Лифтілерге диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі оператор Лауазымдық міндеттері. Лифтілерді іске қосады және қажет болған жағдайда тоқтатады, олардың ақаусыз жұмыс істеуін қадағалайды. Лифт кабинасындағы жолаушылардың шақыруына жауап береді. Жолаушылар лифт кабинасында аялдап қалған жағдайда, тоқтап қалудың себептерін анықтайды және оларға лифтіні пайдалану ережелері жөнінде тиісті түсініктер береді. Лифт жұмысында туындаған ақауларды жою үшін, олар жөнінде уақтылы хабарлайды. Ауысымды қабылдау және өткізу журналын толтырады. Диспетчерлік пультта ақау болмауын және екі жақты байланыстың болуын қадағалайды.
Білуге тиіс: лифтілерге диспетчерлік қызмет көрсетуге қатысты ережелер, нұсқаулықтар, басқа да басшылыққа алатын материалдар және нормативтік құжаттар; диспетчерлік пульт құрылғысы және қызмет көрсетілетін лифтілерді пайдалану ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Call-центр операторы Лауазымдық міндеттері. Жеке және заңды тұлғалар үшін компаниямен көрсетілетін қызметтер, тарифтер, жүргізілетін маркетингтік және басқа да акциялар туралы ақпаратты ұсынады және қоңырауларды қабылдайды. Клиенттерге сервистік қызметті көрсетуді жүзеге асырады және өзінің құзыреті шегінде ағымдағы мәселелерді шешеді. Абоненттерден өтінімді қабылдайды, сұранысты қалыптастырады және оларды клиенттермен байланыс жөніндегі топқа жібереді. Өз қызметі туралы ұйымда белгіленген есептілікті дайындайды.
Білуге тиіс: көтерме және бөлшек сауда, салық салу, қаржы-шаруашылық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері; тамақ өнімдерін (соның ішінде алкоголь өнімдерін) бөлшек және көтерме ережелері; этикет ережелері; кәсіпорын жұмысы технологиясының ерекшеліктері; ұйымдардың деректер қоры, сонымен қатар ұйым сауда процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын басқа да бағдарламалық құралдар; тауартану және экономика негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Күзетші
Лауазымдық міндеттері. Ұйымды күзетуді және ұйым басшысы бекіткен тәртіпке сәйкес құжаттардың дұрыстығына және талапқа сай болуына назар аудара отырып, белгіленген тәртіптегі рұқсатнама немесе жеке куәлік бойынша нысанға өткізу тәртібін қамтамасыз ету. Бөгде адамдарды аумаққа тек басшының немесе ұйым қызметкерімен бірге аумаққа кіруге рұқсат етуге құқық берілген лауазымды тұлғаның рұқсатымен өткізеді. Ерекше маңызды нысандарға келушілерді ұйым басшысы бекіткен тізімге сәйкес өткізеді. Жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері арнайы тізімді басшылыққа ала отырып, қызметкерлердің қызмет орнына кіруін шектейді. Тәртіпті бұзу жағдайы жөнінде ұйым басшысын хабардар етеді. Басшының рұқсатынсыз мүліктер мен материалдық құндылықтарды шығаруға жол бермейді. Тәртіп бұзушыларды ұстайды, тауарлы және басқа да материалдық құндылықтарды әкету (әкелу) құқығы құжаттарына жүктің сәйкестігіне және құжаттарды ресімдеу дұрыстығына назар аудара отырып, күзет аумағына кіріп, шығып жатқан көліктерге тексеріс жүргізеді; ұйым басшылығы белгілеген жұмыс тәртібін сақтайды және оның орындалуын қызметкерлерден талап етеді. шабуыл болған жағдайда қажетті қорғаныс пен шабуыл жасаушыларды ұстау бойынша шаралар қолданады. Қылмыскерлердің (тауарларға және басқа материалдық құндылықтарға қол сұғу қылмысымен байланысты әрекет жасаған адамдарды немесе басқа құқық бұзушыларды) ұсталуына шаралар қолданады және оларды құқық қорғау органдарына жібереді және уақиға жөнінде қауіпсіздік қызметі басшысы мен құқық қорғау органдарына хабарлайды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері келгенше уақиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді, медициналық көмек шақырады және медицина қызметкерлері келгенше қылмыскерден немесе қайғылы оқиға нәтижесінде зардап шеккендерге қолдан келгенше медициналық көмек көрсетеді. Өрт туындаған жағдайда өрт сөндірушілерді шақырады және өртті сөндіру бойынша шаралар қолданады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйымның өткізу тәртібін регламенттейтін ережелері, нұсқаулықтары және өзге де басшылық етуші материалдар мен құжаттар; рұқсатнамалар мен өзге де рұқсатнама құжаттарын беру ережелері мен тәртібі, еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Денсаулығы мықты, спорттық дайындығы болуы, өзін-өзі қорғау және қорған болудың, дәрімен атылатын қару мен қорғанудың басқа құралдарын және байланыс құралдарын қабылдаудың арнайы ережелерін білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және құқық қорғау органдарында практикалық жұмыс стажы немесе жалпы орта білім, әскердегі қызметі және міндетті арнайы курс оқуы тиіс, сондай-ақ практикалық жұмыс стажы 1 жылдан кем емес болуы шарт.
Заңгер, нотариус, адвокаттың көмекшісі Лауазымдық міндеттері. Заңгер көрсеткен тақырып бойынша заңға қатысты ақпаратты құқықтық деректер қоры, мұрағат, іздеудің басқа да көздерінің көмегімен іздеуді жүзеге асырады. Табылған ақпаратты талдайды және берілген тақырыпқа жауап беретін нормативтік актілердің тізімін дайындайды. Күнделікті деректер қоры, республикалық заң газетін, мамандырылған заң баспаларын талдау арқылы қабылданған және күшіне енген нормативтік актілер тізімімен танысады және заңгерге ең маңызды нормативтік құқықтық құжаттар шолмасын әзірлейді. Шағын көлемде, қиындығы орташа заң құжаттарының (шарт, сұрау, шағым, талап арыз, наразылық) жобасын әзірлейді, оларды түзету және бекіту үшін заңгерге ұсынады. Заңгер тапсырмасы бойынша мемлекеттік және сот органдарына, жергілікті өзін өзі басқару органдарына, басқа ұйымдарға қиын емес заң мәселелерін (құжаттарды тапсыру мен алу, түсіндірмелерді алу басқа да заңдық іс әрекеттерін) шешу үшін жіберіледі. Заң құжаттамасының есебін жүзеге асырады, заңгермен жіберілген және заңгер үшін алынған корреспонденция үшін жауап береді. Өзінің жұмысының нәтижелері үшін есеп береді.
Білуге тиіс: материалдық және іс жүргізу құқық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; құқықтық қызмет бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар; мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен, заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасау этикасы; іс қағаздарын жүргізу стандарттары; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы есепке алу және жүргізу, коммуникациялар мен байланыстың заманауи техникалық құралдарын пайдалана отырып, ақпараттарды өңдеу әдістері; мәтіндік редактор және арнайы заңдық бағдарламалық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |