Анықтамалық нұсқаулық: Ойын Ережелері



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата27.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25196
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8

©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  6 

орындау барысында табылған қиындықтар туралы ашық сөйлеседі. Скрам Топ мүшелері 

бір-бірін қабілетті, тәуелсіз адамдар ретінде құрметтейді. 



Скрам Тобы 

Скрам Тобы құрамына Өнім Иесі, Әзірлеу Тобы және Скрам Мастер кіреді. Скрам 

командалары өзін-өзі ұйымдастырады және кросс-функционалды. Өзін-өзі ұйымдастыру 

топтары сырттан келген нұсқауларға ермей, өз жұмыстарын қалай жақсы орындау 

керектігін өздері шешеді. Кросс-функционалды топтар сырттағы, топ құрамына кірмейтін 

басқа адамдарға тәуелді болмай жұмысты орындау үшін қажетті барлық 

құзыреттерге(компетенция) ие. Скрам Тобының моделі икемділікті, креативтілік пен 

өнімділікті оңтайландыруға арналған. Скрам Тобы жоғарыда айтылған барлық қасиеттерге 

ие және кез-келген күрделі жұмысты тиімді орындай алатындығын дәлелдеді. 

крам тобтары кері байланыс үшін мүмкіндіктерді арттыра отырып, өнімдерді тез және 

біртіндеп жеткізеді. Инкрементті өнімнің «Дайын» дегені - өнімінің қосымша 

жеткізілімдері жұмысқа қабілетті және әрдайым пайдалы нұсқасының кез келген уақытта 

қолжетімді болуы. 

Өнім Иесі 

Өнім Иесі Әзірлеу Тобының жұмысы нәтижесінде алынған өнімнің құнын арттыруға жауап 

береді. Мұның қалай жасалуы әртүрлі ұйымдарда, Скрам топтарында және жеке 

адамдарда әр түрлі болуы мүмкін. 

Өнім Иесі - Өнімнің Бэклогін (Backlog) басқаруға жауапты жалғыз тұлға. Өнімнің Бэклогін 

басқару келесіні қамтиды: 

  Өнім Бэклогінің элементтерін нақты баяндау; 



  Мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Өнім Бэклогінің ретін дұрыс бақылау; 

  Әзірлеу Тобы жүзеге асыратын жұмыстың құндылығын оңтайландыру; 



  Өнім Бэклог жұмыстары көрінетін, айқын және барлығына түсінікті болуын қамтамасыз 

ету және Скрам Тобының келесіде не істейтінін анықтау; және 

  Әзірлеу Тобы Өнім Бэклогінің элементтерін қажетті деңгейде түсінетінін қамтамасыз 



ету. 

Өнім Иесі жоғарыда аталған жұмысты өздігінен орындауы немесе оны Әзірлеу Тобы 

орындауы мүмкін. Алайда, Өнім Иесі осы жұмыс нәтижесіне есеп береді. 

Өнім Иесі - бір топ адам емес, бір ғана адам. Өнім Иесі Өнім Бэклог тізімінде комитеттің 

қалауын білдіруі мүмкін, бірақ Өнім Бэклог элементінің басымдылығын өзгерткісі 

келетіндер Өнім Иесіне жүгінуі керек. 




©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  7 

Өнім Иесінің жетістікке жетуі үшін бүкіл ұйым оның шешімдерін құрметтеуі керек. Өнім 

Иесінің шешімдері Өнім Бэклогінің мазмұны мен тапсырысынан көрінеді. Әзірлеу Тобын 

басқа талаптар жиынтығына жұмыс істеуді - ешкім мәжбүрлей алмайды. 

Өнімді Әзірлеу Тобы 

Әзірлеу Тобы әр Спринт соңында «Дайын» болатын Инкремент өнімінің шығарылуын 

қамтамасыз ететін өз ісінің мамандарынан тұрады. Спринт Шолуында Инкременттің 

«Дайын» деген қадамы қажет. Инкрементті тек Әзірлеу Тобының мүшелері дайындайды. 

Әзірлеу Топтары құрылымдалған және ұйымға өз жұмысын ұйымдастыруға және 

басқаруға мүмкіндік береді. Алынған жарастық Әзірлеу Тобының тиімділігі мен 

нәтижелігін оңтайландырады. 

Әзірлеу Топтары келесі сипаттамаларға ие: 

  Олар өзін-өзі ұйымдастырады. Ешкім (тіпті Скрам Мастер), Әзірлеу Тобына Өнім 



Бэклогіне сәйкес Инкрементке қол жетімді функционалдылық деңгейіне қалай өзгерту 

енгізу керектігін айтпайды. 

  Әзірлеу Топтар кросс-функционалды, барлық дағдыларды қамтитын топ ретінде өнім 



Инкрементін дауындау үшін қажет; 

  Скрам адам жасаған жұмыс үлесіне қарамастан, Әзірлеу Тобының Мүшелеріне 



ешқандай атақ бермейді

  Скрам тестілеу, архитектура, операциялар немесе бизнесті талдау сияқты мәселелерді 



шешуге қажет салаларға қарамастан, Әзірлеу Тобындағы ішкі топтарға бөлінбейді; 

және 


  Әзірлеу Тобының жеке мүшелері мамандандырылған дағдылар мен бағыттарға ие 

болуы мүмкін, бірақ есеп беру тұтастай алғанда Әзірлеу Тобының міндетіне жатады. 

Әзірлеу Тобының Өлшемі 

Әзірлеу Тобының оңтайлы өлшемі жеткілікті түрде аз - икемді бола алатындай, оған қоса 

Спринт ішіндегі маңызды жұмыстарды аяқтауға жетерліктей болуы керек. Әзірлеу 

Тобының Мүшесі үштен аз болған жағдайда, өзара әрекеттесуді тиімді етеді, бірақ 

өнімділіктің аз болуына ықпал етеді. Шағын Әзірлеу Топ Мүшелері Спринт кезінде 

икемділіктің шектелуіне байланысты қиындықтарға тап болуы мүмкін, сондықтан Әзірлеу 

Тобы қол жетімді ықтимал Инкрементті жеткізе алмайды. Топ мүшесі тоғыздан көп болған 

жағдайда - үйлестіруді қажет етеді. Әзірлеу Тобының үлкен саны эмпирикалық процестің 

пайдалы болуы үшін өте көп қиындық тудырады. Өнім Иесі және Скрам Мастер рөлдері 

Спринт Бэклогі жұмысын орындамаса, есепке алынбайды. 




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау