Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
358
359
теңдеуінің салдары ретінде болжанған. 1933 жылы француз физиктері ерлі-
зайыпты Ирен (1897 – 1956) мен Фредерик (1900 – 1958)
Жолио-Кюрилер маг-
нит өрісіне орналастырылған Вильсон камерасы арқылы электрон-позитрондық
жұп γ-кванттарын байқаған. Энергия-импульстің сақталу заңына сәйкес жеке-
леген
фотондардан жұптардың тууы мүмкін емес. Фотоннан жұптардың туу
үрдісі ядроның және атом электрондарының
кулондық өрісінде, бөлшектердің
тыныштықтағы энергиясынан екі есе артық болатын энергиясы кезінде жүзеге
асады. Жоғары энергиялы бөлшектердің соқтығысулары кезінде мюондық жұптар
(μ
+
μ
–
) пайда болады.
ЖҰП – бірдей екі нәрсе; бір нәрсенің екі данасы; қосарланған нәрселер. Осы
түсінік физикалық нысандарға, құбылыстарға да қолданылады.
Айналу жұбы – ілгерілемелі қозғалысқа әкелетін, бірдей және қарама-қарсы
бағыттағы бұрыштық жылдамдықтармен параллель екі өстің айналасындағы
(төңірегіндегі) айналыс.
Куперлік жұп – екі фермионның мысалы Бозе-Эйнштейн үлестірілуіне
бағынатын және металдардағы асқынөткізгіштікті және гелийдің асқынақ-
қыштығын қамтамасыз ететін екі электронның ферми-сұйыққа бірігуі. Амери-
кан физигі Леон
Купердің (1930 ж.т.) құрметіне аталған.
Күштер жұбы – шамасы бойынша тең және параллель, бірақ қарама-қарсы
бағытталған екі күштің жүйесі.
ЖҰПТЫЛЫҚ – микробөлшектердің (молекуланың, атомның, атом ядросының,
қарапайым бөлшектердің)
симметриялық қасиеттерін бейнелейтін толқындық
функцияның
айналық шағылысуға қатысты әлгі микробөлшектер күйлерінің
кванттық-механикалық сипаттамасы. Күшті және электрмагниттік өзараәсерле-
судің салдарынан туындайтын үрдістерде жұптылықтың сақталу заңы орын
алған: белгілі бір айналық симметрияның бастапқы күйіне ие болатын физи-
калық жүйе осы симметрияны кейінгі уақыт сәттерінде де сақтайды. Жұпты-
лықтың сақталуы атомдардың электрмагниттік сәулелері және атом ядрола-
рының, ядролық реакциялар мен қарапайым бөлшектердің бір-біріне өзара ай-
налу реакциялары үшін бірқатар таңдау ережесіне әкеп соғады.
Ядролық бета-ыдырау нәтижесінде туындайтын әлсіз өзараәсерлесуде,
жұптылықтың сақталу заңы бұзылады. Осындай бұзылыстың болуын 1956 жылы
қытай физиктері: Ли
Цзундао және Янг Чженьнин алдын ала болжаған, 1957 жылы
американ физигі Ву
Цзяньсюн ядролық β-ыдырау туралы тәжірибесі негізінде
растаған. Мұны американ физигі Лео
Ледерман (1922 ж.т.) мюонның ыдырауы
кезінде байқаған.
Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
360
361
1952 жылы американ физигі Э.
Вигнер айналық шағылысу кезінде
электронның
оң зарядталған (массасы бұрынғыдай) бөлшекке –
позитронға айналатынын
байқаған болатын. Ол
барлық бөлшектердің сәйкес антибөлшектерге айналу
мүмкіндігін болжаған. Осы құбылысты кеңес физигі Лев
Ландау (1908 – 1968)
комбинациялы инверсия деп атаған.
Кванттық теориядағы жұптылық микробөлшектердің негізгі және қоздырыл-
ған күйлерін сипаттайтын физикалық шама болып табылады.
ЖҰТЫЛУ – физикалық әртүрлі үрдістерде энергияның түрлену, сәуле
қарқындылығының кемуі, т.б. құбылыстарға қатысты қолданылатын түсінік.
Гамма-сәуленің резонанстық жұтылуы – атом ядроларының қозған күйге
ауысуының салдарынан атом ядроларының гамма-кванттарды жұтуы.
Жарықтың жұтылуы – зат арқылы өтетін оптикалық сәуленің қарқынды-
лығының кемуі.
Жарықтың көпфотонды жұтылуы – әртүрлі монохроматты жарық көздерінен
таралатын (шығатын) бірнеше фотонның өзараәсерлесуінің бір актісіндегі
жұтылуы.
Жарықтың резонанстық жұтылуы – жарықтың атомдарды жұтушы ортаның
негізгі күйден қозған күйге ауысуына сәйкес болатын жиілікпен жұтылуы.
Толқындардың жұтылуы – толқындардың өздерінің энергиясы таралатын
ортамен өзараәсерлесуі нәтижесінде әлгі толқындар энергиясының өзге энергия
түріне түрленуі.
ЖҰТЫЛУ КОЭФФИЦИЕНТІ – берілген дене жұтқан сәуле ағынының осы
денеге түсетін сәуле ағынына қатынасы. Кемитін ағынның спектрі кең, тұтас бо-
латын жағдайда, аталған қатынас интегралды жұтылу коэффициентін сипат-
тайды; егер де кемитін жарық жиілігінің диапазоны тар болса, онда монохро-
матты жұтылу коэффициенті жайлы сөз болады. Э
нергияның сақталу заңы
бойынша, жұтылу коэффициентінің, шағылу коэффициентінің және сәулені өткізу
коэффициенттерінің қосындысы 1-ге тең болады. Заттың қасиетін сипаттайтын
жұтылу көрсеткішінің жұтылу коэффициентінен айырмашылығы – жарық сүзіп
өтетін қабаттың қалыңдығына, яғни дененің өлшеміне тәуелді болуында. Спектр-
скопияда кейде «жұтылу коэффициентін» жұтылу көрсеткіші деп те атайды.
ЖҰТЫЛУ КӨРСЕТКІШІ (к
λ
) – параллель шоқ құрайтын толқын ұзынды-
ғының (λ) монохроматты сәуле ағынының затқа жұтылу есебінен
е = 2,718 есе (на-
турал жұту көрсеткіші) немесе 10 есе (ондық жұту көрсеткіші) кемуіне кері шама.
ЖҰТЫЛУ СПЕКТРЛЕРІ – сәулелердің заттардан өтуі және жұтылуы кезінде
пайда болатын спектрлер. Әрбір химиялық элемент өзіне тән жұтылу спектрлерін