Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52

62 
– Көрсетілгеннен кейін қандай фигура келуі керек?  
–Ұсынылған фигуралардан өздеріңнің заңдылықтарыңды 
құрастыра аласыңдар ма?  
Жазу: фигураларды салу, бояу, фигуралардың бірізділігін 
жалғастыру.  
Алдыңғы білім 
Фигуралардың, сандардың немесе заттардың түсі, пішіні, көлемі, 
мақсаты, бірізділігі. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог достық туралы тақпақ оқиды.   
Əрі қарай балалар достарымен бірге қандай қызықты 
істермен айналысуға болатыны туралы əңгімелеседі.  
Өзектендіру. 
Достарымыз бізге тапсырмалар дайындап қойыпты. 
Қатарлар қалай түзілгенін тауып, оларды жалғастыру 
керек.  
Достарымыз бізге тапсырма əзірлеп қойыпты. Қатарлардың 
қалай құрылғанын анықтап, оларды жалғастыру қажет. 
Жиынтық 
полотно 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)Педагог №1 тапсырмадағы суретке қарауды ұсынады. –
–Қыз балалар моншақты қалай тізіп жатыр?Моншақты 
тізудің реттілігін  атайды жəне санап бояйды.  
Өздік жұмыс. 
(Ө) 2-тапсырма.  Жұптасып  жұмыс  істеу.  Балалар  бас 
киімдердің  тəртібіне – үшбұрыш,  шаршы;  қолдарының 
орналасуына – екеуі  төмен,  біреуі  жоғары,  дененің  пішіні 
мен  түсіне – көк  шаршы–көк  шеңбер,  екі  қызыл  шаршы, 
көк  шаршы–көк  шеңбер  назар  аудара  отырып,  кішкентай 
адамдардың орналасу бірізділігін талқылайды. Содан кейін 
қажетті фигураны жиектейді. 
  
Əліппе-дəптер. 
 
16–25 
Өткен материалмен жұмыс. 
(Т) Өткенді бекіту үшін «Геометриялық мозаика» ойынын 
өткізуге  болады.  Ол  балалардың  геометриялық  фигуралар  
туралы  білімін  бекітуге  арналған,  оларды  түрлендіру 
іскерлігін  қалыптастырады,  қиялын  жəне  шығармашылық 
ойлауын  дамытады,  фигуралардың  орналасу  тəртібін 
талдауға,  фигура  құруға,  үлгіні  негізге  алуға  үйретеді. 
Педагог  балаларға  алдымен  үлгі  бойынша,  содан  кейін 
өзінің  ойлағаны  бойынша  өрнек  (қайталанып  отыратын 
нақышпен) жасауды ұсынады.  
(Ө) №3 тапсырманы түсіндіре отырып орындау 
ұсынылады.  
Педагог фигуралардың заңдылығын атауды ұсынады.  
Талқылаудан кейін балалар өз бетінше фигураларды 
толықтырып салады жəне бояйды. Тапсырманы жиынтық 
полотноның көмегімен тексеруге болады. Балаларға 
кесілген материалдан өздерінің заңдылығын құрастырып, 
Кесілген 
геометриялық 
фигуралар. 
 
 
 
 
 
 
 
Жиынтық 
полотно. 
Кесілген 
геометриялық 
фигуралар. 


63 
оны жолдастарына жалғастыруды ұсынуды тапсыруға 
болады. 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия.  
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№25  ҰОҚ. Тақырыбы: Қай уақытта 
болады? Бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; 
таңертең, кешке, күндіз, түнде.  
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, 
ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру. 
0.2.4.1.Уақыт  туралы  түсінікті  білу:  бүгін,  кеше,  ертең,  бүрсігүні; 
тəулік бөліктері. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-уақыт бөлігіне (күн, апта, ай, жыл) байланысты түрлі оқиғалардың 
бірізділігін түсіндіреді; 
-түрлі фигуралардың бірізділігін жалғастырады. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-фигуралардың, заттардың, оқиғалардың бірізділігін құрастырады.  
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-өз бетінше заттардың, фигуралардың, оқиғалардың бірізділігін 
құрастырады, бірізділіктегі қателерді атайды.  
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-уақыт бөлігіне (күн, апта, ай, жыл) байланысты түрлі оқиғалардың 
бірізділігін түсіндіре алады; 
-түрлі фигуралардың бірізділігін жалғастыра алады. 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-жыл мезгілдері, тəулік уақыты, апта күндері, алдымен, содан 
кейін, дейін, кейін, алдында...  
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Оқиғалардың бірізділігін түсіндіре аласыңдар ма?  
– Алдымен не болды, содан кейін не болды?  
– Өз бірізділіктеріңді құрастыра аласыңдар ма?  
Жазу:  
-бастырып жазу, бояу. 
Алдыңғы білім 
Жыл мезгілдері, тəулік уақыты, апта күндері. 


64 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог балалардан сұрайды: 
–  Қазір қай жыл мезгілі?  
–  Қазір қандай тəулік уақыты? (содан кейін қандай, бұған 
дейін қандай тəулік уақыты болды жəне т.б.). 
Өзектендіру. 
(Ұ)Педагог балаларға күн тəртібі туралы айтуды ұсынады.  
– Күн тəртібі деген не?  
– Күн тəртібі не үшін қажет?  
Педагог түн, уақыт, апта күндері туралы жұмбақтар 
жасырады. 
«Күн тəртібі» 
плакат. 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ
– Біз бүгін күн тəртібі, тəулік уақыты, жыл мезгілдері 
туралы білімімізді нақтылаймыз. 
(Ұ) Балалар1-тапсырманың суретін – күн тəртібін қарайды.  
– Суретте бейнеленген оқиғалар тəуліктің қай уақытында 
болып жатыр?  
Педагог балалардан «таңертең», «күндіз», «кеш», «түн», 
«алдымен», «содан кейін» деген сөздерді пайдаланып, 
жауап беруді сұрайды.  
Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» деген ойын 
түрінде жұмбақтар шешуді ұсынады. Жиынтық 
полотномен жұмыс жасайды. 
Жаңалық ашу. 
(Ұ) Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» ойынын 
ойнауды ұсынады (жыл мезгілдері туралы тақпақтарды,  
жұмбақтарды оқиды). 
Педагог жиынтық полотномен жұмыс істеуді 
жалғастырады.  
– Суреттерді қарап шығыңдар.  
– Олар өз арасында қалай байланысқан? (Жыл мезгілдері, 
ауа райы, киім). 
– Карточкаларды қалай біріктіру керек?  
Талқылаудан кейін балалар өз бетінше карточкаларды 
біріктіреді, тексеру кезінде өздерінің жауаптарын 
дəлелдейді (Қыста ауа райы суық жəне қарлы, адамдар 
жылы киім киеді.) 
Əліппе-дəптер. 
 
 
 
 
 
 
Кеспе материал. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиынтық 
полотно, 
№11 кесте 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Ж) Жыл мезгілдерін бекіту үшін балаларға №21-22 
кестелердің қималы суреттерін өздігінен жалғауды 
ұсынады.  
Жұптық жұмыс ұсынуға болады. Бір бала жыл мезгілдерін 
реттілігі бойынша атайды, екінші бала орналастырады, 
одан кейін балалар рөльдерімен алмасады.  
2-тапсырманы орындау ұсынылады.  
 Электрондық 
жиынтық 
полотно. 
№21-22 
үлестірмелі 
материалдар. 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау