Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52

23 
жүргізіп шығады. 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап,балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз 
болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. 
Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, 
жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№5 ҰОҚ. Тақырыбы: 
Менің мерекем. Заттарды өлшемі 
(биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) 
бойынша салыстырамын. 
Мектеп /МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.1.1.3.Заттарды  ені,  биіктігі,  жуандығы  бойынша  салыстырып, 
көлемдерінің  арақатынасы  көрсетілген  заттарды  табу,  оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табады, оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастырады. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-салыстыру үшін заттардың бірнеше нұсқасын ұсынады.  
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде  лексика мен терминологияны 
пайдалана алады. 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-көбірек, азырақ, сонша, кеңірек, биігірек, жіңішкерек. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
–Заттарды көлемінің артуына қарай қалай бөлу керек екенін 
түсіндір.  
–Қалай ойлайсың, қандай  жағдайда салыстырудың қандай 
тəсілдерін пайдаланған қолайлырақ?  
–Заттардың көлемдерін салыстыру нəтижелерін сипаттау үшін 
қандай көмекші сөздер пайдаланылады? 
Жазу:  
Торкөздер бойынша  салынған үзік сызықтарды бастырып жазу. 
Алдыңғы білім 
Заттардың көлемдерінің сипаты туралы алғашқы білім, 
геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. 
 


24 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог тəрбиеленушілерден қаншаға дейін санай 
білетіндерін сұрайды. Олар жауап береді. 
Өзектендіру. 
Педагог  суреттегі  заттарды  санауды  немесе  ең  үлкен,  ең 
ұзын, ең қысқа затты таңдауды ұсынады. 
 
 
 
 
Ортасы 
6–15минут 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) ҰОҚ-де балалар заттарды көлемі бойынша 
салыстырады. Педагог балалардан: «Үлкен затты 
кішкентай заттан ажырата аласыңдар ма?» – деп сұрайды. 
Егер балаларға «биік – аласа», «кішкентай – үлкен», «кең – 
тар», «ұзын – қысқа»  деген  ұғымдарды  ғылыми  тұрғыдан 
түсіндіруге тырыссаңыз, олар сізді тыңдамайды.  
Жаңалық ашу. 
(Ж) Балалардың қандай заттарды кішкентай, ал қандай  
заттарды үлкен деп атайтынын түсінуі үшін педагог оларға  
мысалдар  келтіреді.  Мысалы,  текшелерден  мұнара  салуды 
сұрайды.  Оның  жанына  көлемі  кішірек  тағы  бір  мұнара 
салуды  ұсынады.  Педагог  балалардан  қайсысы  үлкен,  ал 
қайсысы  кішкентай  екенін  көрсетуді  сұрайды.  Əдетте, 
мектепке дейінгі жастағы балаларда жауап беруге қиындық 
тумайды. 
Осы  ұғымның  қалыптасуын  бекіту  үшін  педагог 
балалардан  ермексаздан  кішкентай  жəне  үлкен  шар  жəне 
т.б жасауды сұрайды.  
Педагог балаларға салыстыру тəсілдерінің ішінен ең тиімді 
тəсілді  таңдауды  ұсынады:  көзбен  салыстыру,  беттестіру, 
ауыстыру, өзара бірыңғай сəйкестік.  
Электрондық  жиынтық  полотномен  (№1-3)  жұмыс 
ұйымдастыруға  болады.  Педагог  (ал  одан  кейін  балалар) 
геометриялық  фигуралар  мен  заттарды  өлшемі  бойынша 
(ұлғаю, кему) орналастырады. 
Балалар  əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы  орындайды. 
Оларға  ең  үлкен  жəне  ең  кішкентай  саптаяқтарды  таңдап, 
салыстыру  ұсынылады.  Орындықтардың,  қораптардың 
көлемі бірдей ме? Ең үлкен сыйлықты көрсетіңдер? 
Келесі 2-тапсырмада  балалар    торттың  өлшемі  бойынша 
бір тіліміне сəйкес ыдыстарды таңдайды. Балалар бірыңғай 
сəйкестік  амалын  пайдаланып,  алдымен  ең  үлкен  жəне  ең 
кішкентай көлемдегі жұпты таңдайды, содан кейін аралық  
сəйкестіктерді іріктейді.  
Сергіту сəті. 
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың 
соңын қараңыз.) 
Əліппе-дəптер. 
Үлестірмелі 
материалдар. 
№41-43 кесте 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№1-3 
электрондық 
жиынтық 
полотно.  
16–25 
Жаңаны қолдану. 
Əліппе-дəптер. 


25 
(Ж) Əліппе-дəптердегі  3-тапсырма саусақтың ұсақ 
моторикасын дамытуға арналған. 
(Ұ) Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмысты 
жалғастыруға болады. Балалар геометриялық фигуралар 
мен заттарды өлшемі бойынша (ұлғаю, кему, салыстыру) 
орналастырады. 
Əліппе-дəптердегі 4-тапсырмада қораптарды үлкенінен 
бастап кішкентайына қарай қойып шығу керек. Балалар 
үлкенінен кішкентайына дейін қораптардың суреті бар 
жапсырмаларды жапсырады. Педагог оларға салыстыру-
дың неғұрлым тиімді тəсілін таңдауды ұсынады.  
Электрондық 
жиынтық 
полотно (№1-3). 
 
Рефлексия 
26–30 
 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз 
болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. 
Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, 
жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№6 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің 
ойыншықтарым.Заттарды салыстырамын 
жəне ретімен қоямын. 
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.1.1.3.Заттарды  ені,  биіктігі,  жуандығы  бойынша  салыстырып, 
көлемдерінің  арақатынасы  көрсетілген  заттарды  табу,  оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру. 
 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табады, оларды 
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастырады. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-салыстыру үшін заттардың бірнеше нұсқасын ұсынады. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
Өзінің сұрақтарын қойғанда жəне мұғалім мен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде  лексика мен терминологияны 
пайдалана алады. 
Пəндік лексика жəне терминология:көбірек, азырақ, кеңірек, 
тарлау, ұзынырақ, қысқарақ, биігірек, төменірек. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
–Заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керек екенін түсіндір. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау