Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет20/27
Дата25.11.2017
өлшемі0,79 Mb.
#1484
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

56 

 

- не ұсынса да ешкімнің үйіне қонаққа бармау керек   (жаңа мультфильм немесе 



кино кӛруге, компьютерде ойнауға); 

-  лифт  немесе    подъезге  бӛгде  адамдармен  кіруге  болмайды    (балаңызды  «Мен 

ата-анамды күтемін» деген сӛздермен «қаруландырыңыз»); 

-  шұғыл  жағдай  туындағанда  ӛзіне  назар  аудартудан  қысылмауға  үйретіңіз 

(балаңызға  «Кӛмектесіңіздер!  Бұл  бӛтен!  Мен  онымен  бармаймын!»  деген 

сияқты  сӛздер мен сӛйлемдерді үйретіңіз) 



Балалар мен жасӛспірімдердің  

қоғамдық орындарда ӛзін-ӛзі ҧстау ережелері  

Балалар мен жасӛспірімдер міндетті:

 

1.  Қоғамдық  орындарда  –  кӛшеде,  гүлзарларда,  барлық  аулаларда,  саябақтарда, 



театрларда,  кинотеатрларда,  спорт  алаңдарында,  қалалық  және  басқа  да 

қоғамдық кӛліктерде қоғамдық тәртіпті сақтауға, жолда жүру ережелерін білуге;  

 

2.  Ересектермен,  кәрі  жастағы  адамдар  мен  кішкентай  балаларға,  мүгедектерге 



сыпайылықпен қарауға; 

 

3. Мемлекеттік және қоғамдық мүлікке дұрыс қарауға;



 

4. Қоғамдық орындар мен кӛшелерде тазалық сақтауға;

 

5. Жолдастарын жағымсыз қылықтан сақтандыруға;



 

6.  18  жасқа  дейінгі  балалар  мен  жасӛспірімдердің  ересектердің  бақылауынсыз 

жүруіне  жазғы  уақытта  сағат  түнгі  23.00.-ге  дейін    рұқсат  етіледі,  ойын-сауық 

орындарында  22.00-ге  дейін  (Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы). 

  

Балалар мен жасӛспірімдерге тыйым салынады:



 

1. Қоғамдық тәртіпті бұзатын  кӛшедегі шерулерге қатысуға;   

2.  Кӛшеде,  қалтарыстарда,  гүлзарларда,  жағажайларда  және  басқа  да  қоғамдық 

орындарда сауда жасауға, спиртті ішімдік ішуге, құмар ойындар ойнауға; 

 

3. Кӛше, аула, подъезді және басқа да қоғамдық орындарды ластауға



 

4. Газондар мен жасыл желектерді құртуға, үйлер мен подъездердің қабырғасын 

шимайлауға,  сонымен  қатар  басқа  да  мемлекеттік  және  қоғамдық  орындардың 

жертӛлелерінде, шатырларында, подъездерінде  жиналуға

 

5. Жолдың кӛлік жүретін жерінде коньки, шана, шаңғы тебуге, ойын ойнауға; 



 

6.  14  жасқа  жетпегендерге  жол  үстінде  велосипедпен,  ал  16  жастан  кішілерге 

мопед, мотоциклмен жүруге рұқсат етілмейді

 

7. Шомылуға тыйым салынған жерлерде – ӛзендерде, тоғандарда шомылуға; 



 

8. Темір жолдың рельстеріне бӛгде заттар қоюға.

 

5 Б Ӛ Л І М

 

Білім беру ҧйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасында қҧқық 

бҧзушылықтың алдын-алу  Кеңесінің қызметін нормативті-қҧқықтық 

қамтамасыз ету    

 

2002 жылдың 08 тамызындағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының 

«Қазақстан  Республикасындағы  бала  қҧқығы  туралы» Заңы  (2014  жыл  29 

желтоқсанында   ӛзгертулер мен толықтырулар енгізілген).   

4-бап. Балалардың тең қҧқылығы. 



57 

 

      1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк 



жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге кӛзқарасына, тұрғылықты жерiне, 

денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды ӛкілдерiне 

қатысты ӛзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 

10-бап. Баланың ӛмiр сҥруге, жеке басының бостандығына,  қадiр-қасиетiне 

және жеке ӛмiрiне қол сҧғылмауға  қҧқығы 

  

      1. Әрбiр баланың ӛмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне 

және жеке ӛмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар. 

       2.  Мемлекет  баланың  жеке  басына  ешкiмнiң  тиiспеуiн  қамтамасыз  етедi, 

оны  тәнiн  және  (немесе)  жанын  жәбiрлеуден,  адамдық  қадiр-қасиетiн 

қатыгездiкпен,  дӛрекiлiкпен  қорлаудан,  кемсiтуден,  жыныстық  қатынас 

сипатындағы  әрекеттерден,  баланы  қылмыстық  iс-әрекетке  және  қоғамға  жат 

әрекеттер  жасауға  тартудан,  және  оны  адам  мен  азаматтың  Қазақстан 

Республикасының Конституциясында бекiтiлген  құқықтары  мен  бостандығына 

қысым жасаудың ӛзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады. 



19-бап. Баланың демалуға және бос уақытын пайдалануға қҧқығы 

      1. Әрбiр бала ӛзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға 

және бос уақытын пайдалануға құқылы.  

     2.  Ата-анасы  немесе  олардың  орнындағы  адамдар  ӛздерiнiң  қабiлеттерi  мен 

мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi ӛмiрлiк 

жағдайларды қамтамасыз етедi.  

    3.  Мемлекеттiк  органдар  Қазақстан  Республикасының заңдарына  сәйкес 

балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын 

ӛзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап 

отырады.  

      4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға 

құқығын  қамтамасыз  ету  жӛнiндегi  iс-шараларды  жүзеге  асырады. 

      5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты ӛткізетін 

ӛзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, 

дiни  жораларды,  рәсімдерді  және  (немесе)  жиналыстарды  ӛткізуге,  сондай-ақ 

діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді. 



 35 бап. Бала және дін 

1.  Мемлекет  баланың  ата-анасының  немесе  олардың  орнындағы  адамдардың 

дiни  дүниетанымына  негiзделген  тәрбиеге  араласпауға,  бiлiм  беру,  тәрбиелеу, 

емдеу  ұйымдарының  және  ӛзге  де  сол  сияқты  мекемелердiң  шегiнен  тыс 

жерлерде баланың қатысуымен  дiни жоралардың  жасалуына,  аталған  әрекеттер 

баланың ӛмiрi мен денсаулығына қатер тӛндiретiн, оның құқығын бұзатын және 

жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.  

 2.  Кәмелеттiк  жасқа  толмаған  балаларға  қатысты  дiни  жоралар  ата-анасының 

немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге 

тарту жӛнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.  




жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау