«Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» рмм-нің



жүктеу 46,51 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі46,51 Kb.
#1021
түріКонкурс


«Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

С-R-4

73288

99105


"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ (100300, Балқаш қаласы, Ленин көшесі, 45а үй, анықтама телефондары: тел. (8-310-36) 42332, 42571, Факс (8-310-36) 46179, электрондық мекен жай o.altaev@kgd.gov.kz, oaltaev@blh.taxkrg.mgd.kz уақытша бос мемлекеттік лауазымына ішкі конкурс жариялайды :

Ақпараттады қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне
01.06.2017 ж. дейін), (С-R-4 санаты, 1 бірлік,
АҚжӨОБ-1-2).

Функционалдық міндеттері: салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы түрде көрсете білу. Заңды тұлғалардан салықтық есеп түрлерін қабылдай және өңдей білу, оның ішінде элетронды жеткізгіш түрлерінде де және қабылданған салық есептерін жүйеге уақытында кіргізу автоматизация жөніндегі рейтингілік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу. Салық салу сұрақтары туралы салық төлеушілерге кеңестер бере білу.Келіп түскен бақылау жұмыстарына уақытында және толықтай жауаптар дайындауды қамтамасыз ету.Салық төлеушілерге керекті құжаттарды толтыру және жөнелту барысында электронды түрде қол қою тәсілдері туралы кеңестер беру. Салық төлеушілердің іс қағаздарының толық түрде сақталуын, оладың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын жетілдіру туралы ұсыныстар жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда «экономика және басқару» мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Қаржы және салық салу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: (өкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтініш; персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) өкілетті органның және мемлекеттік органның интернет-ресурстарында ішкі конкурстың жүргізілуі туралы хабарландырудың жарияланған соңғы күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде табыс етілуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды азаматтар өздері әкеліп тапсыра алады, немесе хабарландыруда көрсетілген Үкіметтің «Е-gov» электронды порталына немесе «Е-қызмет» интеграцияланған ақпарттық жүйесіне электрондық пошта болмаса пошта арқылы жіберген азаматтар (құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.)

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де, Балқаш қаласы, Ленин көшесі, 45а үй мекен-жайында өтеді. Конкурсқа қатысушыларға шығыс қаражаттары төленбейді, тұрғын-жай және жеңілдіктер көрсетілмейді.

Конкурстік комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурстік комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметшілері болып табылмайтын, конкурс жарияланған лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салада тәжірибесі бар тұлғалар, сонымен қатар персоналды таңдау және дамыту бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және маслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар конкурс комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда өкілетті органға, аймақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдана алады.


жүктеу 46,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау