©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative
Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form
at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you
have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.
Page | 14
•
Нарық жағдайына байланысты немесе өнімді ықтимал пайдалану үшін қандай
нәтижеге жету керектігін және келесі қандай өзгерістер жасау керектігіне шолу; және
•
Өнімнің функционалдығы мен мүмкіндігін ескере отырып өнімнің болашақ жетістігіне
байланысты уақыт кестесіне, бюджетке, мүмкіндіктер мен нарыққа шолу.
Спринт Шолу нәтижесі – қайта қаралған қазіргі Өнім Бэклогі негізінде келесі Спринт үшін
ықтимал Өнім Бэклог элементтерін анықтауы. Сондай-ақ, Өнім Бэклогі жаңа
мүмкіндіктерді қанағаттандыру үшін жалпы реттелуі мүмкін.
Спринт Ретроспективасы
Спринт Ретроспективасы - Скрам Тобына өзін өзі тексеріп, келесі Спринт кезінде енгізілетін
даму жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Спринт Ретроспективасы Спринт Шолуынан кейін және келесі Спринт Жоспарлауына дейін
ұйымдастырылады. Бұл бір айлық Спринт үшін ең көп дегенде үш сағаттық жиналыс.
Қысқа Спринттер үшін оқиға әдетте қысқа болады. Скрам Мастер іс-шараның болуын және
оған қатысушылардың оның мақсатын түсінуін қамтамасыз етеді.
Скрам Мастері кездесудің оң және нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Скрам Мастер
барлық қатысушыларды оқиғаға берілген уақыт ішінде жұмыс жасауды үйретеді. Ол
Ретроспективаға басқа топ мүшелерімен тең дәрежеде қатысады, бірақ Скрам процесіне
жауап береді.
Спринт Ретроспективасының төменде тізілген мақсаттары бар:
•
Соңғы Спринттің қалай өткенін бағалау: қатысушыларға, олардың ара-қатынастарына,
процестерге және құралдарға қатысты ненің қалай болғанын талқылайды.
•
Ненің жақсы болғанын және нені жақсарту керектігін анықтау және талқылау; және
•
Скрам Тобының жұмысына жетілдірулер енгізу жоспарын құру.
Скрам Мастері Скрам процесінің аясында Скрам Тобының өз жұмысын жетілдіруге және
оны келесі Спринтте тиімді әрі жағымды қолдану үшін топты ынталандырады. Әрбір
Спринт Ретроспективасы кезінде Скрам Тобы жұмыс процесін дамыту немесе «Дайын»
анықтамасын бейімдеу; өнімге немесе ұйым стандарттарына қайшы келмейтін жағдайға
жеткізу арқылы өнімнің сапасын арттыру жолдарын жоспарлайды.
Спринт Ретроспективасының соңында Скрам Тобы келесі Спринтте жүзеге асатын даму
жоспарын анықтап білуі керек. Осы жақсартуларды жүзеге асыру Скрам Тобының
бейімделуі болып табылады. Жақсартулар кез-келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін,
алайда Спринт Ретроспективасы тексеру мен бейімделуге назар аударудың ресми
мүмкіндігін ұсынады.
©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative
Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form
at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you
have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.
Page | 15
Скрам Артефактілері
Скрам Артефактілері жұмыс пен құндылықты анықтайды. Олар айқындықты қамтамасыз
етеді және тексеру мен бейімделудің жаңа мүмкіндіктерін береді. Скрам анықтаған
артефакттер негізгі ақпараттың айқындығын арттыру үшін арнайы жасалған, осылайша
әркім артефактіні бірдей түсінеді.
Өнім Бэклогі
Өнімнің Бэклогі - бұл өнімде қажет болатын барлық нәрселердің реттелген тізімі. Бұл
өнімге деген қойылатын талаптардың жалғыз дереккөзі. Өнімнің Иесі Өнім Бэклогіне,
оның мазмұнына, қол жетімділігіне және ретіне жауап береді.
Өнімнің Бэклогі элементтерінің соңы жоқ. Оның басында оған тек белгілі және түсінікті
талаптар ғана кіреді. Өнім Бэклогі өнім мен оны қолдану ортасына сәйкес дамиды. Өнімнің
Бэклогі өсіңкі болады; ол өнімге сәйкес, бәсекеге қабілетті және пайдалы болуы керектігін
анықтау үшін үнемі өзгеріп отырады. Егер өнім бар болса, оның Өнім Бэклогі да бар
болады.
Өнім Бэклогі тізімінде болашақ шығарылымдарда өнім өзгерістерін құрайтын барлық
мүмкіндіктер, функциялар, талаптар, жақсартулар және түзетулер берілген. Өнім Бэклог
элементтері келесі атрибуттарға ие: сипаттама, реті, орындау бағасы және құндылығы.
Өнім Бэклог элементтері әдетте «Дайын» болып аяқталған кезде, оның толықтығын
растайтын сынақ сипаттамаларынан да тұрады.
Өнім пайдаланылып, құндылыққа ие болып, нарықтан кері байланыс жинаған сайын, Өнім
Бэклогі ұлғайып кешенді тізімге айналады. Талаптар ешқашан өзгеруді тоқтатпайды,
сондықтан Өнім Бэклогі - тірі артефакт болып табылады. Бизнес талаптары, нарық
жағдайлары немесе технологияның өзгеруі Өнім Бэклогін өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Егер бір өнімді дайындауда бірнеше Скрам Топтары бірге жұмыс істейтін болса, олар
өнімнің алдағы жұмысын сипаттау үшін бір Өнім Бэклогін қолданады. Сонымен бірге оның
элементтері атрибуттар бойынша топтастырылуы мүмкін.
Өнім Бэклогін нақтылау дегеніміз - Өнім Бэклог тізіміндегі элементтерге егжей-тегжейлерді
қосу, бағалар мен тапсырыстарды талқылау әрекеті. Бұл Өнім Иесі мен Әзірлеу Тобы бірігіп
Өнім Бэклог элементтері бойынша егжей-тегжейлі жұмыс істейтін үздіксіз процесс. Өнім
Бэклогін нақтылау кезінде элементтер қайта тексеріліп қаралады. Скрам Тобы осы
нақтылау мәселелерін қашан және қалай жүзеге асыру керектігін шешеді. Нақтылау әдетте
Әзірлеу Тобының уақыт мөлшерінің 10% -нан аспауы керек. Алайда, Өнім Бэклог
элементтерін кез келген уақытта Өнім Иесі өздігінен өзгертуі немесе Өнім Иесінің қалауы
бойынша өзгертілуі мүмкін.
Әдетте тізімнің жоғарғы элементтері, астындағы элементтерге қарағанда көбірек
талданады. Өнім Бэклог элементтерінің сипаттамасы неғұрлым анық және айқын болса,
оларды бағалау дәлірек болады. Алайда, Өнім Бэклог элементтері неғұрлым төмен болса,