28
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
дЕБАй Петер (1884 – 1966) – голланд физигі. 1916 ж. А. Земмерфельдпен
бірге Зееман эффектісін түсіндіру үшін кванттау шартын қолданған, магниттік
кванттық санды енгізген. 1923 ж.
Комптон эффектісін түсіндірген. 1932 ж.
ультрадыбыстағы жарық дифракциясын ашқан.
дЕЗАГЮЛЬЕ Жан Теофил (1683 – 1744) – ағылшын жаратылыстанушысы.
1742 ж.
электр өткізгіш және өткізгіш емес деген ұғымдарды енгізген және
«өткізгіш» деген ғылыми атауды енгізген.
планетарийді ойлап тапқан.
дЕКАРд Рене (1596 – 1650) – француз философы, физик әрі математик.
Қозғалыс «күші» (қозғалыс мөлшері) деген ұғымды енгізген. 1644 ж.
инерция
заңын тұжырымдаған. 1637 ж. «Диоптрика» деген ғылыми еңбегінде
жарықтың
таралуы, шағылысуы және сынуы, кемпірқосақ туралы т.б. мәселелер
қарастырылған.
дЕЛЮК Жан Андре (1727 – 1817) – швейцар физигі. 1754-55 жылдары
мұздық еруі кезінде температураның өзгермейтінін және мұздың суға ауысуы
үшін қосымша жылудың қажет болатынын байқаған. Судың жылулық ұлғаюы
кезіндегі аномалияны –
максимал тығыздықты қатаю кезінде емес, +4
0
C тем-
пературада ие болатынын анықтаған (1772 ж.).
дЕМпСТЕР Артур Джеффи (1886 – 1950) – канада физигі. 1918 ж. ең алғашқы
масс-спектрметрді жасаған.
дЕннИСон Дэвид Маттиас (1900 – 1976) – американ физигі. 1927 ж.
протонның спині болатынын және оның 1/2 h-қа тең екендігін постулаттаған
(пікір айтқан).
дЕпРЕ Марсель (1843 – 1918) – француз физигі әрі инженер. 1880 ж. Д. А.
Лачинковқа қатыссыз
алыс қашықтыққа электр энергиясын шығынсыз та-
рату үшін кернеуді арттыру туралы идеяны негіздеген.
дЖЕРМЕР Лестер Халберд (1896 – 1971) – американ физигі. 1927 ж. К.
Девиссонмен бірлесіп (Дж. П. Томсонға қатыссыз) никель монокристалынан
электрондардың дифракциясын байқаған.
дЖоСЕФСон Брайан Дэйвил (1940 – ?) – ағылшын физигі. 1962 ж.
туннелдеудің жаңа түрі –
джозефсондық туннелдеуді және онымен байланысты
бірқатар эффектілерді (тұрақты және тұрақсыз, т.б.) ашқан. Нобель сыйлығының
иегері (1973 ж.).
дЖоУЛЬ Джеймс Прескотт (1818 – 1889) – ағылшын физигі. 1841 ж.
өткізгіштен ток өтіп тұрған кезде одан бөлінетін
жылу мөлшері токтың шама-
сына және өткізгіщтің кедергісіне тәуелді болатынын ашқан (Джоуль-Ленц
заңы). 1843 ж.
жылуды механикалық жұмыс есебінен де алуға болатынын
тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Идеал газдың ішкі энергиясының оның көлеміне
тәуелсіз болатынын анықтаған. 1853 – 54 жылдары У.Томсонмен бірлесіп,
газдың кеуекті аралықтан адиабатты өтуі кезінде әлгі
газдың салқындау
29
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
құбылысын ашқан (Джоуль-Томсон эффектісі). 1840 ж. ферромагнетиктердің
магниттік қанығуын, 1842 ж. магнитстрикцияны ашқан.
дИРАК Поль Адриен Морис (1902 – 1984) – ағылшын физигі. 1927 ж. электр-
магнттік өріске кванттық теория принциптерін қолданып, кванттық өрістің алғашқы
моделін жасаған. Осылай кванттық электрдинамиканың бастамасын тұжырым-
даған. 1927 ж. кванттық электрониканың негізіне жатқызылатын еріксіз шығарылған
және алғашқы реттік кванттардың тепе-теңдігін алдын ала болжаған. 1928 ж.
электронның релятивтік қозғалыс теориясын тұжырымдаған. Дирак теориясынан
электронның теріс энергия мәніне ие бола алатындығы туралы қорытынды шыққан.
Сол себепті оң зарядталған электронның немесе позитронның болуы болжанған. Осы
оң зарядты электрон, яғни позитрон 1932 ж. ашылған. 1930 ж.
кемтіктер теориясын,
1931 ж. антибөлшектердің болатынын, электрон-позитрон жұбының аннигиляция-
лануын алдын ала болжаған. 1931 ж. қарапайым
магнит зарядының (Дирак моно-
полы), 1933 ж.
антизаттың болуы туралы болжал ұсынған. 1933 ж. вакуумның
полярлануы эффектісін постулаттаған. Нобель сыйлығының иегері (1933 ж.).
дУэн Уильям (1872 – 1935) – американ физигі. Рентген сәулесін
қатерлі
ісікті емдеу үшін қолданған.
дэВИ Гемфи (1778 – 1829) – ағылшын химигі әрі физигі. 1821 ж.
өткізгіш
кедергісінің оның ұзындығы мен көлденең қимасына тәуелділігін ашқан.
1799 ж.
екі мұз кесегін үйкелеу арқылы жылу шығарған.
дэВИССон Клинтон Джозеф (1881 – 1958) – американ физигі. 1927 ж. ни-
кель кристалынан
электронның дифракциясын байқаған. Осы жаңалық де
Бройльдің
материяның толқындық қасиетін тәжірибе жүзінде анықтауы бол-
ды. Нобель сыйлығының иегері (1937 ж.).
дЮАМЕЛЬ Жан Мари Констант (1797 – 1872) – француз физигі әрі мате-
матик. 1845 ж. жарық көрген «Механика курсы» деген еңбегінде
дененің мас-
сасын оған түсірілген күштің дене алған үдеуге қатынасы ретінде, яғни
m =
F/
а
(мұндағы m – дене массасы, F – күш, а – үдеу) түрінде анықтаған.
дЮГЕМ Пьер (1861 – 1916) – француз физигі. 1886 ж.
термодинамикалық
потенциал ұғымын енгізген.
дЮФЕ Шарль Франсуа (1698 – 1739) – француз физигі. 1733 ж. электрдің екі
тегі:
«әйнектік» және
«шайырлық» (смолалық) болатынын анықтаған. «Әйнектік»
электр әйнекте, тау хрусталында, қымбат тастарда, шашта, жүнде, қағазда;
«шайырлық» электр янтарьда, жібекте, қағазда, т.б. пайда болады. 1735 ж. алғаш
рет
найзағай мен аспанның күркіреуінің электрлік табиғаты бар екені туралы идея
айтқан.
дЮФоР Луи (1832 – 1892) – швейцар физигі. 1872 ж. газдардың кеуек
аралықтан
диффузиялануы кезінде температураның өзгеру эффектісін ашқан.
Дюфор эффектісі – термодиффузияға кері құбылыс.