Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
228
229
бұрыштың секунд. Градуспен шеңбер доғасы да өлшенеді (толық шеңбер 360°-қа
тең).
ГРАММ (латынша және грекше «грамма – салмақтың кіші өлшеуіші») – СГС
жүйесінде массаның негізгі бірлігі, Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ)
үлестік бірлік (0,001 кг), ең таза химиялық судың ең тығыз температурасында
(жуық шамамен 4°С-та) 1 см
3
көлемдегі массасы (0,2% дәлдікпен) 1 граммға тең.
...ГРАММА (грекше белгі – әріп, жазу) – күрделі сөздің жазу, графиктік бей-
нелеу деген ұғым беретін соңғы бөлігі.
Голограмма – заттық және тірек толқындарының қабаттасулары нәтижесінде
пайда болатын және фотоматериалға түсірілетін интерференциялық сурет.
Дебайграмма – Дебай-
Шеррер әдісі бойынша түсірілген поликристалдың
рентгенграммасы. Бұл әдісті 1916 жылы голланд физигі Петер
Дебай (1884 – 1966)
мен швейцар физигі Пауль
Шеррер (1890 – 1970) бірлесіп ұсынған.
Диаграмма – әртүрлі мәнді шамалардың арасындағы қатынасты көрнекі
көрсететін графиктік кескін.
Дифрактграмма – дифрактметрде фотоэлектрлік немесе иондандыру детек-
торымен тіркелген дебайграмма.
Интерферрограмма – интерферометрде сәуле жолдарының айырымын жатық
(бірте-бірте) өзгерту тәсілімен алынған зертелмекші электрмагниттік сәулелердің
қарқындылығының кез келген тәсілмен тіркелген модуляциясы.
Лауэграмма – үздіксіз спектрлі болатын рентгендік сәулелер арқылы
қозғалмайтын монокристалдың дифракциялық кескіні. Неміс физигі Макс
Лауэнің
(1879 – 1960) құрметіне аталған. Ол 1912 жылы рентгендік сәуленің кристалдардағы
интерференциялық теориясын тұжырымдаған. Оның ұсынысы бойынша сол жылы
оның отандас физиктері Вальтер
Фридрих (1883 – 1968) пен Пауль
Книппинг
(1883–1935) кристалдарды дифракциялық тор ретінде пайдаланып рентгендік
сәулелердің интерференциясын тәжірибе жүзінде дәлелдеген.
Рентгенграмма – рентгендік сәулелермен нысанды (объектіні) сәулелеу
нәтижесінде пайда болған әлгі нысанның кескінін жарық сезгіш материалға түсіру
(тіркеу).
Электронграмма – зерттелмекші зат шашыратқан электрондар тудыратын
кескін.
Эпиграмма – кристалл мен рентген түтігінің арасында фотопленка орналасатын
кезде түсірілетін лауэграмма.
ГРАММ-АТОМ – әрбір химиялық элементтегі зат мөлшерінің бірлігі. 1 грамм-
атом – сан жүзінде заттың атомдық массасына тең граммен өлшенген массасы.
229
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
228
229
Г
107
∑
Мысалы, оттектің (атомдық массасы 16) грамм-атомы 16 г, уранның (атомдық мас-
сасы 238,03) грамм-атомы 238,03 г. т.б. Барлық элементтердің грамм-атомындағы
атомдар саны өзара бірдей және ол Авогадро санына тең, яғни N
А
= 6,022045·10
23
моль
-1
. Қазір қолданыстан шығып қалған. Мұның орнына моль бірлігі пайдала-
нылады.
ГРАММ-МОЛЕКУЛА, моль – жай немесе күрделі заттың молекулалық
массасына теңбе-тең алынған
грамм саны. Мысалы, күкірт қышқылының
молекулалық массасы 98,078, ал грамм-молекуласы 98,078 г-ға тең. Бүкіл заттың
грамм-молекуласында 6,02252·10
23
(грамм-молекуласында 6,022045·10
23
) молекула
болады.
ГРЭЙ (Гр, Gy) – иондауыш сәуленің және керманың жұтылған дозасының
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Ағылшын ғалымы А.
Грэйдің
құрметіне аталған. 1 Гр массалы 1 кг затқа 1 Дж кез келген иондауыш сәуле берілген
кездегі сәуле дозасына тең. 1 Гр = 1 Дж/кг = 104 эрг/г = 102 рад.
ГРЮНАЙЗЕН ЗАҢЫ – қатты дененің (тұрақты көлемі кезінде) жылулық ұлғаю
коэффициентінің (α) жылусыйымдылыққа (С
v
) қатынасының температураға тәуелді
болмайтындығын анықтаған заң. Жай кристалдық торлары болатын (көпшілік
элементтер және бірқатар қосылыстар, мысалы галогенидтер үшін) кристалдар
үшін: α/С
v
= θ
Д
Vdθ
Д
/dр, мұндағы
θ
Д
– Дебай температурасы, V – дененің көлемі,
р – қысым.
Бұл заңды 1908 жылы неміс физигі Эдвард
Грюнайзен (1877 – 1949) эмпириялық
жолмен анықтаған.
ГУК ЗАҢЫ – серпімді ортадағы
кернеулер мен аздаған
деформациялар
арасындағы
сызықтық тәуелділікті өрнектейтін негізгі заңы. Бұл заңды 1660
жылы ағылшын физигі Роберт
Гук (1635–1703)
l ұзындықты және көлденең
қимасы S шыбықты (стерженді) созған кезде шыбықтың Δl ұзаруы созушы Ғ-күшке
пропорционал болатынын айғақтаған, яғни Δl = kҒ, мұндағы k = l/ES (Е – Юнг
модулі). Гук заңын σ = Еε түрінде өрнектеуге болады, мұндағы σ = Ғ/S – көлденең
қимадағы қалыпты кернеу, ε = Δl/l – шыбықтың салыстырмалы ұзаруы. Ығысу
кезінде жанама кернеу τ ығысу деформациясына γ пропорционал болады. Яғни τ
= Gγ, мұндағы G – ығысу модулі.
Гук заңы сәл деформация кезінде көптеген қатты денелер үшін дұрыс болады
және серпімділік теориясы үшін негізгі физикалық заң болып табылады.
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ – толқындардың, әсіресе жарық
толқындарының таралу есебін жуықтап шешу туралы әдісі. Бұл принципті 1678