АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет105/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274

Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



240

241


электрқозғаушы күштің пайда болуы. Дербес жағдайда жартылайөткізгіш жарықты 

күшті жұтқан кезде осы өткізгіштің жарықталған және жарықталмаған беттері 

арасында электрқозғаушы күш пайда болады (диффузиялық фото элект рлік 

қозғаушы  күш).  Бұл құбылысты 1931 жылы неміс физигі Х. 



Дембер (1882 – 

1943) ашқан. Жартылайөткізгіш бірқалыпсыз жарықталған кезде тепе-теңсіз элек-



трондар мен кемтіктердің шоғырлануының градиенті пайда болып жарықталған 

учаскеден жарықталмаған учаскеге қарай әлгі электрондар мен кемтіктер диф-

фузияланады.  Электрондар  мен  кемтіктердің  диффузиялық  коэффициенттері 

әртүрлі болатындықтан, үлгіде электр өрісі пайда болады. Дембер эффектісінің 

фотоэлектрлік қозғаушы күші аз болғандықтан іс жүзінде қолданылмайды.

ДЕНЕ  –  өлшемдері  молекула  құрайтын  макроскопиялық  жүйелерді 

құраушылардың  арасындағы  қашықтықтардан  едәуір  артық  болатын 

макроскопиялық жүйе.

Абсолют қара дене – өзіне түскен электрмагниттік толқындарды толық жұтатын 

дене.


Абсолют қатты дене – кез келген екі нүктесінің қашықтықтары тұрақты бо-

латын дене.



Аморфты дене – микробөлшектерінің құраушылары дұрыс болмай және пе-

риодсыз орналасқан дене.



Анизотропты дене – қасиеттері әр тараптағы бағыттары бойынша әр қилы 

болатын дене.



Боз дене – жұту коэффициенті бірден кіші әрі сәуленің толқын ұзындығына 

және абсолют температураға тәуелді болмайтын дене.



Жұмыстық дене – жылу машиналарында жұмыс жасату үшін пайдаланылатын 

термодинамикалық жүйе.



Изотропты дене – қасиеттері бүкіл бағыттар бойынша бірдей болатын дене.

Кристалдық дене – құрылымы алыс реттілікпен сипатталатын қатты дене.

Қатты  дене  – заттарды  құраушы  атомдардың  тепе-теңдік  жағдайларында 

шағын  тербелістер  түрінде  болатын  тұрақты  пішіндерімен  және  жылулық 

қозғалыстарымен сипатталатын агрегаттық күй.

Сұр дене – жұту коэффициенті 1-ден кіші және сәуленің толқын ұзындығына 

тәуелді болатын дене.



ДЕНЕ КООРДИНАТТАРЫ (латынша «ко – бірлескен» + «ординатус – рет-

телген) – нақты денелер материалдық нүкте ретінде қарастырылғанда оның кез 

келген уақыттағы жазықтығы немесе кеңістіктегі қалпын (орнын) анықтайтын 

сандар. Координаттарды анықтау үшін ең алдымен 



санақ денесі таңдалып, оған 


Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



242

243


Сұйыққа  батырылған  [жүк  ватерсы- 

зығына (аb) дейін] денеге ықпал етуші 

күштер.

координаттар  жүйесі  байланыстырылады.  Механикада  көбінесе 



санақ денесі 

ретінде Жер шары алынады да, оған тікбұрышты декарттық координаттар жүйесі 

байланыстырылады. Материалдық нүктенің кез келген уақыттағы қалпын анықтау 

үшін уақыттық санақтың бас нүктесінің берілуі қажет.

Координаттар жүйесі, онымен байланысқан санақ денесі және дене қозғалысына 

қатысты қарастырылатын уақыттық санақтың бас нүктесі 



санақ жүйесін құрады. 

Дене қозғалысының траекториясы, жүрілген жол мен орын ауыстыру санақ 

жүйесін таңдауға әуелді. Басқаша айтқанда 

механикалық қозғалыс – салыстыр-

малы қозғалыс.

ДЕНЕЛЕРДІҢ ЖҮЗУІ – сұйыққа (немесе газға) жартылай не толық батырылған 

қатты дененің тепе-теңдік күйі. Денелердің сұйықта жүзу теориясының негізгі 

мәселесі – сұйыққа батырылған дененің тепе-теңдік жағдайын анықтау және тепе-

теңдіктің  орнықтылық  шартын  түсіндіру. 

Денелердің жүзуінің қарапайым шарты 

Ар-

химед заңы бойынша анықталады. Егер дене 

сұйыққа жүк ватерсызығы аb жазықтығына 

дейін батырылған болса (сызбаға қараңыз), 

онда  денеге  әлгі  жазықтыққа  перпенди-

куляр  бағытта  ортадан  (А)  өтетін  бағытта 

ығыстырушы  күш  (F)  әсер  етеді,  бұл  күш 

ауырлық күшке (Р) тең болады. Тепе-теңдік 

жағдайда  F  және  Р  күштері  бір  түзудің 

бойымен әсер етеді. Егер дене тепе-теңдік 

күйден ауытқитын болса, онда денеге F және 



Р күштер жұбы әсер етді. Осы күштер денені 

тепе-теңдік жағдайға келтіруге әрекеттенетін 

болса, тепе-теңдік орнықты, ал қарама-қарсы жағдайда – орнықсыз болады. Тепе-

теңдіктің орнықтылығын метаорнықтылықтың қалпына қарап та анықтауға болады.



ДЕНЕНІҢ ЕРКІН ТҮСУІ – Жердің тарту күші өрісінде дененің бастапқы 

жылдамдықсыз қозғалысы. Дене Жер радиусымен қарайлас биіктен еркін түс- 

кенде, ауырлық күшінің шамасы берілген географиялық ендік үшін тұрақты шама 

деп есептеледі. Дененің еркін түсуі Жердің ортасына дейінгі қашықтыққа бай-

ланысты болатын тартылыс күші және ортаның кедергі (ауаның немесе судың) 

күшінің әсерінен болады. Дененің еркін түсуіне Жер бетіне қатысты оның тәу- 

ліктік айналасының бұрыштық жылдамдығының (ω ≈ 0,0000729 рад/сек) әсері 

болады.



Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



242

243


Егер Жердің дәл сфера еместігі және Жердің айналу әсері (ω-нің аз шама 

екендігі), сонымен бірге ауаның кедергісі ескерілмесе, еркін түсу кезін шамалы 

биіктен (дененің еркін түсу жылдамдығы аз болса) немесе өте жоғары биіктен 

(жолдың негізгі бөлігі ауасыз кеңістікте өтсе), онда еркін түсетін дененің ауырлық 

ортасы түзу сызықты бағытпен Жердің ортасына қарай бағытталады. Жердің ра-

диусымен (R) салыстырғанда жер бетінен есептегенде дененің аласа биіктіктен 

(h) еркін түсуі кезіндегі ауырлық күштің r-ге тәуелділігі ескерілмесе және дененің 

ауырлық күшінің ортасы (орталығы) тұрақты үдеумен g

о

 (тартылыс күшінің үдеуі) 



қозғалады әрі мына заң бойынша артатын жылдамдықпен қозғалады деп есептеуге 

болады:


υ = 

2g



0

 



 (1), мұндағы х – бастапқы жағдайдан бастап есептелген жол. Дененің 

үлкен биіктіктен (h) еркін түсуі кезінде тартылыс күшінің r = R+h – х қашықтыққа 

тәуелділігін ескеру қажет. Сол себепті еркін түсетін дененің ауырлық ортасының 

үдеуі мына заң бойынша: w= g

о

 R



2

/r, ал жылдамдық мына заң бойынша өзгереді:



υ =

2g



0



���/��/��������/��

 

.



Жердің айналуының негізгі әсері дененің еркін түсуіне – тартылыс күшіне 

ауыспалы инерция күшін қосу арқылы ескеріледі. Осы екі күштің қосындысы тік 

бағытпен бағытталған ауырлық күшіне (Р) тең болады, бұл күш дененің салмағына 

тең, осы күштің әсерінен дененің еркін түсуі жүзеге асады. Еркін түсу үдеуінің 

(ауырлық күш үдеуі) қосымша әсері инерциялық кориолис күшін енгізу арқылы 

ескеріледі.



ДЕНЕНІҢ САЛМАҒЫ – жер бетіне жақын орналасқан денеге әсер ететін 

ауырлық күштің сан жүзіндегі шамасы. Массы m дененің салмағы F



ω

 = mg бол-

сын. Егер дене жер бетінде тыныш орналасқан болса, F



ω

 салмақ күшінің қорытқы 

күші F

қ

 тартылыс күші тудыратын F



G

 күш пен жер бетінің дене салмағына қарсы 

әсер ететін реакция күшінің F

 қосындыларына тең болады, яғни F

қ

 = F

G

 + F (1). 

Ньютонның үшінші заңы бойынша осы реакция күші m массалы дененің Жерге 

әсер ететін F

ω

 күшке қарама-қарсы бағытта әсер етеді және әлгі күшке тең болады. 

Сол себепті F = F

ω

. Осы өрнекті (1) теңдіктегі өз орнына қоятын болсақ, F



қ

 = F

G

 

+ F

ω

, бұдан F



ω

 = F

G

 – F

қ

 (2).

m массалы дене жер бетінде тыныштықта болғандықтан, F

қ

 күш нөлге тең 

болады, яғни F

ω

 = F



G

 немесе F



ω

 = mg, осы соңғы өрнек жер бетінде орналасқан m 

массалы дененің салмағы болып табылады.

Енді дене жатқан тірек жазықтық  а үдеумен төмен қарай қозғалады дейік. 

Осыған ұқсас жайт лифтінің төмен қарай түсуі кезінде байқалады. Сонда әлгі 

дененің салмағы F



қ

 – mа өрнегіне тең болмақ, осы өрнектен F

қ

 = mа өрнегі шығады. 


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау