Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
220
221
матографияда қолдануға мүмкіндік
тұғызады.
Сәулелендіруші тірек толқынның
ұзындығын өзгерту арқылы голограм-
малық кескіндердің пайда болу қа-
шықтықтарын өзгертуге болады. Бұл
Голография жарықтың толқындық шебін түрлендіруге
негізделген. Жарқырайтын нүкте сфералық толқын ту-
дырады (А), заттың беті күрделі пішінді (Б) толқындық
шеп шығарады. Бір көзден таралатын екі жазық толқын
фотопластинкаға түскенде қара және ақ жолақтардан
(В) түзілген кәдімгі интерференциялық сурет түсіреді –
осы сурет қарапайым голограмма болады. Жазық және
күрделі толқындар (Г) интерференцияланған кезде әлгі
сурет өзгеше болып байқалады.
ерекшелік – радиотолқын, инфрақызыл, ультракүлгін және рентген сәулелері
арқылы жазылып алынған
голограммалық суретті көрінетін кескінге
айналдыруға мүмкіндік беретін бірден-бір тәсіл. Голограмманы сәулелендіру
кезінде толқынның тек ұзындығы ғана емес,
толқын шебін де өзгертуге бола-
ды. Мысалы, голограммаға сфералық шашыранды толқын түсіріп, нысанның
ұлғайтылған кескінін шығаруға болады.
Голографиялық микроскоп осы қаси-
етке негізделіп жасалған. Бұл микроскоп арқылы (ұлғайту коэффициенті 10
7
–
10
8
мөлшерінде) тірі организмдердің, заттардың ішкі құрылымын зерттеу
мүмкіндігі бар.
1948 жылы ағылшын физигі Деннис
Габор (1900 – 1979) голографияның не-
гізін қалап ең алғашқы голограмманы да ойлап тапқан болатын. 1962 – 63 жыл-
дары американ физиктері Э.
Лейт пен Ю.Упатниекс жарық сәуле көзі ретінде
лазерді қолданып, көлбеу тірек ағынды голографиялық сұлба жасаған. Орыс
физигі Юрий
Денисюк (1927 – 2006) үш қабатты көлемдік (үш өлшемді ортаға
жазылған)
голограмма шығарған. Голографиялық әдістер акустикалық өріс-
терді (голография акустикалық) және электрмагниттік өрістерді (радиодиапазон-
дағы) көрінетін кескіндерге айналдыру үшін де пайдаланылуда.
Голографиялық әдіс тек қана электрмагниттік сәулелерге ғана емес, дыбыстық
толқындарға да тән қасиет. Мысалы, жарық сәуле өтпейтін сұйық ішіндегі көзден
таса дененің голографиялық кескінін анықтауға болады. Ол үшін денеге дыбыс
генераторларымен әсер етіледі. Сонда сұйық бетінде дыбыстық голограмма пайда
болады. Оны көру үшін лазермен сәулелендіру қажет.
Тірі организмдердің ішкі
құрылымдарын зерттеуде дыбыстық голограмма арқылы көрудің маңызы
221
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
220
221
Г
107
∑
өте зор. Голографияны белгілі бір затты не оның бөліктерін голограммалары бой-
ынша басқа денелердің арасынан дәл «іздеп» табу үшін қолдануға болады. Бұл
әдіс криминалистикада (мысалы, қылмыскердің саусақ таңбаларын басқалардан
ажыратуға), өшірілген әріптерді, сөздерді, суреттерді айқындауға, т.б. қолданылады.
Голографиялық кино – түрлі түсті стереоскоптық кинематографтың
голографиялық әдістер мен құралдар арқылы қозғалмалы нысандарды жарық
сезгіш материалға түсіру және олардың кескіндерін қайтадан жаңғыртып көрсету
жүзеге асырылатын түрі.
ГОЛОГРАФИЯ, а к у с т и к а л ы қ – дыбыстық өрістерді жазудың, жаңғыртудың
және түрлендірудің интерференциялық әдісі. Акустикалық голография шағылысқан
және шашыраған өрістердің амплитудалық-фазалық құрылымдарын, акустикалық
сигналдарды кеңістіктік-уақыттық өңдеу, акустикалық антенналардың бағыт
алуының сипаттамаларын өлшеу үшін дыбыстықвизияда (дыбыс арқылы көруде)
пайдаланылады. Акустикалық голографияның негізгі принципі оптикалық
голографияға ұқсас: ең алдымен тірек және зат шашыратқан екі толқынның
(өрістің) интерференциялық құрылым (кескін сурет) тіркеледі, сонан соң кескін
сурет (акустикалық голограмма) алынысымен ол сурет қалпына келтіріледі не-
месе әлгі зат шашыратқан өрістің суреті заттан біраз қашықтықта пайда болады.
Жоғары жиілікті ультрадыбыстық-жиіліктердің акустикалық голография
ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында, мысалы, биологиялық зерттеулер
үшін
акустикалық микроскопияда,
ішкі органдардың құрылымдары тура-
лы ақпараттар алу үшін медициналық
диагностикалық құрылғыларда,
материалдардың ішкі ақауларының
кескіндерін алу үшін дефектоскопияда
қолданылады.
ГОЛОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛ-
ҒЫЛАР – голографиялық әдістер не-
гізінде заттың толқындық өрісін жа-
зу және қайта жаңғыртып қалпына
келтіруді жүзеге асыратын құрылғылар.
Бұл құрылғылар интерферометр,
голографиялық микроскоп, голо-
графиялық жадқа сақтағыш құрыл-
ғы, голографиялық коррелятор, го-
лографиялық оптикалық элемент-
Голографиялық құрылғы. Голографиялық
интерферометрдің сұлбасы: 1 – сәуле
көзі; 2 – оптикалық бөліктер; 3 – жарық
бөлгіш; 4 – шашыратқыш; 5 – зат; 6 –
айна; 7 – голограмма жазуға арналған
орта