Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет103/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




Сызушы

Лауазымдық міндеттері. Эскиздік құжаттар бойынша немесе сызу ережелерін сақтай отырып, қажетті көлемдегі заттан тушпен немесе қарындашпен сызу жұмыстарын (бөлшектердің сызулары, жинақтау сызулары, жалпы түрдегі сызулар, габариттік және құрастыру сызбалары және басқа конструкторлық құжаттаманы) орындайды.Схемалар, ерекше нұсқамалар, түрлі ведомостер және кестелер жасайды. Сызуларды ресімдейді, қажетті жазуларды жасайды және шартты белгілерді тексереді. Қажет болған жағдайда сызу жұмыстарын компьютерде орындайды.


Білуге тиіс: сызу жұмыстарын орындау әдістері мен құралдары, техникалық сызу негіздері; сызу кезінде қолданылатын құралдар және саймандар; сызу және басқа конструкторлық құжаттаманы ресімдеу бойынша стандарттар, техникалық талаптар және нұсқаулықтар; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі ережесінің; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.

Экспедитор

Лауазымдық міндеттері. Кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдайды және өңдейді (индекстейді, сұрыптайды, реестрлік кітаптарда және тізбелерде жазбалар жүргізеді), олардың дұрыс ресімделуін тексереді. Конверттерді (пакеттерді) ашады, салымдардың болуын тексереді және хат-хабарды алушыларға жөнелтеді. Салымдардың болмауы немесе бұзылуы кезінде кеңсе меңгерушісіне хабарлайды. Жөнелтілетін хат-хабарды конверттерге салып, мөрлейді, жолдайды және маркерлейді. Экспедиция арқылы өтетін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қолданыстағы жабдықтардың және машиналардың техникалық жағдайын бақылайды, олардың бұзылуы туралы уақытылы хабарлайды.


Білуге тиіс: ұйымда іс жүргізуді ұйымдастыру негіздері; хат-хабарды өңдеудің тәсілдері және әдістері, тұрақты корреспонденттердің мекен-жайлары; хат-хабарды өңдейтін машиналарда жұмыс істеудің ережелері; ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымдары; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.




Жүктерді тасымалдау бойынша экспедитор



Лауазымдық міндеттері. Ілеспе құжаттар сәйкес қоймалардан жүктерді қабылдайды. Орамның (ыдыстың) тұтастығын тексереді. Жүкті тасымалдауға арналған құралдардың болуын және тасымалдауға арналған көліктің тиісті түрінің санитарлық жағдайын, тиеу-түсіру жұмыстарының дұрыс жүргізілуін, жүктің орналастырылуын және қойылуын бақылайды. Жүктерді белгіленген жерге дейін алып жүреді, тасымалдау кезінде олардың сақталуының және сақтығының қажетті режимін қамтамасыз етеді. Жеткізілген жүкті тапсырады, қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдейді. Қажет болған кезде жүктердің кем болуы немесе бұзылуы бойынша актілерді және басқа құжаттарды жасауға қатысады.

Білуге тиіс: тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; жүктерді қабылдау және тапсыру тәртібі; жүктерді негізгі жеткізіп берушілердің және олардың қоймаларының мекен-жайлары; экспедицияланатын жүктерді тасымалдау және сақтау шарттары; жылжымалы құрылыстың және контейнерлердің тиеу-түсіру операциялары кезінде іркіліс нормативтері; жүктерді тасымалдау бағыттары; жүктерді жөнелту және қабылдау құжаттарының нысандары және оларды ресімдеу ережелері; еңбекті ұйымдастыру негіздері Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.


II Бөлім

Ғылыми орталықтарда, ғылыми-өндірістік бірлестіктерінде, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдарында, тәжірибелік станциялар мен экспедицияларда, басқа да ғылыми ұйымдардағы лауазымды қызметкерлердің біліктілік сипаттамасы.




  1. Ғылыми және техникалық қызметкерлердің басшы лауазымдары, жалпы ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіру ұйымдары үшін



Бас директор, ұйымның директоры (басшы)



Лауазымдық міндеттері. Қолданыстағы заңнамалар және ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіру ұйымдары, ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік-шаруашылық қызметтері туралы ережелер негізінде олардың бейініне сәйкес келетін ғылым және техника салаларында экономикалық және оздық жобалар, бұйымдар, технологиялар құруда жаңа нәтижелер алу, экспорт және импорт өнімдерінің орнына қолдануды ұлғайтатын, тез сатылып алынатын әзірлемелер; оларды экономикалық қызметтер түрлерінде тезірек игеру, кіші және орта ғылымды қажетсіну өндірістерін құруға ықпал ету арқылы елдің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту және бәсекелестікке қабілетті өнімдер мен қызметтер өндірістерін ұлғайту мақсатында басшылық етеді. Түрлі концепциялардың, бағдарламалардың, заңдардың жобаларын, әлеуметтік-экономикалық реформалардың ғылыми-жүйелік негіздерін, өңірлерді дамытудың кешендік бағдарламаларын, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерді дамыту үшін, зияткерлік меншік нарығы және сәйкес инфрақұрылымдардағы нормативтік-құқықтық базаларды дайындауға белсенді қатысады. Қазақстандық ғылымды әлемнің ғылыми-ақпараттық кеңістігінде біріктіру (интеграция) бойынша шаралар қолданады, осы бағытта елдермен ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты ұлғайтады; заманауи ақпараттық технологияларды белсенді қолданады және дамытады. Іргелі конкурс, іргелі-қолданбалы және мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларға және жобаларға елдің ғылыми-техникалық дамуына бағытталған және әлемдік деңгейде жетістіктерге жетуге бағытталған конкурстарды өткізуге қатысады. Бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әріптестер іздестіруде шаралар қолданады. Ғылыми-техникалық жетістіктер мен идеялар нарығында маркетингтік зерттеулер өткізуді ұйымдастырады және ашуға және басқа да зияткерлік меншікке авторлық құқық жобалары мен жаңа технологияларды қорғау мәселесін зерделеп,уақтылы шеше отырып, өзінің идеялары мен жетістіктерін сату бойынша шаралар қолданады. Еңбекті ұйымдастыру бойынша талаптар мен нормативтердің сақталуын қамтамасыз етеді. Олар жаңа ұйымдарды жобалағанда және қолданыстағы ұйымдарды қайта жаңартқанда, технологиялық процесстер мен жабдықтарды даярлағанда ескерілуі қажет. Ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік бағыттарын анықтайды, жылдық және болашақтағы жұмыс жоспарларын құрады және оларды белгіленген тәртіпте бекітеді. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында сабақтас, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіру ұйымдарымен, сонымен қатар табысты кешенді проблемалар бойынша табысты іздестіру жүргізу үшін ғылыми әріптестік байланысты ұйымдастырады; ұйымдармен, жетекші компаниялармен және фирмалармен, ғылыми-зерттеу және техникалық әзірлеудің нәтижесін өндіріске енгізгенде және байқаудан өткізгенде, сонымен қатар белгіленген тәртіпте ғылыми –техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша шетел институттарымен байланысты жүзеге асырады. Ұйымның қаржылық ресурсына, оны тиімді және мақсатты қолдануға, заңдарға сәйкес дер кезінде салық және басқа да міндетті төлемдерді, жарналарды аударуға билік етеді. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және босату туралы мәселелерді шешуге, қызметкерлерге көтермелеу және жазалау шараларын қолданады. Материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шара қолданады, ғылыми-зерттеу және техникалық даярлау жоспарларын орындауды және ырғақтылық жұмыстарын қамтамасыз етеді. Ұйым қызметкерлерінің жоғарғы өндірістік жұмыс істеулері, зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасайды, заңның, мемлекеттік тәртіптің, еңбек туралы заңнаманың, еңбекті қорғау нормасын және тәртібін, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Басқарудың прогрессивтік жүйесін, зерттеу және әзірлеу әдістерін, заманауи есептеу техникасын енгізуді, басқару жұмыстарын механизациялау және автоматтандыруды қолдану негізінде шығындарды ұтымды азайтуға қол жеткізе отырып, ұйым қызметкерлерінің және құрылымының жұмыстарын жетілдіру бойынша жұмысты басқарады. Бекітілген жоспарға, титул тізімдеріне және жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес құрылысты, қайта құруды, сондай-ақ негізгі қорларды күрделі жөндеуді басқаруды жүзеге асырады, нысандар мен сатылып алынған жабдықтарды іске қосуды қамтамасыз етеді. Белгіленген еңбек ақы және материалдық ынталандыру жүйелерін тиімді пайдалану бойынша іс-шараларын жүргізеді, еңбек ақы қорының үнемді және ұтымды шығындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестациялауды, лауазымға жаңа мерзімге сайлау және бос лауазымдардың орнына конкурс жариялауды өткізеді. Қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды, докторантура, аспирантура және іздену жүйесі, ғылыми тағылымдамалар, тәжірибе алмасу, шетел әріптестерінен белсенді ноу-хау тарту арқылы ғылыми кадрлардың сәйкес мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді. Еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік жағдайлары бойынша шара қолданады.

Білуге тиіс: Экономикалық қызмет, ғылымның тиісті түрінің даму бағытын анықтайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; ұйымның қызмет бағыты, бейіні және мамандануы; ұйымның қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың шешімдері, ұйымның қызметі саласындағы отандық және шетелдік ғылым және техника саласындағы жетістіктер; зерттеу жұмыстары, техникалық әзірлемелер және оларға тәжірибелік бақылау жүргізудің ғылыми әдістері; басқа ұйымдар жүзеге асырған зерттеулер және сабақтас проблемалар бойынша әзірлемелердің қорытындылары; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру мен жоспарлау әдістері; маркетинг, салық және басқа да міндетті төлемдер, алымдар, сақтандыру жарнасын аудару тәртібі; қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі және материалдық ынталандыру нысаны, контрактілер мен шарттарды жасау және орындау тәртібі, экономика, еңбекті, өндірісті ұйымдастыру және басқару; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы, докторлық (кандидат-үміткер) ғылым деңгейі болған жағдайда ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау