АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет108/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   274

Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



250

251


тізбегі  түрінде  байқалатын  болады.  Түйіршіктер  өлшемдерінің  кіші  болуы 

кеңістіктік жоғары айырғыштық қасиетке ие етеді, эмульсиядағы іздерді егжей-

тегжейлі  зерттеу  зарядты  бөлшектердің  массасын  және  олардың  энергиясын 

анықтауға мүмкіндік жасайды. Кейде 



тректер бойынша бөлшектердің «тууынан» 

бастап ыдырауына дейінгі барлық кезеңін бақылауға болады.

Радиоактивтілікті және ғарыштық сәулелерді зерттеуде үлкен маңызы бол- 

ған к л а с с и к а л ы қ  т р е к т і к  д е т е к т о р – Вильсон  камерасы  және 

оның түр өзгерісі болып табылатын диффузиялық  камера  болды. Газбен  

және спирттің немесе судың аса қаныққан буымен толтырылған камераға түс- 

кен иондауыш бөлшектердің іздері осы бөлшектер тудырған ұйытқы иондар- 

дың төңірегінде конденсацияланған бу тамшыларының пайда болуы салдары-

нан  көрінетін  болады.  Тректерді  тіркеу  үшін  Вильсон  камерасы  қажет  уақыт 

сәтінде  импульстік  жарықпен  жарықталып 

суретке түсіріледі. Вильсон камерасын маг- 

нит өрісіне орналастырып, тректің ауытқуы 

арқылы  бөлщектердің  импульстерін  және 

оның электр зарядын анықтауға болады. Виль-

сон камерасын 



көпіршікті және ұшқынды 

камералар бірте-бірте ығыстырып шығарды. 

Көпіршікті  камера  –  үдеткіштердегі 

ғылыми тәжірибелерде қолданылатын негізгі 

тректік детекторлардың бірі. Егер сұйық аса 

қызған күйге келтірілсе, онда ол белгілі бір 

уақыт қайнамай тұратын болады. Осындай 

аса 

қызған сұйық арқылы иондауыш бөлшек ұшып өтетін болса, әлгі сұйық қайнай 

бастайды. Бу көпіршіктері ұлғаймай тұрғанда жарықталып суретке түсіріледі. 

Зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі ауытқуын Вильсон камерасындағыдай 

өлшеу  зарядты  бөлшектің  импульсімен  заряд  таңбасын  анықтауға  мүмкіндік 

береді. Көпіршікті камераның басты артықшылығы өзараәсерлесудің бір актісінде 

пайда болатын зарядты бөлшектердің кез келген санын іс жүзінде тіркеу кезіндегі 

эффективтілігі жоғары, бұрыштар мен импульстерді өлшеу дәлдігі жоғары, ауыр 

сұйықты камералар үшін – γ-кванттар үшін конверсиялық (айналу, өзгеру) қасиеті 

жоғары, кемістігі зерттелуші бөлшектер санының шектеулі (аз) болуы.

Ұшқынды  камера.  Зарядталған бөлшек газды иондайды және осы бөл- 

шектер  өткен  сәтте  олардың  траекторияларының  бойында  электрондардан  

және иондардан түзілген баған пайда болады. Егер бөлшектер өткен соң ≤1 мкс  

Вильсон камерасының сұлбасы



Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



250

251


Детонациялық  толқындағы  қысымның  (р) 

үлестірілуі  (х  –  кеңістіктік  координат):  1  – 

заттың  бастапқы  зонасы;  2  –  толқын  шебі; 

3  –  химиялық  реакция  зонасы;  4  –  детонация 

өнімдерінің зонасы; р

0

 – бастапқы қысым.

(микросекунд)  уақыттан  кейін  камераның 

электродтарына жеткілікті мөлшерде жоғары 

кернеу  берілсе,  олардың  арасында  бөлшек 

өткен тұста  ұ ш қ ы н д ы қ  т е с у болады. 

Ұшқындық камераның кеңістіктік ажыратқыш 

қасиеті  бар,  сонымен  бірге  қарқындылығы 

~  10


5

  еседен  астам  шоқтармен  жұмыс  жа-

сайды  әрі  бүкіл  бөлшектер  тіркелмейді, 

ішінара таңдау арқылы тіркеледі. 



Ұшқынды 

тіркеудің қарапайым тәсілі – суретке түсіру. 

Электрондық есептеуіш машиналарды (ЭЕМ-

ды) пайдалану фильмсіз ұшқынды камераны 

ендіруге жағдай жасаған. Онда ұшқындардың 

координаттары ЭЕМ-ның жадына жазылып алынады да, бірден математикалық 

өңдеуге алынады. 

Бөлшектердің траекторияларын е септеуіштердің теле скопын құрайтын 

детекторлардың импульстік жүйелері арқылы да тіркеуге болады. Бөлшектердің 

өткендігі  туралы  дабыл  беретін  есептеуіштердің  нөмірлері  бойынша  осы 

бөлшектердің  траекторияларын  анықтауға  болады.  Өлшеу  дәлдігі  қарайған 

бұрыштың шамасы бойынша анықталады (сызбаға қараңыз). Осыларды магнит 

өрісіне орналастырып зарядталған бөлшектердің импульстерін және олардың 

таңбаларын анықтауға болады. Мысалы, атом ядросының ыдыратылуы кезінде 

пайда болатын ауыр зарядты бөлшектердің іздерін кейбір кристалдар арқылы табу 

мүмкіндігі бар.

ДЕТОНАЦИЯ  (французша  «детонер  –  қопарылыс»,  латынша  «де-

тоно  –  күркіреймін»)  –  қопарылғыш  (жарылғыш)  заттардың  берілген 

заттағы  дыбыстық  жылдамдығынан  артық  тұрақты  шапшаңдықпен  тарала-

тын  химиялық  түрлену  үрдісі.  Баяу 

диффузиялық  және  жылуөткізгіштік 

үрдістер  себепші  болған  жанудан 

детонацияның айырмашылығы қуатты 

соққы толқынынан және оның шебінен 

кейін заттың химиялық түрлену зона-

сынан (детонациялық толқын) құралған 

кешен болып табылады. 

Соққы  толқын  (сызбаға  қараңыз) 

қопарылғыш  затты  сығады  әрі  қыз- 

Ұшқындық камера сұлбасы



Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



252

253


дырады, осының нәтижесінде қопарылғыш затта химиялық реакция туады, реак-

циядан бөлінген өнім көлемін күшті ұлғайтады, соның салдарынан қопарылыс 

туады. Екінші жағынан, химиялық реакцияның нәтижесінде бөлінетін энергия 

соққы толқынының сөнуіне жол бермей ұстайтын болады. Әрбір қопарылғыш 

заттың детонациялық толқынының таралу жылдамдығы тұрақты болады, ол 1 – 3 

км/сек-қа жетеді; газда 8 – 9 км/сек; соққы толқынының шебіндегі қысым ~ 1 – 5 

МПа (~10 – 50 атм) және ~ 10 ГПа (~ 10

5

 атм).



ДЕФЕКТОН – кванттық кристалдардағы ақаулардың тәртібін сипаттайтын 

квазибөлшек.

ДЕФЕКТОСКОП  (латынша  «дефектус  –  кемшілік»  +  грекше  «скопео  – 

қараймын») – материалдардағы, шала өнімдердегі және бұйымдардағы кемістік- 

терді (дефектілерді) (мысалы, макро- және микроқұрылымдағы, тұтастық немесе 

біртектілік сақталмаған, химиялық құрамы сәйкес келмейтін) табуға, бұзбай-

қиратпай бақылауға арналған құрылғы. Дефектоскоп арқылы мүмкін болатын жа-

рамсыз бұйымдар анықталады. Дефектоскоптардың рентгендік, ультрадыбыстық, 

инфрақызыл сәулелік, люминесценттік, индуктивтік, электронды-сәулелік түрлері 

бар.


ДЕФЕКТОСКОПИЯ (латынша «дефектус – кемшілік, ақау» + ... скопия») 

–  материалдар  мен  бұйымдар  ақауын  оларды  бүлдірмей  анықтауға  арналған 

әдістер  жиынтығы.  Бұл  әдістің  негізіне  рентген,  инфрақызыл,  ультракүлгін, 

гамма-сәуле,  радиотолқын,  ультрадыбыс  толқындары,  магниттік  және 

электрстатикалық өріс т.б. әсер етуші 

материалдың физикалық қасиеттерін 

з е рт т еу   а л ы н ғ а н .   Р е н т г е н - 

дік  –  де фекто скопия  әдісі рент-

ген сәулелерінің материалға жұтылу 

құбылысына  негізделген.  Материал 

ақауларынан  (саңылау,  қуыс,  басқа 

материалдар  қоспасы,  т.б.)  өткен 

рентген сәулелерінің қарқындылығы 

әртүрлі  шамаға  өзгереді.  Осы 

өзгерісті  тіркей  отырып,  ақаудың 

материал  ішіндегі  орнын  анық- 

тауға  болады.  Г а м м а – д е ф е к т о -

скопия  жасанды радиоактивті изо-

топтардан (кобальт, иридий, т.б.) тара-

Рентгендік  сәуле  арқылы  ақауды  табу  сұлба- 

сы:  1  –  рентгендік  сәуле  көзі;  2  –  рентгендік 

сәуле шоғы; 3 – зат; 4 – заттың ішкі ақауы; 

5 – заттың рентгендік бейнесі; 6 – рентгендік 

бейне тіркеуіш.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау