АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет162/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   274

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



374

375


арасындағы ауысудың жүзеге асырылу тәсіліне де тәуелді. Сәйкес түрде дененің 

қыздырылу тәсіліне де және оның жылу сыйымдылығына да тәуелді. Егер қыздыру 

үрдісі кезінде сәйкес түрде дененің көлемі немесе қысымы тұрақты ұсталатын 

болса, әдетте тұрақты көлем (с



v

) және тұрақты қысым (с



р

) жылу сыйымдылықтар 

өзара ажыратылатын болады. Тұрақты қысым кезінде қыздырылғанда жылудың 

бір бөлігі 



дененің ұлғаю жұмысына, ал өзге бір бөлігі – дененің ішкі энергиясын 

арттыруға жұмсалады, тұрақты көлем кезінде қыздырылғанда жылудың барлығы 

ішкі энергияны арттыруға шығындалады; осы себепті с

р

 әрқашан с



v

-ға қарағанда 

артық болмақ. Газдар үшін (идеал газ болғанша) мольдік жылу сыйымдылықтың 

айырымы с



р

 – с

v

 = R, мұндағы R – әмбебап газ тұрақтысы, ол 8,314 Дж/(моль·К) не-

месе 1,986 кал/(моль·К). Сұйықтар мен қатты денелердің с



р

 және с



v

 арасындағы ай-

ырымы салыстырмалы түрде аз шама. Температура төмендеген сайын атомдардың 

тербелісі әлсіреп, дененің жылу сыйымдылығы азаяды. Температура абсолюттік 

нөлге жақындағанда барлық қатты дененің жылу сыйымдылығы нөлге жуықтайды.

Атомдық  жылу  сыйымдылық  –  жай  заттардан  құралған  дененің  жылу 

сыйымдылығының грамм-атомдармен өрнектелген осы денедегі заттың мөлшеріне 

қатынасы.

Меншікті жылу сыйымдылық – заттың жылу сыйымдылығының оның мас-

сасына қатынасымен анықталатын жылулық сипаттамасы.



Молярлық  жылу  сыйымдылық  –  дененің жылу  сыйымдылығының  осы 

денедегі заттың мольдермен өрнектелген мөлшеріне қатынасы.



Торлық жылу сыйымдылық – дененің кристалдық торының жұтатын жылу-

ына байланысты жылу сыйымдылық.



Электрондық жылу сыйымдылық – электрондық газдың жылу жұтуына 

байланысты металдардың жылу сыйымдылығы.



ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ – жоғары температуралы дене жылуын температурасы 

төмен денеге ауыстыратын қозғалмалы орта (газ, бу, сұйық). Жылу тасығыш 

қыздыру, салқындату, кептіру, термиялық өңдеу және жылумен қамтамасыздау, 

жылыту, желдету жүйелері мен жылу құрылғыларында технологиялық мақсаттарға 

пайдаланылады. Жылу тасығыш зат ретінде газ, бу, ыстық су, сынап, калий, натрий, 

германий, т.б. заттар пайдаланылады. 

Ядролық  реакторлардағы  жылу  тасығыштар  ядролық  ыдырау  реакциясы 

нәтижесінде бөлінетін жылуды активті зонадан тысқары алып шығады. Әрі реак-

торды салқындатады. Осы мақсат үшін әдетте 

ауыр су, дистилденген су, су буы, 

органикалық сұйықтар, СО

2

, Не, 



сұйық металдар пайдаланылады.


376

377


ЗАҢ – ақиқат құбылыстардың байланысы мен өзара тәуелділігі; құбылыстар 

арасындағы қажетті әрі тұрақты қатынас.



Авогадро заңы – идеал газдардың көлемдері, қысымдары мен температура-

лары бірдей болған кезде, олардың молекулаларының да саны бірдей болатыны 

тұжырымдалған заң. Бұл заңды 1811 жылы итальян физигі әрі химигі Амедео 

Авогадро (1776 – 1856) ашқан.

Амага заңы – идеал газдар қоспаларының көлемі олардың үлестік (парциалдық) 

көлемдерінің қосындысына тең болатыны тұжырымдалған заң. Бұл заңды француз 

физигі Эмиль 

Амага (1841 – 1915) ашқан.

Ампер заңы – 1. Қысқа өткізгіш кесінділерінің бойымен өтетін екі электр 

тогының механикалық өзараәсерлесу заңы. 2. Қысқа өткізгіш кесінділерінің бой-

ымен өтетін электр тогына магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті анықтауға 

арналған формула. Бұл заңды 1820 жылы француз физигі Андре 



Ампер (1775 – 

1836) ашқан.



Архимед заңы – гидростатика мен аэростатиканың ауырлық күш өрісінде 

сұйыққа немесе газға батырылған денеге осылардың тарапынан әсер ететін күшті 

анықтайтын заң. Бұл заңды біздің заманымыздан бұрынғы (б.з.б.) ІІІ ғасырда ғұмыр 

кешкен ежелгі грек ғалымы 



Архимед (б.з.б. 287 – 212) ашқан.

Био – Савар – Лаплас заңы – ток бөлігінің кеңістіктің кейбір нүктелерінде 

тудыратын магнит өрісінің индукциясын анықтайтын заң. Бұл заңды 1820 жылы 

француз физиктері Жан 

Био (1774 – 1862) мен Феликс Савар (1791 – 1841) бірлесіп 

ашқан. Кейіннен француз астрономы, физик әрі математигі Пьер 



Лаплас (1749 – 

1827) осы Био – Савар заңын жалпылама түрде тұжырымдаған.



Бойль – Мариотт заңы – идеал газдардан берілген масса үшін температура 

тұрақты болатын кезде газ қысымының оның алып тұрған көлеміне көбейтіндісі 

тұрақты болатынын айғақтайтын заң. Бұл заңды 1662 жылы ағылшын химигі, 

физигі әрі философы Роберт 



Бойль (1627 – 1691), 1676 жылы француз физигі Эдм 

Мариотт (1620 – 1684) ашқан.


З

16

ЗАҢ – ЗОНД



376

377


Бүкіләлемдік тартылыс заңы – бір материалдық нүктенің өзге материалдық 

нүктені өзіне тартатын өзараәсерлесуші күшін анықтайтын заң. Бұл заңды ағылшын 

физигі Исаак 

Ньютон (1643 – 1727) ашқан.

Виннің  ығысу  заңы  –  абсолют  қара  дененің  тепе-теңдік  сәуле  шығару 

спектріндегі  энергияның  максимумы  сәйкес  болатын  толқын  ұзындығын 

анықтайтын заң. Бұл заңды 1893 жылы неміс физигі Вальгельм 

Вин (1864 – 1928) 

ашқан.


Гей – Люссак заңы – идеал газдардың тұрақты қысымы кезінде берілген 

масса  көлемі  газдың  абсолюттік  температурасына  пропорционал  болатынын 

тұжырымдалған заң. Бұл заңды 1802 жылы француз физигі әрі химигі Жозеф Луи 

Гей-Люссак (1778 – 1850) ашқан.

Гук заңы – қатты дененің серпімді деформациясы кезінде механикалық кернеудің 

салыстырмалы деформацияға пропорционал болатындығын тұжырымдаған заң. 

Бұл заңды 1660 жылы ағылшын физигі Роберт 

Гук (1635 – 1703) ашқан.

Дальтон заңы – идеал газдар қоспасының қысымы олардың үлестік (парциал-

ды) қысымдарының қосындысына тең болатыны тұжырымдалған заң. Бұл заңды 

1803 жылы ағылшын химигі әрі физигі Джон 

Дальтон (1766 – 1844) ашқан.

Джоуль – Ленц заңы – өткізгіштегі тұрақты токтың бөліп шығаратын жылу 

мөлшерін  анықтайтын  заң.  Бұл  заңды  1841  жылы  ағылшын  физигі  Джеймс  



Джоуль (1818 – 1889), 1842 жылы (Джоульге қатыссыз) орыс физигі Эмилий  

Ленц (1804 – 1865) ашқан.

Дюлонг пен Пти заңы – көлемі тұрақты және температурасы 300 К-ге (Кель-

винге) жуық болған кездегі, қарапайым химиялық заттардың молекулалық жылу 

сыйымдылығының 3 есе көбейтілген әмбебап газ тұрақтысына тең болатындығы 

тұжырымдалған эмпирикалық ереже. Бұл заңды 1819 жылы француз физиктері: 

Пьер 

Дюлонг (1785 – 1838) пен Алексис Пти (1791 – 1820) тұжырымдаған.

Импульс моментінің сақталу заңы – механиканың егер жүйеге түсірілген 

күштердің басты моменті қозғалмайтын нүктеге қатысты нөлге тепе-тең болса, 

онда  механикалық  жүйе  импульсінің  моменті  осы  нүктеге  қатысты  өзгермей 

сақталатыны тұжырымдалған заң.



Импульстің сақталу заңы – уақыттың өтуіне байланысты тұйық жүйенің 

импульсінің өзгермейтіндігін тұжырымдаған механиканың заңы.



Кулон заңы – 1. Вакуумдағы екі нүктелік электр зарядтарының арасындағы 

өзараәсерлесу күшін анықтайтын заң. 2. Жіңішке магниттелген шабақтардың 

магнит өрістері арасындағы өзараәсерлесу күшін анықтайтын заң. 3. Сырғанау 

үйкелісінің күші нормал қысымға пропорционал болады делінетін заң. 4. Теңселу 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау