40
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
СоССЮР Хорак Бенедикт (1740 – 1799) – швейцар физигі. 1783 ж. шаш
қылшықты
гигрометрді ойлап тапқан.
СпИТцЕР Лайман (1914 – ?) – американ астрофизигі әрі физик. 1950 ж.
жоғары температуралы плазманы магнит өрісімен «ұстап» тұруды (тұтуды)
ұсынған, плазманы қыздыру –
магниттік толтыру әдісін (1953 ж.) ұсынған.
СТоКС Джордж Габриэл (1819 – 1903) – ағылшын физигі. 1851 ж. шексіз
тұтқыр сұйықта бірқалыпты іргерілемелі баяу қозғалыс кезінде қатты шарға әсер
ететін кедергі күшін анықтайтын формуланы қорытып шығарған (Стокс заңы).
1852 ж.
фотолюминесценцияның толқын ұзындығы қоздырушы жарықтың
толқын ұзындығынан артық (үлкен) болатынын тұжырымдаған (Стокс
ережесі).
СТонЕй Джордж Джонстон (1826 – 1911) – ирланд физигі әрі математик.
1891 ж.
«электрон» деген атауды ұсынған.
СТРоУК Джордж Вильгельм (1924 – ?) – физик. «Голография» атауын ұсынған.
СцИЛАРд (Силард) Лео (1898 – 1964) – физик. 1939 ж. уран ядросының
бөлінуі кезінде
екінші реттік электрондардың шығарылатынын дәлелдеген
және уранды өздік бөліну реакциясының мүмкіндігін негіздеген. 1939 ж.
графитті нейтрондардың баяулатқышы ретінде пайдалануды ұсынған.
1928 ж. сызықтық резонанстық үдеткіш,
циклотрон (1929 ж.),
автофазалау
принципін (1934 ж.), т.б. идеялар ұсынған.
СэБИн Эдвард (1788 – 1883) – ағылшын физигі. 1852 ж.
Жердегі магниттік
ұйытқулар мен
Күн дақтарының периодтылығының өзара байланысын ашқан.
ТАУнС Чарльз Харл (1915 – ?) – американ физигі. Өзгелерге тәуелсіз квант-
тық құрылғылардығы электрмагниттік сәулені күшейту және шығару прин-
циптерін тұжырымдаған, 1954 ж.
аммиак негізіндегі ең алғашқы кванттық
генераторды жасаған. 1958 ж. А. Шавловпен бірлесіп, лазер жұмысының
принципін ұсынған. Бриллюэн-Мандельштамның еріксіз эффектісін ашқан,
1964 ж. шоқтың кризистік қуаты ұғымын енгізген, жарық шоғының өзіндік фо-
кусталу эффектісін алдын ала болжаған, 1966 ж. жарықтың автоколлимациясын
байқаған. Нобель сыйлығының иегері (1966 ж.).
ТЕЛЛЕР Эдвард (1908 – ?) – американ физигі. 1936 ж. Дж. Гамовпен
бірлесіп,бета-ыдырау теориясында
іріктеу ережесін ұсынған. 1947 ж. өзгелерге
қатыссыз
мезоатомдардың болатынын болжалдаған. 1948 ж. М. Гольдхабермен
бірлесіп, ядродағы резонанстық шашырауды алдын ала болжаған. Америкалық
атом және сутек бомбаларын жасауға қатысқан, оның тікелей басшылы-
ғымен сутек бомбасы жасалған.
ТЕпЛЕР Август (1836 – 1912) – неміс физигі-тәжірибегер. 1867 ж. ортаның
біртексіздігін зерттеуге арналған
көлеңкелік әдістің бір түрін ұсынған (Теплер
әдісі).
41
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
ТЕРХЬЮн Роберт (1926 – ?) – американ физигі. 1958 ж. А. Прохоровқа
қатыссыз парамагниттік рубиндік лазерді жасаған. 1964 ж. өзгелермен бірге
заттың сыну көрсеткішінің түсетін сәуленің қарқындылығына тәуелді болаты-
нын, 1965 ж.
үш фотонды молекулалық шашырауды байқаған.
ТЕСЛА Никола (1856 – 1943) – серб ғалымы. 1888 ж. (Г. Феррариске қатыссыз)
айналмалы магнит өрісін ашқан. 1891 ж.
жоғары жиілікті трансформатор
(Тесла трансформаторын) жасаған. 1889 ж. сымсыз қашықта орналасқан шамның
жану тәжірибесін көрсеткен.
электр есептеуішті ойлап тапқан.
ТИБо Жан (1901 – 1969) – француз физигі. 1933 ж. платинаны позитрондармен
соққылаған кезде электрондар мен позитрондардың аннигиляцияланатынын тәжірибе
жүзінде байқаған. 1929 ж. өзгелерге қатыссыз
циклотрон идеясын ұсынған.
ТИндАЛЬ Джон (1820 – 1893) – ағылшын физигі. 1881 ж. су буының
жылулық сәулені күшті жұтатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Жарықты
бұлдыр ортаның шашыратуын жарықтың оптикалық біртекті емес (біртексіз) орта
арқылы өтуі кезіндегі шашыратылу құбылысын зерттеген (Тиндаль эффектісі).
1869 ж. атмосфера молекулаларының күн жарығын шашыратуын егжей-тегжейлі
зерттеген,
аспанның көгілдір түсін түсіндірген.
ТИССА Ласло (1907 – 2009) – физик. 1938 ж. гелий II-нің екі сұйықтық
моделін ұсынған, бұл модель бойынша сұйық гелий бөлшектену нүктесінен
төменгі температураға салқындатылған кезде қалыпты және асқынаққыштық
құраушыларға (компоненттерге) бөлшектенетін болады. 1950 ж. асқынаққыштың
молекулалық теориясын тұжырымдаған.
ТоМонАГА Синьитиро (1906 – 1976) – жапон физигі. 1940 ж. мезоатом-
ды алдын ала болжаған, 1942 ж. өрістің кванттық теориясының коварианттік
тұжырымдамасын ұсынған. Нобель сыйлығының иегері (1965 ж.).
ТоМСон Джозеф Джон (1856 – 1940) – ағылшын физигі. 1897 ж. магнит және
электр өрістерінде
катод сәулесінің ауытқуын зерттеу кезінде ол сәуленің
теріс
зарядталған бөлшектердің ағындары екендігіне көз жеткізген және олардың
массасының жуық шамамен сутек атомының массасынан 1837 есе аз екенін
анықтаған. Осы жайт электронның тікелей және сенімді ашылуы болды. Осы
жаңалығы үшін оған Нобель сыйлығы берілген (1906 ж.). Томсон 1897 жылы-ақ
атомдардың (атомішілік электрондар) құрамы туралы болжал ұсынған. 1899 ж. фо-
тотоктан электрондарды тапқан және термоэлектрондық эмиссияны ашқан.
1903 ж. ең
алғашқы атомдық модельдердің бірін ұсынған, осы модель бо-
йынша, атом оң зарядталған сфераның ішінде әр тұсына теріс зарядталған элек-
трондар орналасқан домалақ пішінді болады, атомның ішіндегі оң зарядтар мен
теріс зарядтардың жеке-жеке қосынды зарядтары өзара тең болады деп есеп-
телген (Томсондық атом моделі). 1904 ж. атом ішіндегі электрондар химиялық
элементтердің периодты болуы себепті әртүрлі конфигурациялар құрған топтарға