к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
498
499
цуз физигі Эме
Коттон (1869 – 1951) ашқан. Заттың активті қабатының қалың-
дығы жеткілікті болса, онда полярланып шыққан жарықтың бір бөлігі Коттон
эффектісі кезінде затқа толықтай жұтылады да сәуленің қарама-қарсы поляр-
ланған едәуір бөлігі қабаттан өтіп кетеді. Сондықтан дөңгелек дихроизмге ие
заттың осыған ұқсас қабаты поляризатор бола алады. Жалпы жағдайда Коттон
эффектісі кезінде сызықтық полярланған жарық эллипстік полярлануға айнала-
ды. Бұл эффект негізінен өзінің затты меншікті (резонанстық) жұту жолағына
таяу пайда болады. Оптикалық активті заттардың құрылымдары мен қасиет-
терін зерттеу үшін пайдаланылады.
КОТТОН – МУТОН ЭФФЕКТІСІ – магниттік өріске орналастырылған
(жарық сәулеге перпендикуляр бағытта) изотропты затта сәуленің қосарланып
сынуы. Мұны алғаш рет коллоидты ерітінділерде 1875 жылы шотланд физигі Джон
Керр (1824 – 1907) және оған тәуелсіз 1901 жылы итальян физигі К.
Майорана
ашқан. Алайда оны жан-жақты зерттеген француз физиктері: 1907 жылы Эме
Коттон (1869 – 1956) мен Э.
Мутон. Коттон – Мутон эффектісін бақылау үшін
магнит өрісі бағытымен 45° бұрыш жасайтын сызықты полярланған монохромат
жарық күшті электрмагнит полюстерінің арасына орналасқан мөлдір заттың үлгісі
арқылы өткізіледі. Молекулалардың ретсіз орналасуы жекелеген молекулалардың
анизотропиялы болуына қарамастан сыртқы өрістің әсері болмайтын жағдайда
макроскопиялық изотропты ортаны қамтамасыз етеді. Зат магнит өрісінде
молекулалардың магниттік моменттерінің немесе молекулалардың біріктіру
(агрегаттарының) бағыттары бойынша реттелуінің нәтижесінде анизотропты
болады. Зат арқылы өтетін жарық сызықтық полярланған күйден эллипстік
полярланған күйге ауысады, оның себебі жарық заттан өтуі кезінде екі сәулеге –
әдеттегі және әдеттегідей емес сәулелерге ажырайды, олардың сыну көрсеткіштері
(n
0
және n
е
) әртүрлі болады. Әлгі сәулелер біріне-бірі өте жақын бұрышпен таралады
(іс жүзінде олардың бағыттары бір-біріне үйлесетін болады). Сондықтан Коттон –
Мутон эффектісін анықтау (табу) үшін жеткілікті күшті магнит өрісі қажет. Осы
эффект – магниттік оптикалық эффектіге жатады. Коттон – Мутон эффектісінің
теориясы Керр эффектісінің теориясына ұқсас. Әртүрлі заттардағы осы эффектіні
зерттеу арқылы молекулалардың құрылымдары, молекулааралық агрегаттардың
пайда болуын және молекулалардың қозғалғыштығын анықтауға болады.
КОЭРЦИТИВТІК КҮШ (латынша «коэрцитио – ұстап тұру»),
коэрцитивтік
өріс – ферромагниттік материалдардың (ФМ) олардағы
магниттелу (қайта
магниттелу) үрдісінің (процесінің) қандай дәрежеде қиындылығын көрсететін
сипаттамасы. Магниттелушіліктің (М) магнит өрісі (±Н
m
шегінде циклді өзгеретін)
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
498
499
к
178
∑
кернеулігіне тәуелділігін графиктік бейнелеу кезінде гистерезис тұзағы пайда
болады. Магнит өрісі ±
Н
m
-нен нөлге дейін төмендеген соң ФМ-да магниттік
қалдық ±М
r
сақталады. Магниттелушілік таңбасы бойынша қарама-қарсы
алдыңғы магниттеуші Н
с
өрісті түсіргеннен соң нөлге тең болады.
Н
с
шама берілген
гистерезистік циклдің коэрцитивтік күші болып табылады. Егер Н
m
жеткіліксіз аз
шама болса, гистерезистің ішінара циклі пайда болады. Коэрцитивтік күштің мәні
осы жағдайда Н
m
шамасына тәуелді болады. Н
с
-тің ең үлкен мәні гистерезистің
сәйкес шектік тұзағына берілген материалдың коэрцитивтік күші болып табылады.
Коэрцитивтік күш – алдын ала қаныққанша магниттелген ферромагниттік үлгіні
магнитсіздейтін магниттік өрістің кернеулігі (Н
с
). Бұл күш үлгінің магниттелушілігі
(J) немесе магниттік индукциясы (В) сәйкес түрде нөлге айналатын коэрцитивтік
күштерге ажыратылады.
Коэрцитивтік күш коэрцитиметрмен өлшенеді. Ферромагниттердің коэрцитивтік
күшінің шамасы кең алқапта өзгереді; 10
–
³ – 10
4
Э (эрстед) аралығында 8·10
–2
– 8·10
5
А/м). Коэрцитивтік күштің шамасы бойынша магниттік материалдар
магниттік
– жұмсақ материалдарға (
Н
с
аз) және
магниттік-қатаң материалдарға (
Н
с
көп)
ажыратылған. Коэрцитивтік күштің мәні үлгінің қайтадан магниттелуіне кедергі
жасайтын факторлармен анықталады. Үлгілерде қоспалардың және кристалдық
торлардың өзгедей ақаулардың болуы магниттік домендердің шекараларының
қозғалысын қиындатады, соның нәтижесінде Н
с
-ті арттырады. Берілген магниттік
материал үшін коэрцитивтік күш көп жағдайда үлгінің жасалу және оның өңделу,
сондай-ақ сыртқы шарттарға, мысалы, температураға тәуелді болады.
КОЭРЦИТИВТІК ӨРІС, с е г н е т э л е к т р и к т е р д е г і – сегнетэлектриктердің
полярлануын нөлге дейін азайту үшін оған полярлық фазада түсірілуге қажет электр
өрісінің кернеулігі.
КОЭРЦИТИМЕТР – ферромагниттік материалдардың коэрцитивтік күшін
өлшеуге арналған аспап. Коэрцитивтік
күш үлгідегі магниттік индукциясы
(В) немесе оның магниттелушілігі (J)
бойынша анықтала алады. Коэрцитивтік
күштің магниттелуі бойынша өлшеуге
арналған коэрцитиметр көп таралған.
Нс өлшенетін кезде сыналатын үлгі
ең әуелі электрмагнитте немесе
коэрцитиметрдің магниттеуші ора-
мында іс жүзінде қаныққанға дейін
Өлшеуіш генераторлы коэрцитиметр (блок-
сұлбасы): 1 – магниттейтін катушка; 2 –
үлгі; 3 – генератордың өлшеуіш катушкасы;
4 – магнитэлектрлік гальваниметр; 5 –
коллектор; 6 – электрқозғалтқышының білігі;
7 – электрлік қозғалтқыш; 8 – үлгінің магнит
өрісінің күш сызықтары