Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52


Əрбір  парақта  өзінің іс-əрекетін рефлексиялау,  өзіне баға  беруге  үйрету  үшін  сəттілік 
баспалдағы бар: 
  Үлестірмелі  материалдар  кешенді  толықтырады  жəне  педагогке  тек  қолда  бар 
материалды  ғана  емес,  қиып  дайындаған    құралдарды  пайдалана  отырып,  ҰОҚ-не 
жылдам дайындалуға мүмкіндік жасайды.  
  Интерактивті қосымша – интерактивті тақтаға арналған жиынтық полотнолар кешені. 
Сондай-ақ  онда  сан  есімдерді  есте  сақтауға  арналған  өлеңдер  жəне  ҰОҚ-нің 
тұсаукесері  бар.  Тұсаукесерлер  көп  емес.  Бұл  ұғымдардың  көрнекілігінің 
маңыздылығына қарамастан, осы жастағы балалардың материалды іс жүзінде əрекет 
жасаған кезде жақсы игеруіне байланысты.  
Əдістемелік нұсқауда: 
  ұзақмерзімді жоспарлау; 
  қысқамерзімді жоспарлау; 
  негізгі терминдер мен ұғымдар сөздігі берілген. 
Көптілділік саясатын іске асыру – жаңартылған мазмұндағы күрделі мəселелердің бірі, 
сондықтан  біз  негізгі  терминдер  сөздігін  келтіріп  отырмыз,  оны  педагог  мүмкіндігінше 
баланың лексикалық қорына енгізеді.  
Жоспарлау ерекшеліктері 
 
 
 
Ұзақмерзімді  жоспарлау  жаңартылған  бағдарламаға  сəйкес  жасалған.  Бөлімдер  мен 
тақырыптардың  бірізділігі  сақталған.  Əрбір  ҰОҚ-де  оқытудың  бір-екі  мақсаты  таңдалған. 
Бұл  педагогтің  баланың  жетістіктерін  нормативтік  бағалау  үрдісін  жеңілдетеді.  Сондай-ақ 
жыл  бойы  өткен  материалды  үнемі  қайталап  отыру  ұстанымы  сақталған.  Бұл  мектепке 
дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды берік меңгеруіне қажетті шарт болып 
табылады. Кейбір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бір ҰОҚ-ті емес, ҰОҚ сериясы бөлінген. 
Материал  жеңілден  неғұрлым  күрделіге  көшу  арқылы  ашылады.  Бағдарламаның  соңғы 
бөлімін оқыған кезде «0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды 
шешу»  мақсаты  тұтастай  ҰОҚ  сериясына  қойылған.  Бұл «4.1. Математикалық  тіл  жəне 
математикалық  модель»  бөлімінің  нақты  жағдайларды  модельдеуге  жəне  оларды 
математикалық  тілге  аударуға  арналған  неғұрлым  жоғарғы  тəртіптегі  тапсырмаларда 
алдыңғы бөлімдердің материалын жалпылауға мүмкіндік беруіне байланысты.  
 
Ұзақмерзімді  жоспарлауда  өтпелі  тақырыптар  сақталған.  Ұсынылған  бірізділік 
бағдарламасында 8 лексикалық  тақырып  бар.  Əр  ҰОҚ-не 8 тақырыптың  бірінің  аясында 
тақырыпша берілген, ол математикалық тақырыпшамен бірге ҰОҚ-нің атауына шығарылған. 
Бұл  педагогке  балаларды  тиісті  лексиканы  пайдалануға  бағыттауға  көмектеседі.  Өтпелі 
тақырыптар  біркелкі  бөлінген,  сондықтан  математикалық  жəне  лексикалық  бөлімдер 
синхронды  түрде  аяқталмайды.  Бұл  кейбір  математикалық  тақырыптарға  неғұрлым  көп 
уақыт бөлу керектігіне байланысты.  
 
 
Мектепалды бағдарламасының 8 өтпелі тақырыбы: 
1.  Мен кіммін жəне қандаймын? 
2.  Мектеп не үшін керек?  
3.  Менің айналамда кімдер бар? 
4.  Менің айналамды не қоршап тұр? 



5.  Жолдар бізді қайда бастайды? 
6.  Салт-дəстүрді білу не үшін керек? 
7.  Мен үшін не дəмді жəне пайдалы? 
8.  Денсаулықты қалай күту керек? 
 
 
Осы  нұсқаулықта  келтірілген  қысқамерзімді  жоспарлар  педагогті  Əліппе-дəптерді 
жəне  оның  қосымшаларын  (электронды  жəне  үлестірмелі  материалдарды)  пайдалануға 
бағыттайды.  Ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  (ҰОҚ)  ұсынылған  түрі  жеке  тұлғаға 
бағдарланған,  қызметтік  тəсілдерді  пайдалануды,  оқытудың  активті  жəне  интерактивті 
əдістерін қолдануды көздейді. 
Қысқамерзімді жоспарлауда жұмыс түрлерін жүргізу ұсынылған: ұжымдық (Ұ), топтық 
(Т), жұптық (Ж), өзіндік (Ө). 
Келтірілген  жоспарларда  формативті  бағалау  берілген.  Бұл  педагогтің  əрбір  нақты 
сыныпта  (топта)  бұл  үрдісті  балалардың  жеке  қасиеттерін  ескере  отырып  құруына 
байланысты.  Дегенмен,  қысқамерзімді  жоспарларда  рефлексия  жəне  бағалау  жөнінде 
кеңестер берілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Ұзақмерзімді жоспарлау.  I жартыжылдық 
 
 
Бөлім, бөлімше 
ҰОҚ-нің тақырыбы, өтпелі 
тақырып 
Оқыту мақсаттары 
1-бөлім. 
Кеңістікте 
бағдарлану 
Мен кіммін жəне 
қандаймын? 
 
1.1.Заттардың 
кеңістікте орналасуы 
1. 
Танысу.  Не  қайда 
орналасқан? 
0.1.1.2. Кеңістікте бағдарлану: сол 
жақ, оң жақ, үстінде, астында, 
алдында (алды), артында, (арты), 
жақын, арасында, қасында. 
2. 
Менің  бөлмем.  Қағаз 
бетінде бағдарлаймын. 
0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлану, 
карточкалардағы геометриялық 
фигуралардың орналасуын сипаттау. 
3. 
Менің 
ойыншықтарым.  Не  қайда 
орналасқан? 
0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлану, 
карточкалардағы геометриялық 
фигуралардың орналасуын сипаттау. 
0.1.1.2. Кеңістікте бағдарлану: сол 
жақ, оң жақ, үстінде, астында, 
алдында (алды), артында, (арты), 
жақын, арасында, қасында. 
4. 
Менің аулам. Не 
қайда орналасқан? 
0.1.1.2.Кеңістікте  бағдарлану:  сол 
жақ,  оң  жақ,  үстінде,  астында, 
алдында  (алды),  артында, (арты), 
жақын, арасында, қасында. 
5. 
Менің мерекем. 
Заттарды өлшемі (биіктігі, 
ұзындығы, қалыңдығы) 
бойынша салыстырамын. 
0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, 
жуандығы бойынша салыстырып, 
көлемдерінің арақатынасы 
көрсетілген заттарды табу, оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен 
орналастыру. 
6. 
Менің 
ойыншықтарым. Заттарды 
салыстырамын жəне ретімен 
қоямын.  
0.1.1.3. Заттарды ені, биіктігі, 
жуандығы бойынша салыстырып, 
көлемдерінің арақатынасы 
көрсетілген заттарды табу, оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен 
орналастыру. 
2-бөлім. Сан жəне 
санау 
 
Мектеп не үшін керек?
 
 
2.1. Заттарды санау 7. 
Анама көмектесемін. 
5-ке дейін санаймын.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі  сандарды  тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2.  Заттарды  саны  бойынша 
салыстырып,  олардың  реттік  нөмірін 
атау. 
 
8. 
Айналамдағы 
заттарды санаймын.  
1-ден 5-ке дейінгі сандар.  
 
0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура 
жəне кері санау. 
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша 
салыстырып, олардың реттік нөмірін 
атау. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау