к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
500
501
магниттеледі. Содан соң әлгі үлгі орнатылған орам арқылы тұрақты ток өткізіледі,
осы токтың магнит өрісі үлгіні магнитсіздендіреді. Ток үлгінің магниттелушілігі
(J) нөлге дейін кемігенше ток күші арттырылады, бұл жайт индикатор (нөлдік
аспап) арқылы тіркеледі. Коэрцитиметр орамындағы үлгінің магниттелушілігі J =
0 мәніне сәйкес болатын ток күші бойынша магнитсіздендіру өрісінің кернеулігі,
яғни Н
с
анықталады. Коэрцитиметрлер негізінен үлгінің магниттелушілігінің нөлге
теңеу тәсілі бойынша бірінен-бірі ажыратылған. Сызбада нөл индикатор ретіндегі
өлшеуіш генераторлы коэрцитиметрдің құрылысы бейнеленген.
КӨЗ, ф и з и к а л ы қ – физикалық ұғымдарда неше алуан жүйелерде, орталар-
да және басқа құбылыстарда энергия, қорек ретінде және басқа құбылыстардың
шығу, пайда болу себептерін білдіру үшін пайдаланылатын табиғи немесе жасанды
қойнаулардың ортақ отауы.
Жарық көзі – спектрдің көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл
аймақтарындағы электрмагниттік энергияны таратушы (шығарушы).
Жарықтың нүктелік көзі – сфералық толқындарды таратушы (шығаратын)
жарық көзі.
Жылу көзі – әртүрлі энергия түрлерін жылуға түрлендіретін құрылғы.
Ток көзі – әртүрлі энергия түрлерін электр энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Толқындардың когеренттік көздері – бірдей жиілікті және фазалар айырымы
уақыт бойынша тұрақты болып тербелетін толқындар көздері.
Ядролық сәулелер көзі – радиоактивтік ыдырау немесе ядролық реакция жүзеге
асырылатын радиоактивтік зат немесе құрылғы.
КӨБЕЙТКІШ – бір нәрсенің санын, мөлшерін, қасиеттерін, құбылыстарды
күшейтетін, молайтатын әдіс немесе құрылғы, аспап және қондырғы.
Екінші реттік электрондық көбейткіш – әсері екінші реттік электрондық
эмиссияға негізделген электрондар тогын күшейткіш.
Жиілік көбейткіш – құрылғыға келетін электрлік тербелістердің жиілігін бүтін
сан есе арттыруға арналған құрылғы.
Фотоэлектрондық көбейткіш (ФЭК) – әлсіз жарық сигналдарын электрлік
сигналға түрлендіретін, әсері фотоэлектрондық және екінші реттік электрондық
көбейткішке негізделген аспап.
КӨБЕЙТКІШ РЕАКТОР, бридер – ядролық тізбекті реакция кезінде жаңадан
пайда болған ядроларының саны ыдырау нәтижесінде жойылған ядролар саны-
нан артық болатын, яғни ыдыратылатын ядролардың ұлғаймалы ұдайы өндірісін
жүзеге асыратын ядролық реактор. Ядролардың ұлғаймалы ұдайы өндірісі циклі
ядролық реакцияның екі түрлі тобына негізделген. Уран – плутон циклінде баяу
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
500
501
к
178
∑
нейтрондармен бөлінбейтін уран – 238-дің (
238
U) ядросы плутоний – 239-дың (
239
Рu)
бөлінетін ядросына айналады.
238
92 �
����239
92 �
��
�� 239
93 ��
��
�� 239
94
Pu жарықшақтар
Көбейткіш – реактор ұдайы өндіріс коэффицентімен – ыдырағыш ядролардың
пайда болу жылдамдылығының оның жойылу жылдамдығына қатынасымен си-
патталады. К
ұ.ө
>1 болуы үшін плутоний – 239-дың (
239
Рu) ядросының нейтронды
бір реттік жұтуына жаңадан пайда болатын нейтрондардың саны екі еседен
артық (v>2) жұтылуы қажет. Нейтрондардың реактордың жасалу материалына
және ыдырау өнімдеріне жұтылуы себепті олардың саны v > 2,2 – 2,3 есе артық
болғаны дұрыс.
Көбейткіш – реактордың активті аймағы (зонасы) ұдайы өндірістік қабатпен
қоршалған (бұл қабат ұдайы өндіріс зонасы деп аталған). Реактор арқылы сұйық
натрий (Nа) сормаланып өткізіледі. Бұл сұйық шапшаң нейтрондарды баяулатпай-
ды, жылуды жақсы бөліп алып кетеді. Көбейткіш – реактордың қуаты уран – 239
шыбығын (стерженін) жоғары-төмен жылжыту арқылы реттеледі. Егер жылулық
нейтрондармен жұмыс істейтін ядролық реактор 0,5 – 1% уран «жағатын» болса,
көбейткіш – реактор қолданылғанда осы пайыз (%) саны ондаған есе артады.
Осының нәтижесінде ядролық энергетиканың шикізаттық қоры көп үнемделмек.
КӨЛДЕНЕҢ ТОЛҚЫН – толқынның векторлық шамасын (мысалы,
гармониялық толқындар үшін – векторлық амплитудасын) сипаттайтын шама.
Толқынның таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта жататын толқын.
Көлденең толқынға изотропты диэлектриктегі немесе
магнетиктегі біртекті
жазық электрмагниттік толқындар жатады. Осы жағдайда кейбір электрлік
және магниттік өрістер көлденең тербелістер жасайды.
КӨЛЕМ – үш өлшемді (ұзындығы, ені, биіктігі болатын) заттың (дененің)
кеңістікте алып жатқан [текше (куб) бірлігімен өлшенетін] аумағы.
Кризистік көлем – заттың кризистік күй кезіндегі көлемі.
Меншікті көлем – заттың алып жатқан көлемінің оның массасына қатынасы.
Мольдік көлем – қалыпты жағдайлардағы 1 мольдің алып жатқан көлемі.
Үлестік көлем, г а з д ы ң – берілген газ қоспасының құрамындағы белгілі бір
газдың өзге газдардан босатылған (бөлініп әкетіліп) жағдайдағы, тек қысым мен
температурасы ғана бастапқы күйінде сақталып қалатын кезде әлгі газдың алып
жататын көлемі.
КӨЛЕМДІК КҮШ,
массалық күш – берілген дененің бүкіл бөлшектеріне
(қарапайым көлемді) әсер етуші және бөлшектердің массасына пропорционал
күш. Көлемдік күшке –
тартылыс күші мысал бола алады.