АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет109/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274

Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



252

253


латын (шығатын) гамма-сәулелерінің материалдан өтуі кезінде әртүрлі дәрежеде 

жұтылуына негізделген. Металл емес материалдардың беттік ақауларын тексеруге 

сантиметрлік және миллиметрлік диапазондағы радиотолқындарды пайдаланатын 

дефектоскопия түрін радиодефектоскопия деп атайды. Қыздырылған заттардың 

сапасын тексеруде инфрақызыл сәулелердің материалдан шағылысуы, өтуі не-

месе одан таралатын сәулелерді тіркеу арқылы іске асырылатын инфрақызыл 

сәулелік дефектоскопия пайдаланылады. Ақау ерекшеліктеріне сәйкес материал 

бетіне зарядтар топтасуына негізделген элект рст атикалық дефектоскопия да 

бар. Бұл тәсіл оқшаулау жұмысында жиі қолданылады. Капиллярлық күш әсерінен 

сұйықтың саңылаудан өту құбылысына негізделген капиллярлық дефектоскопия 

арқылы көзге көрінбейтін беттік ақауларды табуға болады. Магниттік дефекто-

скопия ферромагниттік металл және металл қорытпалардағы ақау маңында маг-

нит өрісінің өзгеруіне негізделген. Ульт радыбыстық  әдісте ультрадыбыстық 

тербеліс арқылы бұйымның біртектілігі тексеріледі, сондай-ақ қаңылтырдың, 

құбырдың қалыңдығы анықталады. Материалдардың беттік ақауларын бақылауға 

лазер сәулесі де пайдаланылады.

ДЕФОРМАЦИЯ (латынша «деформатио – бұрмалау») – кез келген нысан- 

ның сыртқы немесе ішкі күштер әсерлерінің нәтижесінде пайда болатын сырт 

пішінінің  өзгерісі.  Қатты  денелер  (кристалдар,  аморфты,  органикалық  текті) 

сұйықтар, газдар, физикалық өрістер, т.б. деформацияға ұшырайды. 



Механикалық деформация – денелердің немесе оның бөліктерінің пішіндері 

мен өлшемдерін өзгертуге әкеп соқтыратын және бөлшектер арасындағы өзара 

әсерлесу  күштерін  өзгертетін  яғни  кернеулердің  пайда  болуын  тудыратын, 

материалдық ортаның (қатты, сұйық, газтәрізді) көптеген бөлшектерінің өзара ор-

наласуын өзгерту. Бүкіл заттар деформацияланатын болады. Деформация жылулық 

ұлғаюдың, магнит немесе электр өрістерінің, сондай-ақ сыртқы механикалық 

күштер әсерлерінің салдары болады. 

Егер қатты денелерде жүктеме алынып тасталған соң деформация жойылатын 

болса, бұл деформация с ерпімді, ал егер жүктеме алынған соң да деформация 

әсері жойылмайтын болса, ол деформация пластикалық деп, егер деформация 

әсері түгелдей жойылмайтын болса, онда ол с ерпімді пластикалық деп ата-

лады. Егер де деформация шамасы айқын түрде уақытқа тәуелді болса, мысалы, 

жүктеме өзгермейтін кезде артатын (өсетін) болса, бірақ қайтымды болса, бұл – 

тұтқыр-с ерпімді деформация деп аталады. Бүкіл нақты қатты дене тіптен аз 

деформация кезінде азды-көпті пластикалық қасиетке ие. Кейбір жағдайларда, 

серпімділік  теориясындағыдай  пластикалық  қасиетті  ескермеуге  де  болады. 




Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



254

255


Пластикалық  деформацияның  табиғаты  температураға,  жүктеменің  әсер  ету 

ұзақтығына немесе деформация жылдамдығына тәуелді түрде әртүрлі бола алады. 

Қарапайым деформацияға салыстырмалы ұзару және ығысу жатады. Шыбықтың 

(стерженнің)  немесе  ортаның  материалдық  талшығының  ұзындығының  

о

 

ұзындықтың өзгерісіне ℓ – ℓ



о

 қатынасының бастапқы ұзындыққа 

о

 қатынасы с а-



лыстырмалы ұзару ε=(ℓ – 

о

) /



о

 деп аталған. 

Деформацияны өлшеу (механикалық, электрлік, магниттік, т.б.) тікелей не-

месе жанама түрде дене нүктелерінің аралығын (оптикалық, пъезоэлектрлік, т.б.)  

өлшеуге негізделген.

ДЕЦИБЕЛ (дБ, dВ) (латынша «десем – он» + бел – логарифмдік салыстырма-

лы шаманың бірлігі) – логарифмдік салыстырмалық шама бірлігі; 1 дБ = 0,1 Б. 

Акустикада – дыбыстық қысым деңгейінің бірлігі; 1 дБ – 20 lg (p/p

о

) = 1 қатынасы 



орындалатын дыбыстық қысымның бірлігі (мұндағы p

о

 – табалдырықтық дыбыс 



қысымы, 2·10

–5

 Па = тең деп есептеледі.



ДЖОЗЕФСОН ЭФФЕКТІСІ – екі асқынөткізгішті бөліп (ажыратып) тұратын 

жұқа диэлектрик қабат арқылы [ Джозефсон жанаспасы (жапсары) ] асқынөткізгіш 

токтың  өтуі;  1962  жылы  асқынөткізгіштік  теория  негізінде  ағылшын  физигі 

Брайон 


Джозефсон (1940 жылы туған) алдын ала болжаған, 1963 жылы ғылыми 

тәжірибе жүзінде анықталған. Өткізгіштік эектрондар туннельдік эффектінің 

нәтижесінде диэлектрик (қалыңдығы ~ 10Å = 10

–9 


м) металл тотығының плен-

касы  арқылы  өтеді.  Егер  де  Джозефсон  жанаспасынан  (жапсарынан)  өтетін 

токтың мәні жанаспаның 

кризистік тогынан артпайтын болса, онда жанаспада 

кернеудің түсуі болмайды (о р н ы қ т ы Джозефсон эффектісі). Егер жанаспа 

арқылы 

кризистік токтан артық ток өткізілсе, онда жанаспада кернеудің түсуі 

пайда болады және жанаспа электрмагниттік толқын (о р н ы қ с ы з Джозефсон 

эффектісі) таратады (шығарады). 

Тек айнымалы ток қана электрмагниттік 

толқын  таратады  –  дәл  сондай  ток  жанаспада 

кернеудің  (V)  тұрақты  түсуі  кезінде  Джозефсон 



1-сызба. Асқынөткізгіш жұптың туннельденуі.

2-сызба. Джозефсон элементі.


Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



254

255


жанаспасынан  өтеді.  Сәуленің  жиілігі  (ν)  кернеумен  (V)  ν=2еV/h  қатынасы 

арқылы байланысады, мұндағы е – электронның заряды, h – Планк тұрақтысы. 

Асқынөткізгіштік ток тудырушы жұпқа біріккен электрондар жанаспа арқылы  

өткен кезде асқынөткізгіштің негізгі күйіне қатысты артық 2 еV энергия алатын 

болады.  Электрондар  жұбының  негізгі  күйге  қайтып  оралуы  үшін  бірден-бір 

мүмкіншілік – кванттық электрмагниттік  = 2еV энергия шығаруы (таратуы) 

қажет. Джозефсон эффектісі асқынөткізгіштерде электрондық реттіліктің – фазалық 

когеренттіліктің болатынын аңғартады.



ДЖОУЛЬ  (Дж,  J)  –  жұмыстың,  энергияның  және  жылу  мөлшерінің 

Халықаралық  бірліктер  жүйесіндегі  (СИ)  бірлігі.  Ағылшын  физигі  Джеймс 



Джоульдің'>Джоульдің (1818 – 1889) құрметіне аталған. 1 Дж – 1 Н күш түскен нүктені күш 

әсер ететін бағытпен 1 м қашықтыққа жылжытқан кездегі істелетін жұмысқа тең. 

1 Дж = 1 Н·м = 10

7

 эрг = 0,2388 кал.



ДЖОУЛЬ ЗАҢЫ – белгілі массалы идеал газдың ішкі энергиясының оның 

көлеміне тәуелді болмай, тек температураға ғана тәуелді болатынын айғақтайтын 

заң. Бұл заң идеал газ туралы 

кинетикалық теория түсініктерінен шығады: мо-

лекулалар арасында өзараәсерлесу болмайды (өзараәсерлесудің потенциалдық 

энергиясы нөлге тең), сондықтан молекулалардың арасындағы қашықтықтардың 

өзгеруі (көлемнің өзгеруі) ішкі энергияны өзгертпейді. Заң ағылшын физигі Джеймс 



Джоульдің (1818–1889) құрметіне аталған.

ДЖОУЛЬ-ЛЕНЦ ЗАҢЫ, кедергісі R болатын өткізгіштен t уақыт аралы- 

ғында өткен І ток кезінде әлгі өткізгіште бөлінетін Q жылу мөлшерін анықтайды:  



Q = аІ

2

 Rt, мұндағы а – пропорционалдық коэффициент. Сонымен, Джоуль-Ленц 



заңы бойынша өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері (Q) оның кедергісіне 

(R), ток өтетін уақытқа (t) және ток күшінің квадратына (І

2

) пропорционал болады. 



Егер І ампермен, R оммен, t секундпен өлшенетін болса, онда а = 0,239 болғанда, 

жылу мөлшері (Q) – калориямен, ал а =1 болғанда Q – джоульмен өрнектеледі. Бұл 

заңды 1841 жылы ағылшын физигі Джеймс 

Джоуль (1818 – 1889) тұжырымдаған 

және  1842  жылы  орыс  физигі  Эмилий 



Ленц (1804 – 1865) тәжірибе жүзінде 

дәлелдеген. Электрлік және жарықтандырғыш қондырғылардың, жылытқыш және 

қыздырғыш электр аспаптарының жұмысы осы заңға негізделген.

ДЖОУЛЬ-ТОМСОН  ЭФФЕКТІСІ  –  газ  температурасының  адиабаттық 

дросселдеу  –  газдың  тұрақты  түрдегі  қысым  айырмашылығы  әсерінен  дрос-

сель арқылы баяу ағуы – газ ағынына жергілікті бөгеуіл (мысалы, газ ағынына 

қойылған кеуекті бөгет) нәтижесінде өзгеруі. Бұл құбылысты 1852–62 жылдары 

ағылшын физиктері Джеймс 

Джоуль (1818 – 1889) мен Уильям Томсон (Кельвин) 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау