АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР нИШИдЖИМА



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет15/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   274

36

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



нИШИдЖИМА Кацухико (1926 – ?) – жапон физигі. 1954 ж. М.Гелл-Маннға 

қатыссыз  ғажаптық  (жаңа  кванттық  сан)  ұғымын  енгізген.  1957  ж.  (өзгелерге 

қатыссыз) электрондық және мюондық нейтриноны алдын ала болжаған.

ноЛЛЕ Жан Антуан (1700 – 1770) – француз физигі. 1747 ж. электрскоп-

ты ойлап тапқан. Электрдің ұшы доғал заттарға қарағанда үшкір заттардан тез 

«ағып» кететінін алғаш болып байқаған. 1748 ж. 



сұйықтың диффузиясын және 

осмосты ашқан.

оЖЕ Пьер Виктор (1899 – ?) – француз физигі. Газдардағы фотоэффектілерді 

зерттей  отырып,  ұшып  шығатын  электрондардың  бұрыштық  үлестірілулерін 

дәл  есептеп,  фотоэффектінің  кванттық  теориясын  растаған.  1925  ж.  қоздыру 

энергиясының ішкі қайта үлестірілуінің нәтижесінде қоздырылған атомдардың 



автоиондандырылу  құбылысын  (Оже  эффект)  және  1938  ж.  атмосфералық 

тасқынды ашқан (Оже тасқыны).

оМ  Георг  Симон  (1787  –  1854)  –  неміс  физигі.  1826  ж.  тәжірибе  жүзінде 

электр тізбегінің ток күшін, кернеуін және өткізгіш кедергісін өзара байланысты-

ратын негізгі заңын (Ом заңын) ашқан. 1827 ж. осы заңды теория жүзінде (тізбек 

бөлігі  және  тұтас  тізбек  үшін)  қорытып  шығарған, 



«электрқозғаушы  күш», 

«кернеудің түсуі» және «өткізгіштік» деген ұғымдарды енгізген. 1830 ж. алғаш 

рет ток көзінің электрқозғаушы күшін өлшеген.



оппЕнГЕйМЕР Роберт (1904 – 1967) – американ физигі. 1931 ж. ол және 

П.  Эренфест  спині  1/2-ге  тең  тақ  санды  бөлшекті  ядролар 



Ферми-дирак,  ал 

жұп санды ядролар 



Бозе-эйнштейн статистикасына бағынышты болуы тиісті 

екенін көрсеткен. 1939 ж. Дж. Снайдермен бірге 



«қара апанның» болуын алдын 

ала болжаған.



пАнЕТ Фридрих Адольф (1887 – 1958) – австриялық радиохимик. 1913 ж. Д. 

Хевешимен бірге 



таңбалы атом әдісін тұжырымдаған.

пАРСЕЛЛ  Эдвард  Милс  (1912  –  ?)  –  американ  физигі.  1946  ж.  Ф.  Блохқа 

қатыссыз түрде Р. Паундпен бірге 



ядролық магниттік резонансты ашқан. Но-

бель сыйлығының иегері (1952 ж.).



пАСКАЛЬ Блез (1623 – 1662) – француз математигі әрі физик. 1653 ж. қысым 

сұйықтың барлық жағына бірқалыпты беріледі деген заңды тұжырымдаған.



пАУЛИ Вольфганг (1900 – 1958) – швейцар физигі. 1924 – 25 жылдары осы 

заманғы теориялық физиканың маңызды принципі – 



бүтіннің жартысына тең 

спинді тепе-тең екі бөлшек бірдей күйде бола алмайды делінетін принципті 

тұжырымдаған  (Паули  принципі).  Э.  Фермимен  бірлесіп,  металдардағы, 

электрондық газдағы 

күшті айныған деген түсінікті енгізген. 1931 ж. нейтронның 

болатыны туралы болжал айтқан және 



нейтронның негізгі қасиеттерін, 1955 ж. 

қарапайым  бөлшектердің  симметриясын  бейнелейтін  СРТ-  теоремасын 

тұжырымдаған. Нобель сыйлығының иегері (1945 ж.).



37

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



пЕГРАМ Джордж (1876 – 1958) – американ физигі. 1939 ж. графитті ней-

тронды баяулатқыш ретінде пайдалану идеясын ұсынған.

пЕЛЬТЬЕ Жан Шарль Атаназ (1785 – 1845) – француз физигі. 1834 ж. әртүрлі 

екі  металдың  жапсарында  (жанасатын  тұсында)  токтың  өту  бағытына  тәуелді 



жылу шығарылатынын немесе жұтылатынын анықтаған (Пельтье эффектісі).

пЕРРЕн Жан Батист (1870 – 1942) – француз физигі әрі физик-химигі. 1895 

ж.  тәжірибе  жүзінде 



катодтық  сәуленің  теріс  зарядталған  бөлшек  екенін 

дәлелдеген. 1909 ж. Авогадро санын есептеп тапқан (6,8·10

23

). 1901 ж. 



атомның 

ғаламшарлық моделін ұсынған (Перрен моделі). 

пЕРРЕн Фрэнсис (1901 – 1979) – француз физигі. 1939 ж. тізбекті ядролық 

реакцияның өтуі үшін қажет уранның бөлінуінің кризистік массасын есеп-

теп тапқан.

пЕТРоВ Василий Владимирович (1761 – 1834) – орыс физигі әрі электртехнигі. 

1802 ж. 


электр доғасын ашқан.

пИРСон Джеральд (1905 – ?) – американ физигі. 1954 ж. алғаш рет күн ба-

тареясын жасаған. 

пЛАнТЕ Гастон (1834 – 1889) – француз физигі. 1860 ж. қорғасынды акку-

муляторды ойлап тапқан.

пЛЮККЕР  Юлиус  (1801  –  1868)  –  неміс  математигі  әрі  физик.  1859  ж. 

катодтық сәулені ашқан және оның магниттің әсерінен ауытқитынын байқаған. 

1865 ж. 


спектрлерді сызықтық және жолақты түрлерге ажыратқан.

пнЕВСКИй  Ежи  Мария  (1913  –  ?)  –  поляк  физигі.  1952  ж.  М.Данышпен 

бірге 


гиперъядроны ашқан.

пойнТИнГ  Джон  Генри  (1852  –  1914)  –  ағылшын  физигі.  1884  ж. 

электрмагниттік  энергияның  ағыны  туралы  ұғымды  енгізген  (Умов-Пойн-

тинг векторы). 1903 ж. ғарыштық денелердің гелиоорталықтық қозғалысын Күн 

сәулесінің тежейтіні туралы идея айтқан (Пойнтинг-Робертсон эффектісі). Осы 

эффектімен 



кометалар құйрығының Күннен қарама-қарсы жаққа бұрылуын 

түсіндірген.

понТЕКоРВо Бруно Максимович (1913 – 1993) – итальян физигі. 1934 ж. 

Э. Ферми тобымен бірге әртүрлі затты нейтрондармен соққылау тәжірибелеріне 

қатысқан. 1957 ж. нейтриноны тербелту мүмкіндігі туралы идея айтқан.

пРИСТЛИ  Джозеф  (1733  –  1804)  –  ағылшын  химигі  әрі  физик.  1771  ж. 

фотосинтезді, 1774 ж. оттегін ашқан. 1766 ж. электрлік өзараәсерлесу күшінің 

зарядтардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал болаты-

нын анықтаған.

пРоХоРоВ  Александр  Михайлович  (1916  –  2002)  –  орыс  физигі.  Жиілік  

пен  уақыттың  молекулалық  стандарттарын  тұжырымдаған,  осы  тұжырым  оны 

1954  ж.  Н.  Г.  Басовпен  бірге  аммиак  негізді  алғашқы 

молекулалық  генера-



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау