17
жақ, оң жақ,
сол жақ бұрыш, оң жақ бұрыш, сол (оң) жақ
төменгі бұрыш сөздері мен тіркестерінің мағынасын
меңгеру үшін №5-6 кестенің үлестірмелі материалдарын
пайдалануға болады. Педагог заттарды көрсеткен
орындарға орналастыруды тапсырады (жоғарғы оң жаққа,
төменгі сол жаққа жəне т.б.), бірақ барлық балалар
тапсырманы бірдей орындай алмайды.
Жаңалық ашу.
(Ұ) Туындаған проблемалық жағдайды шешу үшін қағаз
парағымен таныстыруды жүргізуге болады. Ол əдетте
кəдімгі ақ парақпен таныстырудан басталады. Педагог
балалардан сұрайды:
– Бұл не? (Қағаздың парағы.)
– Оның пішіні қандай? (Тіктөртбұрышты.)
– Бұл қандай жағы?
Балалар жауап беруге қиналған жағдайда, педагог
жалғастырады:
– Бұл жағы қайда орналасқан?
Сұрақтарды ретімен қоя отырып, балалар жоғарыда тұрған
жағы – жоғарғы, төменде орналасқан жағы – төменгі, оң
жақта орналасқан жағы – оң, сол жақта орналасқан жағы–
сол жақ, жоғарыда сол жақта орналасқан бұрыш – сол жақ
жоғарғы бұрыш, жоғарыда оң жақта орналасқан бұрыш –
оң жақ жоғарғы бұрыш жəне т.б деп аталады деген
қорытындыға келеді.
Парақ бойынша саяхат – «Сиқырлы парақ». Бір парақ пен
бес қарындаш өмір сүріпті. Бір күні олар бірге ойнамақшы
болыпты жəне қарындаштар парақ бойынша саяхатқа
шығыпты. Бірінші болып сары қарындаш жөнеліпті, ол
жоғарғы жағына барып, сары сызық сызыпты. Екінші
болып қызыл қарындаш кетіпті, ол төменгі жағын тауып,
қызыл сызық сызыпты. Оң жағын жасыл қарындаш, ал сол
жағын көк қарындаш сызыпты. Парақтың ортасында қара
қарындаш қалыпты, ол сол жерге үй салған екен.
Бұрыштарды тең бөлуге шешім қабылдап, екі түспен
сызыпты. Барлық қарындаштар үйге жиналып, тағы да
қалай ойнасақ болады деп ойланыпты. Ойланып-толғанып,
қуаласпақ ойнамақшы болып шешіпті. Жоғарғы жағында
сары сызық сызылған жəне жоғары қарай сары қарындаш
жүгіре жөнеліпті, төменге қарай қызыл қарындаш, оң
жаққа жасыл қарындаш, ал сол жаққа көк қарындаш жүгіре
жөнеліпті. Содан кейін іштері пыспауы үшін қарындаштар
екі-екіден жүгіріпті: оң жақ жоғарғы бұрышқа сары жəне
жасыл қарындаштар жүгірді; сол жақ жоғарғы бұрышқа –
сары жəне көк; оң жақ төменгі бұрышқа – жасыл жəне
қызыл; ал сол жақ төменгі бұрышқа – сары жəне қызыл
қарындаштар жүгіріпті. Ал қара қарындаш оларды ұстай
алмай қойыпты. Ойын барысында балалар парақта
бағдарлар бар екенін түсінеді: жоғары, төмен, оң жағы, сол
жағы, парақтың ортасы.
Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы
полотно.
Үлестірмелі
материалдар,
№5-6 кесте.