АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР             Т.Юнг                  о.Френель              Л.Гальвани              А.Вольта



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет4/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274

10

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



            Т.Юнг                  о.Френель              Л.Гальвани              А.Вольта

         Г.дэви                   М.Фарадей                 Х.эрстед                    А.Ампер

Физиканың  өзге  салаларында  тәжірибелік  мәліметтер  жинақталып  әрі 

қарапайым ғылыми тәжірибелік заңдар тұжырымдала бастаған. Француз физигі 

Шарль 


дюфе (1698 – 1739) электрдің (электр зарядының) екі тегі болаты-

нын ашты және олардың қасиеттерінің сипаттамаларын айғақтады. Американ 

физигі Бенджамин (Вениамин) 



Франклин (1706 – 1790) электр зарядының 

сақталу заңын тұжырымдады. Ағылшын физигі әрі химигі Генри Кавендиш 

(1731 – 1810) және француз физигі Шарль 



Кулон (1736 – 1806) біріне-бірі тәуелсіз 

түрде электрстатиканың 



қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерлесу 

күштерін анықтайтын негізгі заңын (Кулон заңы) ашты. Француз ғалымы 

Пьер 


Бугер  (1698 – 1758) мен неміс ғалымы Иоганн Ламберттің (1728 – 1777) 

ғалым еңбектерінің нәтижесінде 



фотометрия қалыптаса бастады. Инфрақызыл 

(ағылшын оптигі әрі астрономы Вильям 



Гершель (1738 – 1822) мен оның отанда-

сы Уильям 



Волластон (1766 – 1828) және ультракүлгін [неміс физигі әрі химигі 

Иоганн 


Риттер (1776 – 1810), У.Волластон] сәулелерді ашты.

ХІХ  ғасырдың  басында  жарық  сәуленің  корпускуларлық  және  толқындық 

теорияларының арасындағы «күрес» толқындық теорияның жеңісімен аяқтал- 

ды. Бұған ағылшын ғалымы Томас 



Юнгтің (1773 – 1829) және француз физигі 

Огюстен 


Френельдің (1788 – 1827) ашқан жарық сәуленің интерференция- 

сы мен диффракциясының толқындық теориясының түсініктемесі себепші 

болды.



11

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



       Ю.Майер               Г.Гельмгольц           дж.джоуль               Р.Клаузиус

        н.Карно                    У.Томсон             Ж.Гей-Люссак         Б.Клапейрон

Физиканың дамытылуы үшін итальян ғалымдары Луидж 



Гальвани (1737 – 

1798) мен Алессандро 



Вольтаның (1745 – 1827) электр тогын ашуы және галь- 

вани батареяларын жасаудың маңызы зор болды. Токтың химиялық әсерлерін 

зерттеген –  ағылшын химигі әрі физиі Гемфри 

дэви (1778-1829) мен Майкл 

Фарадей (1791 – 1867)]. Орыс физигі әрі электртехнигі Василий петров (1761 – 

1834)] 


электр доғасын ашқан. Дат физигі Ханс эрстед (1777 – 1851) электр 

тогының магниттік тілге әсерін (1820 ж.) анықтаған. Дәл сол кезде (1820 ж.) 

француз физигі Андре 

Ампер (1775 – 1836) бүкіл магниттік құбылыстардың 

зарядталған қозғалмалы бөлшектерге яғни электр тогына байланысты пайда бо-

латынын анықтады және электр токтарының өзара әсерлесу күшін анықтайтын 

заңды (Ампер заңын) тұжырымдады. 1831 ж. М.



Фарадей электрмагниттік индук-

ция құбылысын ашты. Фарадей бұрынырақ электрмагниттік өзараәсерлесу ара- 

лық агент - электрмагниттік өріс арқылы жүзеге асырылады делінген болжам айт- 

қан болатын. Осы жайт материяның ерекше түрінің қасиеттері мен тәртібінің заң- 

дары туралы жаңа ғылым – 

электрмагниттік өрістің қалыптасуының басы болды.

XIX ғасырдың 1-жартысында қатты денелердің макроскопиялық қасиеттері 

туралы фактілік мәліметтер жинақталды әрі қатты денелердің тәртібінің заңдары 

тұжырымдалды.  Серпімділік  қасиеттерді  зерттеу



 –  Гук заңының (1660 ж.), 

металдардың электр өткізгіштігін зерттеу –  



ом заңының (1826 ж.), жылулық 

қасиеттерді  зерттеу  –  жылу  сыйымдылық  заңдарының  (Дюлонг  және  Пти 




12

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



     д.Менделеев         дж.Максвелл            Л.Больцман                дж.Гиббс

         Г.Герц                      п.Лебедев                  А.попов                 Г.Кирхгоф

заңдары) ашылуына әкелді. Қатты денелердің магниттік қасиеттері ашылып, қатты 

денелердің серпімділік қасиеттерінің жалпы теориясы айғақталды.

Физика әрі бүкіл жаратылыстану ғылымы үшін неміс ғалымдары Юлиус 



Майер 

(1814 – 1878)



 мен Герман Гельмгольцтің (1821 – 1894), ағылшын физигі Джеймс 

джоульдің  (1818  –  1889)  табиғаттың  бүкіл  құбылыстарын  байланыстырған 

энергияның сақталу заңын ашуының маңызы зор болды. XIX ғасырдың орта 

шенінде жылу мөлшері мен жұмыстың парапарлығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. 

Осылайша  жылудың  энергияның  ерекше  түрі  екені  айғақталды.  Энергияның 

сақталу заңы жылулық құбылыстар (



термодинамиканың) теориясының негізгі 

заңы болды және 



термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталды. Жылу 

теориясының іргелі заңы 



термодинамиканың екінші бастамасын –  1850 ж. 

неміс физигі Рудольф 



Клаузиус (1822 – 1888), француз ғалымы Сади Карноның 

(1796 – 1832) 1824 ж. ашқан нәтижесі бойынша және 1851 ж. ағылшын физигі 

Уильям 

Томсон (К е л ь в и н) тұжырымдаған. Термодинамиканы қалыптастыруда 

француз ғалымы Жозеф 



Гей-Люссак (1778 – 1850)  зерттеулерінің маңызы зор 

болды, осы зерттеулер негізінде франңуз физигі Бенуа 



Клапейрон (1799 – 1864) 

идеал газдар күйінің теңдеуін айғақтады, мұны кейіннен орыс ғалымы Дмитрий 

Менделеев (1834 – 1907) жалпылады.

Термодинамиканың дамытылуымен қатар жылулық үрдістердің молекулалық-

кинетикалық  теориясы  да  дамытылды,  жаңа  типті  физикалық  шамалардың 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау