Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

14 
қателеспеуге жəне тапсырмаларды жылдам орындауға 
тырысу керек екенін хабарлайды. 
Педагог балаларға оң қолын, содан кейін сол қолын 
жоғары көтеруді (қателескендерді түзетеді), содан кейін 
ретімен қолдарын төмен түсіруді ұсынады. Əрі қарай алға – 
артқа, оңға – солға бағыттарын меңгертеді. Содан соң 
балалар педагогтің нұсқауы бойынша музыкамен 
көрсетілген бағыттағы қозғалыстарды орындайды. Бұл 
«Буги-вуги» ойыны болуы мүмкін.  
Өзектендіру. 
Педагог:«Кім қателескен жоқ, неге?» – деп сұрайды. Ойын 
кезінде  айтқан  сөздерді  қайталайық:  оң  жақ,  сол  жақ, 
алдыға, артқа. 
Бүгін  біз  бір-бірімізбен  танысамыз.  Біздің  кім  екенімізді 
жəне қандай екенімізді көрсетеміз.  
 
Ортасы  
6 –15 минут 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)Педагог  тəрбиеленушілердің  бірінің  көзін  байлайды. 
Ойыншықты басқа балаларға көрсетіп, көзін байлаған бала 
оны  табу  үшін  ойыншықтың  қайда  тұрғанын  суреттеп  
айтуларын  сұрайды.  Балалар  заттардың  кеңістіктегі 
орналасуын  сипаттау  үшін  дұрыс  терминдерді  таңдауда 
шатасады. Сол  кезде педагог баланың көзіндегі орамалды 
шешіп, ҰОҚ-нің тақырыбын тұжырымдайды:  
-Бүгінгі ҰОҚ-нде біз заттардың кеңістікте орналасуын 
білдіретін сөздерді қолданып үйренеміз: сол жақ, оң жақ, 
үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, 
арасында, қасында. 
Жаңалық ашу. 
(Ұ) Педагог əліппе-дəптерді қарауды ұсынады. 
Педагог балаларға 1- тапсырмаға қарауды ұсынады. 
Сурет бойынша сұхбат жүргізіледі. Педагог: 
–Суретте қыздың бөлмесі бейнеленген. Кереует, 
(үстел, орындық жəне т.б.) қайда тұрғанын 
айтыңдар. 
–  Сурет бойынша ненің қайда орналасқанын түсіндіре 
аласыңдар ма? 
–  Кеңістікте орналасуды сипаттауға саған қандай 
сөздер көмектескенін түсіндіре аласың ба? 
Балалар əліппе-дəптердегі сурет бойынша белгілі бір затқа 
қатысты  ненің  қайда  орналасқанын  айтады.  Өздері  сұрақ 
қойған  кезде  жəне  педагог  пен  балалардың  сұрақтарына 
жауап  берген  кезде  кеңістікте  орналасуды  сипаттайтын 
сөздерді пайдаланады. 
Одан  кейін  балалар  тапсырманы  орындайды – заттарды  
орналасуына қарай көрсетілген түстерге бояйды. 
Аспашам – жоғарыда,  көк  түсті,  кроссовкалар – төменде, 
қызыл түсті жəне т.б. 
 «Құтан».  Сергіту сəті 
(Арқаларын түзу ұстап, қолдарын беліне қояды. 
Орамал, №1 
əліппе- дəптер, 
айна. 


15 
Балалардың тізесі бүгулі, біресе оң аяғын, біресе сол аяғын 
ақырындап көтереді жəне ақырындап түсіреді. Арқаларын 
түзу ұстауды  қадағалайды.)  
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Ж) №2 тапсырманы өзара тексерумен жұптық жұмыс 
түрінде орындауға болады. Балалар олардың əрқайсысы 
қандай бағыттарды бояйтыны туралы келісіп (мысалы, 
жоғары, оңға қарай), тапсырманы орындайды. Одан кейін 
бір-бірін тексереді. 
 (Т) № 3 тапсырманы орындау үшін, ол бірінші рет 
кездесіп отыр. Практикалық жұмыс ұсынуға болады. 
Педагог тапсырмада бейнеленген фигураларға ұқсас 
фигуралар дайындайды. Балалар фигураларды бірінің 
үстіне бірін қойып, оларды бояйды. 
Балалар тапсырмалаларды орындау туралы кеңесуге, өз іс-
қимылдарын сəйкестендіруге, өзара түсіністікке үйренеді. 
Сабақ соңында заттарды жасырып, ойынды қайталауға 
болады. 
Ойынды ұйымдастыру үшін жүргізуші таңдаңыз немесе 
балаларды топтарға бөліңіз. 
Тағы бір рет ойнаңыз. Кім дəлірек табады жəне дəлірек 
бағдарланады? Жеңімпаз командалар анықталады.  
Əліппе-дəптер, 
Бір парақ қағаз. 
Фигуралар 
немесе ұсақ 
заттар, жиынтық 
полотно. 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия.  
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз 
болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. 
Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, 
жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.  
Əліппе-дəптер 
 
№2  ҰОҚ.  Тақырыбы:  Менің  бөлмем. 
Қағаз бетінде бағдарлаймын.  
Мектеп/:МҰ 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.1.1.1.Қағаз  бетінде  бағдарлау,  карточкалардағы  геометриялық 
фигуралардың орналасуын сипаттау. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, 
(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана 
отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын 
сипаттайды. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
- орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-
өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс 
бағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша 


16 
оларды өзгертеді жəне сипаттайды. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-заттардың кеңістікте орналасуы туралы сөйлемдер құрастыра 
алады; 
-өзі сұрақ қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде  заттардың кеңістікте орналасуын 
сипаттайтын сөздерді пайдалана алады.  
Пəндік лексика жəне терминология: 
-
сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, 
(арты), жақын, арасында, қасында. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
Заттың қайда тұрғанын түсіндір? 
Тағы қандай заттар қабырғада ілініп тұруы мүмкін деп ойлайсың? 
Үстелде қандай заттар тұр? 
Заттардың қайда тұрғанын айт? 
Сурет бойынша ұлудың қай жаққа қарай қозғалатынын түсіндіріп 
бере аласыңдар ма?  
 
Жазу:  
Торкөздегі үлгі бойынша сурет салу. 
Алдыңғы білім 
Заттардың кеңістікте орналасуы туралы алғашқы білім, 
геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог  бағыттар мен көрсеткіштердің түстерін атауды 
сұрайды. Балалардан бұл білімнің өмірде қалай пайдаға 
асуы мүмкін екенін сұрайды. 
 
Өзектендіру. 
«Кім зейінді?» ойыны 
Педагог зейінге арналған ойынды ұсынады. 
Тапсырманы түсіндіреді: 
-  Қазір мен  құрсауды жерге қоямын. Оған Меруерт 
тұрады, оның оң жағына Нұрлан, сол жағына ..., 
алдына ... тұрады. 
-  Ал қазір балалардың əрқайсысы оң жақта (сол 
жақта, артта жəне т.с.с.) кім тұрғанын айтады. 
-  Одан кейін педагог топтағы балалардан бір-біріне  
жəне сөйлеушіге қатысты кімнің қайда тұрғанын  
айтуды сұрайды. 
 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) Ортада, сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, сол 
Əліппе-дəптер, 
жиынтық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау