АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет209/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   274

к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



482

483


мысалы, егер тізбектің барлық учаскесінің кедергісі мен оның барлық учаскесінің 

электрқозғаушы күші (ЭҚК) белгілі болса, өткізгіштердің кез келген тармақталған 

жүйесіндегі ток күші және оның бағыты анықталады. Бірінші ереже негізінде n 

өткізгіштен, r түйіннен құралған жүйе үшін – 1 теңдеу құрылады (соңғы түйінге 

арналған теңдеу тәуелсіз болмайды, алдыңғы теңдеуден екінші ереже негізінде 

тұйық контур үшін – (r-1) теңдеу туындайды; осы соңғы теңдеуге n өткізгіштің 

әрбіреуі ең болмағанда 1 рет енуі керек.

КИРХГОФТЫҢ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ ЗАҢЫ – денелердің сәуле шығарғыштық 

қасиеттері [ε(λ,Т] мен сәуле жұту қасиеттеріне [α(λ,Т)] қатынасы дененің табиға- 

тына  тәуелді  болмайтынын  және абсолют  қара  дененің сәуле  шығарғыштық 

қасиетіне  [ε

о

(λ,Т)]  тең  және  сәуленің  толқын  ұзындығына  (λ)  және  абсолют 



температураға (Т) тәуелді болатындығын 

ε�λ, Т

���, Т

 

 = ε



о

(λ,Т) тағайындайтын заң. Бұл 

заң жылулық сәуле шығарудың негізгі заңдарының бірі болып саналады және 

сәуле  шығарудың  басқа  түрлеріне  жарамсыз.  Мұны  1859  жылы  неміс  физигі 

Густав 

Кирхгоф (1824 – 1887) термодинамиканың екінші бастамасы негізінде 

тұжырымдаған. Кейіннен тәжірибе жүзінде дәлелденген. Кирхгофтың осы за- 

ңына  сәйкес  дене  берілген  температурада  сәулені  жақсы  жұтатын  кезде, 

қарқынды сәуле шығаруы тиіс. Мысалы, бір бөлігі қарайтылған платина плас- 

тинка қыздырылған кезде, оның қарайтылған бөлігі (жұту қасиеті 1-ге жуықтау) 

ақшыл бөлігінен күштірек жарқырайды.



КЛАПЕЙРОН  –  КЛАУЗИУС  ТЕҢДЕУІ  –  заттардың  бір  фазадан  өзге 

фазаға ауысу (булану, балқу, құрғақ айдау, полиморфтық түрлену т.б.) үрдістеріне 

(процестеріне) қатысты термодинамикалық теңдеу. Бұл теңдеу бойынша тепе-

теңдік күйде өтетін үрдіс кезіндегі фазалық ауысу жылуы (L) (мысалы,булану 

жылуы, балқу жылуы) мына формуламен анықталады: Т∙dр/dТ∙(V

2

–V

1

), мұндағы 

Т  –  ауысу  температурасы  (изотермиялық  үрдіс),  dр/dТ  –  қысымның  фазалық 

тепе-теңдік қисық сызығындағы температура бойынша алынған туындысының 

мәні, ал (V

2

–V

1

) – зат көлемінің бір фазадан өзге фазаға ауысу кезіндегі өзгерісі. 

Бұл теңдеуді 1834 жылы француз физигі Бенуа 



Клапейрон (1799 – 1864) сұйық 

пен жылулық тепе-теңдікте болатын конденсацияланатын буға арналған Карно  



циклін талдау нәтижесінде қорытып шығарған. 1850 жылы неміс физигі Рудольф 

Клаузиус  (1822  –  1888)  теңдеуді  кемелдендірген  және  оны  өзгедей  фазалық 

ауысуларға жалпылаған. Клапейрон – Клаузиус теңдеуі (К.–К.т.) жылуды жұту 

немесе  оны  шығарумен  (

1  текті  фазалық  ауысу)  қабаттасатын  кез  келген 

фазалық ауысуларға қолдануға жарамды және қорытып шығарылатын фазалық 

тепе-теңдіктің тікелей салдары болып табылады. К.–К.т. өзінің құрамындағы кез 



КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

482


483

к

178

келген шамаларды есептеуге арналған. Дербес жағдайда бұл теңдеумен



 булану 

жылуы есептеледі.

КЛАПЕЙРОН ТЕҢДЕУІКлапрейрон – Менделеев теңдеуі – идеал газ 

күйін анықтайтын физикалық шамалардың (қысым  р, көлем  V және абсолют 

температура  Т) арасындағы тәуелділік:  рV = ВТ (мұндағы  В – газ массасы ()

М мен оның молекулалық массасына тәуелді пропорционалдық коэффициент. 

Клапейрон теңдеуін қасиеттері идеал газдарға қарайлас болғанда – белгілі бір 

дәрежеде төменгі және жоғары температурадағы (мысалы, атмосфералық ауаға, 

газ қозғалтқыштарындағы жану өнімдеріне) нақты газдарға қолдануға болады. 

Бұл теңдеуді 1834 жылы француз физигі Бенуа 

Клапейрон қорытып шығар- 

ған. 1874 жылы орыс химигі Дмитрий 



Менделеев (1834 – 1907) идеал газдың бір 

моліне арналған теңдеуді қорытып шығарған: рV=RТ, мұндағы R – әмбебап газ 

тұрақтысы. Егер газдың молекулалық массасы μ болса, онда pV = M/μ(RT) немесе pV 

= NkT, мұндағы N – газ бөлшектерінің саны. Клапейрон теңдеуі Бойль – Мариотт 

заңынГей – Люссак заңын және Авогадро заңын біріктірген идеал газ күйлерінің 

теңдеуі болып табылады.



КЛАССИКАЛЫҚ МЕХАНИКА (латынша «классикус – үлгілі, ең үздік»; 

грекше  «механика  –  машина  жасау  өнері»)  –  негізіне  Ньютондық  механика 

заңдары жатқан және зерттеу пәні жарық жылдамдығымен салыстырғанда аз 

жылдамдықпен қозғалатын материалдық денелердің макроскопиялық қозғалысы 

болатын механика. 

КЛАССИКАЛЫҚ ФИЗИКА (латынша «классикус – үлгілі, ең үздік»). Физика 

ғылымының біздің заманымыздан бұрынғы (б.з.б.) VI ғасырынан бастап атомның 

бөлінбейтін  бөлшек  екеніне  күмән  тудырмайтын  кезеңге  дейін  дамытылған 

жетістіктер – классикалық физиканың үлесіне жатқызылған. Осы кезеңнің басында 

ежелгі грек философы 

Демокрит [(б.з.б.470(460) – 370 (ұзақ жасаған)] материяның 

атомдардан (грекше «атом – бөлшектенбейтін бөлшек» деген сөз) құралатыны 

туралы  идеяны  қолдаушылардың  алғашқыларының  бірі  болды.  Одан  кейінгі 

кезде грек философтарынның тағы біреуі 



Эпикур (б.з.б. 341 – 270) және біздің 

заманымыздан бұрынғы І ғасырда ғұмыр кешкен грек философы 



Лукреций (б.з.б. 

І ғасырда) де атом жайындағы идеяны қолдады. Осылай басталған классикалық 

физика кезеңінде табиғат туралы ғылымның салалары дамытылған болатын.

КЛИСТРОН [(грекше «клизо – соғамын» + (электр) трон] – аса жоғары жиілікті 

тербелістерді күшейтуге және тудыруға арналған электрондық аспап. Клистрон 

тура өткізгішті (қосрезонаторлы және көпрезонаторлы) түрлерге ажыратылған. 

Асашағын шағылыстырғыш клистрон – м и н и т р о н деп аталған.




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау