19
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
алқаптарында бағытталған сәулелер тудырады. Жұлдыздардың бір секундтың
үлесіндей аз уақытта айналып шығатындығына орай сәулелердің қарқындылығы
ауық-ауық өзгеретін болды.
Физикалық теориялардың дамытылуының заңды кезеңі –
өрістердің кванттық
теориясы (ӨКТ) болды. ӨКТ кванттық принциптерді еркіндік дәрежесі шексіз
санды жүйелерге таратты. ӨКТ алғашында электрондарға, позитрондарға және
фотондарға қатысты (кванттық электрдинамика, 1929 ж.) тұжырымдалды. Осы
теорияға сәйкес, зарядталған бөлшектер арасындағы өзараәсерлесу фотондар ал-
масу жолымен жүзеге асырылатын болды. Осы теорияның барлық қорытындылары
тәжірибелермен үйлесімді болуына қарамастан, ол бірқатар қиыншылықтарға
кездесті. Теория жүзінде бөлшектердің массалары мен зарядтары шексіз үлкен
мәндерге ие болды. Қарама-қарсы қайшылықтан құтылу үшін қайта нормалау, яғни
теориядағы бөлшектердің массалар мен зарядтарының шексіз мәндері олардың
байқалатын мәндерімен алмастырылады.
ӨКТ идеясының әрі қарай қолданылуы нуклондар (протондар мен нейтрондар)
арасындағы өзараәсерлесу мезондардың алмасуынан пайда болады делінетін
болжалға келіп тірелді. Ядролық күштердің қысқа мерзімді сипаты мезондардың
тыныштық массаларының салыстырмалы үлкен болуымен түсіндірілді. Алдын ала
болжанған қасиеттері бар (пи-мезондар) 1947 ж. табылған. Олардың нуклондармен
өзараәсерлесуі
күшті өзараәсерлесудің дербес жағдайы болды.
ХХ ғасырдың 60-жылдары әлсіз өзараәсерлеслердің қайта нормаланбайтын
теориясы тұжырымдалды. Бұл мәселе калибрлеу теориялары аталған теория
негізінде шешілді.
Жартылайөткізгіштер физикасының жетістіктері техникада және радиотехни-
када үлкен төңкеріс жасады. Электрвакуумдық шамдарды жартылайөткізгіштік
аспаптармен алмастыру радиотехникалық құрылғылар мен электрондық есеп-
теу техникаларының сенімділігін арттырды, тұтынылатын электр қуаттары
айтарлықтай азайды. Интегралдық сұлбалар жасалды, бұл арқылы бір ғана шағын
ауданды кристалда мыңдаған және одан да артық электрондық бөлшектер орна-
ластырылатын болды, чиптер жасалды.
20
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
Физика ғылымы – табиғат, оның сан алуан құбылыстары және өзге қасиеттері
мен сипаттамалары туралы білімдердің теория жүзінде жүйеленген туындысы әрі
олардың жиынтығы екені мәлім. Физика ғылымы табиғат құбылыстары туралы
көптеген ұғымдар мен түсініктерден құралған. Олар – әр кездегі жекелеген білімпаз
әрі ғылымпаз жеке тұлғалар-физиктердің ұжымдық жұмыстарының нәтижелері
мен қорытындылары. Сол себепті
физика ғылымын қалыптастырған көрнекті
және атақты физиктердің ашқан жаңалықтары, ғылымды дамытуға қосқан
идеялары мен теориялары, принциптері, әрқилы құбылыстар сырын ашу
мақсатында жүзеге асырылған ғылыми тәжірибелері, болжалдарымен
таныстырмақпыз.
АББЕ Эрнест Карл (1840 – 1905) – неміс физик-оптигі. 1872 ж. микроскоптағы
кескіндердің пайда болу теориясын тұжырымдаған. 1878 ж. осы заманғы
ең алғашқы оптикалық микроскопты жасаған, оптикалық микроскоптың
ажыратқыштық қасиетінің жарық толқынының ұзындығына байланысты
шектеулі болатынын көрсеткен.
АБЕЛЬСон Филипп Хауге (1913 – ?) – американ физигі әрі геохимигі.
Э.Макмиланмен бірге трансурандық элементтерді алғаш ашушы болды. 1940 ж.
олар ең алғашқы трансурандық элемент – нептунийді ашқан.
АБРИА Жореми Жозеф Бенуа (1811 – 1892) – француз физигі. 1848 ж. страт-
тарды ашқан.
АВоГАдРо Амедео (1776 – 1856) – итальян физигі. Заттардың құрылысы-
ның
молекулалық болжалын ұсынған. Газдың негізгі заңдарының бірін ашқан
(Авогадро заңы).
АдЖИУнТИ Николо (1600 – 1635) – итальян физигі. 1635 ж. судың
қатаюы кезінде көлемін кішірейтпейтінін (сығылмайтынын), керісінше көлемін
ұлғайтатынын ашқан.
АЛЛИСон Фрэд ( 1882 – 1974) – американ физигі. 1931 ж. дейтерийдің,
1932 ж. астатиннің болатынын дәлелдеген.
АЛЬВАРЕС Луис Уолтер (1911 – 1988) – американ физигі. электрондық
қармауды ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1968 жыл).
АЛЬФВЕн Ханнес (1905 – 1995) – швед физигі әрі астрофизик. Магниттік
гидродинамиканың негізін салушы. Нобель сыйлығының иегері (1970).
АЛЬХАЗЕн (Әбу Әли Хайсама) ( 965 – 1039) – араб ғалымы, ортағасыр
физигі. Ол ежелгі грек ғалымдарының затты көруі үшін адамның көзінен
шығатын сәуле әлгі затты «сипалап» шығады делінетін түсінігін жоққа шығарып,
заттан шағылысатын сәуле, көзге түкенде ғана адам затты көретін болады деген
ұстанымда болды.
АМпЕР Андре Мари (1775 – 1836) – француз физигі. Электрдинамиканың
негізін салушылардың бірі. Токтың механикалық өзараәсерлесуін ашқан және осы
21
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
өзараәсерлесудің заңын тұжырымдаған (Ампер заңы). Магнетизмнің алғашқы
теориясын ұсынған.
АнГСТРЕМ Андерс Ионас (1814 – 1874) – швед физигі әрі астроном. Спектрлік
талдаудың негізін салушылардың бірі. Ұзындықтың бірлігі – 10
– 10
м=10
– 8
см
ангстремді (Å) енгізген.
АндЕРСон Карл Дейвуд (1905 – 1991) – американ физигі. Ғарыш сәулесінен
позитронды және мюонды ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1936).
АРАГо Доминик Франсуа (1786 – 1853) – француз ғалымы әрі саясаткер.
Электр тогының магниттеуші әсерін және айналу магнетизмін ашқан. Жарықтың
хроматикалық полярлануын ашқан (Ж. Био мен Д. Брюстерге қатыссыз). По-
ляр шұғыласы мен магниттік дауылдың байланысын ашқан.
АРИСТоТЕЛЬ (б.з.б. 384 – 322) – ежелгі грек философы әрі ғалым. Ғылымға
«физика» деген атауды енгізген. Грек тілінде «физика» деген сөз «табигат» деген
ұғым береді. Аристотельдің физикасы табиғаттың пайдалылығы туралы прин-
ципке негізделгенімен бұрынғы ғалымдардың озық идеяларын – гелиоорталықты
және атомизмді кейін тартқызды. Канондалған шіркеу Аристотельдің ілімін те-
жеп, ғылымның дамуына кедергі жасады. Сондықтан да ортағасырлық шіркеу
«Аристотельдің бойындағы жанды нәрселерді мәңгілікке өлтірді» деген нақыл
сөз қалған.
АСТон Френсис Уильям (1877 – 1945) – ағылшын физигі. 1919 ж. маcс-
спектрскопия жасаған. 1931 ж.
уран = 238 изотопын ашқан. Нобель сыйлығының
иегері (1922).
БАРдИн Джон (1908 – 1991) – американ физигі. Транзисторды алғаш
жасаушылардың (1948 ж.), асқынөткізгіштіктің микроскопиялық теориясы-
ның авторларының бірі. Нобель сыйлығының екі мәрте (1956, 1972 ж.) иегері
болды.
БАРКЛА Чарлз Гловер (1877 – 1944) – ағылшын физигі. 1904 ж. тәжірибе жү-
зінде алғаш рет
рентген сәулесінің полярлануын ашқан, осы тәжірибе рент-
ген сәулесінің толқындық қасиеті болатынын дәлелдеген. Нобель сыйлығының
иегері (1917).
БАСоВ Николай Геннадьевич (1922 – 2001) – орыс физигі. Алғашқы кванттық
генераторды (мазерді) жасаушылардың(1954 ж.) бірі.
БЕККЕРЕЛЬ Антуан Анри (1852 – 1908) – француз физигі. Уран тұзының
табиғи радио активтілігін ашқан (1896 ж.). Нобель сыйлығының иегері
(1903ж.).
БЕннЕТ Уильям Ральф (1930 – ?) – американ физигі. 1960 ж. А. Дживанмен
және Д. Эрриотпен бірлесіп
алғашқы газды лазерді (гелий мен неон қоспасы
негізді), 1962 ж. П. Киндлманмен бірге магнитстрикциялық баптаулы лазер
жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |