АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет160/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   274

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



370

371


геологиялық барлауда, дефектоскопияда, жылулық үрдістерді ғылыми-техникалық 

зерттеулерде қолданылады.



ЖЫЛУДЫҢ  МЕХАНИКАЛЫҚ  ЭКВИВАЛЕНТІ (латынша  «екуиваленс 

– бірдей мәнді, бірдей бағалы»). «Жылудың механикалық эквиваленті» ұғымы 

механикалық жұмыс және жылу мөлшері тарихи жағдайға байланысты әрқилы 

бірліктермен  өлшенуіне  байланысты  пайда  болды.  Механикалық  жұмыс  пен 

жылудың эквиваленттілігі орныққаннан кейін жылудың механикалық эквиваленті 

мұқият өлшеніп анықталған соң, ол шама 1 ккал = 426,9 кг·күш·м-ге тең болған.

Халықаралық  бірліктер  жүйесінде  (СИ)  жұмысты  және 

жылу мөлшерін 

өлшеуге ортақ бір бірлік қабылданған – ол джоуль (1 Дж = 0,239 кал = 0,102 

кг·күш·м). Сондықтан «жылудың механикалық эквиваленті» ұғымын пайдаланудың 

қажеті болмай қалды.



ЖЫЛУ ҚОРЫ – «энтальпия» деген ұғымның баламасы.

ЖЫЛУЛЫҚ  ҚОЗҒАЛЫС  –  қарқындылығы  жылу  температурасы-

мен  анықталатын  заттардың,  атомдардың,  молекулалардың  және  басқа 

микробөлшектердің ретсіз қозғалысы. 

Жылулық  қозғалыстың  кинетикалық 



энергиясы  заттардың  абсолюттік 

температурасына  тура  пропорцио-

нал. Газдардың бөлшектері бір-бірімен 

тұрақты түрде соқтығысып, газдың бүкіл 

көлемі бойынша әрқилы жылдамдықпен 

ретсіз  қозғалады.  Сұйықтардың 

бөлшектері тепе-теңдік жағдайдың айна-

ласында тербелмелі қозғалыста болады 

және бір тепе-теңдік жағдайдан екінші 

тепе-теңдік  жағдайға  сирек  аттайды. 

Қатты денелердегі микробөлшектердің 

жылулық қозғалыстары өздерінің тепе-

теңдік жағдайының маңында тербеледі.



ЖЫЛУЛЫҚ  НЕЙТРОНДАР – 

кинетикалық энергиясы 0,5 эВ-тан 5·10

–3

 

эВ-қа дейін жететін нейтрондар; баяулатқыш ортаның атомдарымен жылулық 



тепе-теңдікке  дейін  баяулату  кезінде  пайда  болады.  Баяулатқышта  жылулық 

жылдамдық бойынша жылулық нейтрондардың үлестірілуі газ молекулаларына 

арналған 

Максвелл үлестірілуіне сәйкес анықталады. Жылулық нейтрондардың 

Сом металл жолақтың бір ұшы қыздырылғанда 

жылу  энергиясы  металдың  атомдарына 

беріліп,  олардың  кинетикалық  энергиясын 

арттырып,  жылулық  қозғалысқа  түсіреді, 

соның нәтижесінде атомдар бастапқы салқын 

кездегімен  салыстырғанда  едәуір  күшті 

тербелетін болады. Егер металл жолақ ұзақ 

уақыт  қыздырылатын  болса,  оның  екінші 

ұшы да қызып, екі ұшының температуралары 

теңеседі.



Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



372

373


ең ықтимал жылдамдығына сәйкес болатын энергия 8,6·10

–5

 Т эВ (Т – абсолюттік 



температура).

ЖЫЛУЛЫҚ СӘУЛЕ, т е м п е р а т у р а л ы қ   с ә у л е  – заттар шығаратын 

(тарататын) және олардың ішкі энергиясының (мысалы, сыртқы энергия көздері 

арқылы қоздырылатын люминесценциядан айырмашылығы) есебінен пайда бо-

латын электрмагниттік сәуле. Жылулық сәуленің спектрі – тұтас спектр болады, 

оның максимум қалпы заттың температурасына тәуелді. Температура артқанда 

жылулық сәуленің жалпы энергиясы да артады, максимумы толқын ұзындығы 

қысқа аймаққа қарай жылжиды. Жылулық сәулені, мысалы, металдың қызған 

беті, жер атмосферасы, т.б. шығарады (таратады). Барлық сәуле шығармайтын 

(таратпайтын) үрдістерде, яғни газдардағы және плазмадағы бөлшектердің әртүрлі 

соқтығысуларына, қатты денелердегі электрондық және тербелмелі қозғалыстарға 

арналған  заттардағы  жаппай  тепе-теңдік  жағдайларда  жылулық  сәуле  пайда 

болады. Заттардың кеңістіктің әрбір нүктесіндегі тепе-теңдік күйі – жергілікті 



термодинамикалық тепе-теңдік болады, сонымен бірге жылулық сәуле тәуелді 

болатын берілген нүктедегі температураның мәнімен сипатталады.

Жалпы жағдайда денелер жүйесі үшін тек жергілікті термодинамикалық тепе-

теңдік орындалатын және әртүрлі нүктелер үшін әртүрлі температурасы болатын 

жылулық сәуле заттармен термодинамикалық тепе-теңдікте бола алмайды. Едәуір 

қызған дене жұтудан гөрі көбірек сәуле шығарады, ал едәуір салқын дене сәйкес 

түрде – керісінше, сәуле шығарумен салыстырғанда одан көбірек сәуле жұтады. 

Сәуле едәуір қызған денеден едәуір салқын денеге қарай тасымалданады. 

Жүйедегі температураның таралуын сақтау кезінде тұрақты күйді ұстап тұру үшін, 

сәуле шығарушы дененің жылу энергиясының шығынын толтыру және едәуір 

салқын денеден жылуды алып кету қажет.

Толықтай термодинамикалық тепе-теңдік кезіндегі жүйенің барлық бөліктерінің 

температурасы  бірдей  болады  және  әрбір  дене  шығарған  жылулық  сәуленің 

энергиясының орны осы дененің және басқа денелердің жұтқан энергиясымен 

толады. Тепе-теңдік сәуле шығарудың спектрі заттардың табиғатына тәуелді емес, 

тек 

Планктің сәуле шығару заңымен анықталады. Қара емес денелердің жылулық 

сәуле шығаруы үшін абсолют қара дененің сәуле шығару және жұту қасиеттерін 

байланыстырушы сәуле шығарудың Кирхгоф заңы тура болады.

ЖЫЛУЛЫҚ  ТЕПЕ-ТЕҢДІК  –  термодинамикалық  тепе-теңдік  дегенмен 

мағынасы бірдей.



ЖЫЛУЛЫҚ ҰЛҒАЮ – дененің қыздырылуы кезінде оның өлшемдерінің 

өзгеруі. Тұрақты қысым (р) кезіндегі жылулық ұлғаюдың мөлшері изобарлық 

ұлғаю коэффициентімен (жылулық ұлғаюдың көлемдік коэффициентімен – α) 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау