7
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
демокрит Г.Галилей э.Торричелли Р.Бойль
ежелгі грек ғалымдары
демокрит (б.з.б. 470/406 – ?),
эпикур (б.з.б. 341 – 270),
Лукреций (б.з.б. І ғасыр) заттардың атомдық құрылымы туралы алғашқы идея-
ларды тұжырымдаған. Ежелгі грек ғалымы Клавдий
птоломей (б.з.б. ІІ ғасыр)
Әлемнің геоцентрлік (яғни Әлемнің ортасында Жер орналасқан делінетін) жүйесін,
статиканың қарапайым заңдарын (рычаг ережелерін), жарық сәуленің түзусызық-
ты таралуын және оның шағылысу заңын, гидростатиканың бастамасын Архимед
заңы) тұжырымдаған. Электр мен магнетизмнің қарапайым көріністері байқал-
ған. Б.з.б. ІV ғасырға дейінгі физикалық ілімдерді ежелгі грек философы әрі ғалы-
мы
Аристотель (б.з.б. 384 – 322) қорытындылаған. Орта ғасырарда Аристотель-
дің ілімін шіркеу міндетті ілімге айналдырып, ғылымның дамуына ұзақ уақыт
тежеу жасаған. Физиканың ғылым ретінде дамуы ХVІІ ғасырда итальян ғалымы
Галилео
Галилейдің (1564 – 1642) ғылыми зерттеу жұмыстарынан бастау алған.
Галилей қозғалысты математикалық түрде сипаттаудың қажеттілігін алғаш түсін-
ген ғалым болды. Ол берілген денеге айнала қоршаған денелердің әсері Аристо-
тель іліміндегідей жылдамдықпен емес, дененің еркін түсу үдеуімен анықталаты-
нын дәлелдеген. Осы жаңалық инерция заңының алғашқы тұжырымы болды.
Галилей механикадағы салыстырмалық принципті ашты, денелердің еркін түсу
үдеуінің дененің тығыздығы мен массасына тәуелді болмайтынын дәлелдеді, поляк
астрономы Николай
Коперниктің (1473 – 1543) теориясын негіздеген және астро-
номия ғылымында оптикалық, жылулық т.б. құбылыстарды зерттеуде айтарлық-
тай нәтижеге қол жеткізген. Галилейдің шәкірті – физик Эванджелиста
Торричел-
ли (1608 – 1647) атмосфералық қысымның болатынын айғақтаған және 1644 ж.
сынапты барометрді жасаған. Ағылшын физигі әрі химигі Роберт
Бойль (1627 –
1691) мен француз физигі Эдм
Мариотт (1620 – 1684) газдардың серпімділігін
зерттеген және өздерінің есімдерімен аталған алғашқы газ заңдарын тұжырымда-
ған. Голландиялық ғалым Вилброрд
Снеллиус (1580 – 1626) 1620/1621 ж. және
1637 ж. француз физигі әрі математигі Рене
декарт (1596 – 1650) жарық сәуленің
сыну заңын ашқан. 1600 ж. ағылшын физигі Уильям
Гильберт (1544 – 1603)
электрлік және магниттік құбылыстардың жіктерін ажыратқан және Жердің – өте
8
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
э.Мариотт В.Снеллиус Р.декарт У.Гильберт
И.ньютон И.Кеплер Х.Гюйгенс Ф.Гримальди
үлкен магнит екенін дәлелдеген. Гильберт электр туралы ғылымның негізін қалау-
шы болды. 1600 жылға дейін электрлік құбылыстар туралы ілім ежелгі грек ойшы-
лы Милеттік
Фаллестің (б.з.б. 625 – 547) янтарьға үйкеленген заттың электрлік
қасиеті болатынын ашқан тәжірибесі деңгейінде қалып қойған болатын. Гильберт-
тен кейін бір ғасырдай мерзім бойы электрге айтарлықтай жаңалық қосылмаған.
ХVІІ ғасырдағы физиканың негізі табысы –
классикалық механиканың
тұжырымдалуы болды; ағылшын физигі әрі математигі Исаак
ньютон (1643 – 1727)
«Натурал философияның математикалық бастамасы» (1687) деген ғылыми еңбе-
гінде осы ғылымның барлық негізгі заңдарын тұжырымдаған. Ньютонның ғы-
лымға ендірген
күй ұғымының іргелі мәні болды. Механикадағы денелер жүйе-
лерінің күйі – жүйе денесінің координаттарымен және импульстерімен толықтай
анықталады. Неміс ғалымы Иоганн
Кеплер (1571 – 1630) ашқан планеталардың
қозғалыс заңдары негізінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырым-
даған. Осы жылдары голланд ғалымы Христиан
Гюйгенс (1629 – 1695) пен неміс
ғалымы Готфрид
Лейбниц (1646 – 1716
) қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын
тұжырымдаған: Гюйгенс
физикалық маятниктің теориясын тұжырымдады,
маятникті сағат жасады. Физикалық акустика ғылымы дамытыла бастады.
ХVІІ ғасырдың 2-жартысынан бастап телескоп т.б. оптикалық аспаптардың
жасалуына байланысты,
геометриялық оптика тез дамытыла бастады. Физика-
9
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
Ш.дюфе Б.Франклин Г.Кавендиш Ш.Кулон
п.Бугер И.Ламберт В.Гершель У.Волластон
лық оптиканың негізі қаланған: жарық сәуленің
дифракциясын итальян физигі
Франческо
Гримальди (1618 – 1663) ашса, жарық сәуленің
дисперсиясын іргелі
зерттеу И.Ньютонның үлесіне тиді. 1676 ж. дат астрономы Оле
Ремер (1644 – 1710)
алғаш болып
жарық сәуленің таралу жылдамдығын өлшеген. Бір мезгілде дерлік
жарық сәуленің
корпускуларлық және толқындық теориялары пайда болып6
әрі дамытыла бастады.
Швейцар ғалымы (математик, механик әрі физик) Леонард
эйлер (1707 –
1783) және басқа ғалымдар абсолюттік
қатты денелердің динамикасын
тұжырымдаған. Бөлшектер мен қатты денелер механикасымен қатар
сұйықтар
мен газдардың механикалары да дамытыла басталған. Швейцар ғалымдары
Даниил
Бернулли (1700 – 1782), Л.Эйлер, француз ғалымы (математик, меха-
ник) Жозеф
Лагранж (1736 – 1813), т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерімен
ХVІІІ ғасырдың 1-жартысында
идеал сұйықтың гидродинамикасының негізі
салынды. Лагранждың «Аналитикалық механикасында» (1788 ж.) механиканың
теңдеулері жалпыланған түрде өрнектелген, бұларды кейіннен механикалық емес
дербес жағдайда электрлік-магниттік үрдістерге қолдану мүмкін болды. Әлемнің
бірыңғай механикалық бет-бейнесі айғақталған осы жайтқа сәйкес әлемнің бүкіл
байлығы мен көпбейнелілігі – Ньютон заңына бағынышты бүкіл денелер құра-
латын бөлшектердің (атомдардың) қозғалыстарына тәуелді болды.