Анықтамалық нұсқаулық: Ойын Ережелері



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата27.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25196
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8

©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  4 



Скрамды қолдану 

Скрам бастапқыда өнімдерді шығаруды басқару және дамыту үшін қолданылған. 1990 

жылдардың басынан бастап Скрам бүкіл әлемде кеңінен келесі жұмыстарда қолданылды: 

1.

  Өміршең нарықтарды, технологияларды және өнімнің мүмкіндіктерін зерттеу және 



анықтау; 

2.

  Өнімдерді шығару мен оларды жақсарту; 



3.

  Өнімді шығарумен қатар оларды күніне бірнеше рет жаңарту; 

4.

  Бұлтта (онлайн желіде, қауіпсіз, сұраныс бойынша) және өнімді пайдалану үшін 



басқа да ортаны дамыту және демеу; және, 

5.

  Өнімдерді демеу және жаңарту. 



Скрам программаны, аппараттық құралдарды, ендірілген қосымша программаны, өзара 

әрекеттесетін желілерді, автокөлік құралдарын, мектептерді, үкіметті, маркетингті, 

ұйымдардың жұмысын басқаруда, күнделікті жеке өмірімізде және қоғамда кез келген 

нәрсені жасау немесе өндіру үшін қолданылуы мүмкін. 

Технология, нарықтық, экологиялық қиындықтар және олардың өзара әрекеттестігі тез 

қарқынмен өскен сайын, Скрамның күрделілік мәселесіне деген пайдасы күнделікті 

дәлелденіп келеді. 

Скрам әсіресе білімді итеративті және Инкрементті түрде айырбастауда тиімді екенін 

дәлелдеді. Скрам қазіргі таңда өнімдердің жұмысында, қызметте және ұйымдарды 

басқаруда кеңінен қолданылады. 

Скрамның негізі - бұл шағын топ. Жеке шағын топ өте икемді және бейімделгіш болып 

табылады. Бұл артықшылық бір немесе бірнеше көптеген топтарға және топтар жиынына 

бірдей қолданылады. Ол мыңдаған адамдардың еңбегін, өнімдерді дайындайтын, 

релизбен шығаратын, басқаратын және қолдайтын құрылым. Олар дамыған 

архитектуралар мен анықталған релиз орталарымен өзара әрекеттеседі. 

Скрам нұсқаулығында «даму» және «дамыту» сөздері қолданылған кезде, олар жоғарыда 

аталған күрделі жұмыстарға негізделгеннін анық түсінуге болады. 

Скрам теориясы 

Скрам процесті басқару эмпирикалық теориясына немесе эмпиризмге негізделген. 

Эмпиризм тәжірибе негізіндегі білімге және белгілі нәрсеге сүйене отырып шешім 

қабылдаудан туындайды. Скрам алдын-ала болжамды және тәуекелді басқаруды 

оңтайландыру үшін итеративті және Инкрементті әдісті қолданады. 

Эмпирикалық процестерді бақылауды жүзеге асырудың үш негізі бар. Олар: айқындық, 

тексеру және бейімдеу. 



©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  5 



Айқындық 

Процестің маңызды жақтары нәтижеге жауапты адамдарға көрінуі керек. Айқындық 

дегеніміз аспектілерді жалпы стандартқа сәйкес келістіру, сонда бақылаушылар 

көрсетілген нәрселер туралы ортақ түсінік алады. 

Мысалы: 

  Процесске қатысты ортақ тілді барлық қатысушылар бірдей түсінуі керек; және, 



  Жұмысты орындайтындар және жұмысты тексеріп қабылдайтын жақтар «Дайын» 

деген анықтаманы бірдей түсініп пайдалануы керек. 

Тексеру 

Скрам қолданушылары жағымсыз ауытқуларды анықтау үшін Скрам артефактілерін және 

Спринт Мақсатына жету жолдарын жиі тексеріп отыруы керек. Оларды тексеру тым жиі 

болмауы керек, тексеру тек жұмыс барысында орындалғаны жөн. Тексерулер жұмыс 

орнында білікті инспекторлармен мұқият жүргізілгенде тиімді болады. 

Бейімдеу 

Егер инспектор процестің бір немесе бірнеше аспектілері қолайлы шектерден 

ауытқығанын және нәтижесінде алынған өнім қолайсыз болатындығын анықтаса, процесті 

немесе өңделетін материалды түзету қажет. Бұдан әрі ауытқуды азайту үшін мүмкіндігінше 

тезірек түзетулер енгізілуі керек. 

Скрам тексеру және бейімдеу үшін төрт Скрам Әрекеттерін ұйғарды және олар осы 

нұсқаулықтың жеке бөлімінде түсіндіріледі: 

  Спринтті Жоспарлау 



  Күнделікті Скрам   

  Спринт Шолуы 



  Спринт Ретроспективасы 



Скрам құндылықтары 

Скрам Тобы міндеттілік, ұмтылып талаптану, ықыластылық, ашықтық және сыйластық 

құндылықтарына сүйеніп өмір сүрген кезде, Скрамның негізгі үш тіректері: айқындық, 

тексеру және бейімделу өмірге келеді және барлық топ мүшелерінің арасында сенімділікті 

қалыптастырады. Скрам Тобының мүшелері Скрам рөлдерімен, оқиғаларымен және 

артефактілерімен жұмыс істеу барысында сол құндылықтарды үйренеді және зерттейді. 

Скрамды сәтті пайдалану адамдардың осы бес құндылықты ұстану деңгейіне байланысты 

болады. Қызметкерлер Скрам Тобының мақсаттарына жетуге жеке жауапкершілік алады. 

Скрам Тобының мүшелері дұрыс нәрсені істеуге ұмтылып талаптанады, қиын мәселелерді 

шешуге тырысады. Барлығы Спринт жұмысына және Скрам Тобының мақсаттарына жетуді 

көздейді. Скрам Тобы және оның мүдделі тұлғалары барлық жұмыстар мен жұмысты 



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау