АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР МАВРоЛИК



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет14/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   274

34

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



МАВРоЛИК Франческо (1494 – 1575) – итальян физигі. Кемпірқосақтың 

пайда болуын түсіндірген, оның жеті түсті болатынын байқаған. Алғаш болып 

жақыннан және алыстан көргіштіктің себебін, көзілдіріктің әсерін түсіндірген. 



МАГнУС Генрих Густав (1802 – 1870) – неміс физигі.1852 ж. сұйық немесе 

газ ағынында айналып тұрған денеге әлгілердің тарапынан әсер ететін 



көлденең 

күштің пайда болу құбылысын ашқан (Магнус эффектісі).

МАдЕЛУнГ  Эрвин  (1881  –  1972)  –  неміс  физигі.  1910  ж.  ас  тұзының 

кристалдық торының түйінінде иондардың орналасқанын дәлелдеген.



МАйоРАнА Этторе (1906 – 1938) – итальян физигі. 1932 ж. Ирен және Фре-

дерик Жолио-Кюрилердің тәжірибелеріне сүйене отырып, жаңа бейтарап бөлшек 

– 

нейтронның болатынын болжаған.

МАКМИЛЛАн Эдвин Маттисон (1907 – 1991) – американ физигі. 1940 ж.  

Ф.Абельсонмен  бірлесіп  уранды  нейтрондармен  соққылап,  ең  алғашқы 

трансурандық  химиялық  элемент  – 

нептуний-239-ды,  1941  ж.  Г.  Сиборг-

пен  бірге 



плутони-239-ды  синтездеген.  1945  ж.  кеңес  физигі  В.  И.  Векслерге 

қатыссыз бөлшектерді үдетудің жаңа принципі – 



автофазалауды ашқан. 1947 ж. 

электрондық 



синхротронды (330 МэВ) жасаған.

МАКСВЕЛЛ Джеймс Клерк (1831 – 1879) – ағылшын физигі. 1860 –  65 жыл-

дары бірнеше теңдеу жүйесі түрінде тұжырымдалған 



элекрмагниттік өріс тео-

риясы үлкен ғылыми жетістік болды. Осы теориясында Максвелл 1861 ж. жаңа 

ұғым  – 

ығысу  тогын  енгізген,  1864  ж.  электрмагниттік  өріске  анықтама  бер-

ген, 1865 ж. жаңа маңызды эффект: еркін кеңістікте 



электрмагниттік сәуленің 

(электрмагниттік  толқындардың)  болатынын  және  оның  кеңістікте  жарық 

жылдамдығымен  таралатынын  алдын  ала  болжаған.  Осы  соңғы  қорытынды 

(1865ж.)  жарықтың  электрмагниттік  сәуленің  (жарықтың  электрмагниттік 

табиғаты)  бір  түрі  екенін  аңғартты  және 

оптикалық  және  электрмагниттік 

құбылыстар  арасындағы  байланысты  ашуға  мүмкіндік  туғызды,  1873  ж.  те-

ория  жүзінде  жарықтың  қысымын  есептеп  тапқан.  1860  ж.  ԑ=n

2

  қатынасын 



орнықтырған. 

Скин-эффектті алдын ала болжаған.

МАЛЮС  Этьен  (1775  –  1812)  –  француз  физигі.  1808  ж.  жарықтың  ша- 

ғылысу  кезінде  полярланататынын  және  полярланған  жарық  қарқындылы- 

ғының өзгеру заңын ашқан (Малюс заңы). 1811 ж. Ж. Биоға қатыссыз жарықтық 

сынуы кезінде полярланатынын айғақтаған.

МАРИоТТ Эдм (1620 – 1684) – француз физигі. 1676 ж. тұрақты температу- 

ра  кезінде  газ  массасының  қысымға  байланысты  көлемінің  өзгеру  заңын  тұжы- 

рымдаған (Бойль – Мариотт заңы). 

Судың қату кезінде көлемі ұлғаятынын дәлел- 

деген. 1666 ж. көздің соқыр дағын анықтаған. Күн мен Ай дискісінің айналасында- 

ғы  түрлі  түсті  сақиналарды, 



кемпірқосақты,  жарық  дифракциясын  зерттеген, 

жылулық сәуле мен жарық сәуленің арасындағы айырмашылықты ашқан.


35

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



МАРцИ Ян Маркус (1595 – 1667) – чех ғалымы. 1648 ж. жарық дисперсиясын 

ашқан және алғаш болып 



жарықтың толқындық қасиеті туралы идея айтқан. 

Кемпірқосақты түсіндірген.

МЕйМАн Теодор Гарольд (1927 – ?) – американ физигі. 1960 ж. ең алғашқы 

оптикалық  кванттық  генератор-рубиндік  лазерді  ойлап  тапқан.  1961  ж. 

лазерлік эффектінің теориясын тұжырымдаған.

МЕйТнЕР Лизе Майтнер (1878 – 1968) – австралиялық физик әрі радиохимик. 

1932 ж. жалғыз өзі алғаш болып 



нейтрондар әсерімен ядролық түрлендіруді 

жүзеге  асырған.  О.  Фришпен  бірге  Ган  мен  Штрассманның  тәжірибелеріне 

1939  жылдың  басында  дұрыс  түсініктеме  берген.  Бақыланған  құбылысты 

уран ядросының екі «кесекке» бөлінуі ретінде түсіндірген, осы құбылыс үшін 



«бөлшектену» деген ғылыми атау енгізген. Тізбекті ядролық бөлшектену реак-

циясын алдын ала болжаған.



МЁССБАУэР  Рудольф  Людвиг  (1929  –  ?)  –  неміс  физигі.  1955  ж.  тебусіз 

ядролық  гамма-резонансты  ашқан.  Осы  құбылыс  Мессбауэр  эффектісі  деп 

аталған. Нобель сыйлығының иегері (1961 ж.).



МУШЕнБРУК Питер ван (1692 – 1761) – голланд физигі. 1745 ж. Э. Клейстке 

тәуелсіз 



алғашқы конденсатор – л е й д е н  б а н к і н ойлап тапқан.

МЮЛЛЕР Эрвин Вильгелм (1911 – 1977) – неміс физигі. 1936 ж. автоэлек- 

трондық микроскопты, 1951 ж. автоиондық микроскопты ойлап тапқан. 1956 ж. 

өріс әсерінен булану құбылысын ашқан. 1958 ж. кристалдық торды атомдық 

деңгейде көрсететін тікелей бақылауды, 1967 ж. алғаш рет домендік құрылымды 

көрсететін микроскопты жүзеге асырған. 1968 ж. атомдық зондты 

иондық про-

екторды жасаған, ол жекелеген атомды салыстыруға мүмкіндік берген.

нАГАоКА Хантаро (1865 – 1950) – жапон физигі. 1904 ж. оң зарядты ядродан, 

оның айналасында электрондар орналасқан сақина айналатын («Сатурн секілді 

атом») 

атом моделін ұсынған.

нЕЕЛЬ Луи (1904 – ?) – француз физигі. Антиферромагнетизм және ол жо- 

йылатын  температураны  алдын  ала  болжаған  (Неель  нүктесі).  Кемелерді 

магниттік миналардан қорғайтын әдісті тапқан.

нЕРнСТ Вальтер Фридрих Герман (1864 – 1941) – неміс физигі әрі химигі. 

1906 ж. химиялық бір текті қатты немес сұйық дененің энтропиясы абсолют нөл 

температура  кезінде  нөлге  тең  болады  деген  пікір  айтқан  (Нерст  теоремасы). 

Осы теорема көп жағдайда термодинамиканың үшінші бастамасы деп аталады. 

1906 ж. 

газдың «айну» эффектісін алдын ала болжаған.

нИКоЛЬ  Уильям  (1768  –  1851)  –  шотланд  ғалымы.  1828  ж.  сызықтық 

полярланған жарық шығаруға арналған ең бірінші аспап 



поляризаторды ойлап 

тапқан (Николь призмасы). 1839 ж. осындай екі призмадан бір аспап жасаған, ол 

қазіргі кезге дейін пайдалануда.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау