Анықтамалық нұсқаулық: Ойын Ережелері



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата27.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25196
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8

©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  12 



Спринт Мақсаты 

Спринттің Мақсаты - бұл Спринтке мақсат қойылып, оны Өнім Бэклогіне сүйеніп жүзеге 

асырылады. Ол Әзірлеу Тобына Инкрементті не үшін жасайтындығы туралы нұсқаулық 

береді. Ол Спринтті Жоспарлау жиналысында шешіледі. Спринттің Мақсаты Әзірлеу 

Тобына Спринтте жүзеге асырылатын жұмыстарды орындауда икемділік береді. Таңдалған 

Өнім Бэклогінің элементтері Спринт Мақсатына байланысты біртекті болатын функцияны 

дайындауға ұсынныс береді. Спринт Мақсаты Әзірлеу Тобының жеке бастамалармен емес, 

бірге жұмыс жасауына себеп болатын кез-келген үйлесімділік болуы мүмкін. 

Әзірлеу Тобы жұмыс барысында Спринт Мақсатын үнемі есте ұстауы керек. Спринт 

Мақсатына жету үшін функционалдылық және технологиялық жұмыстар орындалады. Егер 

жұмыс барысында, Әзірлеу Тобының орындайтын жұмыс жоспарланғаннан өзгеше болса, 

олар Спринт ішінде Спринт Бэклог ауқымын келісу үшін Өнім Иесімен бірлесіп жұмыс 

істейді. 

Күнделікті Скрам

 

Күнделікті Скрам - бұл Әзірлеу Тобы үшін 15 минут уақыт құрайтын жағдай. Күнделікті 

Скрам Спринттің әр күнінде өткізіледі. Онда Әзірлеу Тобы келесі 24 сағат ішінде қандай 

жұмыс істейтінін жоспарлайды. Бұл Күнделікті Скрамдағы жұмысты тексеріп, алдағы 

Спринт жұмысын болжай отырып, команданың әрекеті мен жұмысын оңтайландырады. 

Күнделікті Скрам күрделілікті азайту мақсатында бірдей уақытта және бір жерде өткізіледі. 

Әзірлеу Тобы Күнделікті Скрамды Спринттің Мақсатына жету үшін және Спринт 

Бэклогіндегі жұмыстың қалай аяқталатындығын тексеру үшін пайдаланылады. Күнделікті 

Скрам Әзірлеу Тобының Спринт Мақсатына жету мүмкіндігін оңтайландырады. Күн өте 

келе Әзірлеу Тобы Спринт Мақсатына жету үшін, өзін-өзі ұйымдастырушы топ ретінде бірге 

жұмыс істеуге және Спринт соңында күтілетін Инкрементті қалай дайындауға 

болатындығын түсінуі керек. 

Жиналыстың қалай өтетінін Әзірлеу Тобы белгілейді. Егер ол жиналыстар Спринт 

Мақсатына жетуге бағытталған болса, оны әртүрлі тәсілдермен өткізуге болады. Кейбір 

Әзірлеу Топтары сұрақтарды пайдаланады, кейбіреулері пікірталастарға негізделген 

болады. 


Төменде қолдануға жарамды мысал келтірілген: 

  Кеше мен Әзірлеу Тобына Спринт Мақсатына жетуге көмектесетін қандай іс 



атқардым? 

  Мен бүгін Әзірлеу Тобына Спринт Мақсатына жету үшін не істеймін? 



  Менің немесе Әзірлеу Тобының Спринт Мақсатына жетуге кедергі келтіретін 

қандай да бір қиындықтарды көріп тұрмын ба? 



©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  13 

Әзірлеу Тобы немесе топ мүшелері Күнделікті Скрамнан кейін жұмысты егжей-тегжейлі 

талқылау үшін, немесе Спринттің қалған жұмысына бейімделу үшін, немесе Спринт 

жұмысын қайта жоспарлау үшін жиі кездеседі. 

Скрам Мастері Әзірлеу Тобының кездесуін қадағалайды, бірақ Күнделікті Скрамның 

жүргізілу барысына Әзірлеу Тобы жауап береді. Скрам Мастері Күнделікті Скрамның тек 15 

минуттық уақыт ішінде ғана өтуін Әзірлеу Тобына үйретеді. 

Күнделікті Скрам - бұл Әзірлеу Тобының өзара кездесуі. Егер топ мүшелерінен басқалары 

кездесуде болса, Скрам Мастері олардың кездесуді бұзбауын қадағалайды. 

Күнделікті Скрамдар коммуникацияны жақсартады, басқа кездесулерді азайтады, 

кедергілерді жою үшін сол кедергілерді анықтайды, жылдам шешім қабылдау амалын 

тауып алға тартады, Әзірлеу Тобының білім деңгейін арттырады. Бұл кездесудің негізгі 

көрсеткіші және бейімделуі.   



Спринт Шолуы 

Спринт Шолуы Спринттің соңында өнімнің Инкрементін тексеру және қажет болған 

жағдайда Өнім Бэклогін бейімдеу үшін өткізіледі. Спринт Шолуы кезінде Скрам Тобы мен 

мүдделі тараптар Спринтте не істелгені туралы бірлесіп пікір алмастырады. Спринт кезінде 

Өнім Бэклогін және оған байланысты кез-келген өзгерістерге сүйене отырып, қатысушылар 

өнімнің құндылығын оңтайландыру үшін келесі жұмыстарды бірлесіп анықтайды. Бұл 

мәртебелі кездесу емес, бейресми кездесу. Инкремент презентациясы кері байланысты 

орнатуға және серіктестікті арттыруға арналған. 

Бір айлық мерзімдегі Спринттерде ең ұзақ дегені төрт сағаттық жиналыс болып табылады. 

Қысқа Спринттер үшін әдетте шолу да қысқа болады. Скрам Мастері іс-шараның жүзеге 

асыуын және оған қатысушылардың оның мақсатын түсінуін қамтамасыз етеді. Скрам 

Мастер барлық қатысушыларды оқиғаға берілген уақыт ішінде жұмыс жасауды үйретеді. 

Спринт Шолуы келесі элементтерді қамтиды: 

  Қатысушылар құрамына Скрам Тобы және Өнім Иесі шақырған негізгі мүдделі тараптар 



кіреді; 

  Өнім Иесі Өнім Бэклогінің қай элементтері «Дайын» немесе «Дайын емес» екендігін 



айқындайды; 

  Әзірлеу Тобы Спринт кезінде ненің жүзеге асқанын, топ қандай мәселелерге тап 



болғанын және бұл мәселелер қалай шешілгенін талқылайды; 

  Әзірлеу Тобы өзінің «Дайын» деген жұмысын көрсетеді және Инкремент туралы 



сұрақтарға жауап береді; 

  Өнім Иесі Өнім Бэклогін талқылайды. Оның жоспарланған мақсатқа жетуі және 



жеткізілу күнін үлгерімнің негізінде жасайды (қажет болған жағдайда); 

  Бүкіл топ Спринт Шолуы барысында келесі Спринт жоспарына құнды үлес қосатындай 



етіп, келесіде не істеу керектігі туралы бірлесіп пікірталас бөледі; 


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау