Анықтамалық нұсқаулық: Ойын Ережелері



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата27.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25196
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8

©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  16 

соғұрлым олар беймәлім болады. Алдағы Спринтте Әзірлеу Тобы айналысатын Өнім 

Бэклог элементтері бір Спринт ішінде «Дайын» болып жүзеге асырыла алатындай етіп 

жасалады. Әзірлеу Тобы Өнім Бэклог элементтерін «Дайын» түріне келтіруге мүмкін 

болатын элементтері Спринт Жоспарлауына «Даяр» деп саналады. Осылайша Өнім Бэклогі 

жоғарыда сипатталған нақтылау жұмыстары арқылы айқындық деңгейіне ие болады

Әзірлеу Тобы жұмыстың барлық талаптарын бағалауға жауап береді. Өнім Иесі Әзірлеу 



Тобына жұмыстың мәнін жақсырақ түсінуге және ымыраға келуге көмектесу барысында 

жұмыстың бағалануына әсер етуі мүмкін, дегенмен жұмысты орындаушылар соңғы және 

нақты бағаны анықтайды. 

Мақсаттарға қарай прогресті бақылау 

Кез келген уақытта мақсатқа жету үшін алда қандай жұмыс қалғанын қорытындылауға 

болады. Өнім Иесі бұл жалпы жұмысты, кем дегенде, әрбір Спринт Шолуы болғанда 

қадағалайды. Өнім Иесі осы күйді алдыңғы Спринт Шолуында қалған жұмыспен 

салыстырады, мақсатқа жету үшін жобаланған жұмысты аяқтау прогресін бағалайды. Бұл 

мәлімет барлық мүдделі тараптар үшін айқын болуы тиіс. 

Прогресті болжау үшін түрлі тәжірибелерді қолдануға болады. Мысалы, күйіп қалу 

диаграмманың екі түрін (жоғары бағытта немесе төмендеу бағытында) немесе 

жинақталған ағын кестесін қолдануға болады. Оның пайдалы екендігі әлдеқашан 

дәлелденген. Алайда, бұл эмпиризмнің маңыздылығын алмастыра алмайды. Күрделі 

ортада не болуы мүмкіндігін болжау қиын. Болған оқиғаны тек алдағы шешім қабылдау 

үшін пайдалануға болады. 



Спринт Бэклогі   

Спринт Бэлогі - бұл Спринт үшін таңдалған Өнім Бэклог элементтерінің жиынтығы, 

сонымен қатар өнімді дайындау жоспары және Спринт Мақсатын іске асыру жоспары 

болып табылады. Оған қоса Спринт Бэклогі Әзірлеу Тобының келесі Инкрементте қандай 

функционалдар болатындығын және осы функциялар «Дайын» деген деңгейге жету үшін 

қажет жұмысты анықтап болжайды. 

Спринт Бэклогі Спринт Мақсатына жету үшін Әзірлеу Тобы анықтаған барлық жұмыстарды 

көрсетеді. Үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету үшін оған міндетті түрде соңғы 

Ретроспективті кездесуде анықталған кем дегенде бір басым жетілдіру процесі енеді. 

Спринт Бэклогі жеткілікті түрдегі анық жоспарды ұсынады, сондықтан Күнделікті Скрамда 

прогресті анықтауға болады. Әзірлеу Тобы Спринттің барлық элементтерін Спринт 

барысында өзгертеді, және Спринт Бэклогі Спринт аяғына қарай көбірек айқындалады. Бұл 

Әзірлеу Тобы жоспар бойынша жұмыс істеп, Спринт Мақсатына жету үшін қажет жұмыс 

туралы жаңа мәліметтерді білуі нәтижесінде пайда болады. 

Жаңа жұмыс қажет болған жағдайда Әзірлеу Тобы оны Спринт Бэклог тізіміне қосады. 

Жұмыс орындалған немесе аяқталған кезде есептелген қалған жұмыс жаңартылады. 

Жоспардың элементтері қажет емес болып саналса, олар алынып тасталады. Спринт 



©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  17 

кезінде тек Әзірлеу Тобы ғана Спринт Бэклог тізіміне өзгертулер енгізе алады. Спринт 

Бэклогі Спринт барысындағы Әзірлеу Тобы жоспарлап қойған жұмыстың нақты көрінісі 

және ол тек Әзірлеу Тобының меншігі болып табылады. 

Спринт барысын бақылау   

Спринттің кез-келген уақытында Спринт Бэклогінде қалған жұмысты қорытындылау әбден 

мүмкін. Әзірлеу Тобы бұл жұмысты, ең болмағанда, Күнделікті Скрам кезінде Спринт 

Мақсатына жету мүмкіндігін бақылау үшін қадағалайды. Спринттегі қалған жұмысты 

бақылай отырып, Әзірлеу Тобы оның барысын басқара алады. 

Инкеремент 

Инкремент - Спринтте аяқталған барлық Өнім Бэклог элементтерінің нәтижесі және 

барлық алдыңғы Спринттердің Инкременттер жиыны. Спринт соңында жаңа Инкремент 

«Дайын» болуы керек, демек ол пайдалануға жарамды және Скрам Тобының анықталған 

«Дайын» деген анықтамасына сәйкес келуі керек. Инкремент эмпирикалық тәсілді 

қолдайтын және Спринт соңында тексеруге болатын жұмыстардың жиынтығы. Ол 

көрініске немесе мақсатқа жету қадамы. Өнім Иесі оны шығаруға шешім қабылдағанына 

қарамастан, Инкремент пайдалануға болатын жағдайда болуы керек. 



Артифакттың айқындығы 

Скрам айқындыққа негізделген. Артефакттердің қабылданған жағдайына байланысты 

құндылық пен бақылау тәуекелін оңтайландыру туралы шешімдер қабылданады. Сенімді 

шешімдер жасау үшін артефактілер айқын болу керек. Артефактілер толығымен айқын 

болмаған жағдайда, бұл шешімдер қате болып, құндылығы төмендеп қауіп-қатер артуы 

мүмкін.   

Скрам Мастер артефактілердің айқын екенін түсінуі үшін Өнім Иесі, Әзірлеу Тобы және 

басқа да мүдделі тараптармен бірігір жұмыс жасауы керек. Айқындықтың толық 

болмағанымен күресу әдістері бар. Егер айқындық толық болмаса, Скрам Мастер 

барлығына ең қолайлы болатын әрекеттерді орындауға көмектесуі керек. Скрам Мастер 

артефактілерді, түсіну заңдылықтарын тексеру, айтылғанды мұқият тыңдау, күтілетін және 

болған нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды анықтау арқылы айқындықтың толық 

еместігін анықтай алады. 

Скрам Мастердің міндеті – Скрам Тобы мен ұйыммен жұмыс жасау барысында 

артефактілердің айқындығын арттыру. Бұл жұмыс әдетте ізденісті, сенімділікті және 

өзгерістерді қамтиды. Айқындық бір түнде пайда болмайды, ол күрделі жол нәтижесі 

болып табылады. 



©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  18 



«Дайын» анықтамасы 

Өнім Бэклогі немесе Инкремент «Дайын» деп сипатталған кезде, барлығы «Дайын» деген 

нені білдіретінін түсіну керек. Жұмыс қорытындысының қандай жағдайда толық 

орындалғаны жайлы түсінік әртүрлі болуы мүмкін, дегенмен бір Скрам Тобының әр 

қатысушысы үшін ол бірдей болуы керек. Бұл Скрам Тобы үшін «Дайын» деген істің 

анықтамасы және өнім Инкрементінің жұмыс аяқталғанын бағалау үшін қолданылады. 

Дәл осындай критерийлер Әзірлеу Тобына Спринтті Жоспарлау кезінде Өнім Бэклогінің 

қанша элементтерін орындау мүмкіндігін анықтауға көмектеседі. Әрбір Спринттің Мақсаты 

Скрам Тобы қабылдаған қол жетімділік критерийлеріне сәйкес келетін өнім Инкрементінің 

«Дайын» деген мүмкіндігін арттыруы болып табылады. 

Әзірлеу Топтары әр Инкерементпен Спринтте өнімінің функционалдығын арттырады. Бұл 

Инкремент қолдануға жарамды болып табылады, сондықтан Өнім Иесінің қалауынша оны 

тез арада шығара алады. Егер Инкремент үшін «Дайын» анықтамасы конвенциялардың, 

стандарттардың немесе ұйымының нұсқауларының бөлігі болса, барлық Скрам Топтары 

оны міндетті түрде орындауы керек. 

Егер Инкремент үшін «Дайын» деген сөз ұйымның ережесінде анықталмаса, Әзірлеу Тобы 

Скрам Тобының өнімге сәйкес келетін «Дайын» анықтамасына келісуі керек. Егер жүйеде 

немесе өнімді шығаруда бірнеше Скрам Топтары бірігіп жұмыс істесе, олардың барлығы 

өзара келісіп «Дайын» анықтамасына келуі керек. 

Әрбір Инкремент барлық алдыңғы Инкременттерге қосымша болып келетіндіктен, толық 

нәтиже бірегей жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мұқият тексеріледі. 

Скрам Топтары есейген сайын, олардың «Дайын» анықтамалары күрделеніп, сапаның 

неғұрлым қатаң критерийлерін қосады деп күтілуде. Қолданыстағы жаңа анықтамалар 

бұрынғы «Дайын» қадамдарымен жасалатын жұмыстарды кеңейтуі мүмкін. Кез келген 

өнімде немесе жүйеде кез-келген жұмыс үшін үлгі болып табылатын «Дайын» анықтамасы 

болуы керек. 

 



©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  19 



Нұсқау тұжырымы 

Осы нұсқауда ұсынылған Скрам ақысыз болып табылады. Скрам рөлдері, оқиғалары, 

артефактілері мен ережелері өзгермеуі тиіс; және Скрамның тек бөліктерін ғана орындау 

мүмкін болса да, нәтижесінде Скрам шыққан жоқ. Скрам тек тұтас негіз ретінде ғана 

анықталады, бірақ ол басқа әдістерді, әдістемелер мен тәжірибелерді қолданыла алады. 

Алғыс хат

 

Тұлғалар 

 

Скрамға үлес қосқан мыңдаған адамдардың ішінен біз бастапқыда үлкен қызмет істеген 

тұлғаларды бөліп көрсетуіміз керек: Джефф Сазерленд Джефф Маккенна мен Джон 

Скумиоталеспен бірге жұмыс істеді, ал Кен Швабер Майк Смит пен Крис Мартинмен бірге 

жұмыс істеді және де олардың барлығы бірге Скрамды шығаруда үлкен үлес қосқан. 

Кейінгі жылдарда көптеген басқа мамандар еңбектеніп, олардың Скрамға бағытталған 

жұмыстары өте көп. 

Тарихы 

Кен Швабер мен Джефф Сазерленд 1995 жылы OOPSLA конференциясында Скрам туралы 

баяндама жасағанға дейін оны шығаруда жұмыс істеді. Бұл презентацияда негізі Кен мен 

Джеффтің соңғы бірнеше жылдар бойы алған білімі құжатталды және Скрам туралы 

алғашқы ресми анықтама жария етілді. 

Скрам тарихын басқа материалдардан табуға болады. Бұл анықтамада біз оны бірінші 

болып сынап, фреймворкке өзгеріс енгізген ұйымдарды ғана атап өтеміз: Individual, Inc., 

Fidelity Investments және IDX (бүгін - GE Medical). 

Скрам нұсқаулығы Джефф Сазерленд пен Кен Швабердің Скрамды 20 жылдан астам уақыт 

ішінде дамытып, кеңейтілген және демеп жетілдіретін құжат ретінде ұсынылады. Басқа 

мәліметтерден сіз Скрам фреймворкты толықтыратын сызбаларды, процестер және 

түсініктерді табуыңыз мүмкін. Бұл өнімділікті, құндылықты, креативтілікті және 

нәтижелерге қанағаттануды арттыруы мүмкін. 

Аударманы ұсынған 

Бұл нұсқаулық жоғарыда аталған нұсқау авторлары ұсынған ағылшын тіліндегі түпнұсқадан 

аударылған. Аударманы лингвистер көмегімен дайындаған - Асылбекова Анара, Agile 

Coach және тренер, PMP, Agile және цифрлау өзгерулерді енгізу маманы. 

Аударманы ұсынған маманның аты-жөні: Асылбекова Анара 

Электронды пошта: anara@asylbekova.kz 

Веп-сайт: 

www.asylbekova.kz

 

LinkedIn: 



www.linkedin.com/in/asylbekova

 

Twitter:    @AnaraAsylbekova 




 

Скрам Нұсқауының 2016 және 2017 басылымдарының 

арасындағы өзгерістер

 

1. «Скрамды қолдану» бөлімі қосылды. 

 

Скрам бастапқыда өнімдерді шығаруды басқару және дамыту үшін қолданылған. 1990 

жылдардың басынан бастап Скрам бүкіл әлемде кеңінен келесі жұмыстарда қолданылды: 

1.

  Өміршең нарықтарды, технологияларды және өнімнің мүмкіндіктерін зерттеу және 



анықтау; 

2.

  Өнімдерді шығару мен оларды жақсарту; 



3.

  Өнімді шығарумен қатар оларды күніне бірнеше рет жаңарту; 

4.

  Бұлтта (онлайн желіде, қауіпсіз, сұраныс бойынша) және өнімді пайдалану үшін 



басқа да ортаны дамыту және демеу; және, 

5.

  Өнімдерді демеу және жаңарту. 



Скрам программаны, аппараттық құралдарды, ендірілген қосымша программаны, өзара 

әрекеттесетін желілерді, автокөлік құралдарын, мектептерді, үкіметті, маркетингті, 

ұйымдардың жұмысын басқаруда, күнделікті жеке өмірімізде және қоғамда кез келген 

нәрсені жасау немесе өндіру үшін қолданылуы мүмкін. 

Технология, нарықтық, экологиялық қиындықтар және олардың өзара әрекеттестігі тез 

қарқынмен өскен сайын, Скрамның күрделілік мәселесіне деген пайдасы күнделікті 

дәлелденіп келеді. 

Скрам әсіресе білімді итеративті және Инкрементті түрде айырбастауда тиімді екенін 

дәлелдеді. Скрам қазіргі таңда өнімдердің жұмысында, қызметте және ұйымдарды 

басқаруда кеңінен қолданылады. 

Скрамның негізі - бұл шағын топ. Жеке шағын топ өте икемді және бейімделгіш болып 

табылады. Бұл артықшылық бір немесе бірнеше көптеген топтарға және топтар жиынына 

бірдей қолданылады. Ол мыңдаған адамдардың еңбегін, өнімдерді дайындайтын, 

релизбен шығаратын, басқаратын және қолдайтын құрылым. Олар дамыған 

архитектуралар мен анықталған релиз орталарымен өзара әрекеттеседі. 

Скрам нұсқаулығында «даму» және «дамыту» сөздері қолданылған кезде, олар жоғарыда 

аталған күрделі жұмыстарға негізделгеннін анық түсінуге болады. 

2. «Скрам Мастер» бөліміндегі мәтін осы рөлді дәлірек сипаттау үшін 

өзгертілді. Жаңа нұсқасы: 

Скрам Мастері Скрам нұсқаулығында көрсетілгендей Скрамды алға жетелеу және қолдау 

үшін жауап береді. Скрам Мастерлері оны бәріне Скрам теориясын, тәжірибесін, 

ережелерін және құндылықтарын түсінуге көмектесу арқылы жасайды. 




©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  21 

Скрам Мастері Скрам Тобының қызметші-көшбасшысы. Скрам Мастері Скрам Тобынан тыс 

адамдарға Скрам Тобымен өзара әрекеттесудің қайсысы пайдалы және қайсысы пайдасыз 

екендігін түсінуге көмектеседі. Скрам Мастері ол өзара әрекеттесуді Скрам Тобы жасаған 

жұмыстың құндылығын арттыру мақсатында өзгертуге көмектеседі.   



3. «Скрам Мастерінің Өнім Иесіне қызметі» бөліміне мәтін қосылды: 

Скрам Мастері Өнім Иесіне бірнеше жолмен қызмет етеді, соның ішінде: 

  Скрам Тобының әрбір мүшесі алға қойылған мақсаттың қаншалықты ауқымды екеніне 



және өнімнің саласына сай қасиеттерін мүмкіндігінше түсінетіндігіне көз жеткізу. 

4. «Күнделікті Скрам» бөлімінің бірінші абзацы жаңартылды, енді ол 

төмендегідей: 

Күнделікті Скрам - бұл Әзірлеу Тобы үшін 15 минут уақыт құрайтын жағдай. Күнделікті 

Скрам Спринттің әр күнінде өткізіледі. Онда Әзірлеу Тобы келесі 24 сағат ішінде қандай 

жұмыс істейтінін жоспарлайды. Бұл Күнделікті Скрамдағы жұмысты тексеріп, алдағы 

Спринт жұмысын болжай отырып, команданың әрекеті мен жұмысын оңтайландырады. 

Күнделікті Скрам күрделілікті азайту мақсатында бірдей уақытта және бір жерде өткізіледі 



5. Күнделікті Скрам мақсаттарының айқындығын қамтамасыз ету 

үшін «Күнделікті Скрам» бөліміне келесі өзгерістер енгізілді: 

Жиналыстың қалай өтетінін Әзірлеу Тобы белгілейді. Егер ол жиналыстар Спринт 

Мақсатына жетуге бағытталған болса, оны әртүрлі тәсілдермен өткізуге болады. Кейбір 

Әзірлеу Топтары сұрақтарды пайдаланады, кейбіреулері пікірталастарға негізделген 

болады. 

Төменде қолдануға жарамды мысал келтірілген: 

  Кеше мен Әзірлеу Тобына Спринт Мақсатына жетуге көмектесетін қандай іс 



атқардым? 

  Мен бүгін Әзірлеу Тобына Спринт Мақсатына жету үшін не істеймін? 



  Менің немесе Әзірлеу Тобының Спринт Мақсатына жетуге кедергі келтіретін 

қандай да бір қиындықтарды көріп тұрмын ба? 

6. Уақыт шектеулеріне қатысты түсіндірулер: 

«Ең көп дегенде» деген сөз тіркестігі іс-шараларға кететін уақыт туралы барлық мүмкін 

емес пікірталастарды болдырмауға, сондай-ақ оларды өткізудің рұқсат етілген ең ұзақ 

мерзімдерін анықтауға қолданылады. 



7. «Спринт Бэклогі» бөліміне келесі мәтін қосылды: 

Үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету үшін оған міндетті түрде соңғы Ретроспективті 

кездесуде анықталған кем дегенде бір басым жетілдіру процесі енеді. 



©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  22 



8. «Инкремент» бөліміне түсініктеме қосылды: 

Инкремент эмпирикалық тәсілді қолдайтын және Спринт соңында тексеруге болатын 



жұмыстардың жиынтығы. Ол көрініске немесе мақсатқа жету қадамы. 

Document Outline

  • Скрам нұсқауының мақсаты
  • Скрам анықтамасы
  • Скрамды қолдану
  • Скрам теориясы
    • Айқындық
    • Тексеру
    • Бейімдеу
  • Скрам құндылықтары
  • Скрам Тобы
    • Өнім Иесі
    • Өнімді Әзірлеу Тобы
      • Әзірлеу Тобының Өлшемі
    • Скрам Мастер
  • Скрам Оқиғалары
    • Спринт
      • Спринтті тоқтату
    • Спринтті Жоспарлау
      • Бірінші тақырып: Спринтте не бітіруге болады?
      • Екінші тақырып: Таңдалған жұмыс қалай орындалып аяқталады?
      • Спринт Мақсаты
    • Күнделікті Скрам
    • Спринт Шолуы
    • Спринт Ретроспективасы
  • Скрам Артефактілері
  • Артифакттың айқындығы
    • «Дайын» анықтамасы
  • Нұсқау тұжырымы
  • Алғыс хат
    • Тұлғалар
    • Тарихы
    • Аударманы ұсынған
  • Скрам Нұсқауының 2016 және 2017 басылымдарының арасындағы өзгерістер
    • 1. «Скрамды қолдану» бөлімі қосылды.
    • 2. «Скрам Мастер» бөліміндегі мәтін осы рөлді дәлірек сипаттау үшін өзгертілді. Жаңа нұсқасы:
    • 3. «Скрам Мастерінің Өнім Иесіне қызметі» бөліміне мәтін қосылды:
    • 4. «Күнделікті Скрам» бөлімінің бірінші абзацы жаңартылды, енді ол төмендегідей:
    • 5. Күнделікті Скрам мақсаттарының айқындығын қамтамасыз ету үшін «Күнделікті Скрам» бөліміне келесі өзгерістер енгізілді:
    • 6. Уақыт шектеулеріне қатысты түсіндірулер:
    • 7. «Спринт Бэклогі» бөліміне келесі мәтін қосылды:
    • 8. «Инкремент» бөліміне түсініктеме қосылды:

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау