Ақпараттық пакет 6М060600 – «Химия» мамандығы информационный пакет специальности 6М060600 –



жүктеу 8,74 Mb.
бет2/5
Дата12.02.2020
өлшемі8,74 Mb.
#28897
1   2   3   4   5

1.2 Университет басшылығы

Ректор -  Сырлыбаев Марат Қадырұлы

Экономика ғылымдарының кандидаты.

«Қазақстан Республикасының тәуелсізігіне 20 жыл» медалі, «Құрмет» ордені, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі, «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.


Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор - Жарқынбеков Темірхан Ниязұлы

Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ҚР Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры.

40-тан артық ғылыми мақала, соның ішінде 6 оқу құралын, 1 ұжымдық монографиясын, импакт-факторлы журналда 1 мақаласын жариялады.

«Жер қойнауын барлау үздігі» белгісімен, «Ы. Алтынсарин» мерейтойлық төсбелгісімен, «Айрықша еңбегі үшін», «Үздік түлек» медальдарымен, ҚР Армия Генералы С.Нұрмағанбетов атындағы медалімен, Алматы қ. әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. РФ ғылым және білім беру ісінің еңбегі сіңген қызметкері.



Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор – Жақыпова Айгүл Досжанқызы

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары қоғамының мүшесі (КАЗПРЯЛ), Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының мүшесі, Бүкілресейлік когнитивтік зерттеулер қауымдастығының мүшесі.



ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен берілген авторлық куәлік түрінде расталған  2 электронды оқу құралының, 2 монография, 3 сөздік, 4 оқу құралының, бірқатар оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың, 90-нан астам ғылыми мақалалардың авторы, 2 ұжымдық монографияның бірлескен авторы.


Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – Сейітқасымов Аманай Асылбайұлы.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Оқу құралы мен 40-астам ғылыми жарияланымын жарыққа шығарды.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған.
1.3 Университеттің жалпы сипаттамасы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстанның солтүстік аймағының білім беру жүйесінде 50 жылдан астам уақыт бойы жетекші орындарда келе жатқан жоғары оқу орны.

Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы КМУ – өзінің лайықты дәстүрлері мен зор әлеуеті, алға қойған үлкен жоспары бар, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орны болып саналады.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ басты міндеттерінің бірі – түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысқа ие болуын, дипломдардың халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету, профессор-оқытушылар құрамының экономикалық және қоғамдық мәртебесін арттыру. ЖОО бүгінгі күнде әлемдік білім беру және ғылыми-ақпараттық жүйесімен тығыз қарым-қатынас орнату стратегиясын жоспарлап отыр. Университет халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Польша, Түркия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Словакия, Ресей, Орталық Азия елдерінің 60-тан артық жетекші ғылыми орталықтарымен қарым-қатынас орнатқан.

ЖОО бакалавриаттың 53 мамандығы, магистратураның 28 мамандығы, PhD докторантурасының 6 мамандығы бойынша мамандарды үш деңгейлі даярлауды (бакалавриат, магистратура, докторантура) жүзеге асырады.



«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында  университетте педагогикалық, жаратылыстану-ғылыми және инженерлік-техникалық бағыттағы 17 білім беру бағдарламасы бойынша көптілді білім беру жүзеге асырылуда. 2016 жылы көптілді бағдарламалар бойынша  білім алған алғашқы түлектер оқуларын аяқтады. Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен бірлесіп, магистратураның екідипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бүгінде Ресейдің ЖОО-дағы аспирантурасында біздің университеттің 11 оқытушысы  білім алуда.

Қашықтықтан оқыту технологиялары қолданыла отырып, күндізгі, кешкі және сырттай оқу бөлімдерінде (жоғары және орта кәсіптік оқу орнынан кейінгі) мамандар даярлығы жүзеге асырылады.

Университетте жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы еңбек етеді. Жоғары білікті мамандар даярлау, сапалы білім беру қызметін көрсету үшін қажетті мықты материалдық-техникалық базасы бар. Университетке ғылыми-педагогикалық кадрлардың тұрақтылығы, ұрпақтар сабақтастығы, жоғары білім беру сапасын арттыру, корпоративтік рух және патриотизм секілді сипаттар тән. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбилеу үшін қолайлы, ерекше әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыратын өзіндік дәстүрлері де бар.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ  «Серпін – 2050. Мәңгілік ел – жастарға!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысады, осы бағдарлама аясында жоғары оқу орнында 728 студент білім алуда.

400-ден астам оқытушы студенттердің даярлығын жүзеге асырады.  Оның ішінде 21 ғылым докторы, 16 профессор, 7 PhD докторы, 86 ғылым кандидаты, 42 доцент, 193 магистр.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсының жоғары атағына ие болған оқытушылар ұжымның мақтанышы болып табылады. Соңғы жылдары ЖОО-ның 40 оқытушысы осы құрметті аталымға  ие болды.

Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ДААД, АЙРЕКС, ТЕМПУС, «Бундестаг» Халықаралық парламенттік стипендиясы, «Болашақ» президенттік бағдарламасы , СОРОС халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысады және Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Ресей, Түркия, Чехия, Сингапурдың ЖОО-ы мен ғылыми орталықтарында білім алып, тағылымдамадан өтеді. Ауыл шаруашылығы мамандықтарының студенттері ЛОГО бағдарламасы аясында Германия шаруашылықтарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып келеді.



1.4 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ мамандықтары білім беру бағдарламаларының тізімі
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 9 бағыт бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады: білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызмет көрсету.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бакалавриаты мамандықтарының тізімі




Шифрі

Мамандық атауы

1. БІЛІМ БЕРУ



5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



5В010200

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі



5В010300

Педагогика және психология



5В010700

Бейнелеу өнері және сызу



5В010800

Дене тәрбиесі және спорт



5В010900

Математика



5В011000

Физика



5В011100

Информатика



5В011200

Химия



5В011300

Биология



5В011400

Тарих



5В011600

География



5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті



5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті



5В011900

Шет тілі: екі шет тілі



5В012000

Кәсіптік оқыту



5В012100

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті



5В012200

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті



5В012300

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

2. ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



5В020500

Филология



5В020700

Аударма ісі

3. ҚҰҚЫҚ



5В030100

Заңтану

4. ӨНЕР



5В042100

Дизайн

5. ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС



5В050300

Психология



5В050600

Экономика



5В050700

Менеджмент



5В050800

Есеп және аудит



5В050900

Қаржы



5В051100

Маркетинг

6. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ



5В060800

Экология

7. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



5В070100

Биотехнология



5В070300

Ақпараттық жүйелер



5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру



5В070700

Тау-кен ісі



5В071200

Машина жасау



5В071300

Көлік, көлік техникасы және технологиялар



5В072800

Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)



5В072900

Құрылыс



5В073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі



5В073200

Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша



5В073700

Пайдалы қазбаларды байыту

8. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ



5В080100

Агрономия



5В080200

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы



5В080600

Аграрлық техника және технология



5В080700

Орман ресурстары және орман шаруашылығы



5В080800

Топырақтану және агрохимия

9. ҚЫЗМЕТТЕР



5В090100

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру



5В090200

Туризм



5В090300

Жерге орналастыру



5В090500

Әлеуметтік жұмыс



5В090700

Кадастр



5В091000

Кітапхана ісі



5В091200

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі


Ш.Уәлиханов КМУ магистратурасы мамандықтарының тізімі




Шифрі

Мамандық атауы

1. БІЛІМ БЕРУ

1.

6М010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

2.

6М010200

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3.

6M010300

Педагогика және психология

4.

6М010900

Математика

5.

6M011300

Биология

6.

6М011600

География

7.

6М011800

Орыс тілі және әдебиеті

8.

6M011900

Шет тілі: екі шет тілі

2. ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

9.

6M020300

Тарих

10.

6M020500

Филология

3. ҚҰҚЫҚ

11.

6М030100

Заңтану

5. ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС

12.

6M050600

Экономика

13.

6M050700

Менеджмент

14.

6M051100

Маркетинг

6. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

15.

6M060100

Математика

16.

6M060200

Информатика

17.

6M060400

Физика

18.

6M060600

Химия

19.

6M060700

Биология

20.

6M060800

Экология

7. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

21.

6М070300

Ақпараттық жүйелер

22.

6М070400

Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру

23.

6M073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

8. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ

24.

6M080100

Агрономия

25.

6М080600

Аграрлық техника және технология

26.

6M080800

Топырақтану және агрохимия

9. ҚЫЗМЕТТЕР

27.

6М090200

Туризм

28.

6М090500

Әлеуметтік жұмыс


Ш.Уәлиханов КМУ докторантурасы мамандықтарының тізімі




Шифрі

Мамандық атауы

1

6D010900

Математика

2

6D020300

Тарих

3

6D020500

Филология

4

6D011900

Шет тілі: екі шет тілі

5

6D080100

Агрономия

6

6D060800

Экология



1.5 Университеттің материалдық-техникалық базасы
ЖОО инфрақұрылымында заманауи оқу ғимараттары, жеткілікті дәрісханалық қоры, спорттық-сауықтыру кешендері, студенттік жатақханалары бар. Жаңартылған оқу үдерісінде озық технологиялар: ең жаңа компьютерлер, лингвистикалық кабинеттер, интерактивті тақтамен жабдықталған мультимедиялық кабинеттер қолданылады. Инновациялық технологиялар орталығы ашылған, кітапхана қоры жыл сайын жаңа әдебиеттермен толығып отырады.

Университеттің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жаңартылып, нығая түсуде. Қазіргі уақытта университет құрамында 5 оқу ғимараты, 5 интернет-кафе, 8 оқу залы, 2 мұражай, 29 компьютерлік сынып, 28 мультимедиялық сынып, Студенттер үйі, 4 жатақхана, студенттердің тамақтану орталығы, оқу-тәжірибе шаруашылығы, монша-кір жуу кешені бар.


Зертханалар мен арнайы жабдықталған кабинеттер саны – 35.

Оқу, ғылыми зертханалар мен арнайы кабинеттер тізімі



Зертхана атауы



ЯМР зертханасы



Су сапасын зерттеу зертханасы



Құрылыс материалдары мен конструкциялары зертханасы



Машина жасау технологиясы зертханасы



Көлік зертханасы



«Тау жыныстарын физикалық зерттеу» зертханасы



ТҚ және қоршаған ортаны қорғау зертханасы



Минералдар мұражайы



Археология кабинеті



Этнографиялық мұражай



ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының филиалы



«Материалдар кедергісі» зертханасы



«Гидравлика» зертханасы



"1С Бухгалтерия" зертханасы



«Мейрамхана сервисі және қызмет көрсету технологиясы» зертханасы



Қонақүй бизнесі зертханасы



«Мини-банк» кабинеті



Салық ісі кабинеті



«Машина бөлшектері» зертханасы



Агрохимия зертханасы



А/ш өнімдерін сақтау және қайта өңдеу зертханасы



«Ботаника» зертханасы



«Өсімдіктер физиологиясы» зертханасы



«Биология» зертханасы



Химиялық технология және қоршаған орта мониторингі зертханасы



Органикалық және биоорганикалық химия зертханасы



Биологиялық химия зертханасы



«Химия және биотехнология» кафедрасының ғылыми-зерттеу зертханасы



Оптика және электр зертханасы



Сурет шеберханасы



Көркем сурет шеберханасы



Ағашты көркем өңдеу шеберханасы



Кітапхана ісі кабинеті



Информатика зертханасы



Селекция және тұқымшаруашылығы лабораториясы

Оқу үдерісін автоматтандыру үшін «Платонус» бағдарламасы енгізілген.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ кітапханасында ғылыми және ғылыми-әдістемелік басылымдар саны 700 мыңнан артық бірлікті құрайды. Университеттің жеке типографиясы бар. Университеттің «Алау» газеті ай сайын, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы жылына екі рет шығарылады.
1.6 Халықаралық бағдарламалар/ Тағылымдамалар/ Алмасу бағдарламалары
Болон үдерісі халықаралық бірыңғай білім беру кеңістігін құруды мақсат тұтатын елдердің жоғары білім беру жүйелерінің өзара белсенді әрекет етуін көздейді. Қазақстанның Болон декларациясына қол қоюы жоғары білім беру сапасын және халықаралық еңбек нарығында Республиканың жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған тарихи қадам.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Болон үдерісінің басымды бағыттарының бірі. Қазақстанның білім беру жүйесіне академиялық ұтқырлық бағдарламасын белсенді енгізу білім беру деңгейін арттыруға, шетелдік студенттерді тартуға, ЖОО түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Қазіргі уақытта университет ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. Біз көптеген шетелдік және қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде ынтымақтастық келісіміне қол қойдық. TEMPUS, ERASMUS MUNDUS халықаралық жобалары аясында орындалатын жұмыстар академиялық ұтқырлықты дамытуға ықпал етеді.

Ресей, Германия, Англия, Италия, Польша және басқа да елдердің жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.

1.7 Университеттің әлеуметтік саласы
Университет студенттер мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселесіне көп көңіл бөледі. ЖОО-да медициналық пункт, «Арасан» профилакторийі жұмыс істейді. Университеттің 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен тұратын заманауи спорттық базасы, тренажер залы, баскетбол, волейбол, күрес, көркем гимнастика залы, 2 спорт залы, Зеренді демалыс аймағының орманды алқабында орналасқан «Тұлпар» спорт-сауықтыру лагері бар. Дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы топтар мен спорт секциялары жұмыс істейді.

Университеттегі тәрбие жұмысы біртұтас және жан-жақты кешенді қызмет ретінде жолға қойылған. Университетте Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК), Студенттік кеңес, Студенттер мәслихаты, «Атамекен» студенттер ассамблеясы, «Зияткер» жарыссөз клубы, КМУ Студенттер альянсы, көңілділер мен тапқырлар клубы, «Рубикон» әдеби клубы, зияткерлер клубы, «Спартак» спорт клубы, «Әлем» педагогикалық жасағы, «Жауқазын» студенттер театры сияқты студенттік ұйымдар, студенттердің жиырмадан астам шығармашылық топтары жұмыс істейді және белсенді дамып келеді. Университет студенттері Ақмола облысы әкімінің жүлдесі үшін өткізілетін студенттік спартакиада, сан алуан спорт түрлері бойынша универсиадалар, әлем, Еуропа, Азия чемпионаттары сынды облыстық, республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.


Университет басқа қаладан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді:

№ 1 жатақхана, Сәдуақасов к., 47

№ 4 жатақхана, Темірбеков к., 28

№ 1 студенттер үйі, Қуанышев к., 170 А

№ 2 студенттер үйі, Жамбыл к., 146
Ақылы негізде үздік оқитын студенттерге стипендияға қол жеткізулеріне нақты мүмкіндіктер берілген: Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендия, Мемлекеттік атаулы стипендиялар, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Ғылыми кеңесінің стипендиясы, профессор О,А,Сұлтанияев атындағы стипендия, «Құс жолы» қорының білім беру жобасы аясындағы Қазкоммерцбанк стипендиясы және т.б. Әлеуметтік жағдайына қарай оқу төлемі бойынша 10-нан 30 %-ға дейін жеңілдіктер беру қарастырылған. Ақмола облысы әкімінің стипендиясы бөлінеді. Университет студенттері «Бөбек» ҚҚ білім беру грантына үміткер бола алады. «Қаржы орталығы» АҚ-нан оқу ақысын төлеу үшін жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі қарастырылған.

II. Мамандықтың білім беру бағдарламасының төлқұжаты



Дублинді

дескриптор



Модул атауы



Құзіретілігі



Пән атауы



Оқыту нәтижесі


А. білім және түсінік;
B. тәжірибеде білімді және түсіну қабілеттілігін қолдану;
C. талқылауды жүргізуге, идеялар бағасына және қорытындылар-ды қалыптастыруға деген қабілеттілік;
D. қарым-қатынас аумағындағы біліктер;
E. оқыту аумағындағы біліктер

Жалпы модуль1

ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ4, ЖҚ 9

Тарих және ғылым философиясы


A. Ғылыми зерттеу тәжірибесінде философияның категориялары мен түсініктерін қолдана білу, философиялық талдаудың негізгі әдістерін, Қазақстан тарихындағы басты периодтар мен оқиғаларды;
дамып келе жатқан адами жүйелер жайындағы ұсыныстар мен постнеклассикалық ғылымдар контекстіндегі ақпараттық үрдістерді; жаратылыстық және әлеуметтік-гуманитариялық ғылымдардың қазіргі өзекті әдістемелік, әдіснамалық және философиялық мәселелері, сонымен қатар магистранттың оқыту траекториясына сәйкес ғылыми білімнің арнайы салаларын қолдана білу;

B. ғылыми құжаттармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру; кәсіби өмірге қатысы бар практикалық шешімдерді негіздеу үшін оларды қолдану; философиялық білімнің теориялық, қолданбалы, бағалы аспектілерін белгілей білу; химияны зерттеу аумағымен байланысты жаңа немесе бейтаныс жағдайлардағы мәселелерді шешу қабілеттілігі;


C.қорытындыларды келтіру, сәйкестендіру, жеке аргументацияны құру, тарихи өткенге өзіндік көзқарасты білдіру және мазмұндау; білімді интегрирлеу қабілеттілігі, қиын сұрақтарды шеше білу және бұл білім мен талқылаудағы этикалық және әлеуметтік жауапкершіліктің есебіндегі ақпараттың негізінде талқылауды ұсыну.

D. қарым-қатынас аумағында – толеранттылық сезімін ояту, Қазақстанның барлық халықтарының мәдени құндылықтары мен әдет-ғұрыптарына деген құрмет; өзіннің тұжырымын мен білімінді нақты және анық түрде маман мен маман еместерге жеткізе білу.


E. оқыту аумағында - негізгі мәселелерді талдай білу; анализдеу, жеке және сынайи ойлау.

ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ3, ЖҚ 9

Шетел тілі

А. Курстың аяқталуы кезінде магистранттар білетін болады: коммуникативті жағдайлардағы жиі кездесетін лексико-грамматикалық амалдарды; тұрақты мағыналарды, сөзтүзуші үлгілерді, полисемантикалық сөздердің контекстуальді мәндерін, тіл астының лексикалық конструкциясы мен терминдерін; спецификалық грамматикалық құбылыстардың ең жиіліктілігін.

В. Практикалық мақсат үшін тіл білімін; сөздіктер мен анықтағыштарды қолдану;

С. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша шет тілінде қорытындыларды жасай және талқылай білу.

D. Күнделікті, кәсіби және іскери тақырыптар бойынша сұхбаттарды өткізе білу және қолдай білу.

Е.Зерттеу мен презентацияларды өткізу дағдыларын қолдануға көмегін тигізетін топтық жобаларда қатысу; шет тілін жеке меңгере білу.


А. білім және түсінік;
B. тәжірибеде білімді және түсіну қабілеттілігін қолдану;
C. талқылауды жүргізуге, идеялар бағасына және қорытындылар-ды қалыптастыруға деген қабілеттілік;
D. қарым-қатынас аумағындағы біліктер;
E. оқыту аумағындағы біліктер

ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ 9

Педагогика

A. оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерін білуі және оларды тәжірибелік қызметте қолдана білу қажет; магистранттарда теориялық-әдістемелік білім мен біліктердің жүйесін дамыту; педагогиканың негізгі заңдарын, заңдылықтарын, негізгі түсініктерін принциптерін, әдістерін, құралдарын, түрлерін, жүйелерін, технологияларын білу және түсіну;

B. жаңа мектепте белгілі бір жағдайларда оқыту мен тәрбие берудің тиімді нұсқасын таңдай білу; педагогикалық қарым-қатынас, оқыту-тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезіндегі таным білімі мен қабілеттілігін тәжрибеде қолдана білу

C. оқытуды ұйымдастырудың тәжірибелік дағдыларын игеру; жоспарлай білу, ұйымдастыра білу және ғылыми педагогикалық жобаларды, зертеулерді жүргізе білу, қазіргі жағдайларда оқытудың

тиімді нұсқасын таңдай білу; психология мен философияның әдістемелік аспектілерін білу;

D. ББДларды иәжірибелік кәсіби қызметте қолдана білу; педагогикалық қатынастағы біліктер;

E. белгілі бір жастағы психологиялық процесстердің дамуындағы білімді қолдана білу, жаңа педагогикалық зерттеулер бойынша нәтижелерді қалыптастыру және идеяларды бағалап талдай білу.



ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ 9

Психология




ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ5, ЖҚ6 ЖҚ 9, КҚ3

Білімдегі ақпараттық технологиялар

А. магистранттар үрдіс бойынша түсінік пен білімге ие, әр түрлі міндеттерді шығару алгоритмін құруға бейім.

В.сәйкес компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы осы әдістерді жүзеге асыру және математикалық бағдарламалау әдістерін тәжірибеде қолдану; желілік анализ бен желілік аппараттар түсінігі; мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері; WEB-дизайнды және компью­терлік бейнені қолдану.

С. Алынған ақпаратты талдау, жеке көзқарас пен қорытындыларды жасау.

D. Командада жұмыс істей білу, команда мүшелерімен қарым-қатынастың коммуникативті дағдыларын дамыту, өзіннің жеке ойынды ашық түрде жеткізу мен өз ойында тұра білу, көпшілік алдына шығу дағдыларын дамыту.

Е. барлық өмір ағымындағы оқытудың аумағында білік пен қабілетке ие болу.





ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ5, ЖҚ6, ЖҚ9, КҚ3

Білім берудің ақпараттық компьютерлік технологиялары




ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ4, ЖҚ 9

История и методология химии

A. Ғылыми зерттеу тәжірибесінде химия пәнінің философиянық мәселелерін білу, категориялары мен түсініктерін қолдана білу, философиялық талдаудың негізгі әдістерін, басты периодтар, сонымен қатар магистранттың оқыту траекториясына сәйкес ғылыми білімнің арнайы салаларын қолдана білу;

B. ғылыми құжаттармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру; кәсіби өмірге қатысы бар практикалық шешімдерді негіздеу үшін оларды қолдану; философиялық білімнің теориялық, қолданбалы, бағалы аспектілерін белгілей білу; химияны зерттеу аумағымен байланысты жаңа немесе бейтаныс жағдайлардағы мәселелерді шешу қабілеттілігі;


C.қорытындыларды келтіру, сәйкестендіру, жеке аргументацияны құру, тарихи өткенге өзіндік көзқарасты білдіру және мазмұндау; білімді интегрирлеу қабілеттілігі, қиын сұрақтарды шеше білу және бұл білім мен талқылаудағы этикалық және әлеуметтік жауапкершіліктің есебіндегі ақпараттың негізінде талқылауды ұсыну.

D. қарым-қатынас аумағында – толеранттылық сезімін ояту, Қазақстанның барлық халықтарының мәдени құндылықтары мен әдет-ғұрыптарына деген құрмет; өзіннің тұжырымын мен білімінді нақты және анық түрде маман мен маман еместерге жеткізе білу.


E. оқыту аумағында - негізгі мәселелерді талдай білу; анализдеу, жеке және сынайи ойлау.




ЖҚ1, ЖҚ2, ЖҚ4, ЖҚ 9

Философские проблемы химии

Мамандық бойынша модуль 2

ЖҚ6, ЖҚ7, КҚ11, КҚ12, КҚ13, КҚ 15

Хроматографиялық зерттеу әдістері

A.қорсетілген пәндердін білім мен түісінікті демонстрациялау;

B. кәсіби деңгейде білім мен түсінікті қолдану

C. химиялық сипатты мәселелерді шешу және аргументтерді өңдеу, оқытуды жалғастыру үшін қажетті материалды жеке зерттеу қабілеттілігі мен біліктілігімен иелену

D. әлеуметтік, этикалық және танымдық есебінде талқылауларды өңдеу ақпараттарын интерпретациялау және жинақтарын жүзеге асыру; ақпартты, идеяны, мәселені және шешімді мамандарға және маман еместерге жеткізу.

E. оқытуды жалғастыру үшін қажетті материалды жеке зерттеу қабілеттілігі мен біліктілігімен иелену.


А. білім және түсінік;
B. тәжірибеде білімді және түсіну қабілеттілігін қолдану;
C. талқылауды жүргізуге, идеялар бағасына және қорытындылар-ды қалыптастыруға деген қабілеттілік;
D. қарым-қатынас аумағындағы біліктер;
E. оқыту аумағындағы біліктер

ЖҚ 6, ЖҚ 7 КҚ11, КҚ12, КҚ13, КҚ 15

Хроматографиялық зерттеу әдістері

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ 1,КҚ2, КҚ3, КҚ11 КҚ 15

Органикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11,КҚ12, КҚ 15,

Органикалық қосылыстардың электрондық теориясы

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ12, КҚ13, КҚ 15

Дәрілік заттардың химиясы

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ12, КҚ13, КҚ 15

Биологиялық активті қосылыстар

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ12, КҚ13, КҚ 15

Theopy and problems of pfysical chemistry

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ1, КҚ2, КҚ3, КҚ 15

Избранные главы аналитической химии

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ13, КҚ 15

Основы химического анализа

А. білім және түсінік;
B. тәжірибеде білімді және түсіну қабілеттілігін қолдану;
C. талқылауды жүргізуге, идеялар бағасына және қорытындылар-ды қалыптастыруға деген қабілеттілік;
D. қарым-қатынас аумағындағы біліктер;
E. оқыту аумағындағы біліктер

Мамандық бойынша модуль 3

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ13, КҚ 14, КҚ 15

Macromolecular Chemistry

A. химия бойынша алдынғы қатарлы білімді есепке ала отырып химия аясындағы білім мен үсінікті демонстрациялау

B. кәсіби деңгейде білім мен түсінікті қолдану

C. химиялық сипатты мәселелерді шешу және аргументтерді өңдеу

D. әлеуметтік, этикалық және танымдық есебінде талқылауларды өңдеу ақпараттарын интерпретациялау және жинақтарын жүзеге асыру; ақпартты, идеяны, мәселені және шешімді мамандарға және маман еместерге жеткізу



E. оқытуды жалғастыру үшін қажетті химиялық сипатты материалды жеке зерттеу қабілеттілігі мен біліктілігімен иелену

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ13, КҚ 14, КҚ 15

Structure of matter

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ13, КҚ14, КҚ 15

Course of Inorganic Chemistry

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ13, КҚ14 КҚ 15

Course of Organic Chemistry

ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ13, КҚ14, КҚ 15

Химия гетероциклических соединений




ЖҚ 6, ЖҚ 7, КҚ11, КҚ13, КҚ14,КҚ 15

Химия природных соединений




ЖҚ 6, ЖҚ 7 КҚ2, КҚ8, КҚ9, КҚ11, КҚ 15

Methods of teaching chemistry in secondary school




ЖҚ 6, ЖҚ 7 КҚ2, КҚ8, КҚ9, КҚ11, КҚ 15

Methods of teaching chemistry at higher school




жүктеу 8,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау