Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті



жүктеу 328,28 Kb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата22.05.2018
өлшемі328,28 Kb.
#15885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

      11) көп факторлы аутентификация – парольдерді немесе аутентификациялық белгілерді (

цифрлық сертификаттарды, токендерді, смарт-карталарды, бір жолғы парольдердің генераторларын

және биометриялық сәйкестендіру құралдарын) құру мен енгізуді қоса алғанда, түрлі 

параметрлер комбинациясының көмегімен пайдаланушының төлнұсқалығын тексеру тәсілі;

      12) қолданбалы бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – ҚБҚ) – нақты саладағы белгілі бір 

топтың қолданбалы міндеттерін орындауға арналған бағдарламалық қамтылым кешені;

      13) құпияландырылған байланыс – құпияландырушы аппаратураны пайдалана отырып қорғалған

байланыс;

      14) масштабталу – өңделетін ақпарат көлемінің және (немесе) бір мезгілде жұмыс 

істейтін пайдаланушылар санының өсуіне қарай жүйенің өз өнімділігін ұлғайту мүмкіндігін 

қамтамасыз ету қабілеті;

      15) оқиғаларды журналдау – ақпараттандыру объектісімен болып жатқан бағдарламалық 

немесе аппараттық оқиғалар туралы ақпаратты оқиғаларды тіркеу журналына жазу процесі;

      16) серверлік үй-жай – серверлік, активті және пассивті желі жабдығын (

телекоммуникациялық) және құрылымдалған кәбілдік жүйелердің жабдығын орналастыруға арналған 

үй-жай;


      17) сыртқы шеңбердің локальдық желісі (бұдан әрі – сыртқы шеңбердің ЛЖ) – МО 

телекоммуникациялық желісінің сыртқы шеңберіне жатқызылған, байланыс операторлары МО-ға 

арналған интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы ғана ұсынатын Интернетпен қосылуы

бар МО локальдық желісі;

      18) терминалды жүйе – қосымшалармен терминалды ортада немесе жіңішке клиент 

бағдарламаларымен клиенттік-серверлік архитектурада жұмыс істеуге арналған жіңішке немесе 

нөлдік клиент;

      19) уақыт көзінің инфрақұрылымы – серверлердің, жұмыс станцияларының және 

телекоммуникациялық жабдықтың ішкі сағаттарын синхрондау міндеттерін орындайтын уақытты 

синхрондаудың желілік хаттамасын пайдаланатын иерархиялық байланысқан серверлік жабдық;

      20) үкіметтік байланыс – мемлекеттік басқару қажеттеріне арналған арнайы қорғалған 

байланыс;

      21) федеративті сәйкестендіру – сенімді қатынастар орнатылған жүйелердегі және 

желілердегі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге арналған пайдаланушының 

бірыңғай атауын және аутентификациялық сәйкестендіргішті пайдалануға мүмкіндік беретін 

технологиялар кешені;

      22) шифрланған байланыс – қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау 

аппаратураларын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған 

байланыс;

      23) ішкі шеңбердің локальдық желісі (бұдан әрі – ішкі шеңбердің ЛЖ) – МО 

телекоммуникациялық желісінің ішкі шеңберіне жатқызылған, мемлекеттік органдардың бірыңғай 

көліктік ортасымен қосылуы бар МО локальдық желісі;

      24) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – МО БКО орналасқан 

ақпараттық жүйелердің МО БКО-дан тыс орналасқан ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын 

қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;

      25) ішкі ақпараттық қауіпсіздік аудиті – ұйым өзі, өз мүдделерінде жүзеге асыратын 

ұйымдағы ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйінің 

сапалық және сандық сипаттамаларын бақылаудың әділ, құжатталған процесі.

      7. Осы БТ мақсаттары үшін мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      1) АБК – аппараттық-бағдарламалық кешен;

      2) АҚ – ақпараттық қауіпсіздік;

      3) АЖ – ақпараттық жүйе;

      4) АКИ – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      5) АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

      6) БҚ – бағдарламалық қамтылым;

      7) ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      8) ЕБҚ – еркін бағдарламалық қамтылым;

      9) ИҚБШ – Интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі;

      10) ИР – интернет-ресурс;

      11) МО – орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей 

бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, орталық атқарушы орган ведомствосының 

аумақтық бөлімшелері;




      12) МО БКО – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы;

      13) МО ИРБТ – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы;

      14) СБӨ – сервистік бағдарламалық өнім;

      15) ЭАР – электрондық ақпараттық ресурстар;

      16) ЭҮ АКП – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы; 

      17) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

 

2-тарау. Ақпараттандыруды және ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру 

мен басқаруға қойылатын талаптар

1-параграф. Мемлекеттік органды ақпараттандыруға қойылатын талаптар

      8. МО ақпараттандыру Заңның 

 және 

 көзделген тәртіппен әзірленетін және



23

24-баптарымен

бекітілетін МО архитектурасына, ал ол болмаған жағдайда ? МО қызметін автоматтандырумен және

оңтайландырумен байланысты қажеттіліктер туралы МО сұрау салуын қарау нәтижелері бойынша 

қабылданған ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің оң қорытындысына сәйкес жүзеге 

асырылады.

      9. МО:

      1) МО бекітілген архитектурасына, ал ол болмаған жағдайда ? ақпараттандыру саласындағы

сараптау кеңесінің шешімдеріне сәйкес ақпараттандыруға арналған шығыстарды жоспарлауды; 

      2) мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды және олардан туындайтын мемлекеттік 

қызметтерді осы БТ талаптарын сақтай отырып көрсетуді; 

      3) Заңның 

 30) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік 

7-бабының

органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері 

туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері 

техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес 

ақпараттандыру объектілері, ақпараттандыру саласындағы жоспарлар, процестер мен бюджет 

туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастыруды 

қамтамасыз етеді.

      10. "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту Заңның 

 10) тармақшасына 

7-бабының

сәйкес уәкілетті орган бекітетін "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі 

талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 

      11. Заңның 

 18) тармақшасына сәйкес бекітілетін "электрондық әкімдіктің" 

7-бабының

үлгілік архитектурасын әзірлеген кезде ЖАО ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына 

қойылатын талаптардың сипаттамасы бөлігінде осы БТ талаптары ескеріледі. 

      12. МО-да және ЖАО-да ақпараттандырудың сервистік моделін іске асырған кезде Заңның 7-

 4) және 10) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ақпараттандырудың 

бабының

сервистік моделін іске асыру қағидаларының нормалары, "электрондық үкіметтің" архитектурасын



дамыту жөніндегі талаптар мен осы БТ талаптары басшылыққа алынады. 

      13. МО-ны және ЖАО-ны ақпараттандыру саласындағы тауарлармен, жұмыстармен және 

көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету:

      1) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің оң қорытындысы болған кезде сатып 

алу;

      2) АК-инфрақұрылымның АК-қызметтер операторы каталогынан ақпараттық-коммуникациялық 



көрсетілетін қызметті сатып алу жолдарымен жүзеге асырылады.

      14. МО-да немесе ЖАО-да ақпараттандыру саласындағы міндеттерді жүзеге асыруды:

      1) АКТ қолданудың мониторингін және талдауды;

      2) АКТ-активтерінің пайдаланылуын есепке алу мен талдау жөніндегі іс-шараларға 

қатысуды;

      3) МО-ның стратегиялық жоспарына ақпараттандыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеуді

;

      4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, сүйемелдеу және дамыту 



бойынша жұмыстарды үйлестіруді;

      5) өнім берушілердің ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін қызметтердің шарттарда 

көзделген сапа деңгейін қамтамасыз етуін бақылауды;



жүктеу 328,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау