АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет220/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   274

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

506


507

к

178

бөлшектердің іздері бойынша қайнау ұйытқысының орталықтарының пайда болу-



ына әкеп соқтырады. Сұйықтың қайнау ұйытқысының орталығы осы ортадан өткен 

зарядты бөлшектердің бөліп шығарған δ-электрондар жұту есебінен қызған шағын 

аймақ пайда болады. 0,5 – 3 мсек (микросекундта) аралығында пайда болатын 

ұйытқылардағы көпіршіктердің өлшемдері 50–300 мкм-ге дейін артады, оларды 

импульстік жарық көзімен жарықтандырып суретке түсіруге болады. Жұмыстық 

сұйық  ретінде  көп  жағдайда  сұйық  сутек,  дейтерий,  неонның  (Ne)  сутегімен 

қоспасы (криогенді камерада), сондай-ақ пропан (С

3

Н



8

), фреон және ксенонның 

(Хе) пропанмен қоспасы (ауыр сұйықты камерада) пайдаланылады.

Көпіршікті камерамен көптеген қарапайым бөлшектер ашылған. Бұл камераның 

басты  кемшілігі  «басқарылымсыздығы»,  яғни  жұмыс  жасау  үрдісі  (процесі) 

кезінде қажетті оқиғаны алу мүмкін болмайды, сирек оқиғаларды зерттеу кезінде 

көптеген фотосуреттерді сүзіп қарап шығуға мәжбүр етеді. Көпіршікті камера 

жоғары энергиялы бөлшектердің сұйықтың ядроларымен өзараәсерлесуін немесе 

әлгі ядролардың ыдырауын тіркеу үшін пайдаланылады.

КӨРІНБЕЙТІНДІ КӨРУкескінді визуалдау (латынша «визуалис – көру») 

– заттардан таралатын көзге көрінбейтін сәулелердің (инфрақызыл, ультракүлгін, 

рентгендік,  ультрадыбыстық  т.б.)  физикалық  өрістің  екіөлшемді  таралатын 

кейбір параметрлерін көрінетін (ақ-қара немесе түрлі түсті) кескінге айналдыру 

(түрлендіру) тәсілі. Бұл тәсілде көрінетін кескіннің жарықтылығы немесе түстік 

бөлшектері көрінбейтін кескін параметрінің белгілі бір шамасына, мысалы, уль-

традыбыс өрісінің қысымына, инфрақызыл және ультракүлгін диапазондарына 

арналған  энергетикалық  жарықталуға  т.б.  сәйкес  болады.  Көрінбейтінді  көру 

бірқатар жағдайлар үшін тек 

қарқындылықтың үлестіріліп таралуына ғана 

емес, сонымен қатар фазалар немесе полярлану бойынша үлестірілуіне де мүмкін 

болады. Оптикалық сәуленің қабылдағыштардың әсеріне және көрінбейтін сәуле 

диапазондарына тәуелді түрде көрінбейтін кескінді көрудің бірнеше әдістері бар. 

Рентгендік, ультракүлгін және жақын ультрақызыл сәулелер (1,3 мкм-ге дейінгі) 

аймағындағы спектрлер үшін ф о т о г р а ф и я л ы қ әдіс, жақын инфрақызыл 

аймақ үшін ф о т о э л е к т р л і к әдіс, ұзынтолқынды инфрақызыл аймағында (14 

мкм дейінгі) 



жылувизиялық әдіс қолданылады. Жылувизиялық әдіс инфрақызыл 

сәулелердің  жұтылуы  кезінде  сезгіш  бөліктің  температуралық  тәуелділігіне 

негізделген. Температуралық сезгіш материал ретінде кристалдық люминофорлар 

пайдаланылған.



КӨРІНЕТІН СӘУЛЕ, көрінетін жарық сәуле – адам көзі тікелей қабылдайтын 

электрмагниттік тербелістер спектрінің аймағы. Бұл аймақ 0,40 – 0,76 мкм (микро-




к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



508

509


метр) диапазонындағы толқындар ұзындықтарымен сипатталады. Осы толқын 

ұзындықтары 0,75·10

15

 – 0,4·10



15

 Гц (Герц) диапазондарындары жиіліктерге сәйкес 

келеді.

КӨТЕРГІШ КҮШ – сұйық немесе газтәрізді ортада қозғалатын денеге осы 

ортаның тарапынан дененің жылдамдығына (егер дене ілгерілемелі қозғалыс жасап 

қозғалмаса, онда дененің ауырлық орталығының жылдамдығына) перпендикуляр 

бағытта түсірілген толық қысым күшінің құраушысы. Көтергіш күш ауада, одан 

әлдеқайда ауыр дененің (мыс., ұшақтың) 

ұшуына мүмкіндік береді. 

Көтергіш күштің пайда болу себебін 

алғаш  рет  1901  жылы  орыс  ғалымы 

Николай 

Жуковский  (1847  –  1922  ) 

түсіндірді  (Жуковский  теоремасы). 

Көтергіш күш денені ауаның симметриясыз орағытып ағуы салдарынан пайда бо-

лады. Мысалы, қанатты симметриясыз орағытып ағуды қанаттың айналасындағы 

аймақтың (контурдың) үстіне симметриялы айналған ағынды салудың нәтижесі 

ретінде  құрастыруға  болады  (сызбаға  қараңыз),  осыдан  қанаттың  үстіңгі 

жағындағы жылдамдықтың артуына себеп болса, ал астыңғы жағында керісінше 

жылдамдықтың кемуіне әкеп соқтырады. Сонда көтергіш күш (Y) жылдамдықтың 

орағытып айналуының (циркуляциясына) шамасына (Г) тәуелді болады және 

Жуковскийдің теоремасына сәйкес сығылмайтын идеал сұйықтың жазық параллел 

ағыны орағытып ағатын қанаттың белгілі ұзындығы (L) үшін Y = ρϑГL, мұндағы 

ρ – ортаның тығыздығыϑ – орағытып ағатын ағынның жылдамдығы. 

КРИЗИСТІК КӨЛЕМ – заттың кризистік күй кезіндегі меншікті көлемі, бұған 

кері шама, заттың кризистік күй кезіндегі 



тығыздығы деп аталған.

КРИЗИСТІК  КҮЙ  –  екі  фазасы  да  өздерінің  қасиеттері  бойынша  тепе-

тең  болатын  жүйенің  шектік  күйі.  Кризистік  күйдің  күй  диаграммаларында 



Ұшақ  қанатын  ауа  ағынының  орап  ағуы. 

Жылдамдық  υ

т

<  υ

ж

,  қысым  р

т



ж

,  Ү  –  қа- 

натты көтергіш күш

Ұшақ қанатын қандай күштер демейді. Ауа 

қысымдардың  таралуы  (+)  және  ауаның 

сирексуі  (–).  Осылардың  нәтижесінде 

қанатты  жоғары  көтергіш  күш  пайда 

болады.  Тұтас  сызықтар  қысымды,  үзік-

үзік  сызықтар  жылдамдық  артқан  кездегі 

қанаттың жоғары көтерілуін бейнелейді.


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау