Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет3/25
Дата14.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#4359
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АстМУ - 2017 

 

57 беттің 6-беті 



  

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы

 

 

1. 



«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ  

СТУДЕНТІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ» 

 

Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның мемлекеттік 

рәміздері – әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді. 

Студент  медициналық  жоғары  мектептің  өкілі  екенін  әрқашан  есінде  сақтайды,  оның 

абыройы мен беделін қадірлейді, оның абыройын көтеру үшін бар күшін салады. 

Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығында 

кәсіби шебер болуға, өз бойындағы үздік шығармашылық қасиеттерді дамытуға ұмтылады.  

Студент  үлкендерге  құрметпен  қарайды,  айналасындағы  адамдарға  дөрекілік 

танытпайды. 

Студент  әдептіліктің,  мәдениеттіліктің  және  өнегеліліктің  үлгісі,  ол  адамгершілікке 

жатпайтын  әрекеттерге  төзбейді  және  адамдарды  жынысына,  ұлтына  немесе  діни 

ерекшелігіне қарай кемсітуге жол бермейді. 

Студент  саламатты  өмір  салтын  ұстанады  және  зиянды  әдеттерден  толықтай  бас 

тартады. 

Студент  ЖОО  дәстүрін  құрметтейді,  оның  мүлкін  ұқыпты  ұстайды,  студенттер 

жатақханасында тазалық пен тәртіпті сақтайды. 

Студент шығармашылық (ғылыми-білім беру, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті   

дамытуға,  ЖОО-ның  корпоративтік  мәдениеті  мен  беделін  арттыруға  бағытталған  барлық 

қызметтің пайдалы және қажетті екенін мойындайды.  

Студент  академиялық  теріс  әдеттердің  барлық  түрлерімен  күресуді  өзінің  міндеті  деп 

санайды. 

Студент  студенттік  ынтымақтастықтың  интернационалдығының  және  көптілділіктің 

қажеттігін мойындайды.  

Студент «Астана медицина университеті» АҚ-тың этикалық негізгі құжаты – Ар-намыс 

Кодексін мүлтіксіз орындайды. 

 

 



 

 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

7 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

2  «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 



СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫ 

 

2.1 «Астана медицина университеті» АҚ миссиясы 

 

Астана  медицина  университеті  –  жеке  адамның,  қоғамның,  мемлекеттің  мүддесі  үшін 

ұлттық  және  халықаралық  сапа  станттарына  сәйкес  өз  қызметін  жүзеге  асырып  отырған, 

«өмір бойы білім беру» принципі бойынша денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті 

мамандарды даярлау бойынша медициналық білім беру жүйесіндегі көшбасшылардың бірі. 

 

2.2 «Астана медицина университеті» АҚ болашақты болжауы –Университет 



болашақта: 

 

Әлемдік  білім  және  ғылым  кеңістігіне интеграцияланған, Қазақстан  Республикасының 

жетекші  академиялық,  зертте,  автономдық  медицина  университеті,  ғылыми-клиникалық 

орталығы.  



2.3 Университет құндылықтары 

 

•  Құзіреттілік және   кәсіби шеберлік; 

•  Жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы; 

•  Басқару демократизмі, басшылықтың сайлануы, алқалылық; 

•  Адал болу және теріс пікірде болмау

•   Жауапкершілік;  

•  Ашықтық, ақпараттың айқындылығы және қолжетімділігі;  

•  Адамға деген құрмет; 

•  Лидерлік; 

•  Басқарудың лидерлік рөлі;  

•  Корпоративтік патриотизм; 

•  Әлеуметтік патернализм, ардагерлерге қамқорлық көрсету және жастарды қолдау;  

•  Корпоративтік мәдениет және демократиялық рух; 

•  Үздіксіз білім беру; 

•  Еркін шығармашылыққа оңтайлы жағдай;  

•  Инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаның болуы; 

•  Университеттің тұрақты қарым-қатынастары

•  Әлемдік білім беру, ғылыми және мәдени кеңістікке интеграциялану;  

 

2.4  Университетті дамытудың басым бағыттары: 



 

1.  Қазақстан  аймақтарының  экономикалық  дамуына  септігін  тигізетін  медициналық 

және фармакологиялық білім беру жүйесінің сапасын дамытуға белсене қатысу;  

2.  Халықаралық  стандарттарға  және  еңбек  нарығы  мен  технологияларының  үнемі 

өзгеріп  отыратын  талаптарына  сәйкес  «бәріне  өмір  бойы  білім  беру»  принципін  ұстанып 

сапалы білім беру; 

3.  Жаңа  формациядағы  ғылыми,  ғылыми-педагогикалық  кадрларды  және  мамандарды 

даярлау.  Бұл  –  қоғамды,  экономиканы,  практикалық  денсаулық  сақтау  саласын,  ғылымды 

жетілдіру, жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін шеше алатын үздіксіз білім беру, білім 

беру бағдарламаларының сабақтастығы принциптері бойынша жүзеге асады. 




 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

8 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

4.  Әлеуметтік  жағынан  қорғалу,  тұрақты  жұмыспен  қамтылу,  кәсіби  өсу  мүмкіндігі 



арқылы адами ресурстарды дамыту;  

5.  «Астана медицина университеті» АҚ-тың автономияға өтуі; 

6.  Зерттеу университеті мәртебесін алу; 

7.  Университет ғылымын жетілдіру және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі мен ОПҚ 

нәтижелерін коммерциализациялау; 

8.  Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық және халықаралық жүйелеріне сәйкестілігі  – 

ұлттық  және  халықаралық  институционалдық  аккредитациялау  және  білім  беру 

бағдарламаларын аккредитациялау; 

9.  Оқу  процесін  ұйымдастыру  технологияларын  жетілдіру,  оны  білім  алушылардың 

қызығушылығына  қарай  икемдеу  және  ЖОО-ның  оқытушы-профессорлар  құрамы  арасына 

бәсекелестік орнату; 

10.  Үздіксіз және сабақтас көптілділіктің үлгісін жасау; 

11.  ЖОО-ны 

басқару,  Университеттің  стратегиялық  менеджмент  жүйесі  мен 

корпоративтік мәдениетінің принциптері мен практикасын жетілдіру;  

12.  Университеттің  мүдделі  тараптарының  оқытудың  барлық  деңгейлерінде  алынған 

білім сапасына (түлектердің білімі) қанағаттануы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау