22
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
БИРКЕЛАнд Кристиан (1867 – 1917) – норвег физигі. 1903 ж.
ауадан азот
алу тәсілін ұсынған.
БоР Нильс Хендрин Давид (1885 – 1962) – дат физигі. 1913 ж. М. Планктың
энергияны кванттау туралы идеясы бойынша жасалған Резерфорд атомы моделі
негізінде өзінің сутекке ұқсас атомдық теориясын ұсынған. Бұл теорияның
негізіне оның екі постулаты алынған. Осы модель атом теориясындағы жаңа
заманның басы болды. Бор
уранның өздігінен бөлінетіндігі туралы алдын ала
болжалдаған. Нобель сыйлығының иегері (1922 ж.).
БРАУн Карл Фердинанд (1859 – 1918) – неміс физигі. 1897 ж. катодтық түтікті
жасаған,
электрондардың қозғалысын магнит өрісі арқылы басқарған.
Бұл түтік алғашқы осциллографттық-сәулелік түтік болды. 1874 ж. кейбір
кристалдардың біржақты өткізгіштігін ашқан. Нобель сыйлығының иегері
(1909 ж.).
БРИдЖМЕн Перси Уильямс (1882 – 1961) – американ физигі. Жоғары
қысымдар физикасының негізін қалаушы. 425 000 атмосфералық қысым шығару
әдісін ойлап тапқан. Оның зерттеулерінің нәтижесінде синтетикалық алмас алу
мүмкіндігі ашылған (1955 ж.). Нобель сыйлығының иегері (1946 ж.).
БРойЛЬ Луи де (1892 – 1987) – француз физигі. Кванттық механиканы
тұжырымдаушылардың бірі. 1923 ж. А. Эйнштейннің жарықтың екі жақтылық
(дуализмін) табиғатының заттарға да тән екендігі туралы идея ұсынған, бұл идея
электрондардың кристалдардағы дифракция құбылысының ашылуына байла-
нысты біржолата дәлелденген. Луи де Бройль 1924 ж.
материяның (де Бройль
толқындары)
толқындық қасиеттері туралы идеясын докторлық диссертация-
сында баяндаған болатын. Нобель сыйлығының иегері (1929 ж.).
БРЮСТЕР Дэвид (1781 – 1868) – шотланд физигі. Полярландыру заңының
біреуін тұжырымдаған. 1815 ж. диэлектриктің сыну көрсеткіші мен жарықтың
түсу бұрышының арасындағы байланысты, жарықтың диэлектриктің бетінен
шағылысқан кезде түгелдей полярланатынын (Брюстер заңы) ашқан. 1817 ж.
ка-
лейдоскопты ойлап тапқан.
БУШ Ханс (1884 – 1973) – неміс физигі. 1926 ж.
магнит өрісінің фокуста-
уыш әсерін ашқан және
электрондық магниттік линза жасаған.
ВАГнЕР Карл Вильгельм (1901 – 1977) – неміс физигі. 1930 ж. жартылай
өткізгіштердің екі
электрондық және кемтіктік типтері болатынын ашқан.
ВАнТ-ГоФФ Якоб Хендрик (1852 – 1911) – нидерланд физик-химигі.
1890 ж. қатты ерітінді деген ұымды енгізген. Химия ғылымы саласы бойынша
Нобель сыйлығының ең алғашқы иегері (1901 ж.).
ВАРБУРГ Эмиль Габриель (1846 – 1931) – неміс физигі. 1881 ж.
ферромагнетиктердің циклдік магниттелушілігінің гистерезистік жылудағы
магниттік және сәйкес электрмагниттік энергияның шығындалуымен байла-
23
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
нысты болатынын дәлелдеген және осы энергия шығынның гистерезистік
қисықтың ауданымен байланысын тапқан.
ВЕБЕР Вильгельм Эдуард (1804 – 1891) – неміс физигі. Қарапайым магниттер-
магниттік диполдер теориясының авторы(1854ж.). 1871 ж.
атомның алғашқы
электрондық моделін (ғаламшарлық құрылымды), 1830 ж. дыбысты жазу идея-
сын ұсынған.
ВЕБЕР Джозеф (1919 – ?) – американ физигі. 1952 – 53 жылдары электрмаг-
ниттік толқындарды индукцияланған сәуле арқылы күшейту мүмкіндігін
қарастырған және
лазердің әсер ету принципін ашқан. 1959 ж. өзгелерге
қатыссыз түрде
кванттық санауышты ұсынған.
ВЕйСС Пьер Эрнест (1865 – 1940) – француз физигі. 1911 ж.
магниттік
момент квантының болатынын алдын ала болжаған және оны
магнетон деп
атаған. 1918 ж. Г. Пикармен бірлесіп магниткалориялық эффектіні ашқан.
ВЕКСЛЕР Владимир Иосифович (1907 – 1966) – кеңес физигі. 1944 ж. Э.
Макмилланға қатыссыз үдеткіш техниканың әрі қарай дамытылуына қажет прин-
цип
автофазалауды ашқан. 1947 ж. кеңестік ең алғашқы синхротонды жасауға
басшылық еткен. 1944 ж.
микротрон идеясын ұсынған. 1956 ж. бөлшектерді
когерентті үдету принципін ұсынған.
ВИВИАнИ Винченцо (1622 – 1703) – итальян ғалымы (математик). Э.
Торричеллидің тапсырмасымен 1643 ж.
атмосфералық қысымның болатыны
туралы ғылыми тәжірибені жүзеге асырған. 1656 ж. Дж. Бореллимен бірлесіп
ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығын анықтаған. Өзінен бұрынғылардың
анықтаған жылдамдықтарынан дәл болды.
ВИГнЕР Юджин Поль (1902 – 1995) – американ физигі. 1939 ж. уранда
тізбекті ядролық реакцияның өтуі мүмкін екендігін негіздеген. Э. Ферми то-
бымен бірге америкалық ең алғашқы атом реакторын жасауға қатысқан. 1949 ж.
бариондық зарядтың сақталу заңын тұжырымдаған. Нобель сыйлығының ие-
гері (1963 ж.).
ВИЛЬСон Алан Хэррис (1906 – ?) – ағылшын физигі. 1931 ж. элекрондық
спектрдің зоналық құрылымы туралы түсінік негізінде кристалдарды
металға,
жартылайөткізгіштерге және
диэлектриктерге бөлген. Жартылайөткізгіштерді
өзіндік және қоспалы деп бөліп,
донорлық және
акцепторлық өткізгіштік ту-
ралы түсініктер енгізген. 1931 ж. жартылайөткізгіштердің кванттық теория-
сын тұжырымдаған. 1932 ж. кванттық механикалық туннелдеу туралы түсінікті
қолдаған.
ВИЛЬСон Роберд Вудров (1936 – ?) – американ физигі. 1965 ж. А. Пензиаспен
бірге тәжірибе жүзінде температурасы жуық шамамен 3К Ғаламдық реликті фон-
ды радиосәулені ашқан. Осы жаңалық
Ғаламның ыссы моделін растаған. 1973 ж.
Ғарыштық дейтерийдің болатынын анықтаған. Нобель сыйлығының иегері (1978).