Аномальды балалармен жұмыс жасаудың кейбір аспектілері



жүктеу 76,87 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі76,87 Kb.
#20958


38 

 

АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ 



 

                                                                                Маханбет Айнұр Мұратбайқызы., 

 ҚМПИ,  дефектология мамандығының   

                                                                                         2 курс студенті 

     Ғылыми жетекші : Шалғымбекова Ə.Б, ҚМПИ       

          педагогика кафедрасының  аға оқытушысы. 

                   

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан халқының əл-

ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына 

Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін 

айта отырып,  балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа жəне оған 

білім жағынан ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл 

бөлді[1].Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды əлеуметтік жəне медициналық-

педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек 

көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тəрбиелеу, оқыту, еңбекке жəне кəсіби даярлау 

ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған. 

Аномальды балалар –  белгіленген тəртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре 

пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене 

немесе психикалық кемістігі бар балалар.Аномальды балалар тəрбие ісінде, оқытуда 

көптеген қиындықтар келтіреді. Əдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы 

оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы 

бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу 

қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан 

ерекше əсер етеді. Дефектология



 

-  (лат. defectus –  жетімсіздік жəне гр. λόγος –  ілім) –

 педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар 

балаларды оқыту мен тəрбиелеу мəселелерін зерттейтін арнаулы саласы.Дефектология төрт 

салаға бөлінеді:  сурдопедагогика  –  мылқау балаларға,  тифлопедагогика  –  зағип 

балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар 

балаларға білім жəне тəрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дене 

кемістігі күрделі (соқыр жəне саңырау, саңырау жəне ақыл-ой кемістігі бар, т.б.) балаларды 

оқытып тəрбиелеуді де қамтиді. Дефектология  невро-патология,  генетика,  психология, 

педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет 

елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині 

қолданылады. Ал  Германияда,  Австрияда,  Швецияда  бұл сала «емдік педагогика» деп 

аталады. 

Дефектология курсының мақсаты əр түрлі дəрежедегі дамуында ауытқуы бар 

балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін  қалыптастыру, осы  тұрғыдағы 

балаларға коррекциялық тəрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны 

туралы білімді қалыптастыру. Баланың дұрыс қалыптасуына негіз болатын басты жағдайлар: 

баланың бас миының дұрыс қызмет жасауы;баланың физикалық жағынан дұрыс дамуы;сезім 

мүшелерінің сақталып, дұрыс қызмет атқаруы;балалардың бала-бақшаларда, жанұяда, 

мектепте жүйе бойынша оқытылуы. Аномальды балалар біздің елімізде жылдан-жылға 

азаюда. Жұқпалы ауруларды профилактикалық емдеу əдістерімен жолға қою арқылы 

елімізде балалардың денсаулығы жақсарып келеді. Біздің елімізде аномальды балаларды 

тəрбиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл 

жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қоймайды, сонымен 

қатар орталау жəне орта білім беретін сыныптар да жұмыс істейді. Дефектологияның зерттеу 

аймағындағы негізгі мақсаты –  аномальды балаларға жалпы білім беру болып табылады. 

Аномальды балалардың даму тарихы.Ерте кезде де аномальды балаларға əлеуметтік 

проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын (жағдайын) белгілейтін 

барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномальды балалар 




39 

 

жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленді. Киев Русінің негізгі (мемлекеттік 



қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «Жүз тарауында» («Стоглавасында») 

аномальды балалардың қоғамдағы орны ерекше бұйрықтармен  шектелді.Аномальды 

балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер 

баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған 

ортаны танып білуі қалай өтеді деген мəселемен шұғылданды. Аристотель аномальды 

балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро жəне басқалар аномальды 

балалар туралы арнайы кітаптар жазды.А.И.Радищев өзінің атақты трактатында аномальды 

балалар дамуының кейбір заңдылықтарын анықтайды. Неміс философтары Кант жəне Бауэр 

аномальды балалардың даму ерекшеліктері жөнінде жазды.  Кемістігі бар балаларға арналған 

мекемелердің пайда болу тарихы XIX ғасырдың II жартысынан Ұлы Қазан революциясының 

уақытына дейін созылады. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған 

Санкт-Петербургтік училище жəне Петер, Мəскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен 

ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде  200-ге жуық балалар ғана 

тəрбие алатын.XX ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға 

логопедияялық көмек көрсетілді. XIX ғасырдың соңында ғана Ресейде зағип адамдар саны 

250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны  жүз елу мың, ақыл-есі кем адамдар саны  200 

000 жеткен еді. Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тəрбиелеу проблемасы 1896 

жылы кəсіби-техникалық білімді басқарудың  №2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде 

көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы 

құрылды. Бұл жерде талқыланған мəселе –  Ресейдегі аномальды балаларға үкімет 

басшылығының жəне қоғамның көңілін аударуды жəне арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, 

кеңейтуге ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы –  Ресейдегі дефектологтардың I 

съезді болатын. Съезге қатысушылар аномальды балаларға деген қамқорлық – ол қоғамның 

міндеті екендігін дəлелдеді. Олар балаларға көмектің тек негізгі формасын ғана емес, 

мектепке дейінгі жəне мектептегі балаларға арналған мекемелер құрылымын анықтады. Бұл 

сұрақтардың шешімін тапқан соң шетелдік аномальды балаларға арналған мекемелердің 

тəжірибесі ескерілді.Съездің шешімі бойынша осы проблемалар, яғни аномальды балаларға 

көмек беру, оларды емдеу, оқыту бүкіл ресей қоғамдық бағдарламасының басты міндеті 

болды. Ауытқуы бар балаларды оқыту мен тəрбиелеудің даму құрылысы филантропикалық 

негізде болды. Ал арнайы мекемелер жүйесінің даму проблемасы шешілмей қалды. Ұлы 

Қазан революциясынан кейінгі барлық іс-шаралар, яғни ауытқушылықпен күресу жəне оның 

профилактикасы жалпы өсіп келе жатқан ұрпақтың саулығын сақтауға бағытталады[2]. 

Арнайы мекемелер –  мектеп-интернаттар, ондағы балалар толығымен мемлекеттің 

қарамағында қадағаланды. Ондағы балаларда кездесетін қиындықтарға байланысты 

дефектолог  -  мұғалімдердің  еңбекақысына 20%  қосымша төленіп отырды.  Нашар 

еститіндер, нашар көретіндер, тілінде кемістігі бар  жəне ақыл-есі кем балалар жалпы орта 

білім беретін мектепте білім алғаннан кейін, өз мүмкіншіліктеріне байланысты арнайы жəне 

ЖОО-да оқуға мүмкіндігі болады. Арнайы мектептерде оқу орнын бітіргеннен кейін кəсіби 

білімді жұмыстан бөлмей оқуға дайындық жүргізілді.Дамуында ауытқуы бар балаларға 

«Жалпылама жəне міндетті оқыту заңы» толық таратылды. Арнайы мектептер жүйесі  оқу 

жоспарымен, оқу бағдарламасымен жəне арнайы оқулықтармен қамтамасыз етілді. Барлық 

аномальды балалар жынысына, əлеуметтік статусына қарамастан арнайы мекемелерге оқуға 

түсуге құқығы болды. Аномальды балаларды зерттеумен медицина жəне биология 

ғылымының өкілдері де шұғылданады.Организмнің аномальды тұрғыдан бұзылу механизмі 

қандай деген мəселеге өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей 

қалғанда, басқалалары өзара қандай қарым-қатынаста болады? Бала естімегенде оның көзі 

қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық 

жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай 

мəселелермен Дарвин жəне жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айнлысты. Қазіргі 

уақытта дамуында ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге 

үлкен көңіл бөлінуде. Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі 



40 

 

пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан жəне ақыл-ой 



кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің 

қажеттігінен дəрігерлер, физиологтар жəне медицина-биология ғылымының басқа да 

өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде.Психологтарға келетін болсақ, олардың назары қашан 

да  аномальды балаларға аударылып келгені мəлім. Ал педагогтарға келсек, олар керең 

баланы оқытуға бола ма, көзі көрмейтін балаға жазуды үйретуге бола ма деген мəселемен 

айналысты. Осыған байланысты бұлардың арасында прогрессивті жəне реакцияшыл 

көзқарастары бар көптеген теориялар да орын алды. 

Педагогтар аномальды балаларды оқытудың əр түрлі жүйесін қолданып, бар күш-

жігерін жұмсап бақты. Аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш – XVIII  ғасырдың соңы 

мен XIX ғасырдың басында басталды.  Бұл уақытта аномальды  баланы жеке оқыту тəсілі 

орын алды. Бұлай оқытумен оны эксперимент түрінде жүргізген кейбір ғылымның өкілдері 

айналысты. Ал шет елдерде осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан 

міндетті түрде оқыту жоқ. Тек меншіктегі мектептер, шіркеулік жəне əлденеше мемлекеттік 

оқу орындары  ғана бар. Міндетті түрдегі жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ.Арнаулы 

мекемелердің құрылуымен бірге кеңес дефектологиясы дами берді. Кеңес дефектологтары 

алдында аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? – деген басты проблема тұрды. 

Мұндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс? 

Шет елдердің өкілдері аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады деген мəселе 

төңірегінде əлденеше идеалистік  теориялар ұсынды. Шет елдік дефектология ғылыми 

өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тəн болатын: қайсыбір органның бұзылуы 

(кемістігі) қызметі бұзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дұрыс есітпеу 

тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдануына ғана байланысты деді. 

Қайсыбір органның немесе жүйенің бұзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысы 

болады деп жорамалдады. Шын мəнісінде мұның бəрі де əлдеқайда қиындығы мол мəселе 

болып шықты. Сондықтан кеңес дефектологтары алдында аномальды балалардың даму 

ерекшеліктерін ашу міндеті тұрды.  

Шет ел дефектологиясы өкілдеріне тəн екінші бір ерекшелік болды. Олар мынадай, 

ақау-кемістіктің өзі (дефект) аномальды баланы оқытуды ұйымдастырудың бастамасы деп 

санады. Ақауды жойып, оған барлық іс-əрекетті бағындырып, соның өзімен байланыстыру 

керек деп қарайды. Мұның мəнісі, егер бала көрмейтін болса, онда көздің көруі арқылы 

қабылданатын түйсіктерді, білімді оқытудан шығарып тастау негізінде құрылуы керек. 

Кемістікті жалпы дамудан тыс оқшау қарап түсіну жəне ақауға барлығын  да бағындыру – 

буржуазиялық теорияның басты бағыты болды. Соңғы он жыл ішінде аномальды балалардың 

ақыл-ойы дамуын педагогикалық тұрғыдан анықтау өте қиын. Ақыл-ойы кем бала белгілі бір 

дəрежеге дейін ғана көтеріле алады, сондай-ақ мылқау-керең балалар да дамудың жоғарғы 

сатысына көтеріле алмайды, өйткені олардың сөйлеуге тілі болмайды дегенді жақтайтын 

неше түрлі  жорамалдар пайда болды.Шет ел ғалымдары қалыпты балалық шақты бірнеше 

кезеңге бөледі: 0-3 жасқа дейін – биологиялық кезең,  3-7 жасқа дейін – алғашқы дағдылар 

кезеңі, 7-12 жасқа дейін – нақтылы көріп-білгенін көңілге түйетін кезең. Ал адам баласының 

нағыз даму кезеңі, дейді олар, 12 жастан кейін басталады. Осыған байланысты Пелле барлық 

аномальды балалар кереңдік, соқырлық жəне т.б. қандай кемістіктерге ұшыраса да 12 жастан 

жоғары олардың ақыл-ойы өспейді дейді, яғни оның пікірінше ондай балаларға ойлау жат[3] 

Кеңес дефектологтары аномальды балалар жөніндегі мұндай көзқарастарға үзілді-

кесілді соққы берді. Бұл проблеманы шешуде белгілі психолог Л.С.Выготский үлкен үлес 

қосты. Аномальды балалардың дамуындағы кемістікті ол бірініші сатылы жəне екінші 

сатылы деп бөлді. Егер баланың естуі бұзылып, көзі көрмей қалса, биологиялық бірінші 

кемістік. Кеңес мамандары, бірінші кемістіктен кейін табиғи сипаты мүлдем өзгеше, екінші 

кемістік пайда болады, деп көрсетті. Керең баланың құлағы зақымданғаннан кейін  екінші 

кемістік пайда болып, ол бүкіл сөйлеу органдары дұрыс болғанына қарамастан, сөйлемей 

қалады. Баланың тілі болмағанына байланысты, оның ұғымы мен түсінігі де əлдеқайда 

төменгі дəрежеде дамиды. Егер адамның көзі көрмесе, ол өзін қоршаған тіршілікке, 



41 

 

айналасына көз жібере алмайды. Сөйтіп онда дəл осы кеңістіктегі тіршілік жөніндегі 



ұғымның дамуы жеткіліксіз болады.Бірінші кемістіктің табиғаты қандай? Бұл – организмнің 

белгілі бір қолайсыз жағдайлармен ұштасуы. Ол жағдайлар іштен туа немесе тұқым қуа жəне 

туғаннан кейін пайда болуы мүмкін. Өмірде нағыз тұқым қуатын кемістіктер соншама көп те 

емес, демек, біз көбінесе туғаннан кейінгі кемістіктің дамуымен жұмыс істей аламыз.  Ал 

туғаннан кейінгі кемістіктер  көптеген жағдайда бала өмірінің алғашқы жылында пайда 

болады. Энцефалит, менингит  т.с.с. көп жағдайда есту, интеллектуалдық ерекшеліктер жəне 

т.б. бұзады. Ауруларды болдырмау жолында ұшаң-теңіз жұмыстар істелді. Көп жағдайда 

адамның қорасаннан (оспадан) соқыр болып қалатыны да мəлім. Қорасанға қарсы алдын-ала 

егу адам баласын ондай қасіретті аурудан жəне оның зардабынан құтқарды.Екінші 

кемістіктің табиғаты қандай? Бұл –  бірінші кемістіктен қалған организм ақауларының 

нəтижесі. Бала оларды өз өмірі ішінде, бірінші кемістік қалыптасқаннан кейін алады. Бірінші 

кемістік пен екінші кемістіктің алдын алуға бола ма? 

Қазіргі кезде біз кереңдік пен соқырлықтың азайғанын білеміз. Бұл кеңінен 

жүргізілген профилактикалық жұмыстың нəтижесі. Алайда кейбір жағдайда бірінші 

кемістікпен күресуге осы заманғы құрал əлі де дəрменсіздік көрсеткенімен, екінші 

кемістікпен күресте жағдай мүлдем басқаша. Мұнда аномальды баланы арнайы оқыту 

шарттары жəне тəрбиелеу арқылы екінші кемістіктің пайда болуына жол бермей, алдын 

алуға болады. Егер дер кезінде оқытып, үйретсе керең бала  ешнəрсе есітпегенімен оның 

сөйлеу тілі  дамитын болады. Шынында мектеп жасына дейінгі керең баланың сөйлеу тілі 

қалыптасып, кəдімгі дені сау бала тəрізді өсіп-дамиды. Мұндай құрал педагогтың қолында. 

Біз, міне осы құрал  арқылы баланың дамуындағы кенжеліктің, кеш қалушылықтың алдын 

аламыз.  Бірінші кемістік –  аса күрделі де ауыр кемістік, денедегі бір мүшенің бұзылуы. 

Бірақ жеке адамның дамуындағы одан да ауыры – екінші кемістік. Екінші кемістік баланың 

сан қырлы болып өсуіне əсер етеді, оның жалпы өсуіне, ой-өрісінің дамуына кедергі болады. 

   Аномальды баланы оқытып, тəрбиелеу үшін, оның даму заңдарын білу керек.  

Сондықтан оны оқытып, үйрету процесі бізде өзара байланысты екі жүйеден –  ғылым 

негіздері ілімімен қаруландырудан, баланың өсіп-дамуын  толықтырудан тұрады. 

 

Сондықтан да дефектологтар жасап, қарастырып жатқан екінші мəселе –  «компенсация» 



(толықтыру) теориясы деп аталады. Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде оқытылады. 

Қосалқы мектепте оқушыларға жалпы жəне арнайы еңбек тəрбиесі беріледі.Жалпы –  əр 

адамға тəн еңбектің негізгі түрлері бойынша бағыт беріледі. Арнайы – оқушыларды кəсіптік 

жағынан дайындауға бағытталады. Арнайы кəсіптік еңбекке баулу 3 кезеңнен тұрады: 

¾ 

еңбек пропедевтикасы; 



¾ 

кəсіптік бағдар; 

¾ 

кəсіптік еңбекке баулу. 



¾ 

Еңбек пропедевтикасы – (1-3 сыныпты қамтиды). Негізгі мақсаты – 

оқушылардың еңбекке деген жалпы дайындығын қалыптастыру. Еңбек əрекетінің негізгі 

формасы –  еңбек сабағы. Балалар қағазбен, картонмен, ағашпен, матамен, пластилинмен 

жұмыс орындаудың алғашқы ептілігін, дағдысын меңгере бастайды. 

Кəсіптік бағдар – (4 сыныпты қамтиды). Оқу шеберханаларында қол еңбегін қолдану 

ретінде қалыптасады. Балалар шеберханаларда еңбек жағдайларымен, құралдармен, 

станоктармен танысады. Материалдарды (қағаз, картон, сымдар) өңдеудегі қарапайым дағды 

мен ептілікті меңгереді. 

Кəсіптік еңбекке баулу – (5-8  сыныпты қамтиды). Мақсат – оқушыларды өнеркəсіп 

орындарында, еңбек құрылыстарында, халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істеуге 

үйрету, яғни арнайы мамандық беру. Қыздар киім тігу, ер балалар аяқ киім жөндеу, маляр, 

штукатур, түс қағаз жапсыру, картонды түптеу мамандықтарын алады. 

                 

 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

1.  Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың 

басты мақсаты» жолдауынан, қаңтар 2014 жыл 



42 

 

2.  Коржова Г.М., Байтурсынова А.Л. История специального образования в Республике 



Казахстан: учебное пособие. - Алматы, 2003. 

3.  Специальная педагогика: Учеб.пособие для студ. Высш.пед.учеб.завед. / 

Л.И.Аксёнова, Б.А.Архипов, Л.И.Белякова и др.; Под ред. Н.М.Назаровой. - М.: Изд. 

Центр «Академия», 2004 

 

 

МҰҒАЛІМНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МƏРТЕБЕСІ МЕН БЕДЕЛІ 



 

                                                              Медетова Н.Қ 2 курс  

                                                                                  Қазақ тілі мен əдебиеті  

                                                                                  Қазақ жəне орыс  

                                                                                  филологиясы факультеті 

                                                                                      Ғылыми жетекші: аға оқытушы   

                                                    Сейсембай Г.А. 

 

Дамыған елу елдің қатарында болу – еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. 

Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, 

мұның барып тірелер жері –  білім, ал білім беру тетігі –  мұғалім. Қазақта бұрындары 

балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» болатын. Себебі, ауылда 

болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам есептелетін. Мұғалімді ұстаз санап, əркім 

сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген 

мұғаліміне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол 

мəртебесінен, атақ-абыройынан айырылып қалған. Оның сүреңсіз дəлелдері көп-ақ, 

Мұғалімнің айтқанын жүре тыңдап, ескерткен əр пікірін талқыға салып, тіпті беттен алып 

айтысып, одан қалды сотқа беріп жатқан жайттар аз емес. 

Соңғы уақытта мұғалімдердің əкімшіліктің тегін жұмыс қолы саналатындықтан, 

науқандық жұмыстардың бəрі мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы, 

алаңдардағы митингілер мен үлкен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен 

көрерменіне айналуы, сайлау немесе тағы да сондай саяси науқандардың насихаттаушысы 

сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі 

қағаздарының  өзіне  кейде үлгеріп, кейде үлгермей жүретін педагогтардың негізгі сабақ  

өткізу, тəрбие жұмыстарын жүргізу сияқты қызметін талапқа сай өткізетіндігіне күші жете 

бере ме деген сұрақ туындайды.  

Мұғалімнің сынаушылары өте көп. Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерін, 

мектептің өз басшыларын айтпағанның өзінде ата-аналар мен оқушылардың өзі білімі мен 

тəрбиесіндегі кемшілікті мұғалімнен іздегісі келетіні жасырын емес.             

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының бұрынғы нұсқаларында да педагог 

мəртебесі туралы қарастырылған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасында білім беруді 

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог 

мамандығының беделін көтеру мақсатында «Педагог мəртебесі» туралы арнайы қарастырған. 

Оның негізгі міндеттері: білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету жəне 

педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту. 

Бағдарламада проблемалар айтарлықтай көрсетілген: 

 Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық жəне моральдық жағынан 

ынталандыратын жəне оның əлеуметтік мəртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен 

жүйе құрылмаған. 

 Жұмыс істейтін əрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де жəне одан да үлкен. 

 Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас 

кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр. 

Гендерлік сəйкессіздік, кəсіп феминизациясы (81,3 % əйел мұғалімдер) байқалып 



отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға  жуығы), педагог кəсібінің 

жүктеу 76,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау