АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет48/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



108

109


зарядты бір-біріне лезде жанастыратын 

болады, сол сәтте зарядтың массасы 

кризистік  массадан  артып  ядролық 

жарылыс  болады.  Ядролық  реакция 

секундтың  миллиондық  үлесіндей 

уақытта аяқталады. Атом бомбасының 

қопарылысы кезінде бір мезгілде өте 

қуатты 


қопарылыс толқыны, жарық 

сәуле және өтімділігі күшті радиа- 

ция  таралады.  Радиация  қоршаған  

ортаны (жерді, ауаны, суды) 



радиоак- 

тивтік қалдық заттармен ластайтын болады. 

«Атом бомбасы» деген атауды алғаш рет ағылшынның фантаст-жазышысы  

Герберт 

Уэллс  (1966  –  1916)  өзінің  1913  ж.  жарияланған  «Әлемді  құтқару» 

деген романында қолданған. Шар тәрізді 



уран-235-тің кризистік массасы –  

74,8 кг-ға, ал плутоний-239-дың кризистік массасы 9,65 кг-ға тең. 

АТОМДАРДЫҢ  СОҚТЫҒЫСУЛАРЫ  –  екі  атомдық  бөлшектің 

(атомдардың, молекулалардың, электрондардың немесе иондардың) ядроларының 

құрылымдары  мен  құрылысы  өзгермейтін  қарапайым  соқтығысулары. 

Атомдардың  соқтығысулары 



серпімді  және  серпімсіз  соқтығысуларға  ажы-

ратылады. Атомдардың с е р п і м д і  с о қ т ы ғ ы с у ы кезінде соқтығысушы 

бөлшектердің кинетикалық энергиясының қосындысы бастапқы күйінде қалады, 

тек бөлшектер арасында қайтадан бөлініп үлестіріледі, бөлшектер қозғалысының 

бағыттары өзгереді. С е р п і м с і з   с о қ т ы ғ ы с у кезінде соқтығысушы 

бөлшектердің ішкі энергиясы өзгеріске ұшырайды (энергиялар басқа энергия 

деңгейіне ауысады) және сәйкес түрде олардың толық кинетикалық энергиясы 

өзгереді.  Сонымен  қатар  атомның  электрондық  күйі  немесе  молекулалардың 

тербелістік немесе айналмалы күйі өзгереді. 

Атомдардың  серпімді  соқтығысулары  газдардағы  немесе  әлсіз  иондалған 

плазмадағы  ауысу  құбылыстарын  анықтайды.  Атомдардың  соқтығысуларына 

ұшырайтын бөлшектер өзге бөлшектерді шашыратып, олардың еркін қозғалысына 

кедергі  келтіреді.  Сол  себепті  диффузия  (бөлшектерді  тасу),  тұтқырлық 

(импульсті тасу), жылу өткізгіштік (энергия тасу) коэффициенттер және басқа 

газ  тасу  коэффициенттері  атомдардың  немесе  осы  газдың  молекулаларының 

жан-жаққа үлкен бұрыш жасап шашырауының эффектілі (тиімді) қимасы арқылы 

өрнектеледі. 

Атом  бомбасының  сұлбасы:  а)  1  –  қо- 

парғыш  құрылғы;  2  –  ядролық  заряд  (плу- 

тоний  немесе  уран);  3  –  қабықша,  б)  бом- 

баның қопарылыс кезіндегі көрінісі



А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



108

109


АТОМДАР  МЕН  МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ  ҚОЗУЫ  –  атомдар  мен  моле- 

кулалардың  фотондар  жұтуы  (



фотоқозу)  немесе  электрондармен  және  бөл- 

шектермен  соқтығысулары  кезінде  (



соққы  арқылы  қозу)  ең  аз  энергиялы 

деңгейден (мысалы, негізгі деңгейден) көп энергиялы деңгейге кванттық ауысуы. 

Жарық сәуле әсерінен v жиілікті бір фотонды жұту нәтижесінде hv 

ࣟ 

і

ࣟ 

к



 энер-

гиялы қарқындылығы әлсіз қозуға ұшырайды (мұндағы – Планк тұрақтысы, 



v  –  жиілік, 

ࣟ 

  –  энергия).  Лазерлік  сәуле  өрісінде  бірмезгілде  бірнеше  фотон 



жұту арқылы қозу мүмкін болады, мұның қосынды энергиясы атомдағы немесе 

молекуладағы ауысу энергиясына 

ࣟ 

і 

– 

ࣟ 



к

 тең. 


АТОМДЫҚ МАССА, ескірген атауы  – атомдық салмақ – массаның атом- 

дық бірлігімен (м.а.б.) өрнектелген атом массасының салыстырмалы мәні. Атом- 

дық масса атомдық бөлшектердің құраушыларының массаларының қосынды- 

сынан  масса  ақауындай  (дефектісіндей)  шамаға  (m)  кем.  Орыс  ғалымы  Дми-

трий 

Менделеев (1934 – 1907) элементтердің периодтық жүйесінде элементтің  

негізгі сипаттамасы ретінде атомдық массаны алған. Атомдық массаның 



мас- 

салық  саннан  атом  ядросындағы  (нейтрондар  мен  протондардың  қосынды- 

сынан) айырмашылығы бұл масса – бөлшектік шама. Бір химиялық элементтің 

изотоптарының  атомдық  массалары  әртүрлі  болады,  табиғи  элементтер  изо- 

топтардың қоспаларынан құралған, сондықтан атомдық масса үшін изотоптар- 

дың атомдық массаларының орташа мәні қабылданған. 

АТОМДЫҚ НӨМІР, Z – атомның негізгі қасиеттерін анықтаушы ядроның 

зарядына  (қарапайым  электр  зарядының  бірлігіндегі)  тең,  атомның  негізгі 

сипаттамаларының бірі. 

Атомдық нөмір ядродағы протондар санына, бейта-

рап атом үшін – ондағы электрондар санына тең. Менделеевтің элементтердің 

периодтық жүйесінде  химиялық элементтер атомдық нөмірдің өсу реті бойынша 

орналасқан. Сол себепті химияда осы атаудың синонимі – р е т т і к  н ө м і р  

атауы қабылданған. 



АТОМДЫҚ  РЕАКТОР  (латынша  «ре»  –  қарама-қарсы  әсерді  білдіретін 

қосымша + «актио – әсер») –



 қ. ядролық реактор. «Атомдық реактор» деген атау 

көпшілік арасында «



атомдық қазан» деп те аталады. 

АТОМДЫҚ САҒАТ – қкванттық сағат. 

АТОМДЫҚ САЛМАҚ – атомдық массаның ескірген атауы. Қазіргі кезде 

қолданыстан шығып қалған. 



қ. Атомдық масса

АТОМДЫҚ  СПЕКТРЛЕР  (латынша  «спектрум  –  көріну»)  –  атомдардың 

энергиялық деңгейлері аралығындағы электрмагниттік сәуле шығарушы кванттық 

ауысулар  кезінде  еркін  немесе  өзара  әлсіз  әсерлесетін  атомдардың  әлгіндей  




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау