Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет14/25
Дата14.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#4359
түріАнықтамалық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

30 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.5.3.13.  Өзінің  оқу  орнын,  оқу  құралдарын  ұқыпты  және  таза  ұстауға,  оқу 



корпустарында,  үй-жайларда,  клиникалық  бөлімшелерде  және  басқа  да  құрылымдық 

бөлімшелерде тазалық сақтауға, Университет аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға; 

3.5.3.14 Сабақ барлық түрлерінде міндетті түрде халат және қалпақ киюге; 

3.5.3.15. Кітапхана ережесін сақтауға; 

3.5.3.16 Оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттерді жоғалтқан білім алушылар 

оларды балама немесе оларға тең кітаптармен ауыстыруға; 

3.5.3.17 Арнайы ережелерде және нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік техникасын, 

өрт  қауіпсіздігі  техникасын,  өндірістік  санитарияны,  еңбек  және  өртке  қарсы  күзет 

гигиенасын сақтауға; 

3.5.3.18    Білім  алушылардың  ішкі  тәртіп  ережесін  және  Жатақханада  тұру  ережесін 

сақтауға,  Университет  жарғысының  талаптарын,  Ғылыми  кеңестің  шешімін,  Тәртіптік 

кеңестің  шешімін,  ректордың,  проректорлардың,  декандардың  бұйрықтары  мен  өкімдерін 

орындауға; 

3.5.3.19  «Ақылы  білім  беру  қызметі  туралы»  және  «Тегін  білім  беру  қызметі  туралы» 

шарттардың талаптарын сақтауға міндетті. 

3.5.3.20  Ауылдық  квота  арқылы  грантқа  оқуға  түскен  мемлекеттік  білім  беру  грант 

иегерлері  ЖОО-ны  аяқтағаннан  кейін  аудандық  және  ауылдық  денсаулық  сақтау 

мекемелерінде  ЖОО-ның  жұмыс  орындарына  дербес  бөлуіне  сәйкес  үш  жыл  жұмыс  істеуі 

тиіс. 

3.5.3.21  Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  негізінде  медицина  мамандығына  оқуға 



түскен  азаматтар  ЖОО-ны  бітіргеннен  кейін  мемлекеттік  білім  беру  мекемелері  мен 

мемлекеттік медицина мекемелерінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. 

3.5.3.22  Анықтама  әкелуге  міндетті.  Ол  Университетке  жұмыс  орнына  келгендігін 

дәлелдеу  үшін  беріледі.  Анықтамаға  басшының  қолы  мен  медициналық  мекеменің  мөрі 

қойылуы  тиіс.  Сондай-ақ  оған  жұмыс  орны  туралы  мәлімет  пен  көрсетілетін  әлеуметтік 

көмек түрі жазылуы керек. 

 

3.5.4 Білім алушыларға тыйым салынған жағдайлар  

Білім алушыларға: 

3.5.4.1. Жалпыға ортақ этика нормаларын бұзуға; 

            3.5.4.2. Дөрекі сөйлеуге, балағаттауға, күш көрсетуге немесе білім алушылардың өмірі 

мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да әрекеттерге жол беруге; 

 

3.5.4.3.  Қызметкерлерге  және  білім  алушыларға  құрметпен  қарамауға,  олардың  ар-



намысы мен абыройына нұқсан келтіруге; 

 

3.5.4.4. Заңмен қудаланатын ақпаратты таратуға; 



 

3.5.4.5.  Университет  территориясында  орын  алған  қандай  да  бір  тәртіпсіздіктің 

бастамашысы  болуға,  тиісті  рұқсат  берілмесе  хабарландыру  және  көрнекі  үгіт-насихат 

қағаздарын ілуге;  

 

3.5.4.6.  Оқу  және  дәріс  аудиторияларында,  зертханаларда,  жатақханаларда 



тыныштықты және тәртіпті бұзуға; 

 

3.5.4.7.  Мас  күйінде  жүруге,  спиртті  ішімдіктер  ішуге,  есірткі  және  уытты  заттарды 



пайдалануға және таратуға, құмар ойындар ойнауға; 

 

3.5.4.8.  Университеттің  оқу  корпустарында,  жатақханаларында  және  клиникалық 



базаларында және маңайындағы аумақта шылым шегуге; 

 

3.5.4.9.  Үй-жайларда  (оқу  аудиторияларында,  дәріс  залдарында,  акт  залында)  бас 



киіммен және сыртқы киіммен жүруге;  

 

3.5.4.10. Университеттің мүлкіне зиян келтіруге;  




 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

31 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

 



3.5.4.11. Университет қабырғасында ақылы қызметтер немесе тауарлар ұсынуға; 

 

3.5.4.12.  Жемқорлықпен  ілесе  жүретін  немесе  жемқорлыққа  жағдай  жасайтын 



(сыйлық  беруге,  кез-келген  түрдегі  сыйақы  беруге,  сондай-ақ  пара  беру  үшін  делдал 

қызметін атқаруға) әрекеттер жасауға тыйым салынған. 

3.5.4.13  Университетте  шолақ  шалбар,  майка,  спорт  киімін  (денешынықтыру 

сабақтары  мен  спортпен  шұғылдануды  есепке  алмағанда),  шәркей  (шлепанцы),  сланцы 

киюге және ашық жерлерге пирсинг тағуға тыйым салынады. 

3.5.4.14  Жалған  құжаттарды  қолдан  жасауға  (студенттік  билет,  сынақ  кітапшасы, 

оқырман  билеті,  емтихандық  тізімдеме,  денсаулығы  туралы  анықтама,  портфолио, 

жатақханаға кіру рұқсат қағазы және т.б.) тыйым салынады. 

3.5.4.15  Кезекшілік,  науқасты  күту  және  т.б.  туралы  әдейі  жалған  ақпарат  беруге 

тыйым салынады. 

3.5.4.16  Ағымдық,  аралық  және  қорытынды  емтихандарда  мобильді  байланыс 

құралдарын,  шпаргалка,  микроқұлаққап  немесе  басқа  гаджеттерді  ұстауға  және  оларды 

пайдалануға тыйым салынады. 

3.5.4.17  Ағымдық,  аралық  және  қорытынды  емтиханды  басқа  студенттің  орнына 

тапсыруға тыйым салынады. 

3.5.4.18  Жоғарыда  аталып  өткен  әрекеттер  үшін  білім  алушылар  Университеттің 

тәртіптік кеңесіне шақырылады. 

3.5.4.19  Қорытынды  бақылау  күні  (дифференциалды  сынақ/емтихан)  білім  алушыға 

донор болғандығы туралы анықтама және дәрігер қабылдауында болғандығы туралы (емдік-

профилактикалық  мекемеге  жатқызылуын  есепке  алмағанда)  анықтаманы  қолдануға  рұқсат 

берілмейді. 

 

 



3.5.5 Оқу процесінің ережелері  

3.5.5.1. Оқу жоспарындағы пәндер бойынша жүргізілетін сабақтарға қатысу міндетті.  

3.5.5.2  Білім  алушы  курстан  курсқа  көшкен  кезде  Университеттің  әр  мамандыққа 

белгілеген курстан курсқа көшу балын (GPA – үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average)) 

жинауға міндетті. 

 

3.5.5.3.  Сынақ-емтихан  сессиясының  нәтижесі  бойынша  академиялық  қарыздары  бар 



білім  алушылар  тиісті  пәндерді  ақылы  негізде  қайта  оқу  арқылы  академиялық  қарыздарды 

жоюға міндетті.  

 

3.5.5.4.  Қайтадан  сабаққа  қатысу  арқылы  пән  бойынша  академиялық  қарызды  жою 



демалыс кезінде жазғы семестрде жүзеге асады. 

3.5.5.5  Білім  алушыларда  сабаққа  кешігіп келу  құқығы  жоқ.  Сабақ  басталғаннан  кейін 

аудиторияға оқытушының рұқсатымен ғана кіреді.   

 

3.5.5.6 Сабақ барысында ұялы телефонды және басқа байланыс түрлерін пайдалануға 



тыйым салынады.  

3.5.5.7  Оқу  тобында  жақсы  оқитын  және  тәртіпті,  топ  ішінде  беделді  студенттер 

арасынан староста тағайындалады. Оқу тобы старостасының функциясына: 

- топ ұйымдастырушысы болу, оқуда үлгі көрсету, топтың барлық ісінде белсенді болу; 

 

-  білім алушылардың барлық сабақтарға қатысуының жеке есебін жүргізу; 



            -  білім  алушыларды  сабақ  кестелеріндегі  өзгерістер,  хабарландырулар,  деканат  өкімі 

туралы хабардар ету; 

 

- топтағы күн сайынғы кезекшілікті тағайындау кіреді.  



3.5.5.8  Аталған  функциялар  аясында  старостаның  өкімі  топтағы  барлық  білім 

алушыларға міндетті.  




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау