Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
222
223
тер,
голографиялық кино және телевизия құрылғылары, т.б. түрлерге
бөлінеді. Голографиялық интерферометрде жарық сәуле бөлгіш голограммамен
ауыстырылған, заттың салыстырмалы толқындық шебін жазып алуға мүмкіндік
береді. Бұл интерферометр заттардың өзгерістерін тіркеуге арналған (мысалы,
деформациясын, сыну көрсеткішінің өзгерісін, т.б.). Сонымен қатар күрделі
мөлдір және шағылыстырғыш нысандарды да (объектілерді де) тіркей алады,
интерференциялық толқындарды зерттеуге арналған.
Голографиялық интерферометр – жарық бөлгіш голограммамен алмастырылған
интерферометр; бұл құрылғы заттың салыстырылатын толқындық шептерін жазып
алуға мүмкіндік жасайды. Осы интерферометр затта пайда болатын өзгерістерді
(мысалы, деформацияны, сыну көрсеткіштің өзгерісін т.б.), сонымен қатар мөлдір
және күрделі пішінді шағылыстырғыш нысандарды (объектілерді) тіркеуге
интерференциялық толқындарды
зерттеуге арналған.
Голографиялық жадқа
сақтағыш құрылғылар –
ақпараттарды сақтауға, бұларды
е н г і з уд і ж ә н е ш ы ғ а р уд ы
голографиялық әдістермен
( о п т и ка л ы қ ж а д қ а с а қ т ау
құрылғыларымен) жүзеге асыра-
тын құрылғылар.
Голографиялық микро-
скоп – қайталанбалы импульстік
сәуелік лазерді пайдалану
кезінде динамикалық нысан-
дар туралы ақпараттарды жазуға
арналған құрылғы. Бұл линза-
сыз және аралас-құралас (ком-
бинациялы) микроскоптарға
а ж ы р а т ы л ғ а н . Л и н з а с ы з
голографиялық микроскоптағы
толқын ұзындықтары мен толқын
шептерінің қисықтығы әртүрлі
мәнді ұлғайту толқындарды
жазу және жаңғырту кезінде
Голограммадан (А) лазерлік шоқ өткен кезде екі
толқындық шеп (Б): шын кескін шығаратын
тоғысатын (1), және жорымал кескіннен
шығатын шашыраған толқындық шеп пайда
болады. Голограмманы (В) жазу кезінде лазерлік
жарық заттан шағылып, фотопластинкаға
түседі. Лазер шоғының бір бөлігі айнадан
шағылып, фотопластинкаға түседі – осы шоқ
тірек шоғы (3) болады. Голограмманы лазерлік
шоқпен сәулелеген кезде кескін (Г) қалпына
келтіріледі (яғни жаңғыртылып көрінетін бо-
лады). Бақылаушы заттың (4) үшөлшемді жо-
рымал кескінін байқайтын болады. Шын кескін
фотопластинкаға (5) тіркеледі.
223
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
222
223
Г
107
∑
голографиялық микроскоптағы ұлғайту толқындарын жазу және жаңғырту кезіндегі
толқын ұзындықтары мен толқын шептерінің қисықтығы әртүрлі мәндерін пай-
далану арқылы жүзеге асырылады. Аралас-құралас голографиялық микроскопта
айғақтығы жоғары және үлкен көлемді кескін шығару үшін кәдімгі микроскоп
қолданылады.
Голографиялық коррелятор – бейнелерді кірістік және эталондық бейне-
лермен салыстыру үшін оптикалық бейне анықтауышта пайдаланылады.
Голографиялық оптикалық бөліктер – толқындық өрістерді әрқилы
өзгерістерге ұшырататын голограммалар (фокустауыш, диафрагмалау,
шағылыстыру, сүзу, полярландыру, т.б.) болып табылады. Әдеттегі линзалар мен
айналар арқылы оптикалық бөліктердің қажетті сипаттамаларын алу қиын болатын
жағдайларда қолдаынлады.
ГОМОАУЫСУ (грекше «һомос – тең, бірдей, ортақ» + ауысу), г е т е р о а -
у ы с у д а н ө з г е ш е л і г і – әртүрлі типті өткізгіштің екі аймағының бір ғана
жартылайөткізгіште немесе легирлеуіш қоспасының шоғырлануымен (концентра-
циясымен) жанасуы. Екі жанасушы аймақтың біреуі
донорлармен легирленген,
p –
n-ауысуға, ал екіншісі
акцепторлармен легирленген (яғни акцепторлар
қосылған) n
+
– n-ауысуға ажыратылған (екі аймақ та донорлық қоспамен, бірақ
әртүрлі дәрежеде легирленген), [+ белгілі көп дәрежеде легирленгендікті аңғарта-
тын белгі] және р
+
– р-ауысуы (екі аймақ та акцепторлық қоспамен легирленген).
ГОМОГЕНДІ ЖҮЙЕ (грекше «һомогенес – біртекті») – қасиеттері (химиялық
құрамы, тығыздығы, қысымы, т.б.) кеңістікте үздіксіз өзгеретін термодинамика-
лық жүйе. Газ қоспалары, сұйықтар немесе қатты ерітінділер және басқа жү-
йелер – гомогенді жүйелер болады. Гомогенді жүйелер физикалық біртекті және
біртекті емес жүйелерге ажыратылады. Біртекті гомогенді жүйелерде осы жүйе-
нің әртүрлі бөліктерінің қасиеттері бірдей, ал біртекті емес жүйелердің қасиет-
тері – әртүрлі болады. Біртекті емес гомогенді жүйедегі қасиеттердің үздіксіз
өзгеруіне орай гетерогенді жүйедегіден айырмашылығы болады. Бұл жүйеде –
бірінен-бірін шектеп ажыратушы беттер жоқ, сол себепті мұнда шектейтін
ажыратқыш беті болатын бөлік жоқ, олай болса ең болмағанда бір қасиеті
өзгеретіндей секіріс те болмайды. Тартылыс өрісіндегі газ – физикалық біртекті
емес гомогенді жүйеге мысал болады, оның тығыздығы биіктікке көтерілген
сайын үздіксіз өзгеретін болады.
ГОМОГЕНДІ РЕАКТОР (грекше «һомогенес – біртекті» + латынша» ре... –
қайталау + акцио-әсер») – нейтрондар үшін біртекті орта болатын, ядролық
отын (уран, плутоний) мен баяулатқыш (су, ауыр су, т.б.) гомогенді қоспа түзетін