Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52

83 
(Ұ) 
– Қалай ойлайсыңдар, біздің кабинетте дөңгелек (текше, 
цилиндр) пішінді заттар бар ма?  
–Оларды атаңдар.  
(Ө) Педагог өз бетінше жеке орындау үшін 2-тапсырманы 
ұсынады.  
(Ж) Педагог 3-тапсырманы орындауды ұсынады.  
Педагог  балаларды фигура бір саты жоғары көтерілген 
кезде бір белгісін өзгертеді деген қорытындыға 
бағыттайды. Осылайша балалар ақ шардың қандай болып 
өзгеруі мүмкін екенін табуы керек. 
Қорытынды жасаудан бұрын «Сиқырлы дорба» ойынын 
ұйымдастырылады. Көлемді денелер мөлдір емес дорбаға 
немесе қорапқа жасырылады. Балалар қолмен ұстап, 
сипалап, нені алғанын анықтауы тиіс. Қандай фигураны 
алғанын сипаттауға болады.  
 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№35  ҰОҚ.  Тақырыбы:  Серуенге  атпен 
шығамыз. Фигуралар мен 
заттардың пішінін білемін. 
 
МЕКТЕП/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.3.1.1.Геометриялық  фигуралар  (шеңбер,  сопақ,  үшбұрыш, 
шаршы,  тіктөртбұрыш)  мен  денелерді  (шар,  текше,  цилиндр) 
ажыратып, дұрыс атау. 
0.3.1.2.Фигураларды  (шаршы,  тіктөртбұрыш)  екі  қасиеті  бойынша 
жіктеу. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тік- 
төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратады.  
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-фигураларды (шаршы, тіктөртбұрыш) екі қасиеті бойынша 


84 
жіктейді. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-жіктеуге арналған негіздерді өз бетінше таңдай отырып, 
фигуралар мен денелерді топтастырады.  
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-заттар мен фигураларды атап, оларды суреттей алады.  
Пəндік лексика жəне терминология: 
-геометриялық фигуралар(шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тік- 
төртбұрыш) мен денелер (шар, текше, цилиндр). 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
–Заттар топқа қандай белгісі (қасиеті) бойынша жиналған?  
–Сендер фигураларды көлемі, пішіні, түсі бойынша жинай 
аласыңдар ма?  
Жазу:  
- бояу. 
Алдыңғы білім 
Ауыр – жеңіл. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог көліктің əр алуан түрлерімен саяхат жасауға 
болатыны туралы əңгімеге тартады. Осы ҰОҚ-де 
кейіпкерлеріміз атпен саяхатқа аттанады. 
Өзектендіру. 
Тапсырмаларға кіріспес бұрын «Не неге  ұқсайды?» ойыны 
өткізіледі. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар тиісті 
пішімдегі фигураларды атайды немесе карточкалардан 
көрсетеді. 
Кеспе материал. 
Пəндік суреттер 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) Бүгін біз түрлі фигураларды тауып, салыстырып 
жаттығамыз. 
«Дəл осындай карточканы тап» дидактикалық ойыны.  
Балалардың алдында карточкалар жиынтықтары (3-5 дана) 
жатыр, оларда 3-4 түрлі геометриялық фигуралар 
бейнеленген. Педагог өз карточкасын көрсетеді (немесе 
фигуралар мен олардың түстерін өз карточкасында атайды, 
атап көрсетеді). Балалар дəл осындай карточканы тауып, 
оны көтеруі керек. 
Өздік жұмыс. 
(Ж) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма. Тапсырманы 
орындамас бұрын балалар күтілетін бағытқа түсінік береді. 
Бұдан əрі – тексеру бойынша өздік жұмыс жүргізіледі. 
(Ж) «Сиқырлы дорба» ойыны. Өткен сабақта танысқан 
көлемді жəне тегіс фигуралар мөлдір емес дорбаға немесе 
қорапқа жасырылады. Балалар қолмен ұстап, нені алғанын 
анықтауы тиіс.   
 Қандай фигураны ұстағанын табу үшін қандай сезімдерді 
бастан кешкендерін сипаттауға болады. 
Кесілген 
фигуралар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптер 


85 
 
16–25 
Өткен материалмен жұмыс. 
(Ж) Практикалық жеке жұмыс. 
2-тапсырмада əрбір бала өзіне суретті таңдап, 
аппликацияны орындайды.  
Педагог осындай фигураларды сабаққа дейін дайындауы 
тиіс. Фигуралар конверттерде таратылады.   
(Ж)3- тапсырманы жұппен орындау ұсынылады, балалар 
фигураларды жинау белгілеріне түсінік береді.  
Кесілген фигуралармен осыған ұқсас тəжірибелік жұмысты 
орындауға болады. 
Осындай реттілікті фигуралардан құруға болады: сопақша, 
үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш.  
(Т) балаларды 4-5 адамнан топтарға бөліп, педагог əртүрлі 
пішіндегі текшелерден қамал немесе жолдар құрастыруды 
ұсынады. Балалар таныс пішіндерді атап, бір- біріне 
көрсетеді.  
 
Əліппе-дəптер. 
Кесілген 
фигуралар 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
№36 ҰОҚ. Тақырыбы: Ұшақпен 
ұшамыз. Бүтінді жəне бөлікті 
салыстырамын. 
 
МЕКТЕП/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.3.1.3.Заттарды  бірнеше  бірдей  бөлікке  бөлу,  бүтін  мен 
бөлшектерді салыстыру. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек.  
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек; 
-үлгі бойынша шеңбердің бөліктерінен өрнектер құрастырады. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-фигуралардың бөліктерінен өрнектерді өз бетінше құрастырады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау