненің  үлкен,  ненің  кіші  немесе  тең  екенін 
қалай салыстыруға болатынын сұрайды. (Балалар екі тəсіл 
– қасына орналастыруды немесе бірінің үстіне бірін қоюды 
ұсынады.  Мысалы,  тостағанды  тəрелкеге  қойып,  қайсысы 
үлкен  екенін  білуді  ұсынады.Екінші  тəсіл – санды  жазып, 
сандарды салыстыру. Егер санаған кезде қандай да бір сан 
бірінші айтылса, онда ол аз болады. 
Бүгін  біз  математика  тілінде  қандай  да  бір  заттардың 
үлкен,  кіші  немесе  тең  екенін  қалай  жазуға  болатынын 
білеміз.  
азық-түлік, 
«анасына» жəне 
«ұлына», 
«қызына» 
арналған 
алжапқыштар. 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)Тостағандардың  көп  (аз)  екенін,  тəрелке  қанша  болса, 
сонша  екенін  қалай  жазуға  болатынын  кім  біледі? 
Математикада қандай белгілер барын біліп алайық.  
Жаңалық ашу. 
(Ұ) Педагог таңбалары бар карточкаларды көрсетіп, 
оларды ауада қарындашпен немесе саусақпен сызып 
көрсетуді сұрайды. Белгілерді түтікшелердің немесе 
ермексаздың көмегімен бейнелуге болады. 
Математикада көбінесе сандарды шамасы бойынша 
салыстыруға тура келеді, ол үшін графикалық символдар 
ойлап табылған. «Көп» сөзінің орнына «>» белгісіал «аз» 
сөзінің орнына «<» белгісі қолданылады. 
Педагог 
«Мен 
анама 
көмектесемін» 
ойынының 
карточкаларының арасына белгілер қоюды ұсынады. 
Балалар басқа балалармен бірге жаңа жазбаларды дауыстап 
оқиды. 
Əліппе-дəптердегі  1-сурет бойынша əңгіме жүргізіледі. Ол 
бойынша үлкен, кіші, тең деп айтуға болады.  
Сурет бойынша 4 < 6, 6 > 4, 5=5 деген үш жазба 
құрастыруға болады. 
 
Əліппе-дəптер, 
санайтын 
материал 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Ж) 2- тапсырмада педагог заттарды санауды сұрайды. 
Белгіні оқуды, мұндай жазбаны кеспелі цифрлардың жəне 
белгілердің көмегімен жазуды сұрайды.  
(Ұ) Ұқсас жұмыс жиынтық полотнода жүргізіледі. 
Жағдаят жасайды. Сырым мен Əлия ыдыстарды 
орналастырады (немесе шариктерді санайды), оларға 
заттарды санауға көмектесу қажет.  
(Ж) Балаларға жұппен «сиқырлы қапшықтан» жорамалдап 
алу ұсынылады (іші көрінбейтін қапшық, одан балалар 
жорамалды түрде заттар алады). Сосын заттар үстелдің 
үстіне қойылады, заттар тобы санмен белгіленеді. Бұдан 
əрі балалар өздеріне ыңғайлы тəсілмен салыстырады. 
Содан кейін педагог сандардың арасына қандай белгі 
Əліппе-дəптер, 
жиынтық 
полотно. 
Үлестірмелі 
материал, 
«Сиқырлы 
қапшық»  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау