Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
360
361
шығарады. Энергияның төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейіне көтерілгенде сәуле
шығарғыштық кванттық ауысу кезінде пайда болады.
ЖҮЙЕ – бір-бірімен өзара байланыста болатын, белгілі бір тұтастық құратын
көптеген құрамдас бөліктердің жиынтығы. Жүйелер
материалдық және
абстрактілік жүйе болып ажыратылған. Абстрактілік жүйелерге жүйе туралы
ұғымдар, болжамдар, теориялар, ілімдер, т.б. жатады.
Физикалық жүйе – сырттай қарастырылған нысандардан (денелерден,
бөлшектерден, өрістерден, т.б.) кез келген тәсілмен бөлініп алынған әлгі
нысандардың физикалық қасиеттері болатын дене жиынтығы.
Айналы-линзалы жүйе – шағылдырушы және сындырушы бөліктері болатын
опткалық жүйе.
Апериодты жүйе – энергиясы көп шығындалуы себепті меншікті тербелісі
мүмкін болмайтын жүйе.
Байланысқан жүйелер – әрқайсысының еркіндік дәрежесі біреу болатын
бір-бірімен өзараәсерлесуші жүйелердің жиынтығы ретінде қарастырылатын екі
немесе одан артық еркіндік дәрежелі тербелмелі жүйелер.
Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың табиғаттағы өзара байланыстарын
бейнелейтін теориялар негізінде құрылған н е г і з г і және т у ы н д ы бірліктер
жүйесінің жиынтығы.
Бірліктердің абсолюттік жүйесі – 1. Шекті санды негізгі бірліктерді қамтыған
бірліктер жүйесі. 2. Негізгі механикалық бірліктері – ұзындық, масса және уақыт
болып табылатын бірліктер жүйесі. 3. Негізгі бірліктері үшін с а н т и м е т р,
г р а м м және с е к у н д қабылданған бірліктер жүйесі.
Бірліктердің гаусстық жүйесі – негізгі бірліктері с а н т и м е т р, г р а м м
және с е к у н д болатын электрлік және магниттік шамалардың, диэлектрлік
және магниттік өтімділігі вакуумда 1-ге тең болатын өлшемсіз шама болатын
бірліктердің абсолюттік жүйесі. Бұл жүйені неміс математигі әрі физигі Карл
Гаусс
(1777 – 1855) ұсынған.
Бірліктердің динамикалық жүйесі – негізгі шамалар санына масса бірлігі
алынатын, ал күш бірлігі туынды бірлік болатын және Ньютонның екінші заңы-
мен анықталатын бірліктер жүйесі.
Бірліктердің когерентті жүйесі – бірліктің біреуін өзге бірлік арқылы анықтауға
арналған теңдеулердің тек 1-ге тең өлшемсіз пропорционалдық коэффициенті бо-
латын бірліктер жүйесі.
Бірліктердің табиғи жүйесі – негізгі іргелі физикалық тұрақты шамалардың
бірліктері ретінде таңдалатын негізгі бірліктердің өлшемдері табиғи құбылыстармен
анықталатын бірліктер жүйесі.
Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
362
363
Бірліктердің халықаралық жүйесі – ғылым мен техниканың бүкіл салаларын
қамтыған негізгі бірліктер ретінде метр, килограмм, секнд, ампер, кельвин,
кандела және м о л ь қабылданған когерентті кемелдендірілген бірліктер жүйесі.
Гетерогенді жүйе – физикалық қасиеттері немесе химиялық құрамы бойынша
әрқилы болатын фазалардан құралған термодинамикалық жүйе.
Голономды жүйе – тек геометриялық (голономды) байланыстар ғана әсер
ететін механикалық жүйе.
Гомогенді жүйе – қасиеті кеңістікте үздіксіз түрде өзгеретін термодинами-
калық жүйе.
Джорджи бірліктерінің жүйесі – негізгі бірліктері метр, килограмм, секунд
және электрдинамикалық бірліктердің біреуі болатын бірліктер жүйесі.
Дисперстік жүйе – фазалардың ажыратылу беттері күшті дамыған екі немесе
одан да көп термодинамикалық фазалардан құралған гетерогендік жүйе.
Диссипатциялық жүйе – энергияның өзге түріне, мысалы жылу энергиясы-
на ауысқанда толық механикалық энергиясы қозғалыс кезінде үздіксіз кемитін
динамикалық жүйе.
Иммерсиялық жүйе – зат пен бірінші линзаның арасындағы кеңістігі сыну
көрсеткіші үлкен сұйықпен толтырылған оптикалық жүйе.
Кванттық жүйе – кванттық механиканың заңдарына бағынышты болатын
бірнеше немесе көптеген бөлшектердің жүйесі.
Консервативтік жүйе – бүкіл сыртқы күштері тұрақты және потенциалды, ал
бүкіл ішкі күштері потенциалды болатын механикалық жүйе.
Нұсқасыз (вариантсыз) термодинамикалық жүйе – термодинамикалық
еркіндік дәрежесінің саны нөлге тең болатын термодинамикалық жүйе.
n
-нұсқалы термодинамикалық жүйе – термодинамикалық еркіндік
дәрежесінің саны n-ге тең болатын термодинамикалық жүйе.
Оқшауланған жүйе – ешқандай сыртқы әсерлерге ұшырамаған жүйе.
Өлшеуіш жүйе – біртұтас жұмыс істейтін өлшеуіш аспаптардың, өлшеуіш
түрлендіргіштердің және осылар арқылы ақпараттар алынатын өңдеуіш
құралдардың жиынтығы.
Метрлік өлшеуіштер жиыны – физикалық шамалардың негізіне м е т р және
к и л о г р а м м жатқызылған бірліктерінің жүйесі.
Механикалық жүйе – классикалық механиканың заңдарына сәйкес қозғалатын
және бір-бірімен әрі осы жиынтыққа енбеген денелермен өзараәсерлесуші
материалдық нүктелердің ойша ажыратылып алынған жиынтығы.
Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
362
363
Оптикалық жүйе – жарық көзінен шығатын жарық ағындарын басқару және
заттардың оптикалық кескіндерін түзу үшін белгілі бір тәртіппен комбинацияланған
линзалардың, айналардың, призмалардың, т.б. жиынтығы.
Планк бірліктері жүйесі – негізгі бірліктер ретінде жарықтың вакуумдағы
жылдамдығы, гравитациялық тұрақты, Больцман тұрақтысы және Планк тұрақтысы
қабылданған бірліктердің табиғи жүйесі. Бұл жүйені неміс физигі Макс
Планк
(1858 – 1947) ұсынған.
Санақ жүйесі – координаттар жүйесі мен сағат қатаң байланысқан дене.
Санақтың салыстырмалық жүйесі – санақтың абсолюттік жүйесіне қатысты
қозғалатын санақ жүйесі.
Санақтың гелиорталықты жүйесі – Күнмен байланысты санақ жүйесі.
Санақтың геоорталықты жүйесі – Жермен байланысты санақ жүйесі.
Санақтың инерциялық жүйесі – егер материалдық нүктелер кейбір денелердің
әсеріне ұшырамайтын болса немесе осы әсердің есесі (орны) толтырылатын
(компенсацияланатын) болса, әлгі материалдық нүктелерге қатысты өздерінің
жылдамдықтарын тұрақты қалпында сақтайтын санақ жүйесі.
Санақтың инерциялы емес жүйесі – ешбір денелердің ықпалына ұшырамаған
материалдық нүктелердің санақ жүйесіне қатысты үдемелі қозғалысы.
Санақтың зертханалық жүйесі – өлшеуіш аспаптармен байланысқан санақ
жүйесі.
Сызықтық жүйе – параметрлері жүйенің күйін сипаттайтын айнымалы
шамаларға тәуелді болмайтын, ал айнымалы шамалардың өздері суперпозиция
принципін қанағаттандыратын жүйе.
Сызықтық емес жүйе – параметрлері жүйенің күйін сипаттайтын айнымалы
шамаларға тәуелді болатын жүйе.
Тұйық жүйе – денелердің ешқайсысына сыртқы күштер әсер етпейтін
механикалық жүйе.
Термодинамикалық жүйе – бір-бірімен және сыртқы орталармен энергия
және заттар алмастыратын макроскопиялық денелер мен өрістердің жиынтығы.
Хартри бірліктері жүйесі – атом физикасында пайдаланылатын негізгі
бірліктер ретінде бор радиусы, электронның тыныштықтағы массасы, электрон
заряды және Планк тұрақтысы қабылданған бірліктердің табиғи жүйесі. Ағылшын
физигі Дуглас
Хартри (1897 – 1958) ұсынған.
Элементтердің (Д.И.Менделеевтің) периодты жүйесі – химиялық
элементтердің физикалық-химиялық қасиеттерінің атомдық нөмірлерге тәуелділігі
Достарыңызбен бөлісу: |