59
Басталуы
0–5 минут
Ынталандыру.
Мұғалім балалармен олардың сүйікті ойындары туралы
əңгімелеседі. Осы ҰОҚ-де олар достарымен тағы да
қызықты ойындар ойнайтындары туралы хабарлайды.
Өзектендіру.
Педагог бір (немесе бірнеше) кестені қарауды ұсынады.
Бұл заттардың қандай ортақ белгілері бар? (Дəмі, иісі). Əр
топқа не қосуға болады?
Үлестірмелі
материалдар,
№28-32 кесте.
Ортасы
6–15
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Педагог сипаттама бойынша жасырылған затты табуды
ұсынады. Мысалы:
Жабайы жануар, орманды мекендейді, үлкен, жүні
жалбыраған, балды ұнатады.
Жабайы жануар, айлакер, қызғылт –сары түсті,
əдемі құйрығы бар.
Жəндік, түрлі түсті қанаттары бар, гүлге
ұқсайды.
Қызыл түсті көгөніс, дөңгелек, адамдар оны салат
пен борщқа салады.
Тəтті, кішкентай, əдемі қағазға салынған.
(Ұ) Педагог №1 тапсырманы орындауды ұсынады.
Біз заттарды белгілері бойынша іріктеп, артығын алып
тастауды үйренеміз жəне оны бекітеміз.
(Т) «Затты тап» ойыны. Ойын топпен жүргізіледі. Əр
команда (топ) бір затты жасырады. Ал басқа командалар-
дың (топтардың) мүшелері «иə» немесе «жоқ» деген
жауаптар беруге болатын сұрақтар қояды.
Өткен материалмен жұмыс.
(Ө) Жұмысты бастаудан бұрын педагог жұптарда № 2
тапсырмадағы фигуралардың реттілігін талқылауды
сұрайды. Одан кейін балалар өздігінен фигуралар
тізбектерін аяқтайды.
Үлестірмелі
материалдар.
16–25
Өздік жұмыс.
(Ө) Педагог 3-тапсырмадағы заттардың анықтамаларын
оқиды, балалар суреттерді жапсырады. Содан кейін
балалар жұппен жұмыс істеуді жалғастырады. Балалардың
бірі затты жасырып, оның белгілерін атайды, ал екіншісі
оны табады.
Əліппе-дəптер
Рефлексия
26–30
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы
бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті
салуға болады.
Əліппе-дəптер
60
№23 ҰОҚ. Тақырыбы: Анама
көмектесемін. Фигуралар тізбегі.
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сынып/топ
Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың
саны:
Оқыту мақсаттары
0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта,
ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру.
Күтілетін
нəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер:
-түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды
жəне оны жалғастырады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-фигуралардың, заттардың бірізділігін өз бетінше құрастырады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
-бірізділік жасалған белгілерді құрастыра алады, заңдылықтың
бұзылғанын түсіндіре алады.
Пəндік лексика жəне терминология:
-реттілік, бірізділік, алдымен, кейін.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
–Мына заттардың қасиеттерін ата.
–Заттардың қатарын қалай жалғастыру керек екенін түсіндір.
–Қалай ойлайсың, бірізділік дұрыс құрылған ба?
–Заңдылықты жалғастыру үшін қандай заттарды (фигураларды)
пайдалану керек?
Жазу:фигураларды жалғастырып салу, бояу.
Алдыңғы білім
Фигуралар мен заттардың түсі, пішіні, көлемі, мақсаты, бірізділігі.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Басталуы
0–5 минут
Ынталандыру.
Педагогтің сұрауы бойынша балалар өздерінің аналарына
қалай көмектесетінін əңгімелейді.
Өзектендіру.
Анасы печенье пісірмекші болып, пішіндер дайындап
қойды.
– Печеньенің пішіні мен көлемі қандай болады?
Жиынтық
полотно.
Ортасы
6–15
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Анасы печенье пісірді, бізге оны тəрелкелерге бөліп
салу керек.
– Печеньені қандай белгілері бойынша бөліп саламыз?
(Балалар белгілерді атайды).
Өздік жұмыс
(Ж) Əрі қарай 1-тапсырманы жұптасып орындайды.
Балалар бір белгіні таңдап, тəрелкелерді толтырады.
(Ө) 2-тапсырма – заңдылықты жалғастырып тексеру
Əліппе дəптер
61
арқылы өз бетінше орындалады.
16–25
Өткен материалмен жұмыс.
(Т) 3- тапсырма. Балалар «артық» заттың белгісін таңдап,
оны түсіндіреді. Егер топта келіспеушіліктер туындаса,
балалардың əрқайсысы өзінің шешімін қорғайды, педагог
затты алып тастау үшін белгі əртүрлі болуы мүмкін деген
қорытынды жасауға көмектеседі.
(Ұ) Педагог электрондық жиынтық полотномен немесе
қималы материалмен жұмыс ұйымдастырады. Балалар
топтарда өздерінің реттілігін құрып, бір-біріне оларды
түсіндіреді, қателіктерді тауып, оларды түзетеді.
Əліппе дəптер
Электрондық
жиынтық
полотно,
қималы
материал.
Рефлексия
26–30
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы
бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті
салуға болады.
Əліппе-дəптер
№24 ҰОҚ. Тақырыбы: Достарыммен
жасаймын. тізбек жəне заңдылық.
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сынып/топ
Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың
саны:
Оқыту мақсаттары
0.2.3.2. 1-ден 20-ға дейінгі сандардың реттік қатарында қалып
қойған санды атау.
0.2.3.4.Заңдылықты талдап, бұзылысты мұғалімнің көмегімен табу.
Күтілетін
нəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер:
-түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды
жəне оны жалғастырады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-фигуралардың, заттардың бірізділігін өз бетінше құрастырады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
-бірізділік жасалған белгілерді құрастыра алады, заңдылықтың
бұзылғанын түсіндіре алады.
Пəндік лексика жəне терминология:
-бірізділік, алдымен, кейін.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
– Фигуралардың орналасу заңдылығын түсіндіре аласыңдар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |