Анықтамалық нұсқаулық: Ойын Ережелері



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата27.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25196
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8

©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  10 

Спринттер бір күнтізбелік аймен шектеледі. Спринттің уақыты тым ұзақ болған кезде, 

әзірленіп жатқан жобаның анықтамасы өзгеруі мүмкін, онымен қоса күрделілігі мен 

тәуекелі жоғарылауы мүмкін. Спринттер кем дегенде әр айда Спринт Мақсатына қарай 

ілгерілікті тексеруді және бейімделуді қамтамасыз ету арқылы алдын-ала болжауға 

мүмкіндік береді. Спринттер тәуекелді шығынның бір күнтізбелік айына дейін шектейді. 

Спринтті тоқтату 

Спринтті уақыты жетпестен бұрын тоқтатуға болады. Спринтті тек Өнімнің Иесі ғана 

тоқтатуға құқылы. Бірақ ол мұндай жағдайға мүдделі тараптардың, Әзірлеу Тобының 

немесе Скрам Мастерінің әсерінен баруы мүмкін. 

Спринт Мақсаты актуалды болмаған жағдайда Спринт тоқтатылады. Яғни компания 

бағытты өзгерткенде, нарықтық немесе технологиялық өзгерістерге байланысты болуы 

мүмкін. Жалпы, егер Спринт аталған жағдайларға байланысты мағынасы жойылса, 

тоқтатылуы керек. Бірақ, Спринттер қысқа мерзімді болғандықтан, күшін жоюы өте сирек 

кездеседі. 

Спринт тоқтатылған кезде, аяқталған және «Дайын» деген Өнім Бэклогінің элементтері 

қайта қаралады. Егер жұмыстың бір бөлігін жасап шығару мүмкін болса, оны Өнім Иесі 

дайын деп қабылдайды. Өнім Бэклогінің барлық айяқталмаған элементтері қайта 

бағаланады және Өнім Бэклогінің тізіміне қайтарылады. Ол жұмыс бағасын тез жоғалтады 

және жиі қайта бағалануы керек. 

Спринттің тоқтатылуы ресурстарды тұтынуға себепші болады. Ол басқа Спринтті 

жоспарлап, басқа Спринтті бастауға күш салатындыққа байланысты. Спринттің тоқтатылуы 

әдетте Әзірлеу Тобына зақым келтіреді және де сирек кездеседі. 

Спринтті Жоспарлау 

Спринтте орындалуы керек жұмыстар Спринтті Жоспарлау оқиғасында жоспарланады. Бұл 

жоспарлау жұмысы Скрам Тобының бірлескен жұмысы негізінде жасалады. 

Спринтті Жоспарлау бір айлық Спринт үшін ең көп дегенде сегіз сағат уақытты ескереді. 

Қысқа Спринттер үшін оқиғалар әдетте қысқа болады. Скрам Мастер оқиғаның іске асуын 

және оған қатысушылардың оның негізгі мақсатын түсінуін қамтамасыз етеді. Скрам 

Мастері Скрам Тобына уақыт өлшемін есепке алуды үйретеді. 

Спринтті Жоспарлау келесі сұрақтарға жауап береді: 

  Алдағы Спринт нәтижесінде болатын Инкремент не үшін жасалады? 



  Инкрементті жасау үшін қандай жұмыс қажет болады? 

 

 

 



 


©2017 Ken Schwaber and Jeff Sutherland. Offered for license under the Attribution Share-Alike license of Creative 

Commons, accessible at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/legalcode and also described in summary form 

at http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/. By utilizing this Scrum Guide, you acknowledge and agree that you 

have read and agree to be bound by the terms of the Attribution Share-Alike license of Creative Commons.   

 

 

 



 

Page |  11 



Бірінші тақырып: Спринтте не бітіруге болады? 

Әзірлеу Тобы Спринтте жасалатын функционалды болжау үшін жұмыс істейді. Өнім Иесі екі 

маңызды мәселені жеткізуі керек: Спринтте бизнес мақсаттарға қалай қол жеткізуге 

болады және Спринт Мақсатына жету үшін Өнім Бэклогінің қажетті элементтерін қалай 

анықтауға болады. Осыған орай Скрам Тобы бірлесіп Спринт жұмысын түсінуде бірігеді. 

Бұл жиналысқа Өнім Бэклогі, өнімнің соңғы Инкременті, Спринттегі Әзірлеу Тобының 

жобаны жасап жеткізуі және Әзірлеу Тобының жұмыс жасау қабілеттілігі кіреді. Спринтке 

кіретін Өнімнің Бэклогінің тізімінен таңдалған элементтер саны тек Әзірлеу Тобына 

байланысты. Алдағы Спринт ішінде қандай жұмыс ауқымы істелінетінін тек Әзірлеу Тобы 

бағалай алады. 

Спринтті Жоспарлау барысында Скрам Тобы сонымен қатар Спринт Мақсатын да 

анықтайды. Спринт Мақсаты Өнім Бэклогін жүзеге асыру барысында Спринтте 

орындалатын жұмыс бағыты және Әзірлеу Тобына Инкремент не үшін жасалатындығын 

айқындайды. 



Екінші тақырып: Таңдалған жұмыс қалай орындалып аяқталады? 

Спринт Мақсатын белгілеп, Өнім Бэклогінің элементтерін таңдағаннан кейін, Әзірлеу Тобы 

бұл анықталған жұмысты Спринт барысында «Дайын» деген өнім Инкрементін қалай 

жеткізу керектігін шешеді. Осы Спринтке таңдалған Өнім Бэклог элементтері және оларды 

жүзеге асыру жоспары Спринт Бэклогі деп аталады. 

Әзірлеу Тобы әдетте жүйені жобалаудан бастайды және Өнім Бэклогінің жұмыс істейтін 

өнім Инкрементіне айналуы үшін қажет жұмысты анықтап орындайды. Орындалатын 

жұмыстың қиындығы мен болжанған жұмысты орындау үшін кететін күш әртүрлі болуы 

мүмкін. Дегенмен, Спринтті Жоспарлау барысында Әзірлеу Тобының алдағы Спринтте не 

істей алатындығын болжау үшін жұмыстар анықталып жоспарланады. Спринттің алғашқы 

күндері Әзірлеу Тобы жоспарлаған жұмыс-кездесудің соңына қарай көбіне бір күндік 

немесе одан аз бөліктерге бөлінеді. Әзірлеу Тобы Спринтті Жоспарлау кезінде және қажет 

болған жағдайда Спринт Бэклогінде жұмысты өздігінен ұйымдастырады. 

Өнім Иесі таңдалған Өнім Бэклогінің элементтерін анықтауға және өзара келісуге 

көмектеседі. Егер Әзірлеу Тобы тым көп немесе тым аз жұмыс жасайтындығын анықтаса, 

олар Өнім Бэклог элементтерімен таңдалған жұмысты қабылдайтынын немесе 

қабылдамайтынын Өнім Иесімен келісуі мүмкін. Әзірлеу Тобы басқа сала мамандарын 

техникалық немесе салалық кеңестер беруге шақыруы мүмкін. 

Спринтті Жоспарлаудың соңында Әзірлеу Тобы-Өнім Иесіне және Скрам Мастеріне Спринт 

Мақсатына жету және күтілетін Инкрементті дайындау үшін өзін-өзі ұйымдастыратын топ 

ретінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіре алуы керек. 

 



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау